ЗАТ ЕСІМДЕР СӨЗЖАСАМЫ
287
ашылуы түптеп келгенде түтас сөзжасамның лин-
гвистикалық табиғатын, тілдің бір иерархиялық
деңгейі ретіндегі дербестігін, статусын соғұрлым
тереңірек танып, соғұрлым тереңірек аша түсудің
бірден-бір маңызды шарты болып табылады.
Д инам икалы қ синхрон ияға барудың қажеттігі
м іне осы ж ерд ен , тіл ж ү й е с ін ің ж алпы іш
бірлігінен, тұтастығынан келіп шығады.
Зат есімдер сөзжасамын да синтетикалы қ,
аналитикалы қ және субстантивация тәсілдері
құрайды. Осы жасалу тәсілдеріне қарай оларды
негізгі үш түрге бөліп қарауға болады. Мысалы,
синтетикалы қ тәсіл-туынды зат есімдерді, ана-
литикалы қ т ә с іі - күрделі зат есімдерді, ал суб-
стантивация тәсілі - субстансивті зат есімдерді
жасайды. Демек, зат есімдердің құрылымдық си-
паты мен олардың жасалу тәсіддері арасында озара
тәуелділік, өзара шарттылық бар. Бұдан да нақты-
лай түссек: зат есімдердің негізгі құры лы мды қ
типтері олардың жасалу тәсілдерін (немесе жаса-
лу тәсілдері олардың құры лы м ды қ типтерін)
анықтайды , белгілейді. Я ғни зат есімдер созжа-
самны ң синтетикалық, аналитикалық және суб-
стантивация тәсілдері бар деп жай санамалап
шығудың сыртында олардың құрылымдық тип-
тері (туынды зат есімдер; күрделі зат есімдер,
субстансивті зат есімдер) туралы да түсінік жата-
ды, яғн и оның (зат есімдер сөзжасамының) осы
бір объективтік сипаты ойда тұрады. Бұл жерде
бір ескерте кететін нәрсе: субстансивті зат есім-
дер озінің құрылымы жөнінен түбір де, туынды
да, күрделі де болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: