240
СӨЗЖАСАМ
болған. Қазірде ол өнімділігін ж оғалтқан м ен ,
бірақ ол қосымша арқылы жасалған туынды етіс-
тіктер біраз. Олардың кейбіреуі оп-оңай морфе-
маларға жіктелсе, екіншілері зертгей түсуді қажет
етеді.
-
ы л /-іл
: ар-ары л=, ас-асы л=, ек-егіл=, жаң-
ж аң ы л = , ж ос-ж осы л = , қүт-құты л= , о с-осы л= ,
сап-сабыл=, сар-сарыл=, сей-сейіл=, сұй-сұйыл=,
сы т-сы ты л = , түң -түң іл = , ұт-ұты л=, үң -үң іл= ,
ш үй-ш үйіл= т.б.
Қазіргі қазақ тілінде
-ы л/-іл
тұлғасы етіс ка-
тегориясы ны ң көрсеткіші ретінде қы змет етеді.
Ал, түбір морфемаларының мағыналары көмескі-
леніп, “өлі” түбірге айналған тарихи туынды еті-
стіктер құрамындағы бұл қосымш аны ш ығу тегі
жағынан сөзтудырушы болуы мүмкін деп ойлау-
ға негіз бар. Оны жоғарыда талданған
-а л/-е л
моделімен варианттас деп те қарауға болады.
-ы ң/-ің= :
б а қ -б а ғ ы н = , б ү л -б ү л ін = , ем -
емін=, ер-ерін=, жал-жалын=, жүк-жүгін=, жыл-
ж ы лы н=, күп-күбін=, кіж -кіж ін=, қап -қабы н = ,
ө к -ө к ін = , ө т-о тін = , с а қ -с а ғы н = , сү й -сүй ен = ,
сүр-сүрін=, сый-сыйын=, тап-табын=, ұс-ұсын=
т.б.
Г.Рамстедт, Э.В.С евортян бұл ф орманы да
ең ежелгі сөз тудырушы тұлғаларды ң қатарына
жатқызады. “ Ө лі” түбірге ж алғанған қосы м ш а-
лар оны м ен әбден жымдасып, тарихи туынды
түбір қал ы п тасқан . Қазіргі тілімізде
-ы н /-ін
қосы м ш асы түгелдей грамматикалық оздік етіс
мағынасын береді.
-ыр/-ір:
ай-айы р=, аң-аңы р=, ау-ауыр=, бақ-
б ақ ы р = , б ұй-б ұйы р= , ел-елір= , ж ап -ж ап ы р= ,
ж ас-ж асы р = , ж ек-ж екір= , ж үг-ж үгір=, ж ы м-
ж ы м ы р= , к ек-кекір = , кө п -коп ір = , кід-кідір=,
қ а қ -қ а қ ы р = , құт-құты р= , қы д-қы д ы р = , май-
м ай ы р= , м үд-м үдір=, ом -ом ы р= , сап -сап ы р= ,
сек-секір= , сем -сем ір=, сы -сы ды р=, су-суы р=,
с ы п -с ы п ы р = , сім -сім ір = , ш ұ б -ш ұ б ы р = , ыс-
ысы р=, (ы)с<(ы)с-ыр-сыр (сырып тік), (ы)с-ыр-
(сы рғы=).
Бұл қосымша тіліміздің ерте кезеңінде құры-
лымы қарпайы м түбірлерге, синкретизмдерге
тікелей жалғанып, коптеген “таза” етістіктер ту-
ғы зған. О лардың көбінің түбір морфемасы сол
күйінде қазіргі тілде қолданылмайды, түсініксіз.
Мысалы:
жасыр=е
тістігінің қазіргі тілімізде то-
лы қ мағыналы кеңінен жұмсалатын етістік екені
белгілі. Бірақ ол - тіл дамуы барысындағы кейінгі
тұлға. М .Қаш қари сөздігіне сүйенсек, XIғ. орта-
сындауя 5= дербес соз ретінде қолданы лған:
01
тепі кот іаьсіі/ Ол м ені көріп жасырынды. Жас
түбірінің “өлі” түбірге айналуы кейінгі осы
жа-
сыр=
тұлғасы ны ң тууымен байланысты. О сын-
дай жаңа ф орманың қалыптасуы алғаш қы бірбу-
ынды түбірлерді көбінесе “өлі” түбірлердің қата-
рына қосады.
Ж асыр
типтес императивтердің құрылымын
қазіргі тілдегі толы қ мағыналы ‘көш ір= ’; ‘пісір= ’
т.б. салыстыруға болады.
-ыс/-іс=:
бы т-бы ты с= , ж ап -ж абы с= , жар-
жарыс=, ж ы л-ж ы лы с=, кер-керіс=, қап-қабы с=,
қай-қайыс=, қар-қары с=, қат-қатыс=, қи-қиы с=,
май-майыс=, ой-ойы с= , тыр-тырыс=, ұр-ұрыс=,
ш ат-ш атыс= т.б.
Қазақ тілінде /б а с қ а да түркі тілдерінде/ бұл
қосымш а ортақ етістің тұлғасы ретінде кеңінен
қолданылады. Бірақ ол кез келген түбірге қосыла
береді деуге болмайды. Ж оғары да келтірілген
қатардағы мысалдардан оның ортақ қимылды, көп
қайталанатын, интенсивті қимылды білдіретін
етістік түбірлерге талғап жалғанатынын көреміз.
Сонды қтан да көптеген ғалымдар оны ң тегін
көптік мағынамен байланыстырады.
В.Котвичтің ойынш а, осы тұлға - қазіргі тун-
гус-маньжур тілдерінде көптік мағы нада қолда-
нылатын -/ қосымш асы ның алломорфы. Э.В.Се-
вортян, Л .Н .Х аритонов, Х.Т.Нигматов
-ы с/-іс
ф орм асы н ы ң ал ғаш қ ы мәні ортақ қим ы лды
білдірген, ал көптік мәні содан туған деп қараса,
АА Ю лдаш ев, керісінше, ортақтық мағынаның өзі
көптік мағынадан туған деп қарайды.
Сонымен қатар, осы модельдің ішінде ж оға-
рыда келтірілген мағыналарды бермейтін де етіс-
тіктер бар. Мысалы; бүріс=, жылыс=, ауыс=, қай-
ы с=, қары с= , м ай ы с= т.б. етістіктерде ортақтық
та, коптік те м ағы на ж оқ, қимылдың атауы.
Осы арада
-с
тұлғасы ны ң түркітануда ин-
тенсивтіліктің көрсеткіші ретіндея,
-із
(действие,
труд) түбірімен байланы сты деп қарайтын да
көзқарастар бар екенін ескерген жөн.
Сонымен, қазақ тілінің базистік лексикасында
көптеп кездесетін “олі” түбірлердің, яғни дыбыс-
тықтұлғасы ғана сақталып, мағынасы күңгірттен-
ген лексика-грамматикалық элементтердің таби-
ғатын танып, сырын ашуда сөз құрамын морфе-
ма жігіне /түбір мен тұлға ар алы ғы / айыратын
м орфемалық талдау әдісінің орны ерекше. Осы-
ның нәтижесінде біз зерттеп отырған екі буынды
тарихи тұрғыдан туынды етістіктердің бәріне ор-
тақ ең басты ерекшеліктердің бірі - олардың синх-
рониялық жэне диахрониялық даму тұрғысынан
алғанда этимологиялық түбір мен шын мәніндегі
грамматикалық тұлғадан тұруы екенін көреміз.
|