Ббк 81. 2 С 84 Главный редактор



Pdf көрінісі
бет31/40
Дата12.03.2017
өлшемі4,09 Mb.
#9150
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40

Ж.О. Сарсенбаева 
№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп КММ 
Қазақстан Республикасы, ШҚО, Аягөз ауданы 
 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА 
 ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ 
 
Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті  - 
ұлттың  және  жалпы  адамзаттың  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке 
адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, 
оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 
коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.  
Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат  - шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, 
оны  еркін  игеру.  Шет  тілі  -  қазіргі  заманның  талабына  сай,  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық, 
ғылыми-техникалық  және  мәдениет  дамуының  қайнар  көзі.  Қазір  шет  тілін  оқыту  әдістемесінің 
деңгейі  жоғары.  Тілді  оқытуда  интерактивтік  тәсіл,  ойындар,  екеуаралық  пікірталастар,  сонымен 
бірге  ақпараттық  технология,  интернет,  компьютер  қолданылуда.  Оқытудың  ақпараттық 
технологиясы  -  бұл  ақпаратпен  жұмыс  жасау  үшін  арнайы  тәсілдер,  педагогикалық  технологиялар, 
бағдарламалық  және  техникалық  құралдар  (кино,  аудио  және  видеоқұралдар,  компьютерлер, 
телекоммуникациялық желілер). 
Оқытудың  ақпараттық  технологиясы  -  білімді  жаңаша  беру  мүмкіндіктерін  жасау 
(педагогикалық  іс-әрекетті  өзгерту),  білімді  қабылдау,  білім  сапасын  бағалау,  оқу-тәрбие  үрдісінде 
оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп 
түсіну керек. 
Білімді  ақпараттандырудың  негізгі  мақсаты  -  «оқушыларды  ақпараттық  қоғам  жағдайында 
тұрмыстық,  қоғамдық  және  кәсіби  салалардың  іс-әрекетіне  толық,  тиімді  араластыру»  болып 
табылады. 
ХХІ  ғасыр  оқыту  үдерісіне  компьютерлік  технологияны  пайдаланумен  қатар  елде  болып 
жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да заңды үрдістегі өзгерістер  білім жүйесіне сол 
өзгерістер негізінде дамытуды талап етіп отыр. Атап айтқанда, виртуалды кеңістік, аутентті вируалды 
интерактивті тілдік орта болып табылатын Интернетке ену аталған компетенцияны дамытудың тиімді 
құралы ретінде арастырылады. 
Оқытудың  ақпараттық  технологиялары  осы  ақпараттық  білім  жүйесінің  шегінде  жүзеге 
асырылатын  болғандықтан,  осы  білім  технологиясына  ақпараттық  және  бағдарламалық  қолдаумен 
көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. 
Шын  мәнінде  бәрі  керісінше,  оқытудың  ақпараттық  технологияларының  бағдарламалық  құралдары 
және  білім  технологияларының  өздері  ақпараттық  білім  ортасына  –  ақпараттық  білім  жүйесінен 
бөлінген  жүйешелер  түрінде  қосылады.  Шетел  тіліне  оқытуда  Интернет  беретін  мүмкіндіктер  мен 
қызметтерге  тоқталып  өтейін.  Мысалы:  оқушылар  Интернет  талаптарында  берілетін  құжаттардағы 
тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы 
хат алысып, виртуалды қатынас клубтары  - конференцияларға қатыса алады. Сонымен бірге белгілі 
бір  уақытта  мәтіндік  хабарламалар  мен  алмасуға.  радиобағдарламаларды  тыңдауға,  бейнероликтер 
көруге, яғни ақпараттың кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері бар. Ақпаратты қандай 
да арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі интерактивтік 
іздеу  жүйелері  мен  өз  бетімен  іздеу,  сондай-ақ  алынған  материалдарды  түрлі  тіл  тасушыларға 
ауыстырып салу мен т.б. сол сияқты Интернеттің артықшылық көздері пайдаланылады. 
Интернет шетел тілін үйренушіге аутентті мәтіндерді қолдану, тіл тасушыны тыңдау, олармен 
қарым-қатынас жасау табиғи тілдік ортаны қалыптастырады. Е.С. Полат «Қандай да болмасын оқыту 
құралы,  ақпараттық-тақырыптық  ортаның  қандай  да  қасиеттерге  ие  болғанына  қарамастан 
дидактикалық  мәселелер,  білім  берудің  нақты  мақсаттарымен  шартталған  танымдық  қызметтің 
ерекшеліктері  бірінші  кезекте  болып  табылады»  -  деп  көрсетті.  Демек,  Интернет  өзінің  барлық 
мүмкіндіктері және қорларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып 
табылады.  Шет  тілін  оқытуда  заманына  сай  көрнекі  құралдар,  аудио  материалдар  қолдану, 
мультимедиялық құралдарды пайдалануға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында светотехникалық 
және  дыбысты  техникалық  құралдарды  (бейне  магнитофон,  теледидар,  проектор,  мультимедиялық 
проектор,  компьютер)  пайдалану  оқушылардың  өз  тілінде  сөйлейтін адамдардың  тілін  тыңдап,  оны 

209 
 
көзбен  көре  отыра  ақпарат  алуына  көмегі  тиеді.  Бұл  жағдай  оқушылардың  сөйлеу  деңгейін 
жақсартуына  көмектеседі.  Тыңдау  арқылы  олар  өздерінің  сөйлеудегі  қателерін  жөндей  алады.  Бұл 
«аудирование»  терминінің  өзі  де  шет  тілін  тыңдап,  оны  түсіну  деген  мағына.  Аудио  немесе  бейне 
таспаларды  тыңдағанда  коммуникативті  жаттығулар  жасалу  керек.  Алынып  отырған 
тапсырмалардың  жеңіл-қиындығын  ескере  отыра,  жаңа  сөздер  мен  сөз  тіркестерін  пайдаланып, 
диалог  және  монолог  құрастыру  сияқты  жаттығулар  жасалады.  Бейне  фильмді  көріп  отырып,  жаңа 
сөз  немесе  сөз  тіркестері  кездескенде  тоқтап,  сол  сөздерді  қайталап  және  әрбір  көріністен  кейін 
сұрақтар қойып отырған жөн.  
Сабақтың  қорытындысы  ретінде  тест  сұрақтарын  беріп,  нәтижесін  тексеріп,  бағалау  қажет. 
ХХІ  ғасыр  -  озық  технологиялар  ғасыры.  Сондықтан  білім  беру  жүйесінде  жаңа  компьютерлік 
технологияларды тиімді пайдаланудың шетел тілін үйретуде маңызы зор. 
Ақпараттық  ортаны  құруға  негізделген  білім  берудің  жаңа  жүйесін  қалыптастыру  мен 
педагогикалық  практикаға  жаңа  ақпараттық  құралдарды  енгізу  білім  жүйесін  дамытудағы 
стратегиялық тапсырма болып саналады. 
Қазіргі  заманғы  компьютерлік  бағдарламалар  мен  Интернет  желісінің  оқыту  тиімділігі  өте 
жоғары.  Дегенмен  басты  мәселе  компьютерлік  бағдарламамен  қамтамасыз  етілген  білім  ордасында 
мұғалімнің оларды пайдалану әдістемесін меңгеруі мен өз тәжірибесінде жүзеге асыра алуы. 
Ақпараттық  технологияны  меңгерген  педагогта  интеллектуалдық,  рухани  азаматтық  және 
басқа  да  көптеген  адами  келбеті  қалыптасады.  Ақпараттық  технология  құралдарын  қолдау 
адамзаттың әртүрлі сферасында, соның ішінде білім беру  саласында көптеген өзекті маңыздылыққа 
қол жеткізіп отырғаны белгілі. 
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты 
қолдану,  мұғалімнің  көптеген  қиындаған  қызметтерін  жеңілдетіп,  осы  іскерліктің  ұстанымды  жаңа 
тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту 
жүйесіндегі  компьютерлік  бағдарламалардың  түрлері  арқылы  тіл  үйретуді  жатқызуға  болады. 
Ағылшын тілі сабақтарының лексика бөлімін меңгертуде ақпараттық технологиялардың алатын орны 
зор.  Интернет  арқылы  оқушы  грамматикалық,  лексикалық,  фонетикалық  жаттығулар,  оқуға  және 
грамматикаға арналған тесттерімен жұмыс істей алады. Интернеттің бізді мәтіндік, графикалық және 
дыбыстық  ақпаратпен  қамтамасыз  ете  алуы,  оның  басты  және  маңызды  ерекшелігі  аутенттілігінде. 
Жаңа  ақпараттық  технологияда  компьютер  негізгі  рөл  атқарады.  Интернет  шет  тілін  үйренушіге 
көптеген  мүмкіндіктер  береді.  Олар:  ана  тілі  болып  саналатын  шет  ел  адамдарының  тілдерін 
тыңдауға,  олармен  қарым-қатынасқа  түсуге,  керекті  мәтіндермен  жұмыс  істеуге  қол  жеткізеді. 
Интернет  арқылы  оқушылар  тілдік  қарым-қатынасқа  түсе  алады.  Сол  сияқты,  тілдік  қорын  дамыта 
алады. Осыдан жазу іскерлігімен дағдысын жоғары деңгейде қалыптастыра алады. Ақпараттық жүйе 
ретінде, Интернет өз қолданушыларын жан-жақты ақпараттармен қамтамасыз етеді.  
Компьютерлік  оқыту  бағдарламаларының  қай  қайсы  болмасын  өз  мазмұнынан 
грамматикалық  жұмыс  жүргізуді  тыс  қалдырмайды,  белгілі  бір  грамматикалық  құрылымның 
жұмыстарын қамтиды. 
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологияның мүмкіндіктері: 
Әр  бір  адамға  білім  алудың  өзіне  тиімді  жолын  таңдауға  мүмкіндік  беретін  білім  берудің 
ашық жүйесін орнықтыруға; 
Білім  алудың  техникасын  түбірімен  өзгертуге;  Оқыту  үрдісінде  оқушылардың  танымдық іс-
әрекетін тиімді ұйымдастыру; 
Электрондық  білім  беру  пайдалану  арқылы  даралып  оқытуға  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды пайдаланудың тиімділігі: 
1.  Мультимедиялық  мүмкіндіктерді  қолдау  (музыкалық  немесе  дикторлық  дайындау, 
анимация бейне-клиптер, слайд-шоу). 
2.  Жүйенің  басқару  құрылымы  -  оқытушы  өз  ойын,  көзқарасын,  өз  кезегіндегі  материалдық 
ұсынылымын, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәлеметтерін ұсынуға мүмкіндік алды. 
3. Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау. 
Ақпараттық  технологияны  шетел  тілі  сабақтарында  пайдалану  нәтижесінде  төмендегідей 
жетістіктерге қол жеткіземіз. 
1.  Сөзжұмбақ,  кестелерді  құру  үшін  дербес  компьютерді  қолдану  арқылы  грамматикалық 
және лексикалық оқу материалдарын өңдеу. 
2. Ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді үйретеді. 
3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік және жұмыс жасауды игеру 
мен білім алуды кеңейту. 

210 
 
4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқушылар электрондық пошта арқылы оқушылар хат-
хабарлама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу. 
Қазақстан  Республикасының  мемлекетаралық  тілі  -  ағылшын  тілін  жаңа  технологиялар 
арқылы  оқыту  ісі  күннен-күнге  өзекті  болып  келеді.  Тілді  ақпараттық-коммуникативтік  технология 
арқылы  оқыту  -  тіл  үйренушінің  өз  бетімен  тіл  үйрену  қабілеттерін  жетілдіруіне  игі  ықпал  ететін 
тиімді  жүйе  болып  табылады.  Сонымен  қатар  оқушылар  интелектуалдық,  шығармашылық  және 
коммуникативтік  істерін  дамыта  алады,  оқушының  оқу  белсенділігі  артады,  сабақтың  негізгі 
кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады. 
Шет  тілін  оқытуда  интернетті  сабақта  пайдаланудың  негізгі  артықшылығы  сол   жан-жақты 
ақпараттар алу. Интернетті сабақта пайдаланғанда шет тілінде электронды оқу курстарымен оқушы 
жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Шет тілін оқытуда бұл ел тану, әр түрлі энциклопедиямен танысуға 
мүмкіндік береді. Олар сөз қорларын кеңейтіп, өз бетінше сабақ материалдарын таңдауға мүмкіндік 
алады. Пән мұғалімдері арасында да үнемі үзілмес байланыс болуы керек деймін. Мысалы: қазақ тілі, 
орыс  тілі  және  ағылшын  тілі  мұғалімдері  бір  тақырыпты  бір  уақытта  бастап,  пәндер  арасында  тым 
құрығанда  атауларын  бала  үш  тілде  біліп,  байланыстыра  отырып  тіркес,  сөйлем,  қысқа  біліп, 
байланыстыра  отырып  тіркес,  сөйлем,  қысқа  әңгіме  құра  білсе  бір  оқу  жылы  ішінде  біршама 
жетістікке  жетер  еді  демекпін.  Әрине,  барлығын  байланыстыру,  жүйелеу  оңай  жұмыс  емес,  бірақ 
белгілі  бір  жетістікке  жету  үшін,  «тілдердің  үш  тұғырлылығының»  болуы  үшін,  нәтижесін  көруге 
болатын сияқты. Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам 
жасауға,  толыққанды  білім  алуға  қол  жеткізуге  үлесімізді  қосуымыз  керек.  Қазіргі  заман  сабағы 
мұғалімсіз  болмайды.  Ұлы  ағартушы  Ы.  Алтынсарин:  «Маған  жақсы  мұғалім  бәрінен  де  қымбат, 
өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа 
егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, 
білікті ұстаз болайық. 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Білім заңы. - Алматы, 2007. 
2.
 
Иманбаева А., Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі.// Қазақстан мектебі.- - №2. - 2000. – 
45-47 б. 
3.
 
http://45minut.kz/wp-loginphp 
 
 
ӘӨЖ: 159.9 
М.А. Сарсенова 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
Қазақстан, Семей қ. 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ АКМЕОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ 
 
Қазақстан  Республикасы  нарықтық  жағдайындағы  адам  капиталын  қажет  ететін  қоғамның 
жаңа сапасына енді. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беру саласына әсерін тигізбей 
қоймайды.  Бұл  білікті  мамандар  дайындаудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  іздестіру  мен  жүзеге  асыруды 
талап  етеді,  оның  мазмұны  үнемі  өзгеріске  ұшырайтын  әлеуметтік-экономикалық  жағдайда  тиімді 
әрекет  етуге  дайын  болатын,  шығармашыл,  кәсіби  ұшқыр,  өзін-өзі  дамытуға  және  жетілдіруге 
қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс. 
Акмеологиялық  даярлық  қалыптастырудың  психологиялық  педагогикалық  кезеңінде  даму 
үстіндегі  студенттеріміздің  дамуына  ықпал  ететін  немесе  кедергі  болатын  объективті  және 
субъективті факторлар, өзінің кәсіби іс-әрекетіндегі, шығармашылығындағы, дамуындағы нәтиженің 
ең жоғарғы деңгейіне қол жеткізе алатын жағдайлары мен шарттары [1, 6]. 
Тұлғаны  дамыту  туралы  акмеологиялық  ойларды  көптеген  философтардың  еңбектерінен 
байқауға  болады.  Мысалы,  тұлғаның  шығармашылық  әлеуетін  өздігінен  жүзеге  асыру  базистік 
акмеологиялық  ұғымы  Платонның  ендірген  өзін-өзі  жылжыту»  ұғымымен  мағыналық  қатынаста 
байланысты.  Ал  «акмеология»  ұғымын  (грек  тілінен  аударғанда  акме  –  шың)  жас  ерекшелік 
психологиясы бөлімін белгілеу үшін бірінші реет 1928 жылы Н.А.Рыбников енгізген. Осы термин 20-
шы  жылдары  ақыл-ой  және  әлеуметтік  ізденіс,  эвриология  (П.Энгельмейер),  эргонология 
(В.Н.Мясищев),  рефлексология  (В.М.Бехтерев)  ғылыми  бағыттарының  пайда  болуы  барысында 
айқындалды [1, 7]. 

211 
 
Сонымен 
студенттердің 
акмеологиялық 
даярлығын 
аша 
білу 
үшін, 
алдымен 
педагогтарымыздың кәсібилігінің мол болуы өте маңызды. 
Осындай талаптарды кәсіби тұрғыда мамандарға акмеология қояды. 
«Акмеология  ғылым  ретінде  психология  мен  педагогикада  жоқ  ұғымдар  жүйесін  құрайды. 
Осы ұғымдарға келесілер жатады: есеюшілік, кәсіби іс-әрекет, шеберліктің шыңы, кәсібилік, кәсіби 
даму». 
Кәсіби  даму  –  мамандықты  меңгеру  және  кәсіби  іс-әрекетті  орындау  барысында  еңбек 
адамының пихикасында және тұлғалық сапаларында қарқынды өзгерістердің пайда болу үдерісі оның 
тұлғалық  қалыптасуымен  тығыз  байланысты.  Акмеология  кәсіби  дамуды  оңтайландыру  жолдарын 
зерделейді,  өзін-өзі  барынша  толық  жүзеге  асырудың,  кәсібиліктің  шыңына  жетудің  тәсілдерін 
белсендіре  отырып  адамды  өзін-өзі  дамытудың  субъектісі  ретінде  ынталандырудың  тәсілдерін 
жасайды. 
Гректер  «акме»  сөзімен  адам  өміріндегі  есейген  жастық  кезеңді  белгілейді,  жастық  шақтың 
осы кезеңінде адам өз қабілеттерінің жоғарғы шыңына жетеді, осы кезең адам күштерінің нығайып, 
қанат  жайып,  гүлденген  кезі  болып  табылады,  нағыз  студенттердін  жастық  кезені,  студенттердіңде 
педагог мамандардаңда кәсіби құзырлығының, біліктілігінің, шеберлігінің даму кезеңі [2, 6]. 
Кәсіби құзырлылық – маманның АКМЕ жағдайға жету алдындағы кезеңі, жоғары деңгейінің 
көрсеткіші. Кәсіби құзырлылық акмеологиялық тұрғыдан – бір нәрсе жайлы беделді ой, кесімді пікір 
білдіруге мүмкіндік беретін білімдердің сипаттамасы ретінде қарастырылады 
Кәсіби  құзырлы  педагог  –  кәсіби  білім  мен  біліктерді  игерген;  тек  қана  өз  іс-әрекетін 
жобалауға  қабілетті  ғана  емес,  сонымен  бірге  білім  беру  үдерісінің  кез-келген  өзгерістеріне  жауап 
беретін,  педагогикалық  үдерісті  басқара  білетін  маман.  Сонымен  бірге,  креативтілікті  дамыту 
студенттің  өзін-өзі  жетілдіру  және  оның  тұлғалық,  кәсіби  шыңға  жету  үдерісінде  маманның 
шығармашылықты  жетілуге  мүмкіндік  жасайды.  Креативті  тұлғаны  өзін-өзі  жетілдірудің  жоғары 
деңгейінде  маманның  шығармашылықты  жетілуі  барынша  орнықтыланса,  шығармашылықты 
жетілудің қайнар көзіне айналады [6, 7]. 
Ғылыми-әдістемелік 
әдебиеттерге 
жасаған 
талдау 
нәтижелерінде, 
студенттердің 
акмеологиялық  даярлығын  қалыптасыруда  психологиялық  педагогикалық  даярлық  шарттары, 
студенттердің акмеологиясының астарларын зерттеу әдіс-тәсілдердің қажеттілігін көрсетті: 
-
 
педагогикалық  жүйенің  барлық  компоненттерін  (студенттерді  оқытудың  мақсаты, 
міндеттері,  мазмұны,  қағидасы,  түрлері,  әдістері)  тығыз  байланыста  қарастыратын  жүйелік  әдіс-
тәсілдер (В.В. Краевский, Г.П. Щедровицкий, Э.Г. Юдин және т.б.); 
-
 
акмеологиялық жүйенің жүйе түзуші факторы болашақ маманның тұлғасы, яғни өзінің жеке 
іс-әрекетімен  және  акмеологиялық  технологиялардың  көмегімен  тікелей  өзін-өзі  дамыту  және 
жетілдіру  субъектісі  болып  саналады  (Б.Г.Ананьев,  А.А.Деркач,  Н.В.Кузьмина,  С.Л.Рубинштейн 
және т.б.); 
-
 
болашақ  маманның  құзырлылығын  қалыптастыруды  көздейтін  және  студенттердің  білім 
беру  ортасында  мамандар  даярлау  сапасын  анықтау  тұрғысында  базалық  болып  саналатын 
құзырлылықты әдіс-тәсілдер (И.А. Зимняя, Дж. Равен) [3, 4]. 
-
 
іс-әрекетті тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың негізі, құралы және басты шарты ретінде 
қарастыратын;  жеке  тұлғаны  қоршаған  әлемді  барынша  тиімді  түрлендіруші  ретіндегі 
шығармашылықты  еңбекке  ұйымдастыруға  бағыттайтын;  іс-әрекет  үдерісінде  тұлғаны  дамытудың 
оңтайлы  шарттарын  анықтауға  мүмкіндік  беретін  іс-әрекеттік  тәсілдер  (С.Л.Рубинштейн, 
А.Н.Леонтьев, А.В.Брушлинский және т.б.); 
-
 
адам  мен  мәдениеттің  дамуын  құндылықтар  жүйесі  ретінде  және  адамның  өзін  дамытуы, 
оның  шығармашылықты тұлға және  мәдениет  субъектісі  ретінде қалыптасуы  ретінде қарастыратын 
мәдениеттанушылық әдіс-тәсілдер (В.Л. Сластенин, Е.В. Бондаревская, Н.Д. Никандров және т.б.) [2, 
3]. 
Осы  әдіснамалық  әдіс-тәсілдерге  қатысты  алғанда  акмеологиялық  әдіс-тәсілдер,  бұл 
студенттің,  барынша  жоғары  деңгейде  кәсіби  жетістікке  жету,  білім  алу  кезеңінде  өзін-өзі  толық 
жүзеге асыру бағыттарының қалыптасуын бағдарлайды. (Н.А. Рыбников, Б.Г.Ананьев, А.А.Бодалев, 
Н.В. Кузьмина, А.А.Деркач) [5]. 
Қорыта айтқанда, студенттердің акмеологиялық астарлары осы үдерісті акмеологиялық әдіс-
тәсілдер  тұрғысынан  қарастыруды  көздейді.  Сонда  оның  негізгі  категорияларының  бірі  ретіндегі 
болашақ  мамандардың  кәсіби  құзырлылығы  мен  акмеологиялық  құзырлығының  арасындағы  негізгі 
айырмашылықтарды бөліп көрсетуге мүмкіндік туады. 
 

212 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Пожарский С.Д. Синергетическая акмеология. Докторская диссертация. - Санкт-Петербург, 2002. 
2.
 
Деркач А.А. Акмеологические основы развития профессионализма. – Москва: Воронеж, 2004. -750 
с. 
3.
 
Психология.  Словарь  /  Под.  Обш.  Ред.  А.В.  Петровского, М.Г.  Ярошевского.  –  2-е  изд.,  испр.  И 
доп. – М.: Политиздат, 1990. – 494 с. 
4.
 
Кузьмина  Н.В.  Акмеологическая  теория  повышения  качества  подготовки  специалистов 
образования. - М., 2001 – С. 11 
5.
 
ТарасоваВ.Н.  Акмеология.  Научная  сессия.  /  Под  редакцией  Н.В.  Кузьминой-Гаршиной,  A.M. 
Зимичева. - СПб.: СПбАА, 1997 – С. 174 
6.
 
kaznpu.kz›docs/Begjanova_dis.pdf 
7.
 
enu.kz›
repository/repository2014/ 
 
 
УДК: 37.025.7 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет