Әдебиеттер
1 БизақовФ., МамашбаеваШ.. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Алматы: Фолиант, 2010. 21-23б.
2 Отбасы - жеке тұлғаның қалыптасуын анықтайтын фактор. // Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік
университеті. «Шоқан тағлымы-10» халықаралық ғылыми конференция. ІІ-том. – Көкшетау, 2005. 168-172б.
3 Бутенова Қ. Некелік өмірге даярлау мәселесінің кейбір қырлары // Қазақстан мектебі, №4, 2003.
4 А. Р. Мандыкаева, А. Б. Кенжеғараева. Отбасылық өмірге қадам басып келе жатқан жастардың қарым-қатынас
мәселесі. // ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы, №4, 2004.
References
1 BizaqovF., MamashbaevaSh. Otbasylyq dagdarys psihologiyasy. - Almaty: Foliant, 2010. - 21-23b.
2 Otbasy- jeke tulganyn qalyptasuyn anyqtaityn faktor. // Sh.Ualihanov atyndagy Kokshetau memlekettik universiteti. «Shoqan
taglymy-10» galyqaralyq dylymi konferenciya. II-tom. – Kokshetau, 2005. - 558 -168-172b.
3 Butenova Q. Nekelikömirgedayarlaumaselesininkeybirqyrlary // Qazaqstanmektebi №4, 2003.
4 A. R. Mandykaeva, A. B. Kenjegaraeva. Otbasylyqömirgeqadambasıp kelejatqanjastardinqarim- qatynasmaselesi //
QazUWhabarshysy. Psihologiyajanesociologiyaseriyasy № 4, 2004.
Жиентаева Б.Ж., Жанзакова М.К. Основные вопросы подготовки будущих специалистов к семейной жизни.
В этой статье рассматриваются особенности, основные вопросы и психолого-педагогические основы подготовки
к семейной жизни как одно из напралений подготовки будущих специалистов и системы образования. Также, здесь
рассматривается подготовка студентов к семейной жизни как социальные направления образования.
Ключевые слова: семейная жизнь, социальное направление образования, семейные отношения.
ZhientaevaB.Zh., Zhanzakova M.K. The main issues of preparing future specialists for the family life.
This article discusses the features of the major issues and psycho-pedagogical bases of the preparation future specialists for
family life as one of the main directions in the educational system. Also, the preparation of students for family life is considered
as social direction of education.
Keywords: family life, social direction of education, family relationships.
Редакцияға 11.03.2016 қабылданды.
№ 3 (112) 2016
177
ӘОЖ 378.016
С.А. ЖОЛДАСБЕКОВА
1
, Р.Н. КЕБЕКБАЕВА
2
, З. АХМЕТОВА
3
пед.ғ.д.,
профессор
1
, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің
магистранты, Шымкент қ.
2
,
Қазақ технология және бизнес университетінің магистрі, Астана қ.
3
БОЛАШАҚ «ТЕХНОЛОГИЯ» ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Бұл мақалада болашақ «технология» пәні мұғалімдерінің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыру
мүмкіндіктері ашып көрсетілді.
Түйін сөздер: болашақ «технология» пәні мұғалімдері, әдістемелік құзыреттілік, қалыптастыру
мүмкіндіктері.
Жоғары педагогикалық білімді дамытудың қазіргі кезеңіне тән ерекшелік құзыретті педагогты дайындауға
бағдарлану болып табылады, бұл өз кезегінде педагогикалық жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісіне
құзыреттілік әдісті ендіруді қажет етеді.
Педагогика ғылымында «құзыреттілік» деп, оқыту барысында меңгерілетін білім, іскерлік, дағдылар мен
қатынастардың арнайы құрылымданған жинақтары түсініледі.«Құзыреттілік» ұғымы ғылыми айналымға
ширек ғасырдан астам уақыт бұрын енгізілген. Құзыреттілік – бұл, белгілі бір салада жеткілікті білімге ие;
бір нәрсе жайында жақсы хабардар; пайымды тұлға [1].
Құзыреттілік ұстаным жалпы білім беру мақсаты мен мазмұнын анықтауда мүлдем жаңа нәрсе емес.
Эльконин – Давыдовтардың дамыта оқытудың теориясы мен практикасы, шын мәнінде, құзыреттілік
ұстанымның алғашқы қадамы болды. Соған жақын идеяларды Скаткин – Лернер – Краевский дидактикалық
мектебінде жасалды, онда білім мазмұнына дербес компоненттер ретінде шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі
мен эмоционалдық қатынастар тәжірибесі енгізілді. Яғни, олар білім және іскерлікпен қатар білім берудің
өзіндік нәтижесі ретіндегі тәжірибелік идеясын ұсынды [2].
Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік ұстанымды жүзеге асырудың төрт нұсқасын белгілейді: түйінді
құзыреттіліктер;пәндік іскерліктер;қолданбалы пәндік іскерліктер;өмірлік дағдылар [3].
Біріншісі – түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады. Бұл желіге, мысалы, мәтінді
түсіну, әртүрлі текті ақпараттарды өңдеу, топта әрекет ету іскерліктерді қалыптастырудың педагогикалық
технологиялары жатады. Құзыреттілік ұстанымды жүзеге асырудың екінші желісі пәндік сипаттағы
жалпыланған іскерліктерді қалыптастыру. Мысалы, технология піні үшін - материалдардың қасиеттерін
ескере отырып технологиялық түрлендіру процесті меңгеру т.с.с. жатады.
Құзыреттілік ұстанымды жүзеге асырудың үшінші бағыты бүкіл мектептегі білім берудің практикалық
сипатын күшейту болып табылады. Бұл бағыт бойынша оқушы мектепте алған білімдерінің қандай
нәтижелерінің мектептен тыс жерлерде пайдалана алады деген қарапайым сұрақтан туған. Бұл бағыттың мәні
мектепте оқылғанның бәрі болашақта тиімді болуы керек, яғни пайдаға асуы тиіс деген ойда. Осы орайда
технология пәні барысында оқушылардың басқа пәндерден алған білімдерін интеграциялау арқылы өмірлік
дағдыларын практикада қолдануларына мүмкін болады.«Технология» пәні мұғалімінің жалпытехникалық және
әдістемелік дайындық жүйесі технологиялық білім берудің барлық бағыттары бойынша жалпытехникалық
тақырыптар мен тарауларды оқытуға дайындықты қамтамасыз ететін кәсіби-әдістемелік дайындық жүйесі
арқылы ұсынылады.
Технология мұғалімінің жалпытехникалық және әдістемелік дайындық жүйесінде әдістемелік құзыреттерді
жобалау және өз бетінше жобалаудың өзар байланысты мәселелерін зерттеу қажеттілігі жаңа әлеуметтік-
педагогикалық жағдайлармен, сондай-ақ кәсіби білім беру жүйесін дамытудың ғылыми-педагогикалық
алғышарттарымен байланысты.
Адам іс-әркетінің жаңа идеалдарын бекіту, тұлғаны дамыту перспективаларын заманауи түсіну адам
әрекетінің жаңа үлгілері мен нормаларын қажет етеді. Осы мәселелерді шешуде оқушыларды қазіргі
әлеуметтік техникалық өндіріске дайындауды, олардың бойында әлемнің техникалық-технологиялық
бейнесін жасауға, түрлі оқу іс-әркеттері мен еңбек іс-әркетіне қатысу арқылы тұлғаның дамуына оңтайлы
жағдайлар жасауға арналған «Технология» білім беру саласына ерекше рөл беріледі.
Технологиялық білім беру мәселесі – бұл қазіргі білім беру саясатында негізгі мәселелердің бірі болып
келеді, өйткені ол жастарды жылдам өзгеретін және қарама-қайшы әлемде жоғары кәсіби еңбекке дайындауға,
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
178
жоғары адмгершілік талпыныстарға және іс-әркет мотивтеріне ие тұлғаны қалыптастыруға бағытталған
міндеттер кешенімен байланысты [4].
«Технология» білім беру саласына қатысты мұғалімнің әдістемелік дайындығы - оның өз бетінше оқу,
өзін-өзі жетілдіру призмасы арқылы жаңа көрінісі қоғамдағы демократиялық өзгерістермен, технологиялық
білім беру мазмұнының өзгеруінің әлеуметтік шарттылығымен, кәсіби білім берудің және жалпы білім беру
жүйесінің даму үрдістерімен байланысты.
Ізгілендіру көп жоспарлы Қазақстан қоғамының рухани өмірінің әлеуметтік-адамгершілік құбылысы
ретінде, нақты адам құндылығын тұлға, индивид және іс-әркет субъекті ретінде тану әдістемелік дайындық
жүйесіне гуманистік идеалдарды ендіру қажеттілігімен, оқу үдерісінде болашақ технология мұғалімінің
қабілеттерін ашу мен дамытуға, оның өзін-өзі жүзеге асыруға бағытталған шарттарын құрайтын тиісті
адамгершілік құндылықтардың іске асырылуымен байланысты.
Болашақ технология мұғалімдерін әдістемелік және кәсіби өсуді және іс-әркет баспалдағымен өрлеуді
қамтамасыз ететін өзінің әдістемелік іскерліктері мен тәжірибесін жүйелі жетілдіруге бағыттайтын үздіксіз
білім беру идеясы ізгіліктендірумен үйлескен бірлікте болады. ЖОО және ЖОО-дан кейінгі кезеңді қамтитын
әдістемелік өзін-өзі дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасының болмауы әдістемелік шеберлікті жетілдіруге
теріс әсер етеді.
Өзіндік маңызы жағынан ықпалдасқан әдістемелік дайындық пәнаралық және әлеуметтік
сипаттағыинтегративті әлеуетті пайдалану қажеттілігімен өзектендіріледі. Біртұтас талаптар негізінде жеке
ерекшеліктерге, кәсіби мүдделерге және болашақ технология мұғалімінің білім беру қажеттіліктеріне сәйкес
жеке қолтаңбаны қамтамасыз ететін әдістемелік іскерліктерді қалыптастыруда оқытушы мен студенттердің
іс-әрекетіндегі интеграциялық бірігуі ерекше маңызға ие.
Қазіргі білім беруді демократияландыру мен диверсификациялау, білім беру мекемелерінің жаңа түрлерінің
пайда болуы, сондай-ақ салалық, өңірлік, ұлттық ерекшеліктерге сәйкес мамандар дайындауға қойылатын
талаптардағы айырмашылықтар мұғалімге кез келген жалпы білім беретін мекемеде жұмыс істеуге, бір білім
мекемесінен келесі бір мекемеге кедергісіз өтуге мүмкіндік беретін базалық әдістемелік дайындық деңгейін
қамтамасыз етуді талап етеді. Икемді білім беру құрылымдары технология мұғалімінің кәсіби ұтқырлықты,
білім мазмұнын, оқыту нысандары мен әдістерін нақты жағдайларға бейімдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін кәсіби-әдістемелік дайындығының мазмұнын іске асыруға, білім беру үдерісін бақылаудың икемді
тетігін жасауға және жоғары оқыту сапасын қолдауға бағытталады.
Кәсіби-әдістемелік дайындық сапасына қойылатын жоғары талаптар оқыту мазмұнын студенттердің
зияяткерлік дамуын ынталандыратын, олардың ойын ғылыми таным әдістемесімен байытатын заманауи
ғылыми дүниетанымдармен толықтыруды; жүйелілік, серпінділік, жаплылық деңгейі сияқты сапалық
параметрлер негізгі рөл атқаратын білімдер жүйесін қалыптастыруды; мақсат қоюмен және оған қол жеткізу
әдістерін пысықтаумен байланысты ойлау ұстанымдерін, бағалау әрекеттеріне қабілеттілікті дамытуды
қарастырады. Бұл сәйкес ретте болашақ мұғалімдердің бойында талдау, болжау, жобалау, рефлексивтік
іскерліктердіқалыптастырудың әдістемелік дайындығы барысында өзектендіріледі.
Болашақ технология мұғалімін әдістемелік дайындау практикасы көрсеткендей, оның тиімділігі көп
жағынан студенттің өзінің әдістемелік білім және іскерліктерді игеруге деген ұмтылысына, өз дайындығының
болашағы мен басымдықтарын сезінуіне байланысты. Педагогика ғылымында орныққан кәсіби-әдістемелік
дайындықты қарастыру әдістерімен қатар, біз оны әдістемелік құзыреттерді жобалау мен өз бетінше
жобалаудың өзара байланысты қағидасы негізінде қарастыруды жөн деп санаймыз [5].
Оқыту әдістемесінің теориясына әдістемелік құзыреттерді жобалау мен өз бетінше жобалаудың өзара
байланысты қағидасыненгізу қоғам дамуының әлеуметтік-экономикалық факторларымен, студенттің оқу
үдерісіндегі ұстанымының өзгеруімен байланысты.
Әдістемелік құзыреттерді жобалау мен өз бетінше жобалаудың өзара байланысы қағидасына сәйкес,
технология мұғалімінің кәсіби-әдістемелік дайындығы, бір жағынан, жоғары оқу орнының білім беру
стратегиясының, келесі жағынан, болашақ мұғалімдердің әдістемелік өз бетінше білім алуына дайындығын
және оқыту әдістемесі негіздерін білуден әдістемелік шеберлікті қалыптастыруға көшуін қамтамасыз ететін
студенттің жеке ерекшеліктерінің, кәсіби қызығушылықтары мен ниеттерінің ықпалдастық бірлігі ретінде
құрылуы тиіс.
Әдістемелік дайындық маңызын түсінудің мұндай әдісі, оның құрылымында қос компоненттің: бір-бірімен
кездесуге бағытталған және жобалық негізде іске асырылатын жобалау мен өз бетінше жобалаудың бөлінуі
технология мұғалімінің әдістемелік дайындығын ЖОО білім беру жобалары мен әдістемелік құзыреттерді
меңгеруді қамтамасыз ететін студенттің кәсіби талпынысының интеграциясының бірлігі ретінде анықтауға
№ 3 (112) 2016
179
мүмкіндік береді. В.С. Безрукова өз бетінше жобалауды болашақ маман талпынатын образ жасау үдерісі
ретінде түсінеді, арман, өзіндік міндеттеме, өзіне уәде беру, жеке өсу бағдарламасы түрінде оған қол жеткізу
жоспарын жасау үдерісі ретінде түсінеді [6].
Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тануын педагогтың өз іс-әркетінің түрлі жақтарын тиісті қабылдау мен түсінуге
ықпал ететін рефлексивтік гностикалық міндеттерінің белгілі бір жиынтығын шешу үдерісі ретінде қарастыру
қабылданған. Жоғарыда аталғандарға негізделе отырып, В.М. Монахов, А.И. Нижников және т.б. мұғалімнің
қалыптасу траекториясы мен авторлық әдістемелік жүйесін жобалау туралы идеяларын назарға алу арқылы
зерттеуде әдістемелік құзыреттерді өз бетінше жобалау деп, біз өз іс-әркетін өз бетінше талдауға, рефлексияға
және тиісті бағалуға негізделген және тұлғаның кәсіби ниеттері мен кәсіби маңызды ерекшеліктерін ескеретін
мұғалімнің әдістемелік өз бетінше даму траекториясын әзірлеуді түсінеміз [7].
Аса маңызды құзыреттер қатарында әлеуметтік, коммуникативтік, арнайы, ақпараттық, когнитивтік
құзыреттер атап өтіледі [8].
Технология пәні - бұл шеберліктің бастауы - ізденіс. Шеберлік - бұл жеке іскерлікті дамыту. Бұл күндері
оқушыларды белгілі бір кәсіпке баулитын, кәсіпкерлікке даярлайтын аса қажетті оқу пәні –технология. Адам
өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз оқытатын білім беретін пән бұрынғыша (1999 жылға дейін)
“Еңбекке баулу”, бүгінгі “Техонология” оқу пәні сонау аналық дәуірден басталып оқытылып келеді.
«Технология» пәні сабақтардың өз жиынтығында, әрбір бағдарламалық тақырыпта бірқатар дидактикалық
міндеттерді орындайтынын көрсетілген; алдағы жұмыстан қызығушылық пен дайындықты ояту, оқушыларды
тың білім және шеберлікпен байыту, қайталау және жаттығу жолымен алған білім мен шеберлікті тиянақтау,
оқу жұмысының сапасын есепке алу мен бағалау және оқушылардың үйден өз бетінше білім алу, сондай-ақ
шығармашылық еңбек іс-әркетін ұйымдастыру.
Технология пәні мұғалімін әдістемелік тұрғда даярлау терең әдіснaмaлық және теориялық тұрғыдa дaярлaу
қaй кезде де күн тәртібінде. Біз зерттеу бaрысындa кәсіби-педaгогикaлық құзыреттілікті қaлыптaстырудың
ғылыми-педaгогикaлық негіздерін ғaлымдaрдың бірнеше бaғыттa зерттегені бaйқaлды.
Н.В. Кузьминаның пікірінше [9], кәсіби-педагогикалық құзыреттілік психологияны білу мен
қабылдаудан, ұсынылған ақпаратты түсінуден, меңгеруден көрініс тауып, келесі белгілер арқылы ұсынылуы
мүмкін:оқушылардыңпәнді және оны қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін білуі, түсінуі, меңгеруі,
жалпылауы, іс жүзінде қолданыуы; оқушылардың алдағы оқу-танымдық іс-әркетке мотивациялану әдістерін
білуі; оқу топтарының әлеуметтік-психологиялық еректешіклетін білуі, топтар мен ұжымдарды зерттеу
әдістерін меңгеруі;оқушылардың дифференциялық-психологиялық ерекшеліктерін білуі, нақты оқушы
туралы осы білімдерді жинақтаудың ғылыми ұстанымдерын меңгеруі; өзінің күшті жақтарына сүйене
отырып, өзінің авторлық іс-әркет жүйесін жобалау үшін, жеке іс-әркеті мен тұлғаның артықшылықтары мен
кемшіліктерін білуі.
Зерттеу көрсеткендей, кәсіби-әдістемелік дайындықтың мазмұнын үш құрылымдық элементтің
ықпалдасқан бірлігі ретінде қарастырған жөн: жалпы әдістемелік құзыреттер, арнайы әдістемелік құзыреттер,
сондай-ақ оларды іске асыру деңгейлері.
Жалпы әдістемелік құзыреттіліктер әдістемелік іс-әркеттің мәдениетін көрсетеді және келесілерге
бөлінеді:
• мотивациялық,когнитивтік, ақпараттық, коммуникативтік,әлеуметтік.
• Арнайы әдістемелік құзыреттер оқыту пәні (бұл жағдайда жалпы техникалық дайындық) мен оқыту
әдістемесін білуден құралады. Оларға келесілер жатады:мақсатты, мазмұндық, жобалаушы, рефлексивтік,
мониторингілік. Зерттеуде технология мұғалімінің әдістемелік құзыреттері қалыптасуының төрт деңгейі
анықталған: ұғымдық-мағыналық, практикалық-іс-әркеттік, дүниетанымдық, тұжырымдамалық.
Әдістемелік дайындықты іске асыру деңгейлері оны жобалау мен өз бетінше жобалаудың интеграцияланған
өзара әрекеттестігінің деңгейлеріне сәйкес келеді, соған сәйкес ұғымдық-мағыналық, практикалық-іс-
әркеттік, дүниетанымдық және тұжырымдамалық деңгейлерге бөлінеді.
Технология мұғалімінің әдістемелік құзыреттері құрылымының гафикалық моделін қарастыру 40
қарапайым ұяшықты көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік береді, олардың әрқайсысы педагогтың кәсіби-
әдістемелік білім, іскерлік және тұлғалық қасиеттеріның интеграциялық бірлігін қарастырады (1-кесте).
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы
180
1-кесте – Технология мұғалімінің әдістемелік құзыреттерін қалыптастыру моделі.
Әдістемелік даярлық
деңгейлері
Арнайы әдістемелік
құзыреттілік
Жалпы әдістемелік
құзыреттілік
Тұжырымдамалық
мақс
аттылық
маз
мұндық
ж
оба
ла
ушы
ре
флек
сив
ті
монит
орингті
мо
тив
ациялық
когнитив
тік
ақпара
ттық
ко
ммуник
атив
тік
әле
уметтік
Дүниетанымдық
Практикалық-әс-әрекеттік
Ұғымдық мәні
Мұғалім тұлғасын кәсіби қалыптастыру барысында интешрациялау әдісі мәселелерінің ғылыми
әзірлемелеріне теориялық талдау (С.Я. Батышев, А.П. Беляева, Ю.С. Тюнников және т.б.) әдістемелік
дайындықты жобалау мен өз бетінше жобалау үдерістерін интеграциялауды іске асыру технологиясы оған
қол жеткізудегі белгілі бір реттілікті білдіретінін анықтауға мүмкіндік берді. Интеграциялау тетіктеріне біз
мыналарды жатқызамыз: алуан түрліден жалпыны қарастыру, интеграциялау негізін анықтау, интеграторды
анықтау, жалпыны акценттеу, интеграциялық сапаны жинақтау.
Әдістемелік дайындық жүйесінде жобалау мен өз бетінше жобалаудың өзара байланысты интеграциялау
үдерістерін басқару тиімділігін қамтамасыз етуге әдістемелік дайындық пен өз бетінше дайындық
арасындағы тәуелділікті айқындауға және аталған өзара байланыстың болжамды моделін нақтылауға
арналған құрылымдық элементтердің типологиялауға ықпал етеді.
Зерттеу барысында біз жобалау мен өз бетінше жобалаудың өзара байланысы негізінде құрылған
технология мұғалімінің кәсіби-әдістемелік дайындық тұжырымдамасын әзірледік, оның негізгі идеясы
болашақ технология мұғалімдерінің үздіксіз әдістемелік өзін-өзі жетілдіруге дайындығын қалыптастыру
болып табылады.
Әдебиеттер
1 Большой толковый словарь современного украинского языка (с доп. и допол.) /Сост. и глав.ред. В.Т. Бусел. - М.:
Ирпень: ВТФ «Перун», 2005. - 1728 с.
2 Бейсенова Г.А. Образование в контексте социально-философских проблем. – Алматы: «Қазақ университеті», 1999.
-56 с.
3 Меңлібекова Г.Ж. Социальная компетентность, сущность, структура, содержание // Высшая школа Казахстана.
-2001.-№4-5. – С.153-159.
4 Сейтешев А.П. Актуальные проблемы образования и педагогической науки в начале 21 века в условиях Казахстана
и пути их решения // Научный отчет КАО им.И.Алтынсарина. – Алматы: Ғылым, 1998. – 368 с.
5 Бейсембаева А.А. Гуманитаризация образования старшеклассников на основе межпредметных связей: автореф. …
длкт.пед.наук.– Алматы.– 1996.-47с.
6 Безрукова В. С. Педагогика. Проективная педагогика. Учебное пособие для инженерно-педагогических институтов
и индустриально-педагогических техникумов, Екатеринбург: Деловая книга, 1996. - 344 с.
7 Методическая система изучения курса математического анализа (для педагогических университетов). Ч. 1 и Ч.2. /
А.И. Нижников, В.М. Монахов, Т.К. Смыковская – М.: РИЦ «Альфа» МГОПУ, 1999.
8 Зеер, Э. Ф. Ключевые квалификации и компетенции в личностно-ориентированном профессиональном образовании
Текст. / Э. Ф. Зеер // Образование и наука. 2000. -№3. - С. 90-102.
9 Кузьмина Н.В., Реан А.Л. Профессионализм педагогической деятельности. -СПб., 1993. -323 с.
References
1 Bolshoy tolkovyy slovar sovremennogo ukrainskogo yazyka (s dop. i dopol.) /Sost. i glav.red. V.T. Busel. - M.: Irpen: VTF
«Perun», 2005. - 1728 s.
2 Beysenova G.A. Obrazovanie v kontekste socialno – filosofskix problem. -Almaty: «Qazaq universiteti», 1999. -56 s.
3 Meñlibekova G.J. Socialnaya kompetentnost, sushchnost, struktura, soderjanie // Vysshaya shkola Kazaxstana. -2001.-№4-
5. –S.153-159.
4 Seyteshev A.P. Aktualnye problemy obrazovaniya i pedagogicheskoy nauki v nachale 21 veka v usloviyax Kazaxstana i puti
ix resheniya // Nauchnyy otchet KAO im.I.Altynsarina. – Almaty: Gylym, 1998. – 368 s.
5 Beysembaeva A.A. Gumanitarizaciya obrazovaniya starsheklassnikov na osnove mejpredmetnyx svyazey: avtoref. … dlkt.
ped.nauk.– Almaty.– 1996.-47s.
6 Bezrukova V. S. Pedagogika. Proektivnaya pedagogika. Uchebnoe posobie dlya injenerno-pedagogicheskix institutov i
industrialno-pedagogicheskix texnikumov, Ekaterinburg: Delovaya kniga, 1996. - 344 s.
№ 3 (112) 2016
181
7 Metodicheskaya sistema izucheniya kursa matematicheskogo analiza (dlya pedagogicheskix universitetov). CH. 1 i CH.2. /
A.I. Nijnikov, V.M. Monaxov, T.K. Smykovskaya – M.: RIC «Alfa» MGOPU, 1999.
8 Zeer, É. F. Klyuchevye kvalifikacii i kompetencii v lichnostno-orientirovannom professionalnom obrazovanii Tekst. / É. F.
Zeer // Obrazovanie i nauka. 2000. -№3. - S. 90-102.
9 Kuzmina N.V., Rean A.L. Professionalizm pedagogicheskoy deyatelnosti. -SPb., 1993. -323 s.
В статье рассматривается возможности формирования методической компетенций будущих учителей предмета
«Технология»
Ключевые слова: будущие учителя предмета «Технология», методические компетенций, возможности
формирования.
The article discusses the possibility of formation of methodical competence of future teachers of «Technology» subject.
Достарыңызбен бөлісу: |