Ж аса л ы м ы : тіл о р т а с ы м ен т а ң д а й
ж ай ы лы ңқы жуысады (3-2), жасалу орн ы н а
қарай тіл ортасы; тіл ауыз қуысында ілгері итініп
жатады (6), тілдің ж атысына қарай ілгерінді;
дауыс желбезегі мол тербеледі (5-2), желбезек
қаты сы на қарай тербелімді; ерін дөңгеленіп
(сүйірленіп) барып (1-2) жасалады, ерін қатысына
қарай еріндік дыбыс болып табылады.
Айтылымы: тіл ортасы мен таң дай бос
жуысады, жуысым күшіне қарай бос жуысыңқы;
ауыз қуысы кіш ірейіп, көмей қуысы үлкейеді,
үстеме ж асалым орны на қарай ауыз қуысты
дыбыс болып табылады.
Е стіл ім і: тіл о р т а с ы м ен т а ң д а й д ы ң
ж уы сы м ы бос л е п п ен аяқ та л а д ы , ж уы сы м
бітіміне қарай бос лепті; дауыссыз ыңыл естіледі,
үн қаты сы на қарай үнді; әуез қаты сы на қарай
жіңішке және ерін әуезді дыбыс болып табылады.
Й 10 жіңішке еріндік түрінің айырым белгілері
Жасалым белгілері: тіл ортасы, жуысыңқы,
ілгерінді, тербелімді (үнді), еріндік дауыссыз
дыбыс.
Айтылым белгілері: бос ж уы сы ңқы , ауыз
қуысты дауыссыз дыбыс.
Естілім белгілері: бос лепті, үнді, жіңіш ке,
ерін әуезді дауыссыз дыбыс.
Ж алпы с и п а т т а м а сы : тіл
о р т а с ы ,
ж уы сы ңқы, үнді, ілгерінді (жіңіш ке), еріндік
дауыссыз дыбыс.
У (XV) дауыссыз дыбысының үндесім түрлері Жуан еріндік түрі: АУА, С(Ұ)У т.б.
(22-1- сурет) Жасалымы: қос ерін өзара жинақы жуысады
(1), жасалу орнына қарай ерін-ерінді; тіл ауыз
қуы сы н да кейін ш егініп ж атады (8), тілдің
жатысына қарай кейінді; дауыс желбезегі мол
терб ел ед і (5 -4 ), ж е л б е зе к қ а ты сы н а қарай
тербелімді; ерін дөңгеленіп (сүйірленіп) барып
(1-1) жасалады, ерін қаты сы на қарай еріндік
дыбыс болып табылады.
Айтылымы: қос ерін өзара бос жуысады,
жуысым күш іне қарай бос ж уы сы ңқы ; ауыз
қуысы мен көмей қуысы қосылып кетеді, үстеме
жасалым орнына қарай көмей қуысты дыбыс
болып табылады.
Естілімі: қос еріннің жуысымы бос леппен
аяқталады, жуысым бітіміне қарай бос лепті;
дауыссыз ыңыл естіледі, үн қатысына қарай үнді;
әуез қаты сы на қарай жуан ж әне ерін әуезді
дыбыс болып табылады.
У жуан еріндік түрінің айырым белгілері