Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»



Pdf көрінісі
бет83/113
Дата31.12.2016
өлшемі16,98 Mb.
#843
түріИсследование
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   113

Əдебиеттер тізімі 

1. Булатова О.С. Искусство современного урока. М., 2006,  С. 254.

2. Гузеев В.В.  Планирование результатов образования и образовательная технология.  М.:

Народное образование, 2000. 

3. Джон Дьюи.  Школа и общество. (The School and Society) 1899 г. http://makarenko-

museum.narod.ru/Classics/Dewey/_02_Dewey_J_The_School_and_Society.htm (02.09.2014.). 

4. Садкина В.И.  101 педагогическая идея. Как создать урок. Ростов-на-Дону, "Феникс",

2014. 


5. Екінші (негізгі) деңгейге арналған Нұсқаулық. Астана. ПШО, 2012.

719


PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАПСЫРМАЛАРЫН 

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ 

Жүнісов Д. Б. 

Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы  

Назарбаев Зияткерлік мектебі 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Бұл  мақалада PISA халықаралық  зерттеу  бағдарламасы  негізінде  қазақ  тілі  сабағында 

оқу  сауаттылығын  тексеру  тапсырмаларының  үлгісі  беріліп,  оны  дайындаудың  жолдары 

туралы сөз болады.



  

Аннотация 

В  данной  статье  представлены  основанные  на  международной  исследовательской 

программе PISA образцы  заданий  по  проверке  функциональной  грамотности  чтения  на 

уроках казахского языка и прилагается пути подготовки такого рода заданий. 



Abstract 

The article is about the ways of making the testing models of reading accuracy on the basis of 

research programme PISA and using them in a Kazakh Language lesson. 

Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымдары елдерінің арасында халықаралық 

зерттеулердің  өткізіліп  келе  жатқанына 15 жылдан  астам  уақыт  болды.  Бұл  зерттеулердің 

негізгі  мақсаты  əлемдік  деңгейде  салыстырылатын  əр  мемелекеттің  оқыту  нəтижелері 

жөніндегі  сенімді  мəліметтерді  алу,  саралау  болып  табылады.  Əлемнің  көшбасшы  елдері 

өздерінің бəсекеге қабілеттілігін табиғи ресурстардан гөрі адами ресурстар арқылы көрсетуге 

бас назар аударып отыр. Жалпы жаһандану дəуіріндегі басты назардың осы адами капиталға 

ауысуы халықаралық деңгейдегі зерттеулердің бірнеше бағытта дамуына əсерін тигізіп отыр. 

[2, 3-б]  Халықаралық  деңгейде  оқушылардың  бəсеке  қабілеттілігін  зерттеудің  бірнеше 

бағдарламалары  жұмыс  жасайды.  Соның  бірі - PISA (Programme for International Student 

Assessment) 15 жастағы  білімгерлердің  функционалдық  сауаттылығын  бағалаудың 

халықаралық бағдарламасы. 

PISA тесті оқу əрекетінің екі маңызды құрамдас бөлігін қамтиды. Бұл «ситуация» - 

мəтінге сүйене отырып, оқудың мақсаты жəне «мəтін» - оқу материалының түрлі форматы 

мен мазмұны.  

Осылайша  тестілеуге  қатысушы  оқығанының  түсінігін  айтып  беру  емес,  ұсынылған 

мəтіндегі ақпаратты іздеуі мен түсіндіруі тиіс. [3, 19-б] 

Оқу біліктілігінің деңгейі бойынша PISA тест сұрақтары үстірт жəне дəлме-дəл түсінуді 

талап  ететін  ең  қарапайымнан,  аса  күрделіге  дейін  түрленіп  отырады.  Мысалы,  мəтіндегі 

ақпаратты  іздеп  тауып,  ойында  қалыптастыруы  қажет  мағыналық  бірлік  саны  секілді 

факторларды  анықтайды.  Мəтін  хабарламасын  біріктіру  мен  түсіндіру  дағдыларын 

анықтаудағы  оқырманның  құзыреттілігі  оқырманның  ой  мен  автор  идеясын  бір  арнаға 

тоғыстыру  қабілетін  көрсету  үшін  қажетті  ақпараттың  бірлік  санымен  анықталады.  Бұл 

орайда, осындай мəтіндердің құрылымы біртекті емес - оқырман талқылау пəнімен неғұрлым 

азырақ таныс болса, соғұрлым мəтінді бір арнаға тоғыстыру қиынға соғады. [1, 97-б] 

Сұрақтар үш амал бойынша қамтылуы тиіс. Олар: 1. Табу жəне алу. 2. Түсіндіру мен 

біріктіру. 3. Ұғыну мен бағалау. 

720


Мəтін хабарламасын ұғыну мен бағалау күрделілігінің деңгейі айғақтарды салыстыруға 

бағытталған мəтіндерді ғана қамтымай, сонымен қатар берілген ақпарат негізінде болжамдар 

жасауды да қамтиды.  Барлық келтірілген оқырман біліктілігі өзара байланысты, жəне бірін 

орындау  екіншісінің  табысты  орындалуына  ықпалын  тигізеді.  Бірінші  амалды  (табу  жəне 

алу) орындай отырып, оқырман мəтін ақпаратының жекелеген бөліктеріне тоқталады. Екінші 

амалды  (түсіндіру  мен  біріктіру)  орындау  барысында  оқырман  осы  бөліктерді  бір  арнаға 

тоғыстырады.  Білімгер  үшінші  амалда  мəтіндегі  хабарламаны  мəтіннен  тыс  ақпаратпен 

байланыстыру арқылы ұғынатынын көрсете алуы тиіс.  

Мəтін туралы орыс жазушысы С.И.Ожегов: «Мəтін дегеніміз – барлық жазып алынған 

сөз  (əдеби  туынды,  шығарма,  құжат)»,-десе,  ал  В.Б.Шкловский:  «Мəтін – белгілі  бір 

көркемдік  тəсілдердің  жиынтығы»,-деп  баға  берген. [2, 10-б]  Сондықтан  да  мəтін  таңдауда 

төмендегі талаптарды ескерген жөн: 

 Қолдан келгенше мақсатты тілдегі түпнұсқа материалды таңдаңыз, аудармадан аулақ

болғаныңыз жөн;

 Қандай да бір оқу материалынан алынған мəтінді қолдануға болмайды;

 Басқа саладағы мəтіндерді таңдамағаныңыз жөн;

 Алдын ала айтылған мəтіндерді алмағаныңыз дұрыс;

 Сұрақтарды көбірек дайындауға қолайлы мəтіндерді таңдаңыз;

 Емтихан  тапсырушыларға  толқу  тудыратын  мəтіндерден  аулақ  болыңыз,  мысалы,

өлім, ажырасу, қайғылы оқиғалар, т.б;

 Тез ескіретін тақырыптағы мəтіндерді алмағаныңыз жөн;

 Мəтін тестілеу бағдарламасының талаптарына сай болуы керек;

 Мəтін емтихан тапсырушылардың қызығушылығын тудыруы тиіс;

 Мəтін еркін жəне вульгаризмдерден таза болуы керек;

 Мəтіннің  күрделілігі  (тақырыбы,  стилі,  синтаксис  пен  лексикасы)  емтихан

тапсырушылардың деңгейіне сəйкес болуы керек;

 Мəтін құрылымы қисынды жəне ойға қонымды болу керек;

 Мəтіннің  тұтастай алғанда тұжырымдалған басы мен аяғы болуы тиіс;

 Мəтіндегі кейіпкерлер мен олардың арасындағы қарым-қатынастар  анық болуы тиіс

(қажет болған жағдайда қосымша түсініктеме беріп кетуге де болады);

 Мəтіндегі иллюстрациялар оқушының ойын бұзбай, мазмұнды ашып тұруы керек.

Таңдалынатын  мəтін 2 түрлі  болады.  Олар – тұтас  жəне  тұтас  емес  мəтіндер.

 

Құрамында мəтіннің қомақты бірліктерін қамтыған көркемсөз мəтіндерінен тұратын «тұтас 



мəтіндер»  болып  табылады.  Тұтас  мағыналы  азат  жолдар  сатылай  көркемделген  жəне 

оқушының  мəтіннің  логикалық  құрылымын  түсінуіне  көмектесетін  тақырыппен  жəне 

тақырыпшамен  белгіленген.  Тұтас  емес  мəтіндер  мəтіннің  ақпараттық  бірліктерін 

қамтитындықтан,  біршама  басқа  оқу  дағдыларын  талап  етеді  (кестелер,  кескіндер, 

диаграммалар). [1, 94-б] 

Енді 9-сыныпта өз тəжірибемде пайдаланған тест тапсырмаларын ұсынамын. 

Бүркіт пен оның балапандары (аңыз)

Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге 

өрлігімен  өнеге  болған  əлгі  бүркіт  бір  жылы  өмірінде  бірінші  рет  үш  балапан  басып 

шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда 

бүркіт  үш  балапанын  уысына  қысып,  теңіз  төсіне  алып  шығыпты.  Ұшып  келе  жатып  ол, 

өзіндік  өмірге  қанат  қаққалы  тұрған  балапандарынан  соңғы  рет  сынақ  алып,  былай  деп 

сұрапты: -Қанаттыға  қақтырмай,  тұмсықтыға  шоқыттырмай,  мəпелеп  бағып-қаққанымды 

721


жақсы  білесіңдер.  Ертең  өскесін,  осының  өтеуі  ретінде  маған  қандай  жақсылық 

жасайсыңдар?

Біріншісі  айтыпты: -Анашым,  сенің  ақ  сүтіңді  ақтау  үшін  қолымнан  келгеннің  бəрін 

жасаймын.  Мен  сені  өмір  бойы  қанатыма  мінгізіп  алып  жүрем.  Дүниенің  төрт  бұрышын 

түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.

Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан 

теңіз  тұңғиығына  батып  кете  барыпты.  Сосын  екіншісіне  бұрылып: -Ал  сен  не  айтасың,-

депті.


Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа əуре қылмаймын. Ғаламның 

барлық  кереметтері  мен  қызықтарын  алдыңа  əкеліп  берем,  ішкенің  алдыңда,  ішпегенің 

артыңда болады.

Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің 

соңынан  кете  барыпты.  Бүркіт  үшінші  балапанына  бұрылып,  жарықшақ  толы  дауыспен 

былай депті: -Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?

Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:

-Анашым,  өтірік  қанша  тəтті  болса  да,  саған  ащы  ақиқатты  ақтармасқа  амалым  жоқ. 

Маған  жасаған  жақсылықтарыңның  шеті  де,  шегі  жоқ  екенін,  оны  өтеуге  менің  барлық 

ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені əлемді аралатуға да, сан 

түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған 

жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.

Кəрі  бүркіт  сонда  ғана  көкірек  кере  терең  дем  алып: -Біздің  əулет  аманатын  алға 

апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.



(Еркін Дүйсенбаев сайтынан алынған). [4] 

Келесі сұрақтарға жауап беру үшін жоғарыдағы келтірілген «Бүркіт пен оның балапандары» 

мəтінін қолданыңыздар.  

Сұрақ 1: Бүркіт пен оның балапандары (аңыз) 

Сұрақтың мақсаты: Оқушы мəтіннен қажетті ақпаратты тауып, қабылдай алады 

Бүркіт балапандарын теңіз төсіне қай кезде алып шықты? 

A.

  қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда 



 

B.

  ақ сүтін ақтауға шамалары келгенде 



C.

  өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрғанда 

D.

  қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мəпелеп бағып-қаққанда 



E.

  əулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық болғанда 

Код 1: Жауап А – «қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда» 

Код 0: Басқа жауаптар 

 

Сұрақ 2: Бүркіт пен оның балапандары (аңыз) 



Сұрақтың мақсаты: Оқушыға мəтіннен қажетті ақпаратты тауып қабылдай алуға үйрету. 

Бірінші балапан анасына қандай жақсылық жасағысы келді? 

A.

  Анасын өмір бойы асырағысы келді. 



B.

  Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатып, таңғажайып тамашаларды көзімен көрсеткісі 

келді. 

C.

  Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын анасына əкеліп бергісі келді. 



D.

  Жасаған  жақсылықтарыңның  барлығын  өз  балапандарына  жасау  үшін  өмір  сүруге уəде 

берді.

E.

  Анасының ақ сүтін ақтау үшін қолынан келгеннің бəрін жасауға уəде етті.



Код 1: Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатып, таңғажайып тамашаларды көзімен көрсеткісі 

келді. 


722

Код 0: Басқа жауаптар 

Сұрақ 3: Бүркіт пен оның балапандары (аңыз) 

Сұрақтың  мақсаты:  Ақпаратты  бағалау  жəне  оның  негізінде  болжам  мен  қорытынды 

тұжырым жасау 

Аңызда сөз болып отырған үшінші балапан бірінші болып сөз алды делік. Үшінші балапан 

сол кезде анасына не айтқан болар еді?  

________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________ 

Код 1: Мəтіндегі айтқан сөзінен айнымаған болар еді. 

Код 0: Бірінші балапанның сөзін қайталап, ол да ажал құшар еді. 

Сұрақ 4: 

Бүркіт пен оның балапандары (аңыз)

 

Сұрақтың  мақсаты:  Ақпаратты  бағалау  жəне  оның  негізінде  болжам  мен  қорытынды 



тұжырым жасау 

Аңызда сөз болып отырған үшінші балапан бірінші болып сөз алды делік. Үшінші балапан 

сол кезде анасына не айтқан болар еді?  

________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________ 

Код 1: Мəтіндегі айтқан сөзінен айнымаған болар еді. 

Код 0: Бірінші балапанның сөзін қайталап, ол да ажал құшар еді. 

Сұрақ 5: 

Бүркіт пен оның балапандары (аңыз)

 

Төмендегі мақал-мəтелдердің қайсысы мəтіндегі оқиғаға байланысты?  



Сұрақтың мақсаты: Мəтінді өмірлік тəжірибемен байланыстыру 

A.

  Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер. 



Қара құс басып жейді, 

Сұңқар құс шашып жейді. 

B.

  Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға. 



Қиядағыны қыран ғана көре алады. 

C.

   Құс баласы қырымға қарайды. 



D.

  Ер қартайса, қазаншы болады, 

Бүркіт қартайса, тышқаншы болады. 

Код1:  Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға. 

Қиядағыны қыран ғана көре алады. 

Код 0: Басқа жауаптар. 

Сұрақ 6: 

Бүркіт пен оның балапандары (аңыз)

 

Мəтіндегі «тəтті өтірік, ащы шындық» тіркестерінің мəн-мағынасын қалай түсіндірер едіңіз? 



Сұрақтың мақсаты: Мəтіндегі айтылған ойға өз пікірін қоса отырып, кейбір сөздердің 

мағынасын түсіндіру. 

________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________ 

Код 1: «Тəтті өтірік» - əдемі сөздер арқылы əсерлі айтылса да, орындалмайтын уəде. 

«Ащы  шындық» - адамның  шымбайына  батса  да,  əділдігі  мен  туралығы  өн  бойында 

сақталған ақиқат сөз.  

Код 0: Өзгеше айтылған жауаптар. 

Сұрақ 7: 

Бүркіт пен оның балапандары (аңыз)

 

Келтірілген оқиғалардың төмендегі қатысушыларға қатысы бар ма?  



Əрбір кейіпкер үшін «Иə» немесе «Жоқ» қоршаңдар.  

723


Сұрақтың мақсаты: Мəтінге сүйене отырып, ақпаратты табу жəне алу 

1  Ұшып келе жатқан қыран өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан 

соңғы рет сынақ алды. 

Иə 


Жоқ 

2  Бірінші жəне екінші балапан да аналарының көңілінен шыға білді. 

Иə 

Жоқ 


3  Үшінші балапан əулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола 

алды. 


Иə 

Жоқ 


Код 1: 1-Иə / 2-Жоқ / 3-Иə 

Код 9: Жауап мүлде жоқ 



 Əдебиеттер тізімі 

1.

PISA-2012 15 жастағы  білімгерлердің  білім  жетістіктерін  халықаралық  зерттеуінің  негізгі



нəтижелері.  А.Құлтуманова,  Г.Бердібаева,  Б.Қартпаев,  И.Иманбек,  К.Шарбанова,

М.Рахимова,  Ж.Жұмабаева,  З.Пирнепесова,  Б.Окенова,  А.Увалиева.  Астана:  ҰБСБО, 2013 -

293 б. УДК 38.0 ББК 75 

Н 37


2. Формирование  навыков  функционального  чтения.  Пособие  для  учителя

Людмила



Рождественская, Ирина Логвина. 2009 г. 19-б.

3. Международная  программа 

PISA.  Примеры  заданий  по  чтению,  математике  и

естествознанию.  Составители:  Ковалева  Г.С.,  к.п.н.,  Красновский  Э.А.,  к.п.н.,

Краснокутская  Л.П.,  к.ф,-м.н.,  Краснянская  К.А.,  к.п.н.,  Центр  оценки  качества

образования ИОСО РАО, 2003 г., Национальный Фонд подготовки кадров, 2003 г.

4. Бүркіт пен оның балапандары (аңыз). 

http://erkin.ucoz.kz/load/

  (10.09.2014 жыл.)

724


ЖАҺАНДЫҚ КЕЛЕШЕК ЖƏНЕ ЖОБАЛАУ ЖҰМЫСЫ ПƏНІНДЕ 

ҚОЛДАНЫЛАТЫН КҮРДЕЛІ СҰРАҚТАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫН 

ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ  

Жұмабаев Қ. С. 

Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы  

Назарбаев Зияткерлік мектебі 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



Аңдатпа 

Бұл  ғылыми  баяндамада  «Жаһандық  перспективалар  жəне  жобалау  жұмысы»  пəні  туралы 

жалпы  ақпарат,  сын-тұрғыдан  ойлаудың  кейбір  теориялық  аспектілері  мен  оны  практикада 

қолданудың ерекшеліктері жəне  оқушылардың сын тұрғыдан ойлау дағдыларын арттыруға 

үлесін  қосатын  тапсырмалар  жиынтығы  берілген.  Ғылыми  баяндаманың  ерекшелігі,  сын 

тұрғыдан  ойлаудың  теориялық  негізіне  қысқаша  сипаттама  беріп,  оны    практикалық 

тапсырмалар арқылы жүзеге асыру жолдары жəне пəннің артықшылықтарын түсіндіру.  

Аннотация: 

Содержание  научного  доклада  состоит  из  общей  информации  о  предмете  «Глобальные 

перспективы и проектная работа», теоретические аспекты критического мышления  а также 

развитие  навыков  критического  мышления  через  практику  применения  на  уроках. 

Особенностью  данного  научного  доклада  является  то  что  даются  определенные 

практические  задания  для  развития  критического  мышления  у  учеников  через  предмет 

ГППР. 

Abstract 

The content of a scientific paper is composed of General information about the subject "global 

perspectives and project work", theoretical aspects of critical thinking and the development of 

critical thinking skills through practice in the classroom. The peculiarity of this research report is 

something that gives some practical tasks for the development of critical thinking among students of 

the GPPW through the apparatus. 

Қазіргі  таңда  білімді,  білікті  жəне  бəсекелестікке  қабілетті  тұлғаны  қалыптастыру 

мемлекеттік  саясаттың  ең  басты  бағыттарының  бірі.   Елбасымыз  Н.Назарбаев  халыққа 

арнаған  жолдауында  қазіргі  оқушылардың    өз  бетімен  сыни  тұрғыдан  ойлау,  ізденіс  жəне 

ақпаратқа  терең  талдау  жасау  дағдысын    дамыту  қажет  екендігін  атап  көрсетті.  Елбасы 

жолдауын  жүзеге  асыру  жəне  халықаралық  ең  үздік  тəжірибемен  танысу        мақсатында 

Кембридж  халықаралық  сараптау CIE орталығымен  бірігіп  Назарбаев  Зияткерлік 

мектептерде  эсперименталды  түрде      «Жаһандық  перспективалар  жəне  жобалау 

жұмысы[Cambridge IGCSE]» пəні   бағдарламасы дайындалып, оқу үрдісіне енгізілді. 

«Жаһандық  перспективлар  жəне  жобалау  жұмысы»  пəніндегі  оқыту  мақсатына  жету 

үшін  төмендегідей тақырыптар қарастырылады, олар :    

• Діни сенім;

• Экожүйе мен түрлі биоортаның жоғалуы;

• Климат өзгерісі;

• Бейбітшілік пен жанжалдар;

725


• Денсаулық пен түрлі аурулар;

• Жалпыға бірдей білім беру;

• Еңбекпен қамту;

• Отбасы жəне демографиялық өзгерістер;

• Отын-энергетикалық кешен;

• Тіл жəне коммуникация;

• Заң жəне қылмыс;

• Кедейлік жəне теңсіздік;

• Спорт жəне дене шынықтыру;

• Технология  жəне экономикалық серпіндер;

• Сауда жəне өзара көмек;

• Дəстүр, мəдениет жəне ұлттық ерекшелік;

• Көлік жəне инфрақұрылым;

• Урбанизация;

• Су, азық-түлік жəне ауыл шаруашылық

Осы  тақырыптармен  танысып,  тапсырмалар  орындау  арқылы  оқушылар  оқыту 

мақсатына жетіп əлемдегі жаһандық мəселелерді қарастырып, өзінің бойында сыни тұрғыдан 

ойлау қабілетін қалыптастырады. 

  Сыни тұрғыдан ойлаудың қалыптасу тарихы өзінің тұрпаты мен мағыналық жағынан 

антикалық  диалогикалық  практикадағы  сыни  философиялық  техникадан  бастау  алады.  2,5 

мың  жыл  бұрын  қалыптасқан  сыни  техниканы  бастапқыда  Аристотель  өз  еңбектерінде 

органон  деп  атады,  кейін  мəдени  тарихта  «логика»  деген  атаумен  орнықты.  Бұл  сыни 

техника  ең  алдымен  логикамен  байланысты  құқық,  саясаттану  жəне  теология  салаларында 

кеңінен  қолданылып,  кейін  өзінің  шешімін  негіздеуде,  шешім  қабылдауда,  ұжымда  өзінің 

шешімдерін  көрсетуде  жəне  пəндік  тəжірибелік  қызметтерді  қамтитын  салаларда  кеңінен 

қолданылды. Нəтижесінде формальды логика арқылы алынған жəне бекітілген сыни техника  

XX ғ. екінші жартысында «сыни тұрғыдан ойлау» түсінгі ретінде қалыптасып орнықты.  

Алайда сыни тұрғыдан ойлау идеясының даму тарихы антикалық дəуірден бастап XXғ. 

аралығында  бірнеше  кезеңдерден  өтті.  Сол  кезеңдердің  ішінде  мəдени  жүйедегі  логиканың 

орнын, сыни тұрғыдан ойлау мəдениеті, канттық критицизм, Поппердің сыни рационализмі 

жəне  т.б.  көрсетуге  болады.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  идеясымен  байланысты  кез  келген 

методологиялық  позицияны  қарастырғанда,  бұл  түсініктің  мəдениеттегі  логикамен  тығыз 

байланыста болатындығын ұмытпау қажет[Сорина, Меськов, 1996; Грифцова, 1998]. 

1980ж. бастап АҚШ-та,   1990 ж. Европа мемлекеттерінде сыни тұрғыдан ойлау білім 

беруде  негізгі  мақсаттардың  біріне  айналды.  Сыни  тұрғыдан  ойлау    мəселесіне  қатысты 

шетелдік тəжірибелерге жасалынған анализге сəйкес бұл феноменнің əлем елдеріндегі білім 

беру саласында басымдылық деңгейі жоғары екендігін  көрсетті.                        

Бүгінгі таңда əр түрлі ғылыми дереккөздерде сыни тұрғыдан ойлау түсінігіне бірнеше 

анықтамалар  беріледі.  Бір  жағынан  алып  қарасақ  «сыни»  деген  сөз  қазақ  тілінде  негативті, 

теріс ұғыммен байланысты. Сондықтан да бұл түсінік пікірталас, конфликт жəне ауыс түйісті 

білдіретін. Кейбір зерттеушілер  «сыни тұрғыдан ойлау», «логикалық ойлау», «аналитикалық 

ойлау»  жəне  «шығармашылық  ойлау»  түсініктерін  біріктіреді.   «Сыни  тұрғыдан  ойлау» 

термині  практикалық-педагогикада  орнығып  қалыптасқанына  аса  көп  уақыт  болмаса  да, 

психологияда   Ж. Пиаже, Дж. Брунер, Л.С. Выготский  сияқты ғалымдардың еңбегінде көп 

кездеседі [1]. 

Сыни тұрғыдан ойлауды, Джуди А. Браус жəне Девид Вуд не істеу үшін жəне неге сену 

қажет  екендігін  шешуге  арналған,  саналы  рефлексивтік  ой  деп  түсіндірді.   Сыншы  өзінің 

726


«мен»  түсінігін  танып  білуге  тырысады.  Танып,  білу  барысында  олар  объективті,  логикаға 

сүйенген жəне басқа көзқарастарды түсінуге тырысады. Сыни тұрғыдан ойлау авторлардың 

ойынша    өзгенің  көзқарасы  мен  өзінің  көзқарасын  ескеріп,  логикаға  сүйене  отырып  алдын 

ала  ойластырылған  шешім  қабылдау.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  жаңа  идеялар  мен 

мүмкіндіктерді көруге жəне туындаған мəселелерді шешуге септігін тигізеді.   

«Оқу  жəне  хат  жазу  арқылы  сыни  тұрғыдан  ойлауды  дамыту»  технологиясының 

авторлары  Ч.  Темпл,  К.  Мередикт,  Д.  Стилдің  пікірінше,  сыни  тұрғыдан  ойлау  бұл – 

қызығушылықты  таныту,  зерттеу  əдістерін  қолдану:  өз  бетімен  сұрақ  қою,  жауаптарды 

жоспарлы түрде іздеу жəне т.б. «Сыни тұрғыдан ойлау қолда бар ақпаратпен шектелмей көп 

деңгейде жұмыс жасап, мəселенің себептері мен салдарын ашып анықтайды. Сыни тұрғыдан 

ойлау  бұл  сыпайы  скептицизм,  жалпы  танылған  ақиқатқа  күмəнмен  қарау,  белгілі  бір 

мəселеге  қатысты  өзінің  жеке  көзқарасын  қалыптастырып  оны  логикалық  дəлелдермен 

қорғап  шығу.  Сыни  тұрғыдан  ойлау – жеке  қабілет  емес,  бұл  бірнеше    дағдылардың 

жиынтығы»[2]. 

Сын  тұрғыдан  ойлау-  бақылаудың,  тəжірибенің,  ойлау  мен  талқылаудың  нəтижесінде 

алынған  ақпаратты  ойлауға,  бағалауға,  талдауға  жəне  синтездеуге  бағытталған  шешім. 

Негізгі  деңгейде  сын  тұрғыдан  ойлау  үдерісі  бірнеше  кезеңдерден  тұрады,  ол:  релевантты 

ақпарат  жинау,  дəлелдерді  сыни  тұрғыдан  талдау  мен  бағалау,  кепілдендірілген  шешімдер 

мен жинақталған қорытындылар, ауқымды тəжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды 

қайта қарауды қамтиды [3].   

Адам  сыни  тұрғыдан  ойлағанды  жақсы  көреді  ме?.  Жан  Пиаженің  айтуы  бойынша 

адамда 14-16 жасқа  қарай  сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілеті  ең  жоғары  даму  деңгейіне  жетеді. 

Сонымен  қатар  сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілеті  барлығымызда  бір  деңгейде  дамыған  деп 

мəлімдеуге болмайды. Осының салдарынан кейбір оқушылар дидактикалық тапсырмаларды 

орындау  барысында  сыни  тұрғыдан  ойлау  дағдысын  қолдану  арқылы  интеллектуалдық    ой 

жұмысымен  айналыса  алмайды.  Сондықтан  да  оқушылар  өзінің  бойында  сыни  тұрғыдан 

ойлау  мүмкіндігін  қолдану  үшін  мына  қасиеттерге  ие  болу  қажет  екендігін  Д.Халперн [4] 

көрсетті, олар: 

1. Жоспарлауға  дайындық:  Ойлар  көбінесе  шашыраңқы  күйде  пайда  болады.

Сондықтан да оларды белгілі бір реттілікпен орналастырып қою қажет. Ойдың тəртіптілігі – 

сенімділіктің белгісі.  

2. Бейімделу.  Егер  де  оқушы  өзгелердің  идеясын  түсініп,  қабылдамаса,  онда  ол  идея

мен  ойлардың  генераторы  бола  алмайды.  Бейімделудің  бір  ерекшелігі,  толық  ақпарат 

жиналмайынша мəлімдеме жасауға болмайды.  

3.Табандылық.  Көбінесе  белгілі  бір  тапсырма  туындағанда,  біз  оны  шешуді  кейінге

қалдырамыз.  Өзінің  бойында  табандылық  қасиетін  қалыптастырған  оқушы  оқуда  міндетті 

түрде  жақсы жетістіктер мен нəтижелерге жетеді.  

4. Өзінің қателерін дұрыстауға дайын болу. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам өзінің қате

шешімдерін ақтап шығуға тырыспайды. Керісінше дұрыс қорытынды жасап, алдағы уақытта 

оқуды жалғастыруда оны ескеруге тырысады.  

5. Саналы түрде ойлану. Д.Халперн бұл қасиеттің аса маңызды екендігін атап көрсетті.

Ой қызметі мен белгілі бір қорытынды жасау барысында өзін бақылай алу дағдысы қазіргі 

уақытта аса қажет.  

6. Шешім  қабылдаудағы  консенсус.  Қабылданған  шешімді  басқа  адамдар  құптаған

дұрыс, олай болмаса шешімдер мəлімдеме ретінде қалып қояды.   

Жаһандық перспективалар жəне жобалау жұмысы пəнінде түрлі тапсырмаларды(жазба 

жұмысы, зерттеушілік эссе, ғылыми жоба, ситуатциялық немесе проблемалық сұрақтар жəне 

727


т.б.)  орындау барысындағы ең басты мақсаттардың бірі  бағалау жəне пікір айту. Оқушылар 

берілген тапсырмаға сəйкес: 

• Негізгі сұрақтарды анықтап, анализден өткізеді.

• Факт, пікір, болжам жəне бағалау өлшемдерін айыра алуы тиіс.

• Мүмкін болатын болашақ сценарийді анықтап, бағалап жəне іс əрекеттер

нұсқасын табу.

• Сұраққа байланысты бірнеше көзқарастарды ескеру.

• Мəлімдемелерді нақты факт жəне жеке көзқарас негізінде құру.

• Ғылыми-зерттеу жобасының мазмұнын келтіріп,  мүмкін болатын жауаптарды

ұсынады.


• Келтірілген аргументтер, мəлімдемелер жəне дереккөздерді бағалау.

• Белгілі бір шешімді қолдап, анықтамасын көрсетіп, шешу жолдарын ұсыну үшін

дəлелдеу линиясын құрастыру.

Бұл дағдыларды мына сұрақтарды қою арқылы тексеруге болады: 

• Түсіндіріңіз,  неліктен кейбір адамдар Х –қа қарсы.

• Ү сияқты болудың мүмкіндік деңгейі қандай?

• Сізге тағы да нені білу қажет ?

• Сіз қалай ойлайсыз ?

Басқа  көзқарастарды  қарастырып,  олармен  неліктен  келіспейтіндігіңізді  көрсетіп,   өз 

пікіріңізді қолдауыңыздың себебін түсіндіріп беріңіз. 

Сын  тұрғыдан  ойлау  қабілеті  мен  дағдыларын  дамыту  үшін  практикалық 

тапсырмларды  орындау  қажет.  Тапсырмалар  өзінің  ерекшелігі  бойынша  əр  түрлі  болады, 

олар,  мысалы  (жазба  жұмысы,  зерттеушілік  эссе,  ғылыми  жоба,  ситуатциялық  немесе 

проблемалық сұрақтар жəне т.б.). Төменде өмірде жиі кездесетін ситуациялардан бір мысал 

берілген. 

Сценарий - 1 

Берілген сценарий мен дереккөздерді оқып танысыңыздар. 1 жəне 4 сұрақтарға жауап 

беріңіздер.  

Сұрақ 

Сіз  белгілі  бір  мектептің  директорысыз.  Сіз  басқаратын  қалалық  мектеп  бай,  бірақ 



кішігірім қалада орналасқан. Қала тұрғындары 4 əр түрлі тілдерде сөйлеседі. Мектептердегі 

сабақтардың барлығы ағылшын тілінде өткізіледі. Сіз енді, сабақты ағылшын тілінде өткізу 

қажет екендігіне шолу жасауға тиістісіз.  

Дереккөз - 1 

Қалалық жаңалықтар  

Қалалық мектепке ағылшын тілінің қажеті жоқ! 

Қалалық мектепте ағылшын тілінде сабақтар өткізілмейді. Кейбірі қарсы  

болғанымен, алайда оның оң жақтары қаншама.   

• Біздің жергілікті тілдерді зерттеу жəне бағалау деңгейі артады.

• Ағылшын тілін балаларға үйрету үшін енді уақыт пен ақшаны босқа жұмсаудың

қажеті жоқ.  

• Жергілікті экономикаға пайдасы артады.

• Жергілікті музыка жəне кинокомпаниялардың өнімдеріне сұраныс артады.

Дереккөз - 2 

Құрметті Директор.  

Қытай тілі болашақ жаһандану тілі екендігі күмəнсіз, сондықтан да біздің балаларымыз 

ағылшын  тілі  емес  қытай  тілін  оқу  қажет.  Олай  болмаса  біздің  балаларымыз  дамып  келе 

728


жатқан  көп  ұлтты  бизнес  əлемінде  орнын  таба  алмай,  біз  қашып  құтылуға  тырысқан, 

кедейлікке  қайтып  оралатын  болады.  Мектепте  жүргізелетін  сабақтардың  қытай  тілінде 

өткізу себептері өте маңызды. 

1.Қазіргі уақытта 1 миллиардтан астам адам қытай тілінде сөйлейді.

2.Қытай  экономикасы  Германияның  экономикасын  артта  қалдырып,  экономикалық

даму жөнінен АҚШ мен Жапониядан кейінгі үшінші орынды иеленуде. 

3.Қытай $180 миллиард  құрайтын  электрондық  құрылығыларды  экспортқа  шығарып,

аяқ киім өнімдерінің үштен бірін жəне  əлемдегі барлық ойыншықтардың 75% өндіруде. 

Ізгі тілекпен  Л. мырза 

Дереккөз - 3 

Біз барлық оқушыларды наразылықты қолдауға шақырамыз! 

Сабақа    қатыспаңыздар.  Жұмыс  жасаудан  бас  тартыңыздар.Үй  тапсырмасын  

орындамаңыздар.Неліктен? Себебі біздің болашағымыз  біз үшін маңызды! 

Қазіргі  уақытта  мектептегі  сабақтарды  ағылшын  тілі  емес  қытай  тіліне  ауыстыру 

жобасы  жүзеге  асырылып  жатыр.  Біз  бұл  жобаға  қарсылық  білдіруіміз  қажет,  себебі  

ағылшын тілі болашаққа жол ашатын  халықаралық тіл.  Бизнес кездесулер ағылшын тілінде 

жүргізіледі. 3 миллиардтан  астам  адам  ағылшын  тілінде  сөйлейді,  ал  бұл  өз  кезегінде 

əлемнің тең жартысы. Интернет сайттардың 80% ағылшын тілінде. Ағылшын тілі ғылым тілі.  

Біздің сабақты қытай тілінде өткізілуіне қарсы шығудың басқа бір себебі, ол тілді меңгерудің 

қиындығы.   Қытай тілінде мыңнан астам иероглифтер бар.  

Ағылшын тілінде тек 26 əріп қолданылады. Біз қазір  ағылшын тілін түсінеміз. Ал бұл 

өз кезегінде ағылшын тілінде жаңа ақпаратпен танысып оны зерттеуге мүмкіндік береді. Біз 

қытай  тілін  түсінбейміз,  оны  меңгеру  (үйрену)  өте  көп  уақытты  алады.    Оларға  біздің 

болашаққа қауіп төндіруге жол берме.! 

Студенттік комитет.  

Сұрақ -1 

Сіз  мектеп  директоры  ретінде  шешуге  тиістісіз,  оқыту  тілі  ретінде  ағылшын  тілін 

қалдыру немесе оны басқа тілге ауыстыру. 

(a) ‘Ағылшын тілінде оқытуды жалғастыру’  бұл бір нұсқа.  Осы нұсқаның екі оң жəне 

екі теріс (проблема) жақтарын көрсетіңіз.  

Оң: ............................................................................................................................... 

Оң: .............................................................................................................................. 

Проблема: .................................................................................................................. 

Проблема: ................................................................................................................... 

(b)  Тағы  да  екі  нұсқасын  ұсыныңыз.  Əрбір  нұсқаға  бір  оң  жəне  бір  проблеманы 

ұсыныңыз.  

Нұсқа: ......................................................................................................................... 

Оң: ............................................................................................................................... 

Проблема: .................................................................................................................. 

Нұсқа: ....................................................................................................................…. 

Оң: ...............................................................................................................................  

Проблема: ....................................................................................................................  

Сұрақ - 2 

Қалалық  мектептің  директоры  ретінде,  саған  класта  ағылшын  тілінде  оқытуды 

жалғастыру қажеттілігі бар ма əлде қажеті жоқ па?  

• міндетті түрде сен білетін  екі мəн жайды анықта;

• бұл ақпаратты қайдан алуға болатындығын түсіндіру;

729


• бұл ақпараттың қалай көмектесетінін түсіндіру.

Мысал: 


Мен  не  білуім  керек: Қалада  қытай  тілінде сөйлейтін мұғалімдердің  жеткілікті  екенін 

білуім керек.  

Бұл ақпаратты мен қайдан табамын: Қалалық білім бөлімі.  

Қандай  ақпарат  таңдау  жасауға  көмектеседі:  Егер  де    қытай  тілін  білетін  мұғалімдер 

жетіспесе, біз барлық сабақтарды қытай тілінде өткізе алмаймыз немесе кластағы оқушылар 

саны жетіспейтін болады.  

         (a)  Мен не білуім қажет.................................................................................................. 

Бұл ақпаратты мен мен қайдан іздеп табамын.............................................................. 

Қандай ақпарат маған таңдау жасауға көмектеседі................................................... 

(b) Мен не білуім керек.................................................................................................... 

............................................................................................................................................. 

Бұл ақпаратты мен мен қайдан іздеп табамын.............................................................. 

............................................................................................................................................. 

Қандай ақпарат маған таңдау жасауға көмектеседі.................................................... 

............................................................................................................................................. 

Сұрақ - 3 

(a) 

Екініші дереккөзді қайтадан оқып шық. Л. мырза қолданған бір пікір жəне екі 



фактіні анықтап, жазып алыңыз. 

Пікір: ........................................................................................................................... 

Факт: ...........................................................................................................................  

Факт: ........................................................................................................................... 

(b)Сенің ойыңша, Л мырза қытай тілін қолдану жөніндегі өзінің хатын, жеткілікті түрде 

жазды ма? Сіздің көзқарасыңыздың себебін көрсетіңіз.                          

Ескеру қажет: 

• мырзаның жасаған мəлімдемесін қарастыру;

• мүмкін болатын салдарын қарастыру;

• хатынан сілтеме жасап сөздер немесе ойлар келтіру арқылы  өзіңнің пікірін

нақтылап дəлелдеу үшін 

........................................................................................................................................... 

............................................................................................................................................. 

............................................................................................................................................. 

Сұрақ - 4 

Мектеп директоры ретінде сіз оқушылардың ата-аналарына хат жазуыңыз қажет.  

Хатта Қалалық мектепте оқыту тілін  өзгерту сіздің  шешіміңіз екенін көрсетіп,  

таңдау себебін  түсіндіруіңіз қажет.   

Хатта сіз мынаны көрсетуіңіз қажет: 

• сіздің мұндай шешімге келуіңіздің себебі;

• мəселеге байланысты əр түрлі көзқарастарды қарастырғаныңызды көрсетіңіз;

• кейбір көзқарастармен неліктен келіспегеніңізді түсіндіріңіз.

.......................................................................................................................................................

............................................................................................................................................. 

«Жаһандық  перспективалар  жəне  жобалау  жұмысы»  пəнінде  қолданылған  күрделі 

сұрақтарда  оқушылар  өзінің  жəне  өзгенің  идеяларымен  танысып,  ақпаратпен  жұмыс  жасау 

дағдысын  дамытуға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  жаңа  жəне  жаһандық  мəселелердің 

730


шешу жолдарын қарастырып мүмкін болатын альтернативті көзқарастарды сабақ барысында 

өтіп зерттейді. Жаһандық мəселелерге байланысты теориялық, логикалық жəне практикалық 

жұмыстарды  дидактикалық  материал  есебінде  қолдану  нəтижесінде  оқушы  бойында  сыни 

тұрғыдан ойлайтын, ізденіс пен ақпаратқа терең анализ жасау дағдысы қалыптасады.  

Д. Халперн көрсеткендей шынайы өмірдегі жағдаяттар туралы саналы түрде ойлануға, 

өзінің  қателігін  дұрыстауға  дайын  болуға  жəне    жоспарлау  қасиеттерінің  дамуына  септігін 

тигізеді.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет