Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет77/102
Дата05.02.2017
өлшемі17,93 Mb.
#3475
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   102

Е.Қ. ҮЙСІМБАЕВ 

Докторант, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 

Мемлекеттік басқару академиясы, Астана қ.

«ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР» МАМАНДЫҒЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА

БАҒЫТТАЛҒАН

Әлеуметтік  жұмыс  процесінде  әлеуметтік  қызметкердің  тұлғасы  ғана  қалыптаспайды,  сонымен  қатар, 

әлеуметтік қызметкердің әсер етуінен клиенттің де, тұлғасы қалыптасады. Осыған сәйкес әлеуметтік қызметкердің 

рухани-адамгершілік  іс-әркеттері  деп  адамгершілігі  жоғары  тұлға  қалыптастыруға  -  өзін-өзі  маман  ретінде  және 

оның клиенті, ықпал жасайтын іс-әркеттерін айтуға болады.

Түйін  сөздер:  әлеуметтік  қызметкер,  әлеуметтік  жұмыс  рухани-адамгершілік,  құндылық,  оқыту-тәрбиелеу, 

диагностикалық, ұйымдастырушылық, тұлға, студент, клиент.

Рухани-адамгершілік тәрбие - өмірге кез келген адамның тұрақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз 

ететін құндылықты қатынасты қалыптастыру. Студенттерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу – қазіргі кезде 

ең маңызды міндеттерінің бірі. Себебі, біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын 

артып,  моральдық  фактордың  ықпал  аясы  кеңейіп  келеді.  Ұлттық  мәдениет  тарихының  қайта  жаңғырып 

өркендеуі, халықтың рухани мұрасын, дәстүрлерін қастерлеу – оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы 

өзіндік дербестігінің айқын көрсеткіші. Осы өркениетті өзгертіп, оны дәріптеп, дамытатын жас ұрпағымыз. 

Сонымен    қатар,  студенттерді  рухани-адамгершілікке  құндылықтарын  қалыпастыру,  болашағына  жол 

сілтеу – бүгінгі күнгі кезек күттірмес мәселесі. Рухани-адамгершілікке құндылықтарын қалыпастыру білім 

берумен ғана шектелмейді, ол студенттердің сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде 

қалыптасады.  Бұл  жөнінде  Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 

арналған тұжырымдамасында «Жаңа білім беру мазмұнының базалық принципі - әрбір мектепте тұлғаның 

адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім ортасын құру керек» екендігі айқын 

айтылған [1].

Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы»  заңында  жас  ұрпаққа  жан-жақты  білім  мен  тәрбие  берудің 

мемлекеттік  саясатының  негізі  ұстанымдарын  айқындап  берді,  олар:  Қазақстан  Республикасының  барлық 

адамзатының білім алуға тең құқылығы, әрбір адамзаттың интеллектуалдық дамуы, психо-физиологиялық 

және  жеке  басының  ерекшеліктері,  халық  үшін  білімнің  барлық  деңгейіне  кең  жол  ашылуы,  яғни,  білім 

заңында әрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, тұлға бойына рухани-адамгершілік 

құндылықтарды қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне 

тоқталып өткеніміз жөн [2]. 

Егемендi елiмiздiң болашағы студенттердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен және тәрбиесімен өлшенедi. 

Қазiргi  заманғы  бiлiм  беру  әлеуметтiк  құрылымының  маңызды  элементтерiнiң  бiрiне  айналды.  Адамның 

жеке басын маман ретінде қалыптастыру негiзi ЖОО қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Болашақ маманның, яғни 

әлеуметтік қызметкердің бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау рухани-адамгершiлiк 

құндылықтарын дарытып Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу 

- бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да студенттің жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек,  ал 

оларға бағыт-бағдар берушi - педагог. 

Қазіргі  уақытта  «Әлеуметтік  қызметкер»  мамандығы  мен  оның  шеберлігі  ерекше  маңызды  және  аса 

қажетті  екендігі  айқын,  себебі  қоғамда  өмір  сүру  әдебі  мен  құндылықтардың  және  парадигмалардың 

ауысуы жиі байқалуда. Сондықтан, осы қызмет аясында әлеуметтік жұмыс саласындағы түрлі оқулықтарда 

(Н.Ю.Андрусяк, Т.В.Склярова, Г.П.Медведева, Е.Ярская, Т.К.Бурбаев т.б.) сипатталған міндеттерді атқаратын 

кең ауқымды маман қажет. Ол төмендегідей міндеттер: 

- оқыту-тәрбиелеу – маман балалардың және ересектердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне мақсатты түрде 

бағытталған ықпал етуі, өзінің кәсіби әсер ету аумағындағы әлеуметтік институттар, яғни отбасы, білім беру 

мекемелері, еңбек ұжымдары, бұқаралық-ақпарат құралдары, діни ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің 

білім беру және тәрбиелеу жұмыстарына жәрдемдесуі; 

- диагностикалық – маман «әлеуметтік диагноз» қояды, адамның психологиялық және жас ерекшеліктерін, 

қабілеттерін  зерттейді,  оның  өмір  жағдайына,  қарым-қатынас  шеңберіне  және  дүниетанымына  енеді, 

жағымды немесе жағымсыз мәселелерді айқындайды; 

- ұйымдастырушылық – маман балалар мен ересектердің қоғамдық ісәрекеттерін ұйымдастырады, кәсіби 

бағыт-бағдары  мен  бейімделуіне  және  жұмысқа  орналасуына  жәрдемдеседі,  жасөспірімдер  мен  жастар 



№ 3 (112) 2016

439


бірлестігінің  қызметін  үйлестіреді,  клиенттің  қоғамның  медициналық,  білімділік,  мәдени,  спорттық  және 

құқықтық мекемелер мен қайырымдылық ұйымдармен өзара әрекеттесуіне әсер етеді және бағдарламалардың, 

жобалар мен жоспарлардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді; 

-  болжамдық –  маман  түрлі  институттардың  іс-әрекеттеріне,  кішігірім қоғам  мен  ауданның  әлеуметтік 

дамуын  болжамдауына,  бағдарламалар  мен  жоспарлардың  құрылуына  қатысады,  нақты  бала  тұлғасының 

дамуына  әлеуметтік-педагогикалық  бағдарлама  жасайды,  нақты  әлеуметтік  педагогикалық  мәселелердің 

шешілуінің сұлбасы мен алгоритмінің құрады; 

- профилактикалық және әлеуметтік-терапевтік–маман жағымсыз ықпалды жеңіп шығу мен негативтың 

алдын-алудың  әлеуметтік–құқықтық,  заңды  және  психологиялық  механизмін  іске  асырады,  соған  мұқтаж 

жандарға  әлеуметтік-терапевтік  көмек  көрсетеді,  қоғамдағы  адам  құқығын  қорғауды  қамтамасыз  етеді, 

әлеуметтік және кәсіптік өзін-өзі бағдарлау кезеңінде  жасөспірімдер мен жастарға көмек көрсетеді;

  -  ұйымдастырушылық-қатынастық  –  маман  өз  еркімен  көмектесушілер  мен  жалпы  халықты  бірігіп 

еңбектенуге,  демалуға  және  әлеуметтік  қызметке  тартымдылмайды,  түрлі  әлеуметтік  институттардың  өз 

клиенттерімен ара қатынасын сапалы жолға салып, ақпарат жинайды; 

-  қорғаушылық  –  клиент  қызығушылығын  қорғау  үшін  маман  құқықтық  ережелердің  барлық  түрлерін 

қолданады, оның құқығына қарсы маман немесе жанама ықпал жасайтын тұлғаларға қатысты заңды жауапқа 

тарту және әлеуметтік мәжбүрлеу шараларын қолдануға септігін тигізеді;

 - делдалдық – маман баланың жеке бас мүддесі үшін ресми инстанциямен, қоршаған ортамен, білім беру 

мекемелері мен отбасы арақатынасын жағымды түрде жүзеге асырады. 

Әлеуметтік қызметкердің қарастырылатын міндеттері сансыз, алайда қазіргі кездегі қиын және өте қажетті 

әлеуметтік қызметкер мамандығындағы өзара біріктіретін басты, негізгі идеяны, яғни адамдарға жәрдемдесу 

үшін  жарамды  бола  білу  қабілеттілігін  айқындауға  және  бақылауға  мүмкіндік  туғызады.  Ол  әлеуметтік 

қызметтің міндеті мен білімін, этикасы мен тұтастығын ескеріп, ұстануы қажет, сондай-ақ, мамандығының 

құндылығын  қорғауы,  әлеуметтік  қызметке  қатысты  іс-әрекеттің  аясында  болып,  сыни  көзбен  баға  бере 

білуі,  әлеуметтік  қызметтің  мәліметтер  жиынтығын  жинақтауына  қатысуы,  өзінің  әріптестерімен  зерттеу 

нәтижелері мен практикалық тәжірибесін бөлісуі тиіс, яғни жоғары дәрежеде мәдениетті және адамгершілігі 

мол, медицинаның, заңның, психология мен педагогиканың олардың теориясы мен тәжірибелерінің негіздерін 

жетік білетін жоғары дәрежелі маман болуы қажет [3].

Әлеуметтік  жұмыс  кәсіби  қызметтің  ерекше  түрі  сияқты  мамандардың  өзін-өзі  ұстау  нормалары  мен 

принциптерінің қалыптасу үрдісінде құрылған, оған ғана қатысты идеалдар мен құндылықтар ерекшеліктерін 

қамтиды. Келешекте мамандандырылған қызмет ретінде әлеуметтік жұмыс әр түрлі жағдайларды, қарама-

қайшылықтарды қамтиды.

Әлеуметтік  жұмыстың  этикасы  моральды  нормаларға  негізделеді  (лат.  Norma  –  ереже,  үлгі;  моральды 

қарым-қатынастардың  элементі  және  моральды  сананың  формасы  ретінде  анықталатын  адамгершілік 

талаптарының қарапайым формаларының бірі). Моральды нормалар әлеуметтік жұмыстың негізін құрайтын 

кәсіби құндылықтарда қоғаммен қабылданады.

Сонымен, әлеуметтік жұмыс этикасының зерттеу объектісі мамандардың кәсіби моралы болып табылады, 

ал пәні – жұмыс процесінде қалыптасатын әлеуметтік қызметкердің этикалық қарым-қатынастары, этикалық 

санасы және этикалық іс-әрекеттері.

Әлеуметтік  қызметкердің  этикалық  мақсаты  -  әлеуметтік  тұрғыдан  қабылданған  жоспар  мен  кәсіби 

қызметтің  мән-мағыналарын  қамтамасыз  ету  және  қолдау,  ал  міндеттері  –  кәсіби  топтың  және  олардың 

бірлестіктерінің  жеке  нормативті  регламентациясы,  әлеуметтік  саладағы  мамандардың  сәйкес  этикалық 

саналарын қалыптастыру.

Әлеуметтік жұмыс этикасының басты категорияларына маманның кәсіби этикалық қарым-қатынастары, 

этикалық санасы, этикалық іс-әрекеттері және кәсіби парызы жатады.

Әлеуметтік  жұмыста  кәсіби  этикалық  қызмет  процесінде  қалыптасатын  басты  этикалық  қарым-

қатынастар «адам – адам» жүйесінің қоғамға және жеке тұлғаға жақсылық жасау жолына негізделеді. Бұл 

қарым-қатынастар  ұжым  мүшелері  ретінде  әлеуметтік  қызметкерлер  арасында,  әлеуметтік  қызметкер  мен 

олардың  клиенттерінің  арасында,  әлеуметтік  қызметкер  мен  клиенттің  әлеуметтік  ортасының  арасында, 

әлеуметтік  қызметкер  мен  әр  түрлі  мекемелер,  ұйымдар,  жеке  меншік  түрлері  арасында  қалыптасады. 

Сонымен, бұл мемлекеттің бір құрылымы ретіндегі әлеуметтік жұмыстың институты мен басқа мемлекет 

ұйымдар арасындағы қарым-қатынас.

Әлеуметтік  жұмыста  -  этикалық  қарым-қатынастар  талаптар  формасында;  рухани-адамгершілік 

принциптері;  моральды  қабілеттер;  мамандардың  өз  қызметіндегі  үнемі  өзін-өзі  ұстау  және  бақылау 

формасында жүреді.

Әлеуметтік қызметкер мынадай кәсіби сапаларға, яғни профессиограммаға ие болуы тиіс:

 - табиғилық - айналадағылармен өзара қарым-қатынастағы процесте өзі-өзіне қабілетті;


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

440


- мейірімділік – мейрімді, әрқашан да адамдарға және айналасындағыларға мейрімділікпен қарап, оларға 

қол ұшын беруге даяр болу;

-  эмпатия  –  әлемді  өзге  адамдармен  елестеткендей  елестету,  мәселе  болған  жағдайда  компромистік 

шешімге келуге іздену, әлемге оң қараспен қарау;

- ақ жарқын – өз ойы мен сезімін ашық айтып, оны әңгімелесушіге дұрыс жеткізе білу;

- кішіпейіл  –  жұмсақ, сыпайы түрде өзге адамдармен қарым-қарынаста болу;

- нақтылық  – қойылған сұраққа оң жауап беру, өз ойын толық жеткізу.

2. Әлеуметтік қызметкердің атқаратын қызметтері:

1. Аналитикалық диагностикалық:

- әлеуметтік диагноз жеке тұлғалық мүмкіндіктерді және әлеуметтік тұрмыстық өмір қызметін үйренеді;

- жасөспірімдер мен баланың девиантты мінез-құлқының себептерін қарастырады, сәтсіз отбасылардың 

әлеуметтік себебін анықтайды.

2. Жобалау:

-  бала  тәрбиесіне  және  тұлғаның  дамуына  әлеуметтік  педагогикалық  оқиға  процесіне  бағдарлау  және 

жобалау;

- тұлғаның өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу процесіндегі болашағын анықтау;

- өзінің әлеуметтік-педагогикалық жұмысын уақытылы және  кезекті етіп жоспарлау.

3. Ұйымдастырушы  – қатынастық:

-  тұлғаға  әлеуметтік  тәрбие  беру  процесінде  мүмкіндіктерді  пайдалану,  тек  жергілікті  еңбек  және 

демалыстың мектеп қызметкерлері қатар, мөлтек аудан тұрғындарымен әлеуметтік тәрбие процесін жүргізу; 

- жеке және ресми қарым-қатынасты ұстау;

- әлеумет пен тұлға арасындағы оң және теріс іс-әрекеттерінен хабардар болу;

-  жасөспірімдермен  балалар  арасындағы  демократиялы,  жүйелі  өзара  қарым-қатынасты  қалыптастыру, 

сонымен бірге жеке тұлғалық және олардың үлкендермен әрекеттеріне көмектесу.

4. Коррекциялы :

- балалар мен жас өспірімге жанұя жағынан және әлеуметтік орта жағынан әсер ететін тәрбиенің барлық 

түрінде түзету жұмысын жүргізіп отыру.

Әлеуметтік қызметкердің моральдылық өлшемдері (критерийлері) астарында жамандық пен жақсылық 

туралы  жалпы  ойлар,  кәсіптік  іс-әркеттерде  әділдік  моральдық  талаптардың  мазмұны  ретіндегі  ұғымдар 

жатыр.  Әлеуметтік  жұмыста  адамгершілік  өлшемдері  (критерийлері)  екі  жақтан  қарастырылады:  бір 

жағынан, жалпы әлеуметтік маңызға ие әлеуметтік қызметкердің іс-әркетіндегі жалпы талаптар кіреді, ал 

екінші  жағынан  -  әлеуметтік  жұмыс  мамандығының  өзіндік  сапасы  мен  эффективтілік  талаптары  кіреді. 

Адамгершілік  өлшемдерін  (критерийлерін)  осылай  бөліп  қарастыру  тар  мағынада  кәсіптік  қызығушылық 

ретінде қарастырмайды және де мамандықтың жалпы гуманистік құндылықтарын келемеждеуге мүмкіндік 

бермейді. Бұл негізге байланысты өлшемдер (критерийлер) қатарын бөліп көрсетуге болады:

1.  Қоғамдық  алға  дамушылыққа  ықпал  жасау.  Бұл  критерий  барлық  кәсіптік  қызметтерге  тән.  Әрбір 

мамандық қоғамдық алға дамушылыққа үлес қосады. Әлеуметтік қызметкер маман ретінде өзінің клиентінің 

өзіндік іске асырылуына ықпал жасауға, оның тұлғалық потенциалының жоғарылауына ықпал етуге міндетті. 

Осыған байланысты тұлғалық потенциалдың жоғарылауы барлық қоғамның потенциалының жоғарылауына 

алып келеді, бұл әлеуметтік алға жылжушылықты қамтамасыз етеді.

2.  Рухани-адамгершілігі  жоғары  тұлғаны  қалыптастыру.  Әлеуметтік  жұмыс  процесінде  әлеуметтік 

қызметкердің тұлғасы ғана қалыптаспайды, сонымен қатар, әлеуметтік қызметкердің әсер етуінен клиенттің 

де,  тұлғасы  қалыптасады.  Осыған  сәйкес  әлеуметтік  қызметкердің  рухани-адамгершілік  іс-әркеттері  деп 

адамгершілігі жоғары тұлға қалыптастыруға - өзін-өзі маман ретінде және оның клиенті, ықпал жасайтын 

іс-әркеттерін айтуға болады.

3. Әлеуметтік мақсат қоюшылық. Жалпы әлеуметтік жұмыс және жеке әлеуметтік қызметкердің немесе 

ұйымдардың қызметтері қоғамның талаптары мен мүмкіншілігіне негізделген мақсат қоюшылық критерийімен 

басшылық жасайды. Осы қоғам азаматтардың қандай категориялары мен қандай жағдайда әлеуметтік қызмет 

орындарының  клиенттері  болатынын,  қандай  түрдегі  оларға  қызмет  көрсетулер  ұсынылатынын  қоғам 

анықтайды.

4.  Үрдіске  қатысушылардың  өзара  қызметтестігі.  Әлеуметтік  қызметкердің  рухани-адамгершілік  іс-

әркеттері  деп  тек  қана  үрдіске  қатысушыларды  (әріптестер,  клиенттер,  оның  жақындары)  белсенді  өзара 

қызметтік қарым-қатынас орнатуға ықпал жасайтын іс-әркеттерін айтады. Бұның өзі өз кезегінде ара қатынас 

нәтижелеріне жағымды әсер етеді, әлеуметтік қызметкердің, клиенттің және жалпы әлеуметтік жұмыстың 

атағын көтереді.

5. Процеске қатысушыларға жан-жақты жағымды әсер етуді қамтамасыз ету. Әлеуметтік қызметкер өзінің 

кәсіптік  қызметі  кезінде  көп  жақтан  әсер  етеді.  Клиенттің  проблемасын  шешу  (немесе  шешілуіне  ықпал 


№ 3 (112) 2016

441


жасауға) кезінде клиентке қандай көмек көрсетіліп жатқанын және қажет етуіне байланысты емес, ол бір 

уақытта оның материалдық жағдайына және оның психикасына әсер етеді. Бұдан әлеуметтік қызметкердің 

ұжымына әсер етеді – ол оларға үлгі бола алады. Жағымды әсер әлеуметтік жұмыстың жоғары тиімділігіне 

қызыққан жалпы қоғамға да тиеді.

6.  Әлеуметтік  жұмыстың  моральдық  өлшемдері  тек  қана  әлеуметтік  жұмыс  саласындағы  мамандар 

қызметін бағалау үшін емес, сонымен қатар әлеуметтік жұмысқа моральдық талаптарды бағалауға қызмет 

етеді. Бұл мамандық өкілі ретінде әлеуметтік қызметкерлердің қызығушылығын көрсететін қысқа кәсіптік 

нормаларды ажыратуға, жалпы қоғамда құндылық пен қызығушылық тудыратын адамгершілік нормаларды 

да  ажыратады.  Әлеуметтік  кәсіптік  этикалық  нормалардың  екінші  тобы  біздің  қоғамымызда  әлеуметтік 

қызметкер мамандығының пайда болуына алып келген рухани-адамгершілік негіз болып табылады [4].

Жоғарыда  аталған  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  болашақ  әлеуметтік  қызметкердің  бойында  рухани-

адамгершілік құндылықтар қалыптасқан болуы тиіс. Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де, дарынды маман 

даярлау.    Жас  ұрпақ  бойына  батылдық,  әдiлдiк,  мейiрiм  мен  қайырымдылық,  iзеттiлiк  пен  қамқорлық 

сезiмдерiн  сiңiрудi  әрбір  педагог,  әр  пәнде  сабақпен  ұштастыра  жүргiзуі  қажет.  Осы  тақырып  төңiрегiнде 

көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған. Адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастырудың 

тиiмдi тәсiлдерiн қолданып отыруы қажет. 

Рухани-адамгершiлiк  құндылық  бағдар  дегенiмiз  –  студенттердің  бойында  мiнез-құлықтың  белгiлi  бiр 

сипаттарын қалыптастыру және оларға өздерiнiң бiр-бiрiне, отбасына, әлеуметтік ортаға, Отанға, мемлекетке 

деген  қатынасын  анықтайтын  мiнез  нормалары  мен  ережелерiн  дарыту  жөнiнде  педагогтардың  арнаулы 

мақсат көздеген қызметi (автор анықтамасы).

Студенттерді  адамгершiлiкке  тәрбиелеу  ең  алдымен  және  негiзiнен  оқыту  процесiнде  жүргiзiледi. 

Студенттерді оқыту үстiрт қарағанда ғана, тiптi өзгеге қатысы жоқ iс болып көрiнуi мүмкiн.

Шындығында  сабақ  –  алуан  түрлi  ұжымдық  қимылдар  мен  тебiренiстердiң,  адамгершiлiк  өзара 

қатынастардың тәжiрибесiн жинақтайтын орын. Студенттерді адамгершiлiкке тәрбиелеуде педагогтiң жеке 

басының  үлгiсiмен,  олармен  қарым-қатынасының  шешушi  маңызы  бар.  Студенттер  әр  кез  өз  педагогына 

елiктейдi. Егер студенттер мен педагог қарым-қатынасына iзгiлiк, қамқорлық, сезiмталдық тән болса, олардың 

өзара қарым-қатынастары да сондай болады. Студенттердің жеке басын қалыптастырудағы мiндеттердiң бiрi 

оны адамгершiлiк туралы ұғымдар, түсiнiктермен байыту болып табылады. 

Рухани-адамгершiлiк дамуы өзiне адамгершiлiк сана-сезiмдi, адамгершiлiк мiнез-құлық және адамгершiлiк 

қарым-қытынасты  жинақтайды.  Бұл  кезеңде  студенттердің  тәрбиелеудiң  негiзгi  бағыты  -  мiнез-құлық 

мотивтерi мен әдеттердi қалыптастыру. 

Рухани-адамгершiлiкке  тәрбиелеудiң  негiзгi  әдiстерiне  үлгі  көрсетуді,  түсiндiрудi  жатқызуға  болады. 

Рухани-адамгершiлiкке әдiстері: көрсету, үйрету, жаттықтыру, сендiру, өтiну кеңес, мақұлдау, сәттiлiк тiлеу, 

тыйым салу, ант беру, сөгiс беру, кiнәлау, т.б. жатады [5]. 

Жаңа  кезеңдегі  білім  берудің  өзекті  мәселесі  жас  ұрпаққа  –  рухани-адамгершілік  тәрбие  беру.  Құнды 

қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш 

түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп 

бекер  айтылмаған.  Сондықтан  адамның  бойына  жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни 

адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші рөл 

атқарады. Рухани-адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс. Бір жағынан, ол ересектердің, ата-аналардың, 

педагогтардың  жастарға  белсенді  ықпалын,  екінші  жағынан,  тәрбиеленушілердің  белсенділігін  қамтитын 

қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, 

адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, 

тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек. 

Руханилық  жеке  тұлғаның  негізгі  сапалық  көрсеткіші.  Руханилықтың  негізінде  адамның  мінез-құлқы 

қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды, мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке 

шақырады.  Олар  адамды  құрметтеу,  оған  сену,  әдептілік,  кішіпейілдік,  қайырымдылық,  жанашырлық, 

ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық, имандылық т.б. Рухани-адамгершілік – ең жоғары құндылық деп 

қарайтын жеке адамның қасиеті, ол жағымды психологиялық қасиеттерінің жиынтығынан тұрады. 

Рухани-адамгершілік  тақырыбы  –  мәңгілік.  Ол  ешқашан  ескірмейді.  Жас  ұрпақтың  бойына  рухани-

адамгершілік  қасиеттерді  сіңіру  –  ата-ана  мен  педагогтардың  басты  міндеті.  Рухани-адамгершілік 

құндылықтың қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында.



Әдебиеттер

1  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  Мемлекеттік 

бағдарламасы. - Астана, 2010.

2 Қазақ Республикасының «Білім туралы» заңы. - Астана, 2007. 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

442


3  Қ.М.Кертаева,  А.Р.Жунусова.  Әлеуметтік  қызметкерлердің  деонтологиялық  даярлығы  хақында.  //  

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Хабаршысы № 1. 2010 ж. 61-66 б.

4 Социальная работа: теория и практика. / Отв. ред. Е.А.Холостова, А.С.Сорвина. - М: ИНФРА, 2002. 

References

1 Kazakhstan Respublicasinda bilim berudi damitudin 2011-2020 gildarga arnalgan Memlekettik bagdarlamasi. 

– Astana, 2010.

2 Kazakhstan Respublicasinin «Bilim turali» zani. – Astana, 2007.

3 K.M.Kertaeva, A.R.Zhunusova. Aleumettіk қyzmetkerlerdіn deontologiyalyk dayarlygy hakynda. // G.Toray-

gyrov atyndagy Pavlodar Memlekettik universitetіnіn Khabarshysy № 1. 2010 g. 61-66 b.

4 Socialnaia rabota: Theory i Practika. / Otv. red. E.A.Holostova, A.S.Sorvino. - M: INFRA, 2002.

Үйсимбаев  Еркин  Кулымбаевич.  Направление  развития  духовно-нравственных  ценностей 

специальности «Социальная работа».

В процессе социальной работы формируется не только личность социального работника, но и также 

формируется личность клиента от воздействия на него социального работника.

В соответствии с этим, можно сказать, что духовно-нравственные действия и высоконравственная 

личность  социального  работника  способствуют  формированию  его  в  качестве  специалиста,  так  и  его 

клиента.

Ключевые слова: социальный работник, социальная работа, духовно-нравственные, ценности, учебно-

воспитательные, диагностические, организационные, личность, студент, клиент.

Uisimbayev Erkin. Directions of Development of spiritual and Moral Values of the Specialty “Social Work”.

In the process of social work is not only shaped the identity of the social worker, but also the customer’s identity 

is formed by exposure to the social worker.

In accordance with this, we can say that the spiritual and moral action and highly moral personality of social 

worker contribute to the formation of him as a professional and his client too.

Key words: social worker, social work, spiritual and moral values, teaching and educational, diagnostic, orga-

nization, person, student, client.

Редакцияға 01.03.2016 қабылданды.

UDK 808.5



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет