Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



Pdf көрінісі
бет58/132
Дата14.10.2023
өлшемі3,13 Mb.
#115145
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   132
8
 
КРЕАТИВТІ АКМЕОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
 
8.1
Креативтілік пен акмеологияның байланысы 
 
8.1.1
Креативтілік пен оқытушының тұлғасы 
 
8.1.2
Тәжірибелік креативті акмеология әдістері
 
8.1.3
Коммуникативті креативтілікті диагностикалау және оны 
дамыту әдістері 
 
8.1.4
Дамытушы ойындар және креативті потенциалдың 
дамуы
 
 
Креативтілік пен акмеологияның байланысы
 
«Акмеология» ұғымын 1928 жылы алғаш рет ғылыми
айналымға енгізген Н.А.Рыбников ересек адамдарды дамыту
туралы ғылым деп белгіледі. Бұл ғылымның негізін салушылар
Б.Г.Ананьев және басқа да ленинградтық психологтар мектебінің
бірқатар ғалымдары. 
Акмеологияның зерттеу объектісі
- адамның шығармашылық-
креативті мүмкіндігі немесе белсенділігі деп те кейде айтады, 
сонымен бірге өзін-өзі жүзеге асырудың биігі деп есептелетін 
шығармашылық-креативті мүмкіндігін ашудың немесе анықтаудың 
алуан түрлі деңгейлеріне субъектінің қызмет барысында сол 
жетістіктерге жетудің заңдылықтары мен шарттарын қарастырады. 
Акмеологияның міндеті
- қызмет жасаушы субъектіні өзі 
таңдаған мамандық саласында және басқа да алуан түрлі
қызметтер саласында өзін-өзі үздікcіз жүзеге асыруды қамтамасыз 
ететін технологиялар мен білімдермен қаруландыру. «Акме» - 
кәсіби шеберліктің биігі - бұл жұмыстың жоғары нәтижесін
жасайтын қабілеттер, ары қарай сенімділік. Сонымен бірге,
креативтілік-кәсіби шеберліктің ең қажетті компоненті немесе
құрамы және оның қызмет барысындағы жеке-тұлғалық мәнері
мен шабыты да маңызды. Осы ең негізгі сапаларды болашақ
бәсекеге қабілетті маман болатын студенттердің бойында
қалыптастыру әрі дамыту қажет. 
Өзін-өзі дамыту - кәсіби шеберліктің шыңына шығу
жолы, бұл барлық студенттердің бойында өзін-өзі дамыту, өзін-өзі
жетілдіру, өз білімін өзі жетілдіру және өзін-өзі бақылауға
дағдыларын қалыптастыру жолдары - бұл «акме» жағдайына
немесе күйіне жетудің негізгі факторы. Алайда, бұл акмеоло-
гиялық факторлар «жұмыс жасауы» үшін, өте қуатты оятушы
себептер болуы шарт. Бұған жетістіктердің мотивтері себеп болуы 


134 
мүмкін. Оқытушының міндеті - студенттердің мотивтері мен 
қажеттіліктерін қалыптастыруға көмек беру.
Жоғарыда айтылған әдіснамалық тәсілдер болашақ мұғалімдер
тұлғасында креативтілікті қалыптастыру мәселесі психологиялық
ғылымдарда қалай бейнеленетінін қарастыруға мүмкіндік береді. 
Егер креативтілік баяндалған сипатына қарай ғана түсіндірі-
летін болса, онда оның қарастыратын мәселелер аясы аз, әрі оны 
біржақты ғана қарастыруға болар еді. Бұл әсіресе, креативті
психологияның жоғары мектебіне қатысты, себебі білім беру 
нәтижелерін жақсарту мәселелерімен бірге оның құрамында
креативті білім беру үдерісін ұйымдастыру әрі басқару барысында
тұлғаның шығармашылық мүмкіншілігін де дамыту және бүтіндей
креативтілікті дамыту мәселелері де қарастырылады. Міне
сондықтан, бүгінгі күні креативтілікті дамыту мүмкіндіктерін 
креативті-білім беру үдерісінде тұлғалық дәрежесі ретінде зерттеу
қажеттілігі туындады. Осыған байланысты психологиялық-
педагогикалық құбылыстарды қарастыруда жүйелілік тәсілдің
қажеттілігі туындайды. Мұндай әдіснамалық тәсіл жоғары
мектептегі психологияда барлық үдерістер кешенін қайта қарауды
талап етеді: ғылым негіздерін тану үдерісінің алғашқы кезеңдері-
нен және қайшылықтар (ішкі және сыртқы) негізінде жаңа 
идеялардың туындауынан бастап, креативті-сұранысқа дайын 
маманды қалыптастыруда тұлғалық және әлеуметтік мазмұнды 
нәтижеге қол жеткізуге дейінгі үдерістерді қарастыруды талап 
етеді. 
«Креативтілік» ұғымы психология ғылымының белсенді 
лексиконына жақында енгізген (А.В.Петровский, М.Г.Ярошевский, 
1990 жылы «Психология» сөздігі). Бұл түсінікті мазмұнды 
белгілеудің күрделі екенін дәстүрлі-әрекетшілдік тәсілмен және 
оның ғылыми дәрежедегі шектеулерде заңдастырылғандығымен
түсіндіріледі. 
«Креативтілік - шығармашылыққа бағытталған жалпы қабілет, 
ол тұлғаны барлық саладағы белсенділігін бүтіндей көрсететін-
дігімен сипатталады, - деп В.А.Дружинин» айтқандай, креативтілік 
бұл қабілет, ал қабілет өмір сүру аясындағы үдерістерде 
дамитындықтан, креативтілікте - «креативті белсенділікте»
көрінетін, дамитын ауқым болып табылады.
Креативтілік ұғымының мазмұнынын белгілейтін тәсілдердің
барлығы оның дарындылықты анықтайтын компоненттердің немесе 
құрамның бір бөлігі болып табылатын индивидтің психикасының 


135 
сапасы. Кез-келген қызмет аясында «Өте жоғары нәтижелерге» 
қол жеткізу өзінің сол қызмет аясына деген жаңа ешнәрсеге 
ұқсамайтын, шығармашылық бағыт алғанның белгісі, және басқа 
факторлардың жиынтығында (олар интеллект, мотивация, және 
т.б.), дарындылық қабілетті құрайды, әрі «көрнекті, озық 
жетістіктерге жетуге ішкі жағдайлар немесе шарттар» жасайды. 
«
Креативтілі
к» ұғымына анықтайтын тәсілдер өте көп. 
Шығармашылық қабілеттің көптеген классификациялары да алуан 
түрлі (бұл термин отандық психологияда «креативтілік» терминінің 
аналогы немесе синонимі десек те болады). 
R.M.Simpson креативтілікті «ойлау үдерісіне қарапайым
бағыт алған жалпыға ортақ идеяларды жоюға қабілеттілік». 
J.P.Gilford-тың шығармашылық ойлауға арналған еңбектерінде 
креативтілік деңгейі ойлаудың төрт ерекшеліктерін негізге алу
арқылы белгіленеді, олар төменде келтірілген. 
1. Ерекше жаңа айтылған идеялар бұл интеллектуалды 
жаңалық ашуға ұмтылыс; 
2. Семантикалық ептілік, яғни бұл объектіні жаңа қырынан 
қарай білу қабілеті; 
3. Объектінің қабылдау қабілетін оның жасырын жатқан 
жақтарын көруге өзгерту қабілеті; 
4. Жаңа идеяларды қалыптастыруға арналған сілтемелері бар 
жағдайларда алуан түрлі идеяларды өндіруге қабілеттілік. 
C.W.Taylor болса, J.P.Gilford сияқты креативтілікті біртұтас 
фактор деп қарастырмайды, керісінше әртүрлі қабілеттердің
жиынтығы деп қарастырады, олардың әрқайсысы әртүрлі дәрежеде 
ұсынылуы ықтимал. Бұл ғалымдар дарындылықтың 52 түрін 
белгілеген. 
Креативтілік әлеуметтік өзара әрекет етудің белгілі бір 
жағдайында орындаушының кездейсоқта жасаған күтпеген өнімді 
іс-әрекеті (T.P.Jones). 
Бұл арнайы емес, жалпы қабілет, ол интеллекттің жалпы 
жиынтығында (констелляциясында), өнімді ойларға жетелейтін 
қабілеттер мен тұлғалық сипаттармен шоғырландырылған 
(T.P.Torrance). 
Креативтілік білім жетіспегенде, ақпараттарды жаңа құрылым-
дар мен байланыстарға енгізу үдерісінде, жетіспей жатқан 
ақпараттардың ұқсастығын жасау үдерісінде; жаңа шешімдерді 
іздеуде және оларды тексеру үдерісінде; нәтижелерді баяндау 
үдерісінде көрінеді немесе пайда болады. Ол креативтілікті 


136 
кемшіліктерді қабылдау, білім жетіспеушілік, үндестіктің болмауы 
деп түсінген.
E.P.Torrance шығармашылық үдеріс мәселені қабылдау, 
шешімдерді іздеу, жорамалдарды құрастыру әрі олардың пайда 
болуы, жорамалды тексеру және оларды кескіндеу әрі нәтижені 
табу деп есептеген. E.P.Torrence-нің бұл анықтамасын толық 
қабылдамайтын сыншылар ең бірінші, креативтілік пен ойлаудың 
басқа түрлері арасындағы айырмашылыққа қарамайтын деректі 
дұрыс дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет