Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет31/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   102

Литература

1 Володина М.Н. Язык средств массовой информации (учебное пособие для ВУЗов). – М.: Академический проспект, 

2008. – 479 c.

2 Kocтомаров B.Г. Pyccкий язык на газетной полосе. – M., 1971. – 551 c.

3 Виноградов В.С. Введение в переводоведение. – M., 2001. – 36 c.

4 Кузнец М.Д., Скребнев Ю.М. Стилистика английского языка. – Л., 1960.

5 Наер В.Л. О соотношении традиционного и оригинального в языке английской газеты // Лингвистика и методика в 

высшей школе. – M., 1967.

6 Coлганик Г.П. Язык и стиль прередовой статьи. – M., 1973.

7 Чаковская  M.C. Teкcт как сообщение и воздействие. – М., 1986.

8 Язык и стиль средств массовой информации и пропоганды. – М., 1986.

References

1 Volodina M.N. Jazyk sredstv massovoj informacii (uchebnoe posobie dlja VUZov). – M.: Akademicheskij prospekt, 2008. 

– 479 c.

2 Koctomarov B.G. Pycckij jazyk na gazetnoj polose. – M., 1971. – 551 c.

3 Vinogradov V.S. Vvedenie v perevodovedenie. – M., 2001. – 36 c.

4 Kuznec M.D., Skrebnev Ju.M. Stilistika anglijskogo jazyka. – L., 1960.

5 Naer V.L. O sootnoshenii tradicionnogo i original’nogo v jazyke anglijskoj gazety // Lingvistika i metodika v vysshej shkole. 

– M., 1967.

6 Colganik G.P. Jazyk i stil’ preredovoj stat’i. – M., 1973.

7 Chakovskaja  M.C. Tekct kak soobshhenie i vozdejstvie. – M., 1986.

8 Jazyk i stil’ sredstv massovoj informacii i propogandy. – M., 1986.

 

Ағылшын тіліндегі газет мақалаларының лингвистикалық ерекшеліктері.



Қазіргі уақытта газет мақалалары қоғамда маңызды рөл атқарады. Тілдік құралдардың жеткілікті меңгерілмегендігі 

газет оқырмандарына әсер етуде. Бұл мақала газет тақырыптарының газет стилі жүйесіндегі орнын анықтайды. 

Сондай-ақ, газет тілінің лингвистикалық ерекшеліктерін зерттеуге арналған.

Лингвистические особенности газетного текста в английском языке.

В настоящее время газетные статьи занимают важное место в жизни общества. Недостатки изучение лингви-

стических средств оказывают влияние на понимание смысла публикаций. Данная статья посвящена определению роли 

газетных заголовков в системе газеты, а также рассматривает лингвистические  особенности газетного текста. 

Accepted for publication 10.03.2016.



№ 3 (112) 2016

169


ӘОЖ 371.32:37.016:54

М.Н. ЖАНАКОВ, Н.А. АХАТАЕВ, К. СӘДУАҚАСҚЫЗЫ

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қаласы

ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ  САРАЛАП-ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ

Мектеп алдына қойылған міндеттерді орындау үшін, оқытудың жаңа әдістері ойластырылуы, жетілдірілуі және 

оқытудың сапасын арттыру құралдарына үлкен мән берілуі қажет. 

Түйін сөздер: деңгейлеп-саралап оқыту, ақуыз.

Химияны оқыту үдерісінің маңызды бір бөлігі  - оқушылардың танымдық деңгейін белсендіру, олардың 

назарын,  ойлау  қабілетін,  сөз  сапасын,  сонымен  бірге  осы  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру  болып 

табылады.  Біздің айналамызда болып жатқан құбылыстар мен өзгерістер жайлы оқушыларда салыстырмалы 

– жәй түсініктер мен ғылыми болжамдарды қалыптастыру бағытында  ұйымдастырылған оқыту формалары, 

әдіс-тәсілдердің дұрыс үйлесім табуы, оқушыларға өмірдің негізгі заңдылықтары мен органикалық әлемнің 

дамуы жайлы  жаңа түсініктер, болжамдар мен қорытындыларға негіз болатын  негізгі химиялық білімнің 

жүйеленген қорын жинауға мүмкіндік береді .  

Қазіргі  кезде  химияны  оқытудың  болашағы  зор,  әрі  сапалы  педагогикалық  технологиялардың  бірі  – 

оқушыларды саралап оқыту. Саралап оқыту оқушылардың жеке бас қасиеттеріне негізделеді.   

Педагогика  ғылымының    докторы  Ж.Қараевтың    деңгейлеп-саралап  оқыту  жүйесі    туралы  іліміне 

сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік  тапсырмалар дайындауға болады.  Профессор  Ж.Караевтың  деңгейлеп-

саралап  оқыту  технологиясы  жаңаша  өзгерген  мақсатпен  білім алушылардың  өздігінен  танып, іздену  

іс-әрекеттерін  меңгертуді  талап етеді. Берілген мақала деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын негізге ала 

отырып, ақуыздар тақырыбына бағдарлама дайындау үлгісін көрсетеді.

Сабақтың тақырыбы:  Ақуыздар

Сабақтың мақсаты:

- Ақуыздар  мысалында табиғи полимерлер жайлы білімді тереңдету және нығайту;

- оқушыларды ақуыздар қасиетімен таныстыру;

- оқушылардың ақуыз мысалында гидролиздену жайлы білімін кеңейту, денатурация және оны тудыратын 

жағдайлар жайлы түсінік қалыптастыру;

- ақуыздарға түсті реакция жүргізуді үйрету;

- ақуыздардың құрылымы, құрылысы және қасиеті арасындағы себеп – салдарлы тәуелділікті анықтау;

-  өзіндік  білім  алу  дағдысын  дамытуды  жалғастыру,  лекцияны  тыңдау  біліктілігін  арттыру,  маңызды 

ақпарат көздерімен жұмыс жасауын болдыру:

- пәнаралық байланысты дамыту (биология);

- жаңаны тануға деген қызығушылығын арттыру.

Сабаққа қажетті құралдар:

Оқушыларға  берілетін  материалдар,  тексеру  жұмыстарына  арналған  тапсырмалар,  жаңа  материалдың 

мәтіндік  жинағы,  зертханалық  жұмысқа  қажетті  бағдар,  сабақтың  бағдары,  өзіндік  жұмысқа  арналған 

тапсырмалар, оқытушыға  және оқушыға арналған материалдар: «Ақуыз құрылымы», «Аминқышқылдарының 

формулалары». 

Зертханалық жұмысқа және демонстрациялық тәжірибелерге қажетті құралдар. 

Биурет реакциясына қажетті реактивтер: 

• КОН немесе NaOH 20% - дық ерітінділері

• CuSO4  3-5% ерітіндісі.

Ксантопротеин реакциясына керекті ерітінді – HNO

3

 (1:1)



Цистеин реакциясына 

• КОН немесе NaOH 20% - дық ерітінділері; 

• Pb(CH

3

COO)



2

  3-5% ерітіндісі.

• Тауық жұмыртқасының ақуыз ерітіндісі, сүт, бидай ұны.

ақуызды спиртпен денатурациялауға – этил спирті

ақуызды  ауыр  металл  тұздарымен  тұндыруға  -  CuSO

4

    қаныққан  ерітіндісі,  Pb(CH



3

COO)


2

  20%  -  ық 

ерітіндісі.

Пробиркалар, сіріңкелер, пробирка ұстағыштар, спирт шамдары. 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

170


Сабақтың жүрісі

І саты – ұжымдық

Сабақта жұмыс жасауға қажетті жағдайды ұйымдастыру, оқушыларды қарым-қатынасқа және жүргізілетін 

сабаққа психологиялық тұрғыда дайындау. 

Сатылардың мазмұны:

• таныстыру;

• сабаққа қатысушыларды анықтау;

сабаққа дайындықты тексеру;

• оқушылардың назарын аудару.

Сабаққа кіріспе

Жерде  4  млрд.  жыл  бұрын  кішкентай  бейорганикалық  молекулалардан  ақуыздар  құралды,  олар  тірі 

организмдердің  құраушы  негіздері  болып  саналады.  Барлық  тірі  организмдердің  шексіз  түрленуі  ақуыз 

молекуласына тәуелді және әлемде өмірдің басқа формасы әлі белгісіз. 

Ақуыздар – барлық организмнің өмірлік үдерістерін қамтамасыз ететін табиғи органикалық қосылыстар. 

Ақуыздармен көз жанары, тасбақа тасы және саңырауқұлақтардың улы заттары құралады.Ақуыздар көмегімен 

бізасты қорытамыз және аурулармен күресеміз. Ерекше ақуыздар арқылы жарқылдауыштартүнде, ал мұхит 

астындағы медузалар құпия жарықпен жарқырайды. 

Тірі  организмдердің  ұяшықтарында  ақуыз  молекулалары  басқаларға  қарағанда  (судан  басқа)  өте  көп 

болады. Ғалымдар көптеген организмде ақуыздар құрғақ массаның жартысынан көбін құрайтынын анықтаған. 

Ақуыздардың  түрленуі  өте  жоғары  –  Escherichia  coli  бактериясы  сияқты  өте  кішкентай  организмнің  бір 

ұяшығында 3 мыңдай әр түрлі ақуыздар кездеседі. 

Ақуызды алғаш рет (клейковина түрінде) 1728 жылы италиялық ғалым Якопо Бартоломео Беккари бидай 

ұнынан алған болатын. Осы оқиғаны ақуыз химиясының дүниге келуі деп те есептеуге болады. Сол кезден 

бері, үш жүзжылдыққа жуық уақытта, табиғи көздерден әр түрлі мыңдаған ақуыздар алындыжәне олардың 

құрылымы  мен  қасиеттері  зерттелді.  Өткен  сабақта  сендер,  ақуыздардың  құрылымы  және  құрылысымен 

танысқан  болатынсыңдар,  сондықтан  біздің  жұмысымыздың  келесі  сатысы  осы  тақырып  бойынша  алған 

білімдеріңді тексеруге мүмкіндік береді.

ІІ саты – білімді тексеру.

Білім алушыларды ақуыз құрылымы мен құрылысы жайлы (біріншілік, екіншілік, үшіншілік) білімін жан 

– жақты тексеруге арналған, оқушылардың тақырыпты толық білмеуінің себебін анықтайды. 

Ақуыз құрылысы және құрылымы тақырыбы бойынша, оқушылардың білімін жүйелендіру, нығайту және 

бекіту. 


Оқушылардың аналитикалық біліктілігін дамытуды жалғастыру:

Ұжымдық әрекетін және досының жетістігі мен сәтсіздігіне көңіл аударуын тәрбиелеу.

Сұхбат формасы – білімнің бағдарланған бақылауы. 

Сатылардың мазмұны:

• оқушылардың ақуыз құрылысы мен құрылымы жайлы білімін тексеру;

• жалпы оқыту дағдысын қалыптастыру мен жүйелендіруді тексеру;

• оқушылардың берген жауаптарын бағалау (өзара бағалау).

Сендердің алдарыңда бақылау жұмысының сұрақтары тұр (арнайы дайындалған сұрақтар қойылуы тиіс!). 

Осы  жұмыстарды  орындаңдар  және  тақтадағы  жауаптарға  сүйене  отырып,  өзара  бағалауды  жүргізіңдер. 

Бағалауға  қажетті  критерийлері  сендерде  бар.  Жұмысқа  қажетті  уақыт  картада  көрсетілген.  Жұмысқа 

қойылған бағаны өздеріңнің жолкөрсеткіштеріңе енгізіңдер (Жолкөрсеткіштер дайындалады). 

Жұмысты бастайық! 

Жұмыс жасалынды (оқушылармен қойылған бағалар мұғалімнің сабақ картасына қойылады).

ІІІ саты – оқушыларды жаңа материалды белсенді және танымды игеруін қамтамасыз ету.

Оқушылардың танымдық әрекеттерін ұйымдастыру және бағыттау, оларды жаңа материалды меңгеруге 

дайындау, оқушыларға мақсатты өзіндік қалыптастыруды үйрету. 

Сатылардың мазмұны 

• оқушылардың назарын сабақ тақырыбына аудару;

• оқушылармен бірге жаңа материалды оқытудың мақсаты мен тапсырмаларын дайындау;

• жаңа материалдың практикалық маңыздылығын көрсету;

• оқу проблемасын анықтау.

Балалар, сендер бүгінгі сабақтың ұраны ретінде алынған, Нобель сыйлығының иегері, керемет ғалымның 

сөзіне назар аударыңдар.


№ 3 (112) 2016

171


Лайнус  Полинг:  «Заттың  қасиетін  білу  үшін,  оның  электрондық  құрылымын  білу  жеткілікті»  деген 

болатын (тақтаға жазылады).

Бұл сөздерімен ол, зат қасиеті оның құрылымымен тікелей байланысты екенін тағы бір дәлелдеді. 

Ал, енді бүгінгі сабақта немен айналысамыз? (ақуыз қасиетін зерттеумен). Бұл үшін сендердің алдарыңа 

келесі  заттар  қойылған.  Зертханалық  жұмысқа  арналған  реактивтер  жинағы,  олардың  нұсқаулығы,  жаңа 

материалдың мәтіні, сонымен бірге сабақтың жолкөрсеткіші. 

Енді тек сабақтың тақырыбын жазу қалды, қанекей жолдарың болсын! Оны қалай құрастырар едіңдер?

Сонымен: ақуыздардың қасиеттері, ағзада ақуыздардың асқа айналуы (тақырып тақтада және оқушылардың 

дәптерінде жазылуы тиіс). 

IV саты – жаңа материалды оқу. 

Ақуыздарды мысалға ала отырып, оқушылардың гидролиз туралы түсінігін кеңейту, денатурация және 

оған қажетті жағдайлар жайлы түсінік қалыптастыру, ақуыз құрылысы, құрылымы және қасиеті арасындағы 

себеп-салдарлы  байланысты  анықтау;  ақуыздарға  сапалық  реакция  жасауды  үйрету,  осы  реакциялардың 

маңызын  анықтау,  химиялық  заттармен  жұмыс  жасаудың  практикалық  дағдысын,  сонымен  бірге  жалпы 

пәндік дағдыларды  қалыптастыру.  

Сатының мазмұны:

• оқушылардың назарын аудару;

• жаңа материалды игеру үдерісін ұйымдастыру;

• жаңа материалды өзіндік меңгеру дағдысын үйрету. 

Әдістер – эвристикалық сұхбаттасу, мәтінмен жұмыс жасау. 

Ақуыздың құрамы мен құрылысын оқып білумен, сендер ақуыздың органикалық әлемде ең қарапайым 

молекула (құрылысы жағынан) емес екендігін түсіндіңдер. Ал, егер олай болса, мұндай молекуланың қасиеті 

мен функциясы, оның құрылысына сәйкес болмай ма? 

Сендердің алдарыңда демонстарциялық үстелде үш ақуыз өнімі бар – сүт, тауық жұмыртқасының ақуызы, 

бидай ұны (қара қағазда). 

Осы өнімдердің ақуыздары қандай физикалық қасиетке ие екенін болжап көріңдер?  

Оқушылардың берген жауаптарын тыңдап алу керек, толықтыру, егер қажет болса дұрыстау керек.  

А) Ақуыздардың физикалық қасиеттері 

Ақуыздардың  қасиеттері,  олардың  атқаратын  функциялары  сияқты  әр  түрлі.  Кейбір  ақуыздар  суда 

коллоидты ерітінділер түзе отырып ериді; ал кейбіреулері тұздардың ерітінділерінде ериді; басқалары мүлдем 

ерімейді.

Б)  Ақуыздардың  химиялық  қасиеттері.  Олар  немен  анықталады?  (негізінен  ақуыз  құрамындағы 

аминқышқылдармен) 

Ұжымдық шығармашылық жұмыс 

Сендердің алдарыңа ақуыздың жібі (әр түрлі түске ие үлкентізбек – аминқышқылдар) қойылған. Тапсырма: 

осы жіпті қолдана отырып, келесідей құрамға ие жаңа ақуызды алу:  



1 топ: три – гли – сер – мет – глн – ала – фен

2 топ: арг – тир – асп – гли – мет – три – ала

тапсырманы тақтаға жазу немесе басып шығару 



3 топ: гли – сер – три – мет – ала – фен – асп

Дайын ба? Мұны қалай жасадыңдар? (дұрыс, ескі ақуызды аминқышқылдарға бөлу керек және олардан 

жаңа ақуызды құрастыру қажет) 

Сендердің әрекеттерің ақуыздың қандай қасиетіне негізделген? (ақуыз гидролизіне).

Бұл  реакция  сендер  ойлағандай  қарапайым  жүрмейді.  Бұл  белгілі  жағдайларды  қажет  ететін  күрделі, 

көпсатылы  үдеріс.  Бұл  қандай  үдеріс,  және  оның  жүруі  үшін  қандай  жағдайлар  қажет?  (гидролиз  –  бұл 

заттардың  сумен  әрекеттесуі  және  осы  үдерісті  жылдамдату  үшін  әр  түрлі  заттар  қолданылады:  сілтілер, 

қышқылдар, ферменттер және т.б.).

Сонымен, сендер ақуыздардың ең кең тараған қасиетімен – гидролизбен таныстыңдар. Бірақ табиғатта 

немесе химия зертханасында бұл үдеріс анағұрлым қиын өтеді, ол қосалқы заттар бөле отырып жүреді. 

Ақуыздардың  химиялық  қасиетін  берілген  мәтіннен  оқуды  жалғастырыңдар  және  менің  сұрақтарыма 

жауап беруге дайындалыңдар. 

Сабақтың келесі сатысы – жаңа материалдың конспектісімен жұмыс жасау (алдын-ала таратылады). 

Олар сендердің үстелдеріңде бар. Конспектіні жақсылап оқып шығыңдар. Барлық сызбаларды дұрыстап 

қараңдар.  Сәйкес  жазбалар  жасаңдар  және  жолкөрсеткіште  өздеріңді  бағалаңдар  (яғни,  егер  сендер  жаңа 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

172


материалды жаксы түсінсеңдер және оны қайталай алсаңдар, онда өздеріңе «5» деген баға қойсаңдар болады, 

егер материал түсінікті болса, бірақ оны қайталауда қиындықтар туса, онда сендердің бағаларың «4», ал егер 

жаңа материалдан бірдеңе түсініксіз болса, онда «3» деген баға қойыңдар).    

Конспектпен жұмыс жасау уақыты – 15 минут. 

Жұмыс жасалып болған соң, бағаларды дауыстап айтуға болады. 

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары (тақтада жазылған): 

Неліктен ақуыздарды табиғи полимерлер деп атайды? 

Ақуыз гидролизі дегеніміз не және оның жүрісімен қандай заттар түзіледі?  

• Ақуыз денатурациясы дегеніміз не және ол қандай жағдайларда жүруі мүмкін? 

• Тағамдық өнімдерде ақуыздардың бар екендігін қалай дәлелдеуге болады? 

• Неліктен ақуыздар екідайлы қасиет көрсетеді? 

• Адам ағзасында ақуыздарға не болады? 

Ал енді, бізге тек оқыған материалдардың қорытындысын шығару ғана қалды. 

Жоспарлы жауап: 

Ақуыздар  –  адамның  ас  рационының  маңызды  құрам  бөлігі,  біздің  организм  ақуыздарсыз  өмір  сүре 

алмайды.   

Ақуыздар күрделі құрылымға және күрделі қасиетке ие. Ақуыздардың кейбір қасиетттерін білу пайдалы, 

олар кейбір жағдайларда адамның денсаулығын, тіпті өмірін сақтап қалуға көмектеседі. 

Сонымен, ақуыз қасиеттерін оқуды жалғастырамыз. Енді ақуыз қасиеттерімен тәжірибе жүзінде танысу 

уақыты жетті. 

V саты – жаңа білімді бекіту, нығайту.

Оқушылардың ойында ақуыздардың физикалық және химиялық қасиеті жайлы білімі мен білігін нығайту, 

зертханалық және өзіндік жұмыс жасау кезінде оқылған материалды игеру, оны түсіну деңгейін жоғарылату, 

басқа заттар арасынан ақуыздарды анықтау дағдысын (сапалық реакция арқылы) қалыптастыру.  

Сатының мазмұны: 

• зертханалық жұмыс кезінде жаңа білім мен біліктілікті бекіту

• оқушылармен жаңа білімнің маңыздылығын түсінуін тексеру;

• жаңа оқылған материалды бақылау жұмысы кезінде нығайту;

Сендерді зертханалық жұмыс күтуде! 

Зертханалық жұмыстың жасалу әдістемесін жақсылап оқып шығыңдар. Егер де жұмысты жасау кезінде 

қиындықтар туса, мұғалімге айтыңдар. Жұмыс жасау қауіпсіздік ережесін ұмытпаңдар, себебі сендер бүгін 

шыны ыдыстармен, спирт шамымен, күшті қышқылдар және сілтілермен жұмыс жасайсыңдар. 

Бұл жұмыста, заттар әлсіз қыздыруға түсетініне назар аударыңдар. 

Жұмыс жасалып болған соң, өз жұмыстарыңды (жол көрсеткіште)  бағалаңдар және сендерге парталас 

көршілерің де баға қойсын. 

Біздің сабағымыз соңына жақындады. Оқылған материалды қалай түсінгендеріңді тексеріп көрелік. 

Сендердің алдарыңда өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар. 

Жаңа материалды тексеруге арналған өзіндік жұмыс берілуі керек. 

Өзіндік жұмыс аяқталғаннан кейін өздеріңді бағалаңдар және жолкөрсеткіш парағына баға қойыңдар. 

Баға талаптары мен жұмыс уақыты сендердің тапсырма парақтарыңда көрсетілген. 

VI саты – оқушыларға берілген үй тапсырмасына арналған ақпарат, оны орындаудың нұсқаулығы. 

Оқушыларға үй тапсырмасы жайлы айту, оны орындау әдістемесін түсіндіру, оның орындалу қажеттілігін 

жеткізу, сабақтың қорытындысын шығару. 

Саты мазмұны: 

•  сабақтың  қорытындысын  жүргізу:  сынып  қалай  жұмыс  жасады,  оқушылардың  арасында  кім  ерекше 

талаптанды, оқушылар қандай жаңа түсініктермен танысты;

• үй тапсырмасын орындау нұсқаулығы. 

Саралап-деңгейлеп  оқыту  технологиясын  химияны  оқыту  үдерісінде  пайдаланылу  мүмкіндіктерін 

талдау оның жағымды аспектілерімен қатар теріс аспектілерінің  де  бар екендігі жайлы қорытынды жасауға 

мүмкіндік береді [3]. Біздің іс-тәжірибеміз саралап оқытуды кеңінен пайдалану  химияны  оқыту үдерісінің 

сапасы мен нәтижелілігін жоғарылататындығын көрсетті:

• Үй жұмыстарына әртүрлі деңгейлі тапсырмаларды пайдалану, тексеру жұмыстары мен  білімді есепке 

алуға формасы мен мазмұны жағынан алуантүрлі кестелер, графикалар мен диаграммаларды пайдалану;

•  Табиғат  құбылыстарын  түсіндіру  үшін  білімдерін  қолдануға  басымдық  бере  отырып  әртүрлі  әрекет 

түрлерін тексеруге тапсырмаларды пайдалану;


№ 3 (112) 2016

173


• Әртүрлі пәндерді оқу кезінде жаратылыстану ғылымдарының интеграциясының күшеюі;

•  Репродуктивтік  әрекетті  азайту  есебінен    оқушының    зияткерлік  дамуын  күшейту  бағытындағы  оқу 

әрекеттерін кеңінен пайдалану.

Әдебиеттер

1 К.Сәдуақасқызы. Химияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік кешен. – Астана: «Астана»,БҮ, 2009.

2 Караев Ж. Ноу-Хау - технология разноуровневого обучения // Учитель Казахстана. 13-14 (апр.). - Алматы,1999. - 

(Новые технологии)

3 Қараев Ж.А., Жадрина М.Ж. Теоретические основы развития школьного образования в Казахстане. Алматы: РИК, 

1999.


References

1 K.Saduakaskyzy. Himiany okytu adistemesi. Oku-adistemelik kewen. – Astana: «Astana»,BU, 2009.

2 Karaev J. Nou-Hau – tehnologia raznourovnego obuwenia // Uwitel` Qazahstana. 13-14 (apr.). – Almaty,1999. – (Novye 

tehnologii)

3 Karaev J.A., Jadrina M.J. Teoretiweskie osnovy razvitia wkol`nogo obrazovania v Qazahstane. Almaty: RIK, 1999.

Использование технологий уровневого-дифференцированного подхода в процессе обучения химий.

Для создания разно уровневой программы необходимо выбрать крупную тему или раздел, разбить на теоретическую 

и практическую части, в зависимости от их объема распределить часы и изучать раздельно. Это позволит проходить 

первую,  теоретическую  часть  темы  (раздела)  быстро,  компактно  и  создавать  целостное  представление  о  теме 

(разделе). Практические задания при этом выполняются на базисном уровне, что позволяет лучше  освоить основные 

понятия, общие законы.

Ключевые слова: дифференцированно-уровневое обучение, белок.

Use of technology level differentiated approach to the learning process chemistries.

To create a different tier program must choose a major theme or topic, divided into theoretical and practical parts, depending 

on their volume distribute watch and study separately. This will take place first, theoretical part of the topic (section) fast, compact 

and create a holistic view of the topic (section). Practical tasks are carried out on a basic level, which allows a better master the 

basic concepts, general laws.

Keywords: differentiated-level training, protein.

Редакцияға 23.02.2016 қабылданды.

ӘОЖ 378:314.6

Б.Ж. ЖИЕНТАЕВА

1

, М.К. ЖАНЗАКОВА

2

 

п.ғ.к., доцент

1

, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ магистранты

2

БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ  НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мақалада  болашақ  мамандарды  кәсіби  тұрғыда  даярлаудың,  білім  беру  жүйесінің  бағыттарының  бірі  ретінде 

отбасылық  өмірге  дайындаудың  ерекшеліктері,  негізгі  мәселелері  және  педагогикалық-психологикалық  негіздері 

қарастырылады.  Сонымен  қатар,  студенттерді  отбасылық  өмірге  дайындау  білім  берудің  әлеуметтік  бағыттары 

ретінде қарастырылады. 

Түйін сөздер: отбасылық өмір, білім берудің әлеуметтік бағыты, отбасылық қарым-қатынастар.

Қоғамдағы  әлеуметтік,  экономикалық,  саяси  және  құқықтық  қатынастардағы  елеулі  өзгерістер  білім 

беру  үрдісіндегі  бағыттар  мен  талаптардың  мазмұнындағы  жаңа  бетбұрыстардың  қалыптасуына  ықпал 

етуде. Жоғары оқу орындарында білім беру стратегиясының басты мақсаты жас ұрпаққа сапалы білім мен 

тәрбие беруді әлемдік және ұлттық білім беру жүйесінің озық үлгілеріне сай, мәдениет пен ғылымның соңғы 

жетістіктері негізінде қалыптастыруды қамтамасыз етуге бағытталады. Сонымен қатар болашақ маманның 

рухани  қуаты  мол,дүниетанымы  кең,  ой-өрісі  биік  парасатты,  саналы  азамат  және  жеке  тұлға  ретінде 

қалыптасуына ықпал ету барысында, ұлттық құндылықтарды, этникалық саналылық қағидаларын, ел мен 

жердің шежіресін, жалпы адамзаттың мәдени құндылықтары мен мұрасын қастерлеу бағыттары ескерілуі 

тиіс. 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

174


Болашақ мамандарды даярлауда білім негіздерін ғана үйретіп қоймай, олардың кәсіби даярлықтарының, 

кәсіби  бағдарлануы  және  дағдыларының  қалыптасуына  аса  мән  беріледі.  Осыған  орай  студенттерге  білім 

беру үрдісінде теориялық мәселелерді терең, тиянақты және шығармашалықпен меңгерулеріне жағдай жасап, 

өздерінің шығармашылық бастамаларын қолдап отырудың маңызы зор. Оқыту үрдісінде студенттердің жаңа 

педагогикалық инновацияларды қабылдап, оларды шығармашалықпен ұштастыра білу дағдыларына үйрету 

сыни ойлауға машықтандырумен байланысты. 

Студенттердің  болашақ  мамандықтарына  оң  көзқарастарын  қалыптастыру,  кәсіби  даярлықтарындағы 

шығармашылық әрекеттерін қолдау, олардың оқудағы танымдық белсенділіктерінің артуына ықпал етеді және 

болашақ  маманның  кәсіби  шеберлігінің  алғашқы  бастауларына  жол  салады.  Жоғары  оқу  орындарындағы 

білім  беру  жүйесінің  басым  бағыттары  кәсіби  даярлығы  мол,терең  білімді  тұлғаны  қалыптастыруды, 

рухани мүмкіндіктері жетілген, әлеуметтік ортаға бейімделе алатын, ұлттық және әлемдік құндылықтарды 

қабылдауға қабілеттіпарасатты тұлғаны, егемен еліміздің ертеңін тәрбиелеуді қарастырады.

Қоғамдағы әлеуметтік маңызға ие болып отырған ұстанымдар қатарында ғылым мен өндірістің барлық 

салаларында қызмет атқаратын болашақ мамандарды даярлауды сапалық және тұлғалық жағынан жетілдіру 

мәселелері айтылады. Жоғары оқу орындарындағы білім беру мен тәрбиелеу шараларын жаңа сипатта, жаңа 

әлеуметтік  қажеттіліктерге  сай  бағытта  жетілдіруді  ұлттық  құндылықтар  мен  ұлттық  дәстүрлер  негізінде 

жүзеге  асыру  уақыт  талабы  болып  отыр  өйткені,  жеке  адамның  қалыптасуы  ұлттық  тағылымдардың 

бағыттарына  сай  оның  саналы  әрекеттеріне,моральдық-  адамгершілік  қасиеттеріне,  дербестігіне,  мінез-

құлқының ұстамдылық ерекшеліктеріне тікелей байланысты.

Психолог ғалымдар тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік ортаға араласуы барысында оның өзіндік көзқарастары 

негізінде  жеке  бағыттары,  бағдарлануы,  болашақ  өмірлік  іс-  әрекеттеріне  байланысты  жоспарлары  мен 

саналы әрекеттері, жеке дара тұлғалық ерекшеліктері, танымдық қызығушылықтары, дербестігі қалыптаса 

бастайтынын  зерттейді.  Бұл  болашақ  мамандығына  керекті  білімді,  шеберлікті  және  тәжірибелік  іс- 

әрекеттерді талап ететін кәсіби даярланудың бастапқы кезеңіне сай келеді.

Болашақ  мамандарды  биік  адамгершілік  қағидаларға  сай  тәрбиелеуде  ұлттық  ұстанымдардың, 

халқымыздың  рухани  асыл  мұраларының,  тарихи  жәдігерлердің  орны  ерекше,  ұлттық  тәрбие  мен  тәлім 

құндылықтарын білім беру үрдісімен ұштастырудың елжанды, ұлттық болашағы үшін қызмет ететін мамандар 

даярлаудағы ықпалы зор.

Халқымыздың тәлімдік, даналық және тәрбие мектебінде болашақ ұрпақтың бойындағы ар-ұят, намыс, 

әдеп  сезімдерін  дамыту,  ізгі  адамгершілік,  отаншылдық  қасиеттерге,  еңбексүйгіштікке  баулу  мәселелері 

қарасырылады, ғасырлар  бойы  жаңғырып  келе  жатырған  халқымыздың  тәрбие  бағыттары  адамгершілікке 

негізделіп, ұрпақтың ой-өрісі мен дүниетанымын арттыру үшін, оларға білім беруді басты қағида ретінде 

ұстанған. Халқымыздың рухани құндылықтары ретіндегі тәлім-тәрбиеге байланысты осы бағдарларын ескере 

отырып, қазіргі заман талабына сай болашақ мамандардың өркениеттің үздік мәдени және білім үлгілеріне 

сай  білімдар  болуына,  адамзатқа  ортақмәдени  мұралардан  хабардар  болып,  әлеуметтік  және  қоғамдық 

сұраныстарға орай бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына ықпал ету уақыт талабы болып отыр.

Білім  берудің  ғаламдық  жүйесінде  де  өскелең  ұрпаққа  өз  ұлтының  мәдени,  рухани  және  дәстүрлік 

құндылықтарын терең ұғындыра отырып, олардың этникалық санасын қалыптастыруға, ұлттық дәстүрлер 

негізіндегі тәрбие бағыттарына маңыз берілуде. Тәрбиелеу үрдісіндегі ұлттық нақыштар болашақ маманның 

жеке  тұлғасын  тәрбиелеуде  ұлтқа,  барлық  ұлттарға  және  адамзатқа  тән  тәрбие  мұраларын,  этномәдени 

құндылықтарды және адамгершіліктің биік қағидаларын қолдануды қарастырады.

Жоғары оқу орындарындағы білім беру үрдісіндегі әлеуметтік және тұлғалық бағыттардың бірі ретінде 

студенттерді  отбасылық  өмірге  дайындау  мәселелері  маңызды  болып  отыр,  өйткені  қоғамдағы  әлеуметтік 

сұраныстар білім берудегі осы бағыттарды жетілдіруді талап етуде [1, 21-23]. 

«Отан  -  отбасынан  басталады»  дегендей  кез-келген  қоғамда  болашақ  қоғам  мүшелерін,  елдік  дәстүрді 

ардақтайтын және сақтайтын мұрагерлер тәрбиелеуге, халқын, туған жерін ардақтайтын ұлтжанды азамат 

тәрбиелеуге үлкен мән берілген.

Ұрпақ тәрбиесі, отбасылық қарым-қатынастар мемлекеттің ең өзекті мәселелері қатарынан саналады, жас 

ұрпақтың  қалыптасуында  отбасының  алатын  орны  ерекше  екендігі  Қазақстан  Республикасының  «Отбасы 

және неке туралы» Кодексінде отбасының бала тәрбиелеудегі орны мен маңызы жан-жақты тұжырымдалған.

Елбасы  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауында  және  «Қазақстан-2030»  старатегиялық 

бағдарламасында: «жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ, 

жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз» деп атап көрсетілді.

Жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесі болашақ мамандарды кәсіби бағдар мен кәсіби даярлық 

тұрғысынан ғана даярлап қоймай, олардың өмірдегі өз орындарын тауып, «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін 

тап та, бар қалан» деп дана Абай айтқандай адал еңбекті мұрат етіп, белсенді қызмет етуіне, отбасын құрып, 

адал  да  сенімді  жолдас  болып,  ұрпақ  өсіруіне  яғни  қоғамдық  әлеуметтік  өмірдің  барлық  саласына  әзір 


№ 3 (112) 2016

175


болуына ықпалды болуы қажет. Студенттерді отбасылық өмірге дайындаудың бағыттарын түрлі мазмұнда 

қарастыруға болады.

Жалпы  білім  беру  үрдісінің  басты  ұғымдары  оқыту,  тәрбиелеу  және  тұлғаны  дамыту  болғандықтан, 

болашақ мамандарды отбасына дайындау тікелей мәселе ретінде қойылмайды. Отбасылық қарым-қатынас, 

отбасын құру тұлғаның жеке әлеуметтік бағыт-бағдары ретінде қарастырылғанымен, студенттерді отбасылық 

өмірге дайындау білім берудің әлеуметтік бағыты немесе қызметі ретінде маңызды болатыны анық.

Бірқатар  ғалымдардың  еңбектерінде  отбасылық  өмірдің  ерекшеліктері,  отбасы  психологиясының 

мәселелері, некелік қатынастар туралы зерттелген (Ф. Бизақова,И. Қарақұлов, Г. Исаева т.б.).

Қазір отбасына деген көзқарас қандай? Сәбидің дүниеге келуінің төмендеуі, ажырасу санының көбеюі 

және осыған байланысты баланың панасыз да қараусыз қалу санының өсуімен қатар отбасына әлеуметтік 

қауіпі барынша төнуде. Некеге тұру мерзімі 28-30 жасқа дейін созылды. 18 жасқа дейінгі балалардың тек 

төрттен бір бөлігін ғана сау деп есептеуге болады. 

Ата-аналардың  көбі  балаларын  жатсынуынан  дарашылдық  пиғылдың  етек  алуы,  балалардың  бетімен 

кетуі және т.б. байқалған дағдарыстан шығудың жолын қарастыру туралы түсінігі жоқ. Одан басқа ақыл-ой 

және мүше дамуының кемшілігі бар балалар саны өсті. Елде нашақорлық өсіп барады, балалар маскүнемдігі 

азаймай отыр, ЖИТС (СПИД) ауруы қатты қауіп-қатер төндіріп тұр.

Бұл жағдайдың негізгі себебі – елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендеуі. Алайда тек қоғам 

отбасын әсерін тигізбейді, отбасы да қоғамға өз тарапынан ықпалын тигізеді. 

Сондықтан жастарды отбасы-некелік өмірге дайындаудағы басты педагогикалық-психологиялық іс-әрекет 

– отбасы туралы көзқарастарын қалыптастыру, отбасы туралы толық білім беру және отбасындағы үлгілі іс-

әрекеттерге тәрбиелеу болып табылады.Отбасы мен неке туралы ғылыми әдебиеттерде жыныстық қызыметті 

биологиялық құбылысқа жатқызу қабылданған. Алайда отбасындағы жыныстық қызыметті көбірек, толық 

қарастырсақ, ол биологиялық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік қызымет екенін, бұл отбасындағы басқа 

әлеуметтік қызыметтермен қатар қоюға құқық береді деген қорытындыға келуге болады [2, 168-172].

Болашақ  мамандарға  білім  беру  жүйесінің  қызметінің  бірі  ретінде  отбасылық  өмірге  дайындаудың 

педагогикалық-психологиялық  негіздерін  қарастыру  барысында,  қоғамдағы  әлеуметтік  жағдайлардың 

тұрақтылығы  және  қоғамның  орнықтылығы  ең  алдымен,  қоғамдағы  отбасылық  қарым-  қатынастарға, 

отбасылық мәселелердің орнықтылығына тікелей байланыста болатынын ескеру қажет. Отбасының тәрбие 

институты  ретіндегі  маңызы  жоғары,  өйткені  жеке  тұлға  отбасында  өмірге  келеді,  оның  ержетіп,  тұлға 

ретінде  қалыптасуына  да  отбасы  ұзақ,  мағыналы  тәрбиелік  ықпал  етеді.  Жеке  тұлғаның  қалыптасуы  мен 

дамуы отбасы жағдайына тікелей байланысты болатыны түрлі зерттеулерде қарастырылған [3]. 

Отбасы тәрбиесі тұлғаның өзіндік санасының қалыптасуына әсер етеді. Отбасындағы қолдау мен өзара 

сенім тұлғаның мінез-құлқының орнықты болып қалыптасуына да ықпал етеді. 

Белгілі  ғалым  А.  Б.  Харчев  отбасы  ұғымына  «отбасы  жеке  тұлға  мен  әлеуметтік  өмір  арасын 

байланыстырушы аралық тізбек болып табылады» деп анықтама береді. Осыған орай, отбасының тәрбиелік 

қызметінің психологиялық тұрғыдағы ықпалы өте зор және отбасы мүшелерінің өзара сенімді сыйластыққа 

және құрметке негізделген қарым-қатынасынан тұлғаның қоғамға, өзгелерге деген оң көзқарастары қалыптаса 

бастайды деп есептейміз. Сондықтан, студенттерді отбасылық өмірге дайындауда отбасындағы тұлға аралық 

қатынастарда:  өзара  сыйластықты  сақтау,  үлкенге  құрмет  көрсету,  кішіге  үлгі  болудың  маңызды  екенін 

ұғындыру қажет. 

Адамзат тәжірибесінде ұрпақ тәрбиелеу, отбасын құру дәстүрлері атадан балаға мұра болып келген. Осы 

ұлттық жәдігер ретіндегі отбасы мәселесі қазіргі таңда да жеке адамның ғана емес халықтың, қоғамның және 

ұлтымыздың ертеңге деген сенімі мен аманатын жалғайтын асыл мұраты болып отыр. 

Студенттерді отбасылық өмірге дайындауда халықтық салт-дәстүрлерді, даналық қағидаларды қолданудың 

маңызы  зор.  Сонымен  қатар,  отбасы  мәселелерін,  оның  қалыптасуы  мен  даму  үрдісін  және  қоғамдағы 

әлеуметтік маңызы мен қызметін талдау жастардың отбасылық өмірге дайындықтарына тиімді ықпал етеді.

Отбасындағы  қарым-қатынастарды  және  жеке  тұлғаның  қалыптасуындағы  отбасының  алатын  орнын 

зерттеушілер  отбасындағы  эмоциялық  жағдайлар  мен  ондағы  тұрақты,  өзара  сенімге  негізделген  ахуал 

тұлғаның  кәсіби  әрекетінің  табысты  болуына  оң  әсер  ететіндігіне  назар  аударады.  Олар  отбасылық 

қатынастарды адамның жеке тұлғалық қалыптасуындағы басты фактор ретінде қарастырады [4].

Қазіргі таңда қоғамдағы саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер жағдайында қоғамның отбасына 

ықыласы  мен  қамқорлығы,  әлеуметтік  жеңілдіктері  мен  қолдаулары  барынша  арта  түсуде.  Отбасының 

қоғамда алатын орны, ана мен бала тақырыбы, отбасына жүйелі түрде әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері 

туралы  нақты  шаралары  қолға  алынып,  ғылыми  зерттеулер  жүргізілуде.  Алайда,  осы  отбасы  мәселесіне 

қатысты ажырасу санының артуы, демографияның төмендеуі, балалар үйіндегі жетім балалардың жағдайы 

бұл мәселенің өзектілігін айқындай түседі. 

Ғалымдар  отбасын  құрмау  немесе  ажырасудың  себебін  шынайы  іскерлікті  талап  етпейтін  қияли 


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

176


сезімдермен  байланыстырады.  Жастарды  отбасылық  өмірге  дайындауда  осындай  келеңсіздіктердің  алдын 

алу үшін түрлі әлеуметтік қолдаулар көрсету және психологиялық кеңес беру маңызды.

Қоғамның  әлеуметтік маңызды бағыттары ретінде отбасының берік әрі тұрақты болуына жағдай жасау, 

отбасылық  қатынастарды  нығайту  мәселелері  қатарында  студенттерді  отбасылық  өмірге  дайындаудың 

негізділігі  айқындала  түседі.  Студенттерді  отбасын  құруға  дайындаудың  психологиялық  негіздері  ретінде 

олардың  мінез-құлқының  орнықты  болуына  және  сезімдерінің  шынайы  әрі  тұрақты  болуына  ықпал  етуді 

айтуға болады. 

Студенттердің жалпы отбасылық өмір туралы ұғымымен оң көзқарасы болуының орны бөлек, сонда ғана 

олар отбасын құруға дайын тұлға ретінде шынайы сезім арқылы өмірлік серігін таңдап, үлкен өмірге сенімді 

қадам баса алады,бұл өз кезегінде тұлғадан үлкен ерік-жігерді, қабілетті, өзіне деген сенімді, өзін тәрбиелеуді 

және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Отбасылық өмірге дайындаудың педагогикалық мәселелері қатарында 

тұлғаның бойында рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, отбасылық өмір туралы ұғымдарының 

болуы, бала тәрбиелеудің заңдылықтарын, отбасы құндылықтарын білуі туралы айтуға болады.

Студенттердің  отбасылық  құндылықтар  туралы  ұғымдарын  қоғамның  әлеуметтік  сұраныстарына  орай 

жүйелі,  сапалы  түрде  қалыптастыруға  бағытталған  шаралар  жастардың  өз  болашақтарына  деген  сенімі 

мен жауапкершіліктерін арттырып, ата-баба дәстүрін жалғастыратын ұрпақ сабақтастығының мұрагерлері 

ретіндегі орнын айқындай түсері анық. 

Жастар отбасын құруға дайындалуда оның өздеріне қатысты жеке мәселе болумен қатар, қоғам алдындағы 

әлеуметтік жауапкершілік екенін де сезінулері керек.

Қоғамның келешегі, елдігіміздің ертеңі ұлттық мұраларды, мәдени құндылықтарды қадірлейтін, ғылыми 

білімдер мен кәсіби дағдыларды меңгерген, ақылды және парасатты жастардың отбасылық өмірге жан-жақты 

дайындықтарына  тікелей  байланысты.  Жоғары  оқу  орындарында  білім  беру  үрдісінде  әлеуметтік  бағыт 

ретінде  отбасылық  өмірге  дайындау  мәселелерін  қарастыру  жастардың  болашағына  дұрыс  бағдар  береді, 

өмірдегі өз жолын адаспай табуына ықпал етеді. Студенттерөздерін отбасылық өмірге дайындауда әлеуметтік 

орта,кәсіби мамандар және ата-аналары тарапынан қолдауды көріп, сезінген жағдайда олар үлгілі отбасын 

құруға  бар  ықыластарын  салатыны  анық.  Сондықтан  білім  беру  үрдісінде  отбасылық  өмірге  дайындауға 

бағытталған білімдік, тәрбиелік және әлеуметтік шаралардың маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет