Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет54/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   102

Литература

1  Назарбаев  Н.А.  Послание  Президента  страны  народу  Казахстана  «К  конкурентоспособному  Казахстану,  к 

конкурентоспособной экономике, к конкурентоспособной нации». – Астана, 2015.

2 Байденко ВН. Компетентностный подход к проектированию I ОС ВПО (методологические и методические вопросы). 

Методическое пособие. М.: Исследовательский центр проблем качества подготовки специалистов, 2005 114 с.

3 Лебедев О.Е. Компетентностный подход в образовании // Школьные технологии. - 2004. - № 5. - С. 3-12.

4 Татур ЮГ. Компетентностный подход в описании результатов проектирования стандартов высшего профессионального 

образования. М.: ИЦ ПКПС, 2004.

5  Зеер  Э.Ф.  Компетентностный  подход  к  образованию//  Образование  и  наука.  Известия  Уральскою  отделения 

Российской академии образования. 2005. -С 27-40.

6 Зеленская Е.В. Компетентностный подход в образовании //elena-zelenskai: 24.08.2008.

7 Зимняя И.А. Ключевые компетенции новая парадигма результатов образования // Высшее образование сегодня. - 

2003. - № 5. - С.36-42.

8 Краевский В,В., Хуторский А.В. Предметное и общепредметное в образовательных стандартах // Педагогика. - 2003. 

- № 2. - С.3-10.

9 Савенков Л.И. Аспекты компетентности// Директор школы. - 2004. -№ 6. -  С.40-48.

10 Кузьмина П.В. Профессионализм личности преподавателя и мастера производственного обучения. - М.: Высш. 

Шк., 1990 .- 119 с. - С.90.

11 Маркова А.К. Психология труда учителя. - М.: Просвещение, 1993, - 192. – С.7-8.


№ 3 (112) 2016

301


12 Петровская Л.А. Компетентность в общении. Социально-психологический тренинг. - М.: Изд-во МГУ, 1989. - 216 с.

13 Воровщиков С.Г. Учебно-познавательная компетентность старшеклассни¬ков: состав, структура, деятельностный 

компонент. Монография. - М.: AПК и ППРО, 2006. - 160 с. - С.28-37.

14 Дидактика средней школы / Под ред. М.Н. Скаткина,- 1982. - С. 102.

15 Бермус А.Г. Проблемы и перспективы реализации компетентное того подхода в образовании // Интернет-журнал 

«Эйдос». 2005 10 сентября. http://www.cidos.ni/jouTrial/2005/0910-1 2.htm

16 Краевский В,В., Хуторской А.В. Предметное и общепредметное в образовательных стандартах // Педагогика. - 

2003. - № 2. - С.3-10.

17  Хуторской  А.  Ключевые  компетенции  как  компонент  личностно  ориентированного  образования  //  Народное 

образование, №2. - 2003 - С.58-64.

18  Комарова  Ю.А.  Научно-исследовательская  компетентность  специалистов:  функционально-содержательное 

описание // Известия Российского государственного педагогического университета им, А.И. Герцена, 2008 № 68.



References

1  Nazarbaev  N.A.  Poslanie  Prezidenta  strany  narodu  Kazakhstana  «K  konkurentosposobnomu  Kazakhstanu,  k 

konkurentosposobnoi ekonomike, k konkurentosposobnoi natsii». — Astana, 2015.

2  Baidenko VN.  Kompetentnostnyi  podkhod  k  proektirovaniiu  I  OS VPO  (metodologicheskie  i  metodicheskie  voprosy). 

Metodicheskoe posobie. M.: Issledovatelskii tsentr problem kachestva podgotovki spetsialistov, 2005 114 s.

3 Lebedev O.E. Kompetentnostnyi podkhod v obrazovanii // Shkolnye tekhnologii. - 2004. - № 5. - S. 3-12.

4  Tatur  IuG.  Kompetentnostnyi  podkhod  v  opisanii  rezultatov  proektirovaniia  standartov  vysshego  professionalnogo 

obrazovaniia. -M.: ITs PKPS, 2004.

5  Zeer  E.F.  Kompetentnostnyi  podkhod  k  obrazovaniiu//  Obrazovanie  i  nauka.  Izvestiia  Uralskoiu  otdeleniia  Rossiiskoi 

akademii obrazovaniia. 2005. -S 27-40.

6 Zelenskaia E.V. Kompetentnostnyi podkhod v obrazovanii //elena-zelenskai: 24.08.2008.

7 Zimniaia I.A. Kliuchevye kompetentsii novaia paradigma rezultatov obrazovaniia // Vysshee obrazovanie segodnia. - 2003. 

- № 5. - S.36-42.

8 Kraevskii V,V., Khutorskii A.V. Predmetnoe i obshchepredmetnoe v obrazovatelnykh standartakh // Pedagogika. - 2003. - № 

2. - S.3-10.

9 Savenkov L.I. Aspekty kompetentnosti// Direktor shkoly. - 2004. -№ 6. -S.40-48.

10 Kuz›mina P.V. Professionalizm lichnosti prepodavatelia i mastera proizvodstvennogo obucheniia. - M.: Vyssh. Shk., 1990 

.- 119 s. - S.90.

11 Markova A.K. Psikhologiia truda uchitelia. - M.: Prosveshchenie, 1993. - 192 s.

12 Petrovskaia L.A. Kompetentnost v obshchenii. Sotsialno-psikhologicheskii trening. - M.: Izd-vo MGU, 1989. - 216 s.

13  Vorovshchikov  S.G.  Uchebno-poznavatelnaia  kompetentnost  starsheklassnikov:  sostav,  struktura,  deiatelnostnyi 

komponent. Monografiia. - M.: APK i PPRO, 2006. - 160 s. - S.28-37.

14 Didaktika srednei shkoly / Pod red. M.N. Skatkina, 1982. - S. 102.

15 Bermus A.G. Problemy i perspektivy realizatsii kompetentnoe togo podkhoda v obrazovanii // Internet-zhurnal «Eidos». 

2005 10 sentiabria. http://www.cidos.ni/jouTrial/2005/0910-1 2.htm

16 Kraevskii V,V., Khutorskoi A.V. Predmetnoe i obshchepredmetnoe v obrazovatelnykh standartakh // Pedagogika. - 2003. 

- № 2. - S.3-10.

17 Khutorskoi A. Kliuchevye kompetentsii kak komponent lichnostno orientirovannogo obrazovaniia // Narodnoe obrazovanie, 

№2. - 2003 - S.58-64.

18  Komarova  Iu.A.  Nauchno-issledovatelskaia  kompetentnost  spetsialistov:  funktsional›no-soderzhatel›noe  opisanie  // 

Izvestiia Rossiiskogo gosudarstvennogo pedagogicheskogo universiteta im, A.I. Gertsena, 2008 № 68.

Mусалимов Т.К. - профессор п.ғ.д; Умарова А.Б. - бас маман, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана.

Жоғары оқу орнындарында бакалаврларды кәсіби дайындау бырысында құзыреттілікті әдістамеліқ негізі.

Бұл  мақалада  «құзіреттілік»,  «құзірет»  түсініктерін  әртүрлі  түсіндірулермен  сипатталады  және  білім  беру 

үрдісінде біліктіліктің  өзекті мәселесін қалыптастыру болып табылады.

Түйін сөздер: бакалаврлар даярлау, кәсіби біліктілік, құзыреттілік, құзыреттілік тәсіл, кәсіби даму.

T.K. Musalimov - D.P. Professor; A.B. Umarova - head spetsialist, L.N. Gumilyov Eurasian National University, Astana. 

Methodologcal basics of competence approach in professional educational bakalavrov at university.

This article considers different interpretations of the terms «competence» and «responsability» and actualizes the problem of  

formation of the competence approach in the educational process of university.

Key words: professional education of  bachelors, professional competence, competence, competence approach, professional 

development. 

Поступила в редакцию 03.01.2016.



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

302


ӘОЖ  378.14 : 316.422

Г.Ж. МЕҢЛІБЕКОВА 

п.ғ.д., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры

Астана қ., Қазақстан gmen64@mail.ru

БІЛІМ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУДІҢ АЛМАСУ ҮДЕРІСІН  БАСҚАРУ:

ТРАНСФОРМАЦИЯЛЫҚ ТҰҒЫР

Мақалада білім және зерттеудің трансформациялық тұғыр негізінде алмасу үдерісін басқарудың өзекті мәселелері 

қарастырылады. «Білім», «зерттеу», «трансформациялық тұғыр», «басқару» ұғымдарына сипаттама беріледі. 

Мақалада трансформациялық тұғыр негізінде білім мен зерттеулердің алмасу үдерісін басқарудың ерекшеліктері 

анықталған.

Түйін сөздер: білім, зерттеу, басқару, трансформациялық тұғыр, алмасу үдерісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ғылыми тұрғыда негіздеген 5 институционалды 

реформаларды (мемлекеттік қызметкер корпусын кәсіби білікті және автономды ету, заңның ұлықтылығын 

қамтамасыз ету, әртараптандыруға бағытталған индустриалды және экономикалық өсім жасау, этносаралық 

теңдікті сақтау және ашық либералды мемлекет қалыптастыру) жүзеге асыру білім мен зерттеудің алмасуын 

басқару мәселелерін  жан-жақты зерттеуді талап етеді. Өйткені соңғы жиырма жылдың барысында әлемдік 

академиялық қауымдастықтың назары   университеттің  жаңа  үлгісін  қайта  ұғыну  мәселесінде  болып 

отырғаны  белгілі.  Жаңа  ғылыми  және  білімдік  парадигма  контекстінде  білім  және  зерттеудің  алмасуын 

трансформациялық тұрғыдан зерттеу өте маңызды болмақ. 

Басқару  -  өндірістік  және  әлеуметтік  саланы  реттеу  және  үйлестіру  бойынша  іс-әрекет.  Басқару 

объектілеріне инновациялар, өндіріс, нарық, қаржы, ақпараттар, мамандар, жабдықтаушылар жатады. Соған 

сәйкес қаржыны басқару, инновацияларды басқару, адами ресурстарды басқару т.с.с. қарастырылады. Дегенмен 

әлеуметтік-психологиялық  тұрғыдан  қарағанда,  барлық  өндірістік  үдерістер  адамдардың  -  ұйымдардағы 

қызметкерлердің - қатысуымен жүзеге асырылады. Олай болса,  бұл үдерістерді басқару  ең алдымен  осы 

адамдардың мінез-құлықтарын басқарумен тығыз байланысты. Әлеуметтік басқару әлеуметтік үдерістерді 

реттеуге бағытталған әлеуметтік институттар мен ұйымдардың жүйелі іс-әрекеті болып табылады. Қоғамды 

әлеуметтік  тұрғыда  басқару  әлеуметтік-психологиялық  заңдылықтарды  ескере  отырып,  өзара  байланысты 

идеологиялық,  саяси және экономикалық концепциялар негізінде жүзеге асады. Заманауи қоғамның  ілгері 

қарай  дамуының    мақсаттары  мен  құралдары    ғылыми,  оның  ішінде    әлеуметтік-психологиялық  білімдер  

негізінде анықталады.

Ғаламдық жаңа қоғамды қалыптастыру басымдықтарының бағыттарын айқындауда «білім үшбұрышы» 

(білім-зерттеулер-инновациялар)  тұжырымдамасы университеттің инновациялық іс-әрекетінің ұйымдастыру 

негізі ретінде қарастырылды, өйткені білім, зерттеулер мен инновациялардың  интеграциясы адам ресурстарын 

кең көлемде инвестициялауды, кәсіби дағдылар мен ғылыми зерттеулерді дамытуды, білім жүйесін жүйелі  

жаңғыртуды  талап  етеді  және  өз  кезегінде    білімге  негізделген  ғаламдық  экономика  қажеттіліктеріне 

сәйкестендірілуі  жоғары    оқу  орындарының  стратегиялық  мақсаттарына  қол  жеткізуге  тың  серпін  мен 

шығармашылық әлеует береді. 

Жаңа ғасырдың басында білімге негізделген әлемдік  экономика университеттердің алдына жаңа міндеттер 

қойып отыр, атап айтқанда сыртқы жағдайларға сәйкес келетін әрекет етудің үлгісін табу.  Университеттің 

жаңа ғасырдағы мақсаты қоғамның зияткерлік әлеуетін қайта өндіру болып табылады. Демек, зерттеушілер 

тарапынан  «білім  трансфері»  ұғымының  мәндік  аспектілерін  зерттеудің  қаншалықты  маңызы  бар  екенін 

айқындаудың қажеттілігі пайда болады.  

Басқару - басқа адамдардың  күшімен  мақсаттарға жету үдерісі. Демек,  басқару үдерісінде  мақсатқа 

жету  бойынша    іске  асырылатын  әрекетті  құраушы  бөліктер  оған  қатысушылардың  арасында  бөлінеді: 

бір  адам  мақсатты  белгілейді;    ал  сол  мақсатқа  жетуге  бағытталған  іс-қимылдар  мен  операциялар  басқа 

адамдардың қатысуымен орындалады.  Осыған орай  басқаруға қатысты негізгі мәселенің туындайы ғажап 

емес:  «өзгелерге қатысты алғанда  бөтен мақсатқа жету үшін олардың іс-қимылдарды  жүзеге асыруға ынта-

ықыласын қалай туғызуға болады? «Білім трансфері», «білім мен зерттеудің  алмасуы» ұғымдары ғылымның 



№ 3 (112) 2016

303


қай  саласының  категориялық  қорына  жатады?  «Білім  үшбұрышы»  мен  «білім  мен  зерттеудің  алмасуы» 

ұғымдарының арақатынасы қандай?

Білімді  ақпараттандыру  ғылыми  білімнің  трансфер-интегративті  саласы  ретінде  қарастырылады. 

Шетелдік жаңа сөздер сөздігінде «transfero» латын сөзінен аударғанда «ауыстырамын», «орын ауыстырамын» 

деген мағынаны білдіреді деп көрсетілген [1, 21]. Олай болса, білімнің трансфер-интегративті саласы белгілі 

бір ғылыми идеялардың басқа ғылыми салаға ауысуын (тасымал, көшіру) қамтамасыз етеді, сонымен қатар 

интегративтілік трансфер феноменімен байланысты белгілі бір ғылымның жеке аймақтарын біріктіреді және  

олардың тәжірибеде жүзеге асыруына мүмкіндік  жасады. 

Трансформациялық жетекшіліктің көшбасшылықты шабыттандыратын стиль ретінде зерттелгені белгілі 

(Даунтон  Барнетт, Маккормик  Коннерс). Трансформациялық жетекші өзінің ізбасарларын қолдаушы ғана 

емес, сонымен бірге жоғары табысқа жетуге олардың ішкі қажеттіліктерін оятуға, құндылықты-мотивациялық 

бағдарын ұғынуға және оның маңыздылығын саналы түрде түсінуіне ықпал етеді, өйткені білімді басқару 

жүйесінің  негізгі элементі - білім алмасу. 

Бернард    Басс  трансформациялық  көшбасшылық  идеясын  ұсына  отырып,  оның  басты  бөліктерін 

ажыратады:

-  зияткерлік  ынталандыру  (транформациялық  көшбасшы  өз  шәкірттерін  жұмыстың  орындаудың  жаңа 

тәсілдерін ашуға ынталандырады және олардың шығармашылығын қолдайды) ;

-  жеке-дара  талқылау  (көшбасшы  қарым-қатынаста  ашық  және  шынайы  болады,  сондықтан  да 

бағыныштылар жетекшімен өз идеяларымен бөлісуде еш қымсынбайды, көшбасшы жалпы ортақ істе әрбір 

адамның бірегейлігін мойындайды);

- жігерлендіруші уәждеме (трансформациялық көшбасшы қызметкерлерге жоспар мен міндеттерді айқын 

белгілеудің маңыздылығын  нақты түсінеді);

- дәріптеушілік ықпал (көшбасшы өз ізбасарларына еліктеудің үлгісі болуы тиіс) [1,24].

Трансфер  үдерістері  білімді  когнитивті-транферлік  басқару  әдістемесі  негізінде  сипаттауды  білдіреді, 

атап айтақанда:

1) ғылыми және білімдік қызметтерге тапсырыс берушілермен білімдер алмасу;

2) кәсіби қауымдастықтар, яғни  бірлестіктермен білім алмасу [2,7].  

Білім  алмасу  дегеніміз  ғылыми  қызметкерлердің,  топтар  мен  қауымдастықтардағы  зерттеулердің 

нәтижелерін  қолданушылардың  идеялар  мен  тәжірибелерді  алмасу  мақсатында  оларды  біріктіретін 

үдеріс.  Сіздің  зеттеулеріңіз  басқа  идеяларды  пайда  болуына  түрткі  болады,  сондықтан  ұйымдар,  бизнес,  

қайырымдылық және қоғамдық секторлар Сізден  жақсы идеяларды, зерттеу нәтижелері  мен дағдыларды 

күтеді. Тиімді білім алмасуда  қатысушылар өзара қарым-қатынастың пайдалы екенін түсінеді. Білім алмасу 

экономика  мен  қоғамның басымдығын қамтамасыз ететін маңызды тетік болып табылады.

ЖОО білім алмасу келесі тұғырларға негізделеді:

- сыртқы серіктестермен ұзақ  мерзімді өзара тиімді қарым-қатынастарды құру;

- мемлекеттік бағдарламалар құрушы билік органдарын хабардар етуі;

- жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейдегі қауымдық және қауымаралық мәдени алмасуға ықпал 

ету;


- қоғамның әлеуметтік денсаулығын және қоршаған ортаның ахуалын жақсарту;

- білім алушылар мен оқытушылардың мансабын дамытуға мүмкіндіктер жасау.

Білімнің Еуропалық стандарттары білім беру үдерісіне құзырет  тұрғысынан келуге негізделгені баршаға 

белгілі. Еуропалық Кеңестің құжатында «құзырет шын мәніндегі икемділік (дарындылық), қабілет (тұлғаның 

ерекшелігі), іскерлік, дағды»,- деп қарастырылған, ал  тұғырдың өзі қоғамның өзгермелі қажеттіліктері мен 

жұмыс  берушілердің  мүмкіндіктерін  үнемі  ескеруді  білдіреді.  Еуропалық  Одақта    құзырет  оқу  үдерісін 

кредит-трансферлік  негізде  ұйымдастыру  барысында  есепке  алынады.  Батыс  Еуропа  елдерінің  білім  беру 

жүйесінде «кредит-трансфер» білім алушының жүктемесін есептеудің орталықтандырылған жүйесі ретінде 

түсіндіріледі. Әрине, бұл жүйеде білім бағдарламаларын орындау талап етіледі де, білімдік терминдер мен 

құзыреттерді игеру нәтижесіне қол жеткізіледі. 

Құзырет білім, түсіну, дағдылар және қабілеттердің динамикалық қисындасуы болып табылады, сондықтан 

да  халықаралық  құжаттарда  ол  аспаптық  (танымдық,  әдіснамалық,  технологиялық  және  лингвистикалық) 

қабілеттер;    тұлғаралық  (жеке-дара  қабілеттер,  әлеуметтік  дағдылар  немесе  өзара  әрекеттестік  және 

кооперация);  жүйелік  ерекшеліктер  (тұтас  жүйелерге  тән)  -  түсіну,  қабылдау  және  білімді  құрамдастыру 

қажетті аспаптық және тұлғааралық құзыретті меңгеруде басымдық ретінде топтастырылып көрсетілген [3,9].

Бизнес  және  қоршаған  ортамен  қатынаста  көшбасшылықты  дамыту  қажеттілігін  Наполитано  және 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

304


Хендерсон де атап өтеді. Олардың айтуынша, көшбасшылық дағдыларға өзіне-өзі жетекшілік ету (құндылықтар 

мен келешекті зерттейді), корпоративті мәдениеті құру, өзінің дамуына қатысты жауапкершілікті өз мойнына 

жүктейді, ведомство және ұйымдастыру шегін басқару жатады. 

Білім  мен  зерттеулерді  алмасу  үдерісі  біртұтас  ғылыми  және  білімдік  кеңістікте  жүзеге  асырылады, 

сондықтан  да  білім  мен  зерттеудің  алмасу  үдерісі  өзара  интеграцияланады.  Білім  және  зерттеулер  өзара 

байланыстылық, ғылымилық, шынайылылық, ақиқаттылық және басқа ұстанымдарға негізделеді.  Ғылыми 

білім  ғылыми  ойлаудың  дамуына  ықпал  етеді.  Басқару  кешенді  мәселе  болғандықтан,  ғылымтанулық, 

экономикалық және құқықтық аспектілерді де қамтитыны белгілі.

Білім мен зерттеудің алмасуын басқару дегеніміз - білім және зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру, жүзеге 

асыру, оның тиімділігін және нәтижелігін  арттыруға бағытталған  шаралардың  жиынтығы. Егер іс-әрекетті 

жүйе ретінде қарастыратын болсақ, онда іс-әрекеттің мақсаты, құралы, үдерісі, нәтижесі т.с.с. жүйе құраушы 

бөліктерін атауымызға болады. Сондықтан да білім мен зерттеудің алмасу үдерісін басқару неғұрлым тиімді 

болған сайын, соғұрлым академиялық ортаның ғылыми, білімдік, мәдени когнитивті және креативті  әлеуеті 

жоғарылап, зияткерлік кеңістіктің арнасы кеңейеді.

Білім  мен  зерттеулердің  алмасу  үдерісін  басқарудың  белгілі  бір  заңдылықтардан  туындайтын  өзіндік 

ерекшеліктері бар, атап айтқанда:

- білім мен зерттеудің алмасу үдерісін басқарудың  жүйелі сипатта болуы (Білім мен зерттеудің алмасу 

үдерісін басқару  жүйелі сипатта болады. Жүйе дегеніміз өзара байланысқан бөліктердің  жиынтығы, яғни 

білім - зерттеудің нәтижесінде алынатын тәжірибенің жиынтығы, ал зерттеу - білімді (теориялық, практикалық 

т.б.)  алудың бірден-бір тәсілі;

- білім мен зерттеудің алмасу үдерісін басқаруда  субъектілердің, яғни оқытушы мен білім алушының  

бірлескен және бір мақсатқа бағытталған әрекетінің болуы;

 - білім мен зерттеудің алмасу үдерісін басқарудың жоспарлылығы;

- білім мен зерттеудің алмасу үдерісін басқарудың екі жақты үдеріс екені, яғни  басқару міндетті түрде  

тігінен  немесе  көлденең    бағытта  болу  мүмкіндігі    (білім  мен  зерттеудің  алмасу  үдерісін  басқаруда  жаңа 

идеялар мен жаңа ізденіс бағыттарының  пайда  болуының алғы шарттары қалыптасады);

- білім мен зерттеудің алмасу үдерісін басқаруда таным, қарым- қатынас және іс-әрекет субъектілерінің, 

яғни оқытушы, студент, кафедра меңгерушісі, ғылыми қызметкер т.б. тәжірибелі мамандардың құндылықтар 

жүйесінің бағыттылығының ортақтығы, мүдделерінің, қызығуларының, түрткілерінің үндестігі;

- білім мен зерттеудің алмасу үдерісін басқаруда білім алушы мен оқытушы арасында ұйымдастырылған 

іс-әрекетті жүзеге асыруға қажетті жағдайлардың жасалуын алдын-ала жобалау және болжаудың мүмкіндігі;

- білім мен зерттеудің алмасу үдерісін басқаруда  нақты және белгілі бір ғылым саласының  заманауи даму 

деңгейі мен  қоғамдық сұраныстар қажеттілігін ұғыну (білім мен зерттеудің алмасу үдерісін басқару  теория, 

практика және өндірістің кірігуі қағидасына негіздеу керек); 

- білім мен зерттеудің алмасу үдерісін басқарудың нақты нәтижеге бағыттылығы;

-  білім мен зерттеудің алмасу үдерісін басқарудың ашықтығы мен икемділігі. 

Ең  алдымен  басқару    тұжырымдамаларын  зерделеудің,  әр  түрлі  білім    мен  іргелі  және  қолданбалы 

зерттеулердің алмасу үдерісі басқаруда ғылым салаларының синтезін қамтамасыз етудің маңызы зор, өйткені  

ғылыми  басқосулар,  семинарлар,  симпозиум,  дөңгелек  үстелдер,  конференциялар  білім  мен  зерттеудің 

алмасуды ұйымдастырудың  құнды формалары болып саналады.

Білім  мен  зерттеулердің  алмасу  үдерісін  басқарудың  заңдылықтары  мен  қағидаларының  қаншалықты 

айқын байқалатыны оның ашық және ішкі немесе сыртқы өзгерулерге сәйкес келетінін, атап айтқанда жаңа 

талаптар мен күтілімдерге немесе ережелерге адекваттылығын көрсетеді. Н.Винердің пікірі бойынша, «жақсы 

ұйымдастырушы үнемі бұйрық берумен емес, адамдарды дұрыс іріктеу арқылы үлкен жетістікке жете алады. 

Сондықтан да өздеріне жүктелген міндеттері  орындауға жеткілікті ынтасы мен  ниеті бар адамдарды таңдау 

керек. Жақсы ғалым ретінде қалыптасуды көздеген адам өзіне қатаң талаптар қояды» [4,74].   

Білім мен зерттеудің алмасу үдерісін басқаруда қатысымдылықтың, яғни коммуникацияның рөлі айқын 

байқалады, өйткені диалог, коммуникация өркениет пен мәдениеттің негізгі өзегі болып табылады.

Постиндустриалды  қоғамның  қалыптасуы  жаңа  қоғамдық  құндылықтарды  жасаумен  ерекшеленеді. 

Жаңа қоғамдық құндылықтар қатарында тұлғаның шығармашыл қуатының нәтижесі және қоғам дамуының 

қозғаушы  күші  ретінде  білім  негізгі    орын  алады.  Университеттің  «Білім  үшбұрышы»  (білім-ғылым-

инновациялар)  тұжырымдамасынң  басымдығы  айқын  байқалады  [5,112].  Университет  жаңа  білімдерді 

іздестіруші  болғандықтан,  оның  бәсекеге  қабілеттігі  жаңа  білімдерді  трансферлеу  мен  оларды  жасау, 

ғылыми  және  білім  қоғамдастықты  сапаландыру  арқылы  анықталады.  «Білім  үшбұрышы»  білім,  ғылыми 



№ 3 (112) 2016

305


зерттеулер және инновациялардың заманауи жоғары оқу орындарындағы  өзара әрекеттестігін бейнелейді, 

сондай-ақ экономиканың негізгі қозғаушы күші ретінде саналады [6,67]. Компаниялар өз өнімдерімен ғана 

емес, өз қабілеттерімен де бәсекеге түседі. Үнемі өзгеріп отыратын ортаның ықпалымен ұйымдық білім мен 

ресурстарды тауар мен қызмет түрлерін жасауда, жаңғыртуда және қолдануда оларды іске асыру қабілеттерімен 

де бәсекелеседі. Бәсекелік  басымдықты қамтамасыз ететін білім, дағдылар, іскерліктер мен қабілеттердің 

жиынтығы ұйымның құзыреттілігі болып табылады. Ұйымдардың динамикалық қабілеттерін дамыту - оның 

құзірет базасын кеңейтудің, нарықта бәсекелі басымдықты қолдану мен меңгерудегі тиімділікті арттырудың 

негізі [7,13].

Білім дегеніміз формалды немесе формалды емес мәселелер мен құбылыстарды бірқатар қауымдастықтар 

шеңберінде  ашық  және сын тұрғысында талқылаудың ағымдық нәтижесі [8, 231]. Питер Дракердің «білім 

жалғыз  ғана  тұрақты  бәсекелі  басымдық»  дей  келе,  «білім  жөніндегі  қызметкер»  терминін  енгізді.  Білім 

мен  зерттеудің  алмасуын  басқару  да  арнайы    мамандарды  кәсіби  жағынан  даярлауды  керек  етеді.  Демек, 

білім және зерттеудің алмасуын басқару тікелей білім, ғылым, инновацияларды басқарудың  қағидаларына 

негізделуі тиіс.

Басқарудың  және  білімдік  мекемелердің  типтеріндегі  кез  келген  деңгейінде  басқарушылық  қызметтің 

мотивациясының мазмұнына жалпы сипаттамалар (мотивациялық кешен, тұлғаның табысқа жетуге, жұмысқа 

қанағаттануына бағытталуы айқындалған талап ету деңгейі түрткілерінің жиынтығы және т.б.) және сапалық 

әрі сандық сипаттамаларымен көрінетін өзгешеліктер тән. Басқару деңгейлері білім менеджерлерінің басқару 

қызметінің мотивациясы мазмұнына өзгеше әсер етеді. Басқару деңгейлері жоғары болған сайын лауазымына 

сай өзінің әлеуетін бағалау мотивіне, нәтиженің заңдылықтарына,  ұжымдық бағыттылыққа ықпал ету деңгейі 

жоғары болады. 

Басқару функцияларының жіктемесін құруда ол уақыт факторын негізге алды, оның ұсынған жіктемесі 

бірізді кезеңдермен көрсетілді, атап айтқанда болжау,  ұйымдастыру, билік жүргізу, келісу, бақылау. Қазіргі 

кезеңде  бұл кезеңдер үш буынды басқару функциясының жүйесі түрінде қарастырылады:

- алдын ала басқару (мақсат қою, болжау, жоспарлау);

- оперативті  басқару (ұйымдастыру, үйлестіру, басшылық ету, мотивация);

- қорытынды басқару (бақылау, есеп, талдау).

Жоспарлау  (ұйымның мақсатқа жету бағыттары мен құралдарын  айқындаумен байланысты). Ұйымдастыру 

(нақты мақсатқа жету үшін адамдардың, идеялардың, үдерістердің өзара әрекеттестіктерін ретке келтіруге 

бағытталған жетекшінің іс-қимылы).  

Мотивация (бағынушылардың жетекшінің нұсқауларын тиімді орындау үшін  ынталандыру жүйесін жасау 

және қолдану). Бақылау (мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттің  нәтижелері бойынша  мониторинг жүргізу). 

Е.И. Холостованың тұжырымы бойынша,  «басқару функциялары - басқару органдарының және лауазымдық 

тұлғалардың  басқарылатын объектіге ықпал ететін іс-әрекетінің түрлері»[10,702]. 

Білім жүйесінің барлық сатыларында білім мен зерттеудің алмасуының нәтижелігін қамтамасыз етуде білім 

алушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, тұлғалық бағыттылықтары (қызығулары, түрткілер, 

құндылықтар т.б.) мен әлеуметтік тәжірибелері, дағдылары мен іскерліктері, құзырлықтары, сонымен қатар 

қабілеттері ескерілуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет