Список использованной литературы
1. Руководство
для
учителя.
1-ый
продвинутый
уровень.
АОО
«Назарбаев Интеллектуальные Школы», 2014 год
2. Педагогическая диагностика и мониторинг – основа управления качеством
предметного обучения: Материалы Межрегиональной научно-практической
конференции. (г.Сибай, 28 января 2005 года). - Уфа: БИРО, 2005.- 197 с.
3. Marzano R.J. Becoming a reflective teacher. Bloomington, 2012.
4. Grimmett P.P., Echols F.H. Teacher and administrator shortages in changing times //
Canadian Journal of Education. 2002. 25(4).
5. Философия и методология познания: Учеб. для магистров и аспирантов/Под. ред.
В.Л.Обухова. Ю.Н.Солонина., В.П. Сальникова, В.В. Васильковой. - СПб. Фонд
«Университе т», 2003. С.154.
ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ КОММУНИКАТИВТІК
ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕСІ
Костангельдинова А.А., Касенова Б.Р., Айдарханова А.Қ.
Ш.Уәлиханов атындағы КМУ, Көкшетау қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Түйінді сөздер: коммуникация, коммуникативтік құзыреттілік, мотивация.
Ключевые слова: коммуникация, коммуникативная компетенция, мотивация.
Keywords: communication, communicative competence, motivation.
Аңдатпа
Бұл мақалада коммуникативтік құзырет түсінігі, бүгінгі уақытта адам өмірінің кез келген
аспектілерінде маңызды рөл атқаратын, оқушыларды сөйлеу мәдениетіне оқыту қажеттілігі
қарастырады. Дәріс және практикалық сабақтарда, аудиториядан тыс қызметте жұмыстарды
ұйымдастырған кезде студенттердің коммуникативтік құзыретін қалыптастыру қағидалары,
оқушылардың жеке психологиялық және лингвистикалық қасиеттерін есепке алу қажеттілігі,
оқу нысандарын пайдалану бойынша ұсыныстар көрсетілген.
Аннотация
В данной статье рассматривается понятие коммуникативной компетентности,
необходимость обучение культуре речи обучающихся, которое в настоящее время играет важную
роль в любых аспектах жизни человека. Показаны принципы формирования коммуникативной
компетентности студентов при организации работ на лекционных и практических занятиях,
во внеаудиторной деятельности, необходимость учета индивидуальных психологических
457
и лингвистических способностей обучающихся, рекомендации по использованию форм
обучения.
Abstract
This article disclose the notion of communicative competence, necessity of teaching to language
culture of the learners, which is very important in all aspects of life. Principles of communicative
competence of learners are presented in the aspect of lecture and practical sessions organizations,
the importance of personal psychological and linguistic abilities of the learners, recommendations on
teaching forms usage.
Тұлғалық және нәтижеге бағыттталған білім беру жүйесіне көшуде жаңа технология мен
озық тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастықта
зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі.
Тұлғаға білім беру негізінде коммуникативтік құзыреттілікті орнату, сабақта тілдік қарым –
қатынастағы әлеуметтік – мәдени нормаларды және стереотиптерді білу, яғни сөздің жанама
тәсілдерін бейнелі сөздерді қолдану, енгізу. Үлкен ақпараттарды қабылдау, тілдік қорды
дұрыс қолдану, сонымен қатар әртүрлі темпераменттегі, жас ерекшелігі жағынан, жынысы,
әлеуметтік жағдайы және әртүрлі кәсіптегі адамдармен ортақ тіл табысу қажет. Қазіргі уақытта
көптеген зерттеулердің нәтижесінде ЖОО студенттерінің сөйлеу мәнерінің жалпы деңгейі
төмен екендігін көрсетіп отыр, сөздік қорының жұтандығы, жалпы сөйлеу мәнерінің сапасы
төмендеу.
Жоғары оқу орнындағы 1-2 курс студенттерінің диагностика және бақылау жүргізу
кезінде көптеген студенттер коммуникативтік мінезі жағынан белгілі бір қиындықтар
туындайды, өздерінің позициясын аргументтей алмауы, қарым-қатынас жағдайында өздерінің
көз қарастарына түзету жүргізе алмауы және тағы басқа. Осы қиындықтар коммуникативтік
сауатсыздықпен байланысты, сонымен қатар сөйлеу мәнерін қалыптастыру мотивациясы
төмен деңгейде [1].
Сөз, коммуникацияның мазмұнды, кең және мәнерлі құрылғысы және әртүрлі ұрпақ
өкілдерінің арасындағы мәдениетті, тәжірибені беру тәсілі болып табылады. Сөздік қорды
дамыту мәселесі ғылыми әдебиеттердің сараптамасы бойынша, сөзді белсенді компонент
ретінде қарастыру қажет, коммуникацияның элементі және өнімі ретінде адамдар бір-бірімен
қарым-қатынас жасауда өзінің көзқарасын, қоршаған ортамен байланыс жасау, әлеуметтік
өмірмен байланыста адам өзінің сөздік қорын жетілдіреді. Коммуникация адам өміріндегі кез
келген аспектісінде маңызды рөл атқарады. Коммуникация – топтық немесе публика алдында
маңызды мәліметтерді әңгіме арқылы жеткізу және құру процесі. Коммуникация үрдісінің
тиімділігі берілген процеске қатысушылардың коммуникативтік құзыреттілігімен анықталады.
Коммуникативтік құзыреттілік – жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды
түсіне білуіне көмектеседі.
Қазіргі кездегі ЖОО білім беруде маңызды мәселелердің бірі – студенттердің
коммуникативтік құзыреттілігін арттыру болып табылады. Ғалымдардың пікірлерін
басшылыққа ала отырып, біз «құзыреттілік» ұғымына – студенттердің жеке тұлғалық
психологиялық ерекшеліктеріне байланысты меңгерген білімдерін, дағдылары мен біліктерін,
танымдық және тәжірибелік іскерлігін өмірде дұрыс қолдануы деген анықтама бере аламыз.
Болашақ маманның кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру туралы мәселе ғалымдар арасында
пікір қайшылықтар мен жаңа ойлар тудыруда. Тұлғаның кәсіби процесін көп жағдайда оның
біліктілігімен, кәсіптік құзыреттілігімен байланыста қарастырады.
Орыс ғалымдары В.А.Адольф, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Э.Ф.Зеер, В.А.Сластенин,
458
5
Т.Ф.Лошакова, т.б. педагогикалық зерттеулерінде педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігі
туралы мәселеге көп қызығушылық пайда болғанын айтады [3].
Д.Дьюи, У.Уоллер, М.Мид, К.Юнг, П.Сорокин, Ф.Знанецкий сынды философтар кәсіби
құзыреттілікті адамның ортаға үйренуіне қажетті әрекеттер түрі ретінде қарастырады. Олар
адамның мамандығы оның белгілі бір нәрсеге деген қызығушылығын тудыратынын, көзқарасын
қалыптастыратынын, мақсатқа жетуге талпындыратынын, ортақ пікір алмасуға жетелейтінін
айтады. Д.Л.Томпсон, Д.Пристли кәсіби құзыреттілікті жүйелі түрде алынған білім мен жоғары
адамгершілік нормалар мен педагогтік кодексінің нәтижесі ретінде анықтайды.
Тіл – коммуникация мақсатында қызмет етеді. Ол – коммуникация туралы білімді
кеңейтеді және адам өмірінде кездесетін жағдайларды түсіну және алға қойған мақсатқа
жету үшін әртүрлі бағыттағы дағдыларын қолдану қабілеттілігі анықталады. Кәсіби-оқыту
іс-шараларын жүргізу барысында студенттер қолданбалы зерттеу және ғылыми-техникалық
жұмыстарын орындауда, өндірістік тәжірибе өту кезінде шынайы тәжірибе жинақтайды.
Коммуникативтік құзыреттіліктің жоғары деңгейін қалыптастырудың маңызды шарты болып
студенттердің конструктивтік қызметі болып табылады. Коммуникативтік құзыреттіліктің
қалыптасу мәселесі көптеген әлеуметтік, психологиялық, лингвистикалық зерттеулерде
әртүрлі көзқараста көрсетілген. Коммуникативтік құзыреттіліктің қалыптасуы – кез келген
кәсіби сала үшін болашақ мамандарды дайындау мәселесі болып табылады және отандық білім
беру модернизациясы шартында , қазіргі уақытта ғылым және өндіріс ерекше актуальдылықты
қамтуда. Қазіргі таңдағы кәсіби білім студенттерді өздігінен ойлау және кез келген кәсіби
жағдайларда өзінің көзқарасын еркін жеткізуде және оқу материалдарын қамтамасыз ету
болып табылады [4].
Оқу мекемесіне арналған стандарттарға (орта және жоғары мамандандырылған) заманауи
талаптарға сәйкес «Қазақ тілі және тіл мәдениеті» пәні енгізілді. Жоғары оқу орнында аталған
пәннің есебі: тіл туралы білім негіздерімен таныстыру, студенттерді тіл әдебиеті және сөйлеу
мәдениеті нормасымен таныстыру, өз сөзін және әңгімелеушінің сөзін сараптауға үйрету,
сөйлеу этикеті түрін қолдана білуін қалыптастыру, публикалық сөз сөйлеуде логикасын құру.
Бірақ осы пәнге стандарт бойынша 36 сағат бөлінгенін ескере отырып, біз осыншама сағат
саны студенттердің коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыруға жеткіліксіз деп есептейміз
және сондықтан бар мүмкіндігінше басқа пәндерді қолданамыз, атап айтқанда, психология
және педагогика, іс-қағаз жүргізу т.б.
Студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру бойынша жұмысты
ұйымдастыруда келесідей қағидалы талаптарға сүйенген жөн:
• бүтіндік және жүйелілік принципі, коммуникативтік құзыреттіліктің барлық құзыреті
бар, олардың органикалық өзара тәуелділігін, әрекетін және толтырылуын қамтамасыз
етеді;
• пәнаралық байланыстың сабақтастық және есептік принципі оқу және білім әрекетінің
динамикасын және тұрақтылығын орындауға мүмкіндік береді, сабақтастық әрбір
жаңа тақырыптың алдыңғысымен байланысын көздейді; тіл және сөз сөйлеу білімін
кезеңдеп жинақтау, коммуникативті тәжірибе; пән аралық байланыс оқытылған
материалды тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді, дәлелдеме құруға әкеледі;
• коммуникативті құзыреттің мазмұны мен құрылымында көрсетілетін кешенді
көзқарас принципі.
Негізі ретінде келесідей компоненттерді қарастырамыз және ескеруге ұсынамыз:
• коммуникативті жағдаятты айқындау және бағдарламасын құра білу, бағалау, күтілетін
қарым-қатынас нәтижесін жоспарлау, бағдарламаны және серіктестің рольдік мінез-
құлқын меңгерту қаситетін дамытады;
• коммуникативтік эрудиция туралы, жалпы және мамандандырылған бағыттағы
459
білім, адам құндылығы және қатынас түрлері туралы идеялар сауатты ауызша және
коммуникативті мінез желісін салуға әкеледі;
• байланыс құралдарын (ауызша және ауызша емес) меңгеру жағдаятқа және шартқа
байланысты байланыс жасауға көмектеседі;
• коммуникативті мәдениет (жалпы және ұлттық) жалпы тілдік мәдениет, қалыпты
байланыс, әр түрлі ел және мемлекет өкілдерінің коммуникативті тәртібі негіздерін,
өз елің мен аймағыңның мәдениеті мен тіл дәстүрін білу жақтауларын көрсетеді;
• сөйлеу құзыреттілігі сөйлеу мәдениетін қамтиды, сауаттылық тіл функциясының
білімі, іскери ауызша және жазбаша сөзді меңгеру, техникалық құрылғылармен
жұмыс істеу дағдылары.
Бұл компоненттер оқушылардың жеке психологиялық және лингвистикалық қабілеттерін
қосымша дамытады. Студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда,
оқытудың негізгі формаларын қолдануға болады: әңгімелесу, диспуттар, дисскуссиялар,
дебаттар, конференциялар, іскери ойындар. Міндетті түрде келесі жазбаша жұмыстарды
қолдану: эссе, шығарма, рефераттар, конспектілеу және т.б. Біздің көзқарасымыз бойынша,
оқу үрдісінде берілген формаларды жиі қолдану барысында студенттердің коммуникативтік
дамуы жоғары деңгейде болатыны анық. Ғылыми-практикалық конференциялар, мақалалар
дайындау, әртүрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастыруда студенттердің жұмысын белсендендіреді.
ЖОО студенттердің үздіксіз компьютерлік сауаттылыққа дайындауда коммуникативтік
құзыреттілікті қалыптастыруда, электронды түрде материалдарды құру кең қолданылуда
[2]. Мәтіндік редактор аралас құжаттарды дайындауда: сөздік терминдер, анықтамалық
материалдар, функционалды және құрылымдық схемалар, ақпараттық модельдеу, мәтінмен
жұмыс, рефераттарды дайындау, мақалаларды рәсімдеу, хабарламалар, іскери қағаздар,
компьютерлік желілер бойынша ақпараттарды беру үшін дайындау, зерттеулерді рәсімдеу,
ұйымдастыру, зертхана жұмыс бойынша есептер.
Компьютермен жұмыс істеуде ақпараттарды редакторлеуде және енгізуде студенттердің
қабілеттерін дамытады (мәтіндік, графикалық), компьютерлік телекоммуникациялық
технологияларды пайдалану, мәтіндік программаның көмегімен құжаттарды өңдеу, принтерде
ақпараттарды баспаға шығару, желі бойынша хаттарды құрастырып және жөнелту дағдысы
қалыптасады. Осылайша, болашақ мамандардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру
мәселесін шешу қажеттілігі туралы қорытынды шығаруға болады. Студенттермен дәріс және
практикалық сабақтарда, аудиториядан тыс қызметтерде, іс-шаралар өткізу кезінде және кез
келген қарым-қатынас жағдайында оның қалыптасу мүмкіндігі туады.
Әдебиеттер тізімі
1. Омарова Л.Т. Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін
қалыптастырудың педагогикалық шарттары.Қызылорда, 2013.
2. Бакирова Г.Х. Тренинг управления персоналам. СПб.:Речь, 2004. 400-б.
3. Рубинштейн С.Л. Жалпы психология негіздері. СПб.:Питер, 2007. 713-б.
4. Электронды ресурс – http://www.rspu.edu.ru/
460
5
ТИІМДІ ОҚЫТУ - НӘТИЖЕ НЕГІЗІ
Кохаева Е.Н.
Педагогикалық шеберлік орталығының
Тараз қаласындағы филиалы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Түйінді сөздер: тиімді оқыту, эмоциялық, әлеуметтік, танымдық аспектілер, оқу мақсаты,
табыс критерийлері, дағды, нәтиже.
Ключевые слова: Эффективное обучение, эмоциональный, социальный, познавательный
аспекты, цель обучения, критерии успешности, навык, результат.
Keywords: Effective learning, emotional, social, cognitive aspects, the purpose of training,
success criteria, the skill, the result.
Андатпа
Мақалада автор оқушылар нені білу, түсіну және жасай алу қажеттілігіне, оқу мақсатына
сәйкес табыстылық критерийлері мұғалімдерге оқушылардың табысқа сәтті жеткен немесе
жетпегенін анықтауға көмектесетініне тоқталады. Сондай-ақ мұғалім сабағын жоспарлағанда
екі мәселеге, бірінші оқуды және оқытуды басқаруға, екінші пәнге қатысты мәнмәтінге баса
көңіл аудару керек деп есептейді. Мұғалімдердің оқытудың үш аспектісінің ішінде эмоциялық
пен әлеуметтік аспектілерді жетік меңгергендіктері, дегенмен болашақта танымдық аспектіге
баса назар аудару қажет деп атап көрсетеді.
Аннотация
Автор в статье затрагивает важность знания учителями того, что ученики должны знать,
понимать, делать на уроке. Останавливается на том, что критерии успешности, разработанные
соответственно целям обучения, помогают учителям выявить успешно или неуспешно
учащиеся достигли успеха. Автор считает, что при планировании урока учитель должен
большое внимание уделять двум моментам: первое - управление преподаванием и обучением,
второе – содержанию предмета. В статье показано, что учителями усвоены в совершенстве
эмоциональный и социальный аспекты обучения, и что на познавательный аспект необходимо
обратить внимание.
Abstract
The author of the article concerns the importance of knowing of the teachers what students need
to know, to understand and to do on the lesson. He stops what success criteria developed according
learning objectives, help teachers to identify the success or failure of students succeed. The author
believes that when planning a lesson, the teacher should pay great attention to two points: the first
- managing teaching and learning, the second - the content of the subject. The article shows that the
teachers learned perfectly the emotional and social aspects of learning, and that the cognitive aspect
of the need to pay attention.
«Тиімді оқыту дегеніміз не? Балалар қалай оқиды? Нені оқыту керек? Қалай оқыту
керек?» деген сұрақтардың төңірегінде сөз қозғасақ, тиімді оқытудың жолдарын табамыз.
Оқушы оқу үдерісіне белсенді араласқан кезде, олардың оқу материалын терең меңгерулеріне
қол жеткізуге болады. Нені оқыту керектігін ескере отырып, пәннің мәнмәтінінде «нені білуі
461
керек» және «нені үйренуі керек» деген сұрақтардың төңірегінде ойланады. «Оқушыларға не
қажет?» десек, тиімді оқытуда ең бастысы мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы басты роль
атқарады. Тиімді оқыту жасөспірімдердің оқуға деген қабілеттеріне және ынтасына әсер етуі,
сыныптағы жағдай мен қарым қатынас (когнитивті, эмоциялық және әлеуметтік) арасындағы
байланысты түсінуі, мұғалімдердің демеуі мен қолдауы арқылы жүзеге асады (Харт, Диксон,
Друммонд және Макинтайр, 2005) [1].
Сыныпта жағымды ахуал туғызу үшін мұғалімдер не істейді? Мұғалімдер оқытудың
үш аспектісін (танымдық, эмоциялық, әлеуметтік) түсіну арқылы оқушыларды қалай
оқытуға болатынын біледі. Эмоциялық аспектіде мұғалім оқушылардың позитивті көңіл-
күйіне, сенімділігіне, оқуға деген ынтасына назар аударады, әлеуметтік аспектіде мұғалім
оқушылардың бір- бірімен қарым- қатынас орнатуына, жақын арадағы даму аймағында
олардың құрбы құрдастарының әсерінің маңыздылығына , ал когнитивті (танымдық) аспектіде
оқушылардың оқудан қанағаттануына, сыныптағы тәжірибесінің маңыздылығына, бақылауға
және оқушылардың белсенділіктеріне, ойлау дағдысының артуына, белгілі бір мәселелерді
шешудегі белсенділіктеріне, сұрақ қою дағдыларына баса көңіл бөледі [2].
Орта мерзімді жоспарға сәйкес қысқа мерзімді жоспар жасалады. Сабақтың кезеңдері:
білімді өзектендіру, мақсатты тұжырымдау, жаңа білімді игеру және қолдану, сабақты талдау.
Қысқа мерзімді жоспар дұрыс құрылған жағдайда оқыту тиімді болмақ. Ол үшін қысқа
мерзімді жоспар жасағанда нені ескеру қажет? Қысқа мерзімді жоспар жасағанда екі мәселеге,
бірінші оқуды және оқытуды басқаруға, екінші пәнге қатысты мәнмәтінге баса көңіл аудару
керек. Мұғалім сабақты жоспарлағанда «Мен оқушыларды қалай қарсы аламын, сабақты
қалай, неден бастағаным жөн, оқушыларды топтарға қалай бөлемін, жекелеген оқушыларға
қандай тапсырма беремін, беретін тапсырмам оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келе
ме деген сұрақтардың төңірегінде ойланып, шешімін табуға тырысу керек. Себебі сабақтың
ойдағыдай басталуы мұғалімнің көңіл- күйіне, оқушылармен қарым- қатынасына, олардың
бір- біріне деген қарым- қатынасына тікелей тәуелді. Тәжірибе көрсеткендей кейінгі кезеңде
кейбір мұғалімдердің сабақтарын зерделеу кезінде топтық және жұптық оқыту түрлерін
нақты мақсатта ұтымды қолданбайтындықтары, сабақта қосымша сәндік элемент ретінде
қолданатындықтары байқалуда.
Сабақтағы басты сұрақ не? Неліктен біз осы сұрақты қарастырамыз деп те ойлану керек.
Осы сұрақтың төңірегінде оқушылардың не білетіндігін анықтау үшін тексеру жұмысын
жүргізу қажет [3].
Сабақтың оқу мақсаты қандай ? Оқу мақсаты оқушылардың барлығына бірдей қойылды
ма? Оқу мақсаты- қалаған оқу нәтижесі. Оқу мақсаты мұғалімнің оқушыға бағытталып
құрылған мақсаты, ол өз кезегінде оқушының нені білуі және нені үйренуі керек, нені жасай
алуы керек ? деген сұрақпен астасып жатады.
Сонымен бірге мұғалім оқушылардың оқу мақсатына сәйкес нені білгенін, нені үйренгенін,
табыс критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендіктерін қалай білемін, сабақтың өн бойында
әрбір тапсырмадан кейін оқыту үшін бағалауға оқушыларды қалай қатыстырамын деген
маңызды сұрақтарға жауап іздеу керек.Оқу мақсаттарын сабақта пайдалану оқушылардың
олардан ұстаздың не күтетінін түсінулеріне мүмкіндік береді.Оқу мақсатын оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сәйкес қойып, оларға түсінікті тілде жеткізе білу керек.
Нақтылы берілген оқу тапсырмалары балаларға тек жаттығуды орындап шығу ғана
емес, тақырыпты меңгерулеріне де көмектесуі керек.Ұтымды оқу тапсырмаларын қою үшін
сөйлемдерді былай құрастыруға болады:
«Біз ...жасауды үйренеміз»
«Біз...түсіну үшін ...үйреніп жатырмыз»
462
5
«Біз ...туралы ойлап үйренеміз»
«Біз...жасауды үйренеміз»
«Көптеген оқушылар бұны түсінбестен, сабақ үрдісін ары қарай ешқандай мақсатпен
үйлеспейтін, жай ғана сабақ үстінде орындалып бағаланатын жаттығулар тізбегі деп түсінуге
бейімделіп кеткен көрінеді...Оқушылар осындай жалпы шолу жасауға мүмкіндік алғанда, оқу
үрдістері едәуір табысты әрі ынталы бола түседі: өздеріне өздері берген бағалары мұғаліммен
және сыныптастарымен талқыланатын болады...» (Блэк пен Уиллиам (1998) [4].
Табыс критерийлері арқылы оқу мақсатына сәтті жеткенімізді түсінеміз. Табыс критерийі
мұғалімдер мен оқушылардың оқу мақсатына жеткендігін мойындауға мүмкіндік береді.Табыс
критерийлерін пайдаланғанда
• Оқу үрдісі толық болады;
• Оқушылар өз білімдерін дәлелдей отырып қолданады, біріктіре алады;
• Білім алуға қолдау көрсетіледі;
• Оқушылар сапалы білімнің қандай болатынын түсінеді.
«Жылдам» қабылдайтын және қандай да бір кедергісі бар оқушыларды дамыту үшін
не істеуім керек, барлығының белсенді қатысуын қалай қамтамасыз етемін? деген мәселе де
өзекті болып қала бермек.
Мұғалімдердің сабақтарын бақылау барысында олардың оқытудың үш аспектісінің
ішінде эмоциялық пен әлеуметтік аспектілерді жетік меңгергендіктері, дегенмен болашақта
танымдық аспектіге баса назар аударудың қажеттілігі байқалуда.Танымдық (когнитивтік)
дағды бұл алған білімді қолдану амалы болып табылады. Атап айтсақ, талдау, синтездеу,
пайымдау, болжау, дәлелдеу, белгілі бір санаттарға бөлу және тағы да басқа ұғымдар белгілі
бір когнитивтік дәрежедегі танымдық іс-әрекеттерді сипаттайды. Мысалы, талдау жоғары
дәрежедегі танымдық дағдылардың бірі болып табылады және тек бір пән аясында шектеліп
қалмайды, ол-жалпы бар білім саласында бірегей. Бұл жағдайда пән мазмұнын ол дағдыларды
танып- біліп, қалыптастыру құралы ретінде пайдаланған жөн.Ол үшін оқушыларға пән
мазмұнын үйретумен қатар, танымдық дағдыны қалыптастыру мүмкіндігін де беру керек [5 ].
Бізге оқу нәтижелерінің бес түрі белгілі:
• оқу білімнің сандық ұлғаюы ретінде. Оның нәтижесі алынған ақпарат, негізгі міндет-
«көп білу»;
• оқу есте сақтау ретінде. Нәтиже есте сақталған ақпаратты қайта жаңғырту;
• оқу ақпарат жинақтау ретінде. Нәтиже - есте сақталып, қажет болған жағдайда
қолдануға болатын дерек, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы;
• оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Бұның нәтижесі- оқушының
пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды
анықтай алуы;
• оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру тәсілі ретінде. Нәтижесі әлемді
өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып білу
Тізімде көрсетілген 4 және 5 тұжырымдамалар алғашқы үш тұжырымдамадан күрделі,
яғни бұл екі тұжырымдамада оқу «ішкі» немесе жеке тұлғалық аспектіге бағдарланған, онда
оқу шынайы өмірді түсінуге көмек беретін құбылыс ретінде қарастырылады [6 ].
Сондықтан да алдағы уақытта 4 және 5 тұжырымдамаға сәйкес мұғалімдердің сабақтың
қарқынын оқушылардың мағынаны ұғынуларына, ойлануына, әлемді өзгеше қырынан
қарастыруларына мүмкіндік беретіндей етіп өткізулеріне қолдау көрсеткен жөн.
463
Достарыңызбен бөлісу: |