УДК
СҮЙІНБАЙ - СЫРЛЫ СҰЛУ СӨЗ ШЕБЕРІ
Бертаева К. – қазақ тілі мен ҽдебиеті пҽні мұғалімі
(Алматы қ., №148 мектеп-гимназия)
Сүйінбай ҿлеңдері кҿркем тілге бай. Ол халық поэзиясы үлгісінде сҿз кестесін
тҿккен ҿнер иесі. Неше алуан поэтикалық тіл, кҿркемдік айшықтарды
талғампаздықпен, шебер қолдана білген ақын шығармаларының кҿркемдік деңгейі ҿте
жоғары. Ақындық ҿнердің қызыл желі атанған С. Аронұлының тілі кестелі, ҿрнекті
сҿздерге бай. Сүйінбай поэзиясын айрықша ҽсем реңге ендіріп, сыңғыр ҽуез, күйлі саз
бітіріп тұрған тілдің кҿркемдегіш құралдарының бірі – троп пен фигура (құбылту мен
айшықтау). Атап айтқанда, ақын шығармаларында троптың: метафора, метонимия,
синекдоха, аллегория, символ, кейіптеу, гипербола мен литота; фигураның: арнау,
қайталау, дамыту, инверсия, параллелизм тҽрізді түрлері бар. Аталған кҿркемдегіш
құралдарды қолдануда ақын асқан зерделілік пен нҽзік байқампаздық, талғампаздық
пен тапқырлық жҽне сан қилы құбылыс, ҽрекеттерді образды қабылдауда соны мҽнер –
машық, майталман шеберлік танытқан. «Ақынға тҽн тілмарлық, тіл ұстарту, айқын
балама, салыстыру, теңеу, эпитеттер ҿзінің сонылығымен де, ҿткірлігімен де кҿз
тартады, таңдай қақтырады» [1,151]. Ақын шабыты – шалқар. Тауып айтқан
тұспалдары ҽр кез адамдарына нұсқа болып қала береді. Ақын дҽл баламасын тауып,
салмақтап, салыстырмай, сҿз сҿйлемейтін сияқты. Ҽр сҿзінің кҿркемділігіне мҽн бере
білген ақын ҿлеңдері – құбылту, ажарлау, айшықтау сияқты сҿз ҿрнектеріне бай. Ол
бейнелі, образды сҿздерді орынды қолданып, ҽр ойын ҽсерлі жеткізуге ерекше мҽн
71
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012
берген. Ақын ҿлеңдерінің кҿркемдік кестелері, тіл шеберлігі жайлы ақын
шығармашылығын зерттеуші М.Үмбетаев былай деген: «Жыр нҿсері Сүйінбайдың
тілінде таудың суындай тазалық, алмастың жүзіндей ҿткірлік бар. Ол табиғат пен
адамзаттың расындағы байланысты айтса да немесе қоғамдық қатынастарды бағалап
сынаса да, яки ҿмірдің ағысы мен қозғалысын жырласа да оның поэзиясынан теңіз
астынан терілген лағыл тастай ҽдемілік пен сұлулық сезіледі» [2,105].
Сүйінбай ҿлеңдері - ҿзінің формасы жағынан халық поэзиясы үлгісіндегі
шығармалар, қазақтың қара ҿлеңі мен жыр толғаулары. Ақын шығармалары ырғақты
ұйқастармен жатық шығады. Оған, кҿбінесе, ерікті ұйқас үлгісі тҽн. Халық поэзиясына
тҽн болып келетін қатар, шұбыртпалы, қаусырмалы ұйқастарды да қолданады.
Сүйінбай тілінің жұмбағы ҿте терең де кҿркем. Ақын ҿлеңдерінің ҿлшем – құрылысы
алуан түрлі. Ондағы шумақ сандары екі, үш, тҿрт, бес шумақтан бастап, одан да кҿп
шумақты болып келеді. Олардың ҽрқайсысындағы ҿлең жолдарының аз, кҿптігіне
қарай шумақтар: екі тармақты, үш тармақты, тҿрт тармақты, бес тармақты, алты
тармақты, жеті тармақты, сегіз тармақты, тоғыз тармақты, он тармақты шумақ жҽне
біртұтас түйдекпен айтылатын кҿп тармақты шумақ түрінде кездеседі.
Бунақ саны жҿнінен ақынның толғау, дастандарының ҽр тармағы, кҿбінесе, екі
бунақтан, қара ҿлең түріндегі жолдары үш бунақтан тұрады. Ал, буын ҿлшемі жағынан
ылғи он бір буынды, сегіз буынды, жеті буынды жҽне аралас буынды болып
келеді.Ұйқас қазақ поэзиясының басты шарттарының бірі десек, Сүйінбай ҿлеңдеріне,
негізінен, қара ҿлең ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс
ұйқас, егіз ұйқас жҽне аралас келетін ұйқастар тҽн. Ақын поэзиясында орныққан бір
заңдылық: оның он бір буынды ҿлеңдері түгелдей қара ҿлең ұйқасымен айтылады да,
жеті, сегіз буынды ҿлеңдері шұбыртпалы, ерікті, кезекті, шалыс, егіз жҽне аралас
келетін ұйқастарға құрылады.
Сүйінбай - ҿлең ҿріміне жетік, саңлақ ақын. Оның шығармалары ҽдебиетіміздің
шоқтығы биік туындыларының қатарына жатады. Ҿлеңдерінің кҿбінде ақын анафора,
эпифора, аллитерация сияқты жазба ақындарға тҽн ақын туындыларына кҿркемдік
тҽсілдерді ұтымды, шебер қолдана білген. Сҿзіміз дҽлелді болу үшін нақтырақ
жүгінгеніміз жҿн..
Шығарма тілін кҿркейтетін, шығармада жиі қолданылатын тҽсілдердің қатарына
ажарлаушы тҽсілдер, яғни, теңеу мен айқындау (эпитет) жатады. Ақын
шығармаларында теңеу түрлерін кҿптеп кездестіреміз. Мысалы:
Қыранның қырдан байқар баласындай,
Миуалы алма-ҿріктің ағашындай.
Сен едің жарық жұлдыз, таң нұрындай,
Айша батып барасың кҿз алдымда-ай
Қоқанның ханы қағынды,
Байлаулы тұрған төбеттей [3].
Ақын қолданысындағы ауыстырулар (метафоралар) нысанасына дҽл тиерлік,
барынша шебер, ақындық ойын тереңдетіп, тың мазмұн үстемелеп отыратын тҽсілдер.
Ақын кҿп тұста айтқалы отырған затты немесе құбылысты ҽрлеп, аз сҿзбен кҿп мағына
беру үшін ауыстыру тҽсіліне жүгініп отырғапн. Ақын ҿлеңдеріндегі метафоралық
қолданыстар түрі тҿмендегідей:
Ҿлеңнің найзағайын жарқылдатсам,
Бұта қуған бозторғай боп қаларсың.
Сен бір болат кездіксің асыл тектен...
Тұңғиық қара судың кемесі едің.
Дүние –ескі сарай-ды,
Қырғименен ойнаған,
Ажал жеткен торғайсың.
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011.
72
Сондай-ақ ақын ҿлеңдерінде «дүлдүл едім», «бұлбұл едім», «алтайы құндыз
едім», «тас тұяқты тұлпармын», «жанып тұрған жалынмын» деген арынды екпін,
асаулықты сипаттайтын ҿткір ауыстырулар кҿптеп кездеседі. Қысқасы, ақын
метафораның қандай түрін қолданса да, бҽрін ҿзінің басты мақсаты, ҿлеңді
«құнарландыруға» пайдаланған. Оның метафоралары бірде ой-қиял, сезімді тербеп,
ерлікке шақырса, бірде қоғамдағы кесір қылықтарды шенейтін, мысқыл реңді болып
келеді. Бұл – автордың ортадағы құбылыс-оқиғаны бақылағыштығын, сын кҿзімен
қарап, сараптағыш қасиетін кҿрсетеді.
Ҿмірдегі құбылыс-оқиғалардың қай-қайсысы да ҿзіндік бір ерекше белгісімен
айқындалып тұрады. Соған орай, халықтың ауызекі сҿйлеу тілінде де, ақындар
шығармаларында да затты немесе құбылысты толық алмастыра алатын ерекше
белгісімен атау ҽдісі кеңінен тараған. Құбылтудың бұл түрі «кейде ой ықшамдылығы
үшін, кейде образ нұсқалығы үшін қажет» [4,220]. Сондықтан ұзақ суреттеп, кҿп айтып
жатпай-ақ заттың, ҽрекеттің кҿзге ұрып тұрған бір деталін қолданудың ҿзі кҿл-кҿсір
мағына, айта қалғандай ҽсер береді.
Сүйінбай құбылтудың бұл түрін де шығармаларында кеңінен пайдаланып,
ұтымды қолдана алған. Мысалы:
Жылап жүрген нашарға кҿз салмайды.
Қырық жігітті түгелдей,
Көк темірге орады.
Маңдайыма жануар біткен шығар,
Көкшолақты мінейін қыздай сылап.
Поэтикалық қолданыстардың тағы бір түрі – астарлау (символ). Ҿлеңге ерекше
кҿркемдік, ойға жұмбақтық пен тереңдік дарытатын құбылтудың күрделі тҽсілі болып
табылатын астарлауды да ақын орынды қолдана білген. Символ тҽсілінің мына бір
үлгілеріне назар аударайық:
Аққу ұшса кҿлге кетеді,
Кҿпір бұзылса селге кетеді.
Мал-жан біткен бҽрі де,
Ҿсіп-ҿнген жерге кетеді.
Арғымақ аттың тұяғы,
Тасты басса кетілер,
Сазды басса жетілер [3].
Алғашқы шумақта мҽңгілік ештеңенің жоқтығы, ҿмірдің ҿткіншілігі жайлы
тұжырым астарланған. Онда адам жайлы, тірлік-тағдыр жайлы бір ауыз сҿз жоқ. Соған
қарамастан ақынның ҿмір ағымы жҿнінде философиялық ой қорытқандығы анық
аңғарылады. Ал, соңғы шумақта ҽңгіме аттың тұяғы жайлы болып отырған жоқ. Ақын
мүлде басқа ойды айтып отыр. Ҿлең жолдарынан адам жеке ҿмір жолында сан қилы
кедергі, ауыртпалықтарға кездеседі, бірақ оны жеңуге болады деген мағына беріп отыр.
Жансыз зат пен құбылысқа жан бітіре, жандандыра суреттейтін кҿріктеу құралы
кейіптеу деп аталады. Бұл тҽсіл ақыннан ерекше шеберлік пен ұшқыр қиялды қажет
етеді. Ҽдебиетімізде Абай үлгісін алғашқы болып жасап, кейін ақындарымыз қарқынды
дамытқан кейіптеу тҽсілінің тамаша түрін Сүйінбайдың «Ақын боп жиырмамда» атты
ҿлеңінен кҿреміз. Ақын адам ҿмірінің бір кезеңі кҽрілікке жан бітіріп, ҿте ҽсерлі
суреттейді. Адам ҿте жақсы кҿре қоймайтын жас кезеңі кҽрілікті ақын қатыгез,
мейірімсіз жан кейпіне енгізіп бейнелейді.
Ҽуелі кҽрілік келіп түсімді алды,
Онан соң аузымдағы тісімді алды.
Ҿрге шықсам, беліме ҿрбіп шығып,
Тҿмен түссем тіземнен күшімді алды...
... «Сүйінбай сенің жолың бұл емес»,- деп
Жолына кҽріліктің бұрып алды.
73
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012
«Құдай қосқан жарыңнан бҿлек жат »,-деп
Қойныма кҿрпемді ашып кіріп алды.
Сүйінбайға дейінгі қазақ ақындарының ішінде кҽрілікті жырламағандары кемде-
кем. Басы Бұқар жырау болып, қарттық жҿнінде ұзақ-ұзақ толғанып, ҿз ойларын
ұсынды. Бірақ бұлардың барлығына тҽн ортақ ұқсастық - ҿлеңдері ақыл-ҿсиет түрінде,
дидактикалық сарында болып келді. Ал, Сүйінбай ақын осы дҽстүрді ҿзгертіп, жаңаша
бейнелеу тҽсілін қолданып, кҽрілікті тұңғыш адам кейпіне енгізіп, жандандыра
суреттеудің керемет озық, кҿркем үлгісін кҿрсетті.
«Фигураның бір түрі – дамыту, градация – алдыңғы сҿзден соңғы сҿзді, алдыңғы
ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу»
[4,232]. Айшықтаудың бұл түрін де ақын ҿлеңдерінен кездестіре аламыз. Мысалы,
ақынның «Тезекке тепсіну» деген ҿлеңінде мына бір ҿлең тармақтар дамыту тҽсілімен
шығарылған:
Хан емессің қиықсың,
Жанға жауап бермейтін,
Дүлей мылқау сияқты,
Қиял мінез тұйықсың.
Дүниені жұтса тоймайтын,
Түпсіз жатқан ұйықсың
Қадірің жоқ халыққа,
Аққан судай сұйықсың.
Сүйінбай – ақындық ҿнердің қадір-қасиетін таныған, оның мҽні мен мақсатын
терең түсінген саналы ҿнерпаз. «Ҿмірде құны ескірмес, бағасы құнды асыл сҿз» деген
ақын ҿлеңнің құдірет-күшін танып, ақындық ҿнердің қыр-сырын бойына дарыта алған.
Ақын ҿз бойындағы ақындық шабыт туралы да жырға қосып, ҿз талғамы мен
шабытының ерекшелігі жайлы тебірене толғаған.
Жорға едім сартылдаған, самғайтұғын,
Бҽйге аттай шу дегенде талмайтұғын.
Жасымнан кҿп шабылған жүйрік едім,
Сұңқардай кҿкке ҿрлесе талмайтұғын.
Сүйінбай сҿйлер сҿзге тарылмаған,
Жалтылдап жанған оттай жалындаған.
Саңқылдап қалың қазақ арасында,
Еліріп ҿлең айтса арындаған [5],- деп жырлаған ақын ҿз бағасын ҿзі ҽділ берген.
Біздің ертедегі ата-бабаларымыз: «Кҿкте кҿк тҽңірі, жерде кҿк бҿрілі кҿк түрік
бар, бұл екеуінен құдіретті дүниеде еш нҽрсе жоқ»,- деп кейінгі бізге үлгі-ҿнеге
қалдырыпты. Сүйінбай Аронұлы да «Бҿрілі менің байрағым» толғауында:
Бҿрі басы – ұраным,
Бҿрілі менің байрағым.
Бҿрілі байрақ кҿтерсе,
Қозып кетер қайдағым!
Бҿрілі байрақ астында,
Бҿгеліп кҿрген жан емен.
Бҿрідей жортып кеткенде,
Бҿлініп қалған жан емен [5].
Ақынның бұл толғауында қаншама ата-бабаның ұраны, тҿгілген қаны, сынған
қылыш, жоғалтқан арманы, мҿлт-мҿлт етіп меруерттей құйылған кҿз жасы туралы
шындықтың іздері жатыр. Ақын кҿк бҿрі символын осылай асқақтата жырға қосқан
екен.
Қорыта келгенде, ақын шығармаларындағы кҿркемдік кестелер, ҽр сҿзді орынды
қолдануы ақын туындыларының тіл кҿркемдігін, ҿзіндік мҽнерін, сҿз қолданудағы
ерекше шеберлігін анық кҿрсетеді.
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011.
74
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Сүйіншҽлиев Х. ХІХ ғасыр қазақ ҽдебиеті. А., 1992
2.Үмбетаев М. Пірім менің Сүйінбай. А.,1992
3.Аронұлы С. Ақиық. (Толғаулар, сын-сықақтар, айтыстар) А., 1975
4.Қабдолов З. Сҿз ҿнері. А., 1992
5.Аронұлы С. Таңдамалы шығармалары. А., 1996
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются особенности стиля поэзии Суюнбая Аронулы.
SUMMARY
Thе article deals with the poetry style peculiarities of Suinbay Aronuly.
УДК
АҚЫН АҚЫТ ҮЛІМЖІҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
ДҽуітұлыТ. – аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Араб ҽдебиеті шығыстағы ең бай, ҽлемдегі ең кҿне ҽдебиеттердің бірі болып
саналады. Араб ҽдебиетінің алғашқы жанры поэзия, оның мазмұны ислам дінінің
негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбардың ҿсиет, насихат сҿздері, яғни хадистер мен
діни аңыздар. Ислам діні араб ҽдебиетінің ҿркендеуіне жақсы ҽсер етіп, ҽлемдегі
ықпалды ҽдебиеттердің біріне айналды. «Мың бір түн», «Калила мен Димна»,
«Антараның ерлік істері» т.б. араб ҽдебиетінің шоқтығы биік шығармаларының бірі
болып табылады.
Араб ҽдебиетінің ҽйгілі шығармаларын насихаттаған қазақ ҽдебиетінде кітаби
ақындар. Кітаби ақындар романтикалық, батырлық, ғашықтық, діни дастандар жазды.
Кітаби ақындар араб ертегі, қиса-дастан, аңыздарының үлгісінде қазақ ортасына
лайықтап, үндестіріп, ҿз ортасының, уақытының ҽдеби-эстетикалық талғам-тілектеріне
қарап, шығыста кең тараған «назирашылық» дҽстүрді қазақ ҽдебиетінде кеңінен
дамытқан. Араб ҽдебиетінен нҽр алған қазақ ақындарының бірі де бірегейі Ақыт
Үлімжіұлы.
Ақыт Үлімжіұлы ҚХР СУАР Алтай аймағының Кҿктоғай ауданында 1869 жылы
дүниеге келген. Ауыл молдасынан сауат ашып, зеректігінің арқасында араб, парсы
тілдерін жетік меңгерген. Қазан, Стамбул баспаларынан шығатын ҽдеби кітаптармен
танысып, қазақ ҽдеби мұраларын зерттеуге, дамытуға күш салады.
Ақыт Үлімжіұлы – біздің ҽдебиетімізде ең кҿп зерттеле қоймаған ақын. Сҿйте
тұра, қазір Ақыттанудың жаңа бір кезеңі, мҽселенің шындығына жетіп, байыбына
барудың ең қолайлы кезеңі туып отырғанын білеміз.
Кешегі идеологиялық ҿктемдік пен цензуралық бақылаудың аса қатаң кезінде
ақын туралы айтылмай қалған немесе жаңсақ айтылған жҽйттер аз емес. Ақыт мұрасын
жан-жақты зерттеп ғылымыи тұрғыдан талдау, терең мҽнді сҿзіне үнемі ой кҿзімен
қарау қажеттігі күн ҿткен сайын сезілуде. Ақыттың исламиятқа қатысын терең танып-
білу мҽселесімен тікелей байланыста жатқан тамыры тереңге кеткен рухани
құбылыстар. Бұл түбірлі мҽселе ғылыми тұрғыдан танылып, шешілмейінше Ақыт
дүниетанымының кҿз жетпес ҽлемі де сыр бүгіп жата бермек.
Қазақтар жалпы мұсылман деп танылса да, олардың қоғамдық ой-санасында,
күнделікті болмысында шешуші орынды ҿздерінің ата салты, ҽдет-ғұрпы алатын.
Дүниетанымында шамандық ұғым мығым жататын. Осы себепті мұсылмандықты
75
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012
тереңірек қабылдаған кейбір түркі тілді халықтардың билеушілері қазақтарды шала
мұсылман, кейде тіпті мұсылмандықтан тыс халық деп қараған.
Қазақстанның Россия империясына қосылуына байланысты қазақ халқын мүлде
басқа дінге сендіру мүддесін кҿздеген патшалық ресми документтерде осы ерекшелікті
мықтап пайдалануға ерекше мҽн бере қарауы да жҽй нҽрсе емес-ті. Шоқан, Абайлар да
бұл ерекшелікке үнемі назар аударып, пікір білдіріп отырған.
Ақыттану қазақ ҽдебиеттану ғылымы үшін тың сала болмағанымен берері де
дерегі де мол сала екены жасырын емес. Ақыт Үлімжіұлы - (1868-1940) ХІХ ғасырдың
аяғы мен ХХ ғасырдың басында ҿмір сүрген, Қытайдағы қазақ халқының жазба
ҽдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, шығармашылық мұрасы қазақ руханилығының
антологиясына енетін кҿрнекті ақын. Ақыт Үлімжіұлы кҿзі тірісінде-ақ Қытайдың
Шығыс Түркістан аймағында ғана емес, Ресей мен Монғолияға да кҿрнекті
ақындығымен ҽйгілі болды. Ақыттың бірнеше кітабы Ресейдің соңғы патшасы Николай
ІІ-нің тұсында Ресейдің Қазан қаласы, университет баспасынан жарық кҿрді. Бұл
туралы орыстың кҿрнекті ғалымы, түркітанушы, этнограф, Қазан университетінің
профессоры Николай Федрович Катанов Ресейде шығатын «Деятель» (1898 жыл, № 8-9
сандар, 429-430 беттер) журналында, сонау ХІХ ғасырда жазады.
Ақыт Үлімжіұлы ҿзінің бірегей туындыларында адам болмысының алуан түрлі
қырларын бейнелеп, артында мол мұра қалдырған ағартушы ұстаз, діни білімдердің
оқымыстысы, ел-жұртына адал-ҽділ қазылық қызмет атқарды. Ақын ҿзінің бүкіл
саналы ғұмырын туған халқының азаттығы мен теңдігі жолына арнаған күрескер, ҿз
халқын ең дамыған мықты елдердің қатарына қосу мақсатында туған еліне аянбай
қызмет етуге барын арнаған қоғам қайраткері.
1891 жылдан бастап Ресей мен Цинь елдері арасындағы поштада хат тасушы
болып жұмыс істеуі оның сол замандағы Ресей ҿңірінде шығатын түркі тілдес
халықтардың баспасҿзінен сусындауына тамаша жағдай туғызды. Сонымен бірге
қолжазба кҿшірмелері арқылы да, баспа нұсқалары арқылы да Абай, Шҽкҽрім
шығармаларымен кҿптеп танысуға мүмкіндік туады. 1908 жылы Ақыт ақын Меккеге
Қажылық сапарға барып келгесін Алтай ҿңіріне Қазы болып сайланып, діни билікті
қолына ұстайды. Осы бір қоғамдық қызметіне орай оның тақырып аясы кеңіп, айтар
пікірі ірілене түседі. Дінбасы ретінде үгіт-насихатты діни ғақлияларды ҿндіріп айта
бастайды. Жұртты діні мен ділін берік сақтауға, имандылыққа насихаттайды.
Оның үстіне ―Айқап‖, ―Дала уҽлаяты‖, ―Қазақ елі‖ т.б. басылымдары арқылы
Алаш-азаттық идеясын да жүйелі қабылдаған Ақыт Қажы 1920 жылдардың соңғы
жартысынан бастап-ақ, Қытай билеушілерінің дінсіздендіру, қанау саясатына қарсы
күрес ашады. Тіпті туған жер, ата қонысын жат жұрттықтардан азат ету жолдарын да
қарастырады. Ҽрине, бұл жолда біраз игілікті істерді жүзеге асырады. 30-шы жылдары
Кеңес Одағында ұлт жанашырларын, ұлттық мемлекетті қалыптастыруға талпынған
тұлғаларды қуғын-сүргінге ұшыратып жатқанда, бұл құбылыс Қытай үкіметінде де
жалғасын тапты. Қытайда жергілікті үкімет басында тұрған Шың Шы Сай ұлт мүддесін
ойлаған, қытайдағы қазақ зиялыларын репрессияға ұшыратты. 1939 жылы 24-ші
желтоқсанда Шың Шы Сай үкіметі Ақыт Үлімжіұлының елді біріктіруге, халықты
жергілікті отаршылардан азат етуге, ұлттың оянып ҿз алдына ел болуына үгіт – насиқат
жасады жҽне ұлт-азаттық қозғалысты қолдағаны үшін деген айып тағылып Гоминдаң
үкімет адамдары ақын Ақытты тұтқынға алып, Ақыт салдырған мешіттерді қиратты.
Рухани құндылықтардың ордасы болған Ақыттың Шҽкүртідегі Ақ мешітін де
қиратып, ақын Ақыттың Құран Кҽрімнің арабшадан қазақшаға аударылған нұсқасы мен
бүкіл қолжазбаларын, мол кітап қоры түгел ҿртеледі. Сҿйтіп 1940 жылы тамыз айында
Үрімжі түрмесінде Шың Шы Сай Гоминдаң үкіметі 72-ге қараған шағында қарт ақын
Ақыт Үлімжіұлын жан түршігерлік қинаумен, азаптап ҿлтіреді.
Ақыт сҿз ҿнеріне бала кезінен бастап ден қояды. Содан да болар оның поэзиялық
шығармалары сан жағынан біршама мол. Алайда олардың қашан, қайда, қандай
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011.
76
жағдайда ҿмірге келгені жҿнінде нақты дерек жоқ. Дейтұрғанмен кейбір ғалымдар
мынадай дерек ұсынады: 1914 жылға дейін Ақыттың Қазан баспасында басылған
шығармалары мыналар: «Жиһанша» (1897), «Қисами жиһаншаһ тамұзшаһұғлы» (1901),
«Қисами Ғабдұлмүлік» (1902), «Ахуал қиямет» (1908), «Ҽбият Ғахдия» (1909), «Керей
ешені Мұхамет момын», «Қисами Сҽйпіл Мүлік» (1909), «Тҽржмҽй Ақыт Уҽлҽт
Үлімжі» қатарлы қиса дастандары 1897-1914 жылдар аралығында Қазан қаласында
басылып шыққан.
Ақынның бел баласы Ғазез Ақытұлы: «Жиырма бұл кішкене баға тиын», «Құлтай
болат Тұңғышбай», «Жақсы қатын мен жаман қатын», «Ҽліп ҿлең», «Кесік қол
келіншек» қатарлы ҿлеңдер Ақыттың ұстаздық істеп, бала оқытып жүрген кезіндегі
шығармалары деген жорамал айтады. Жоғарыда аталғандардың «Хажы баяннан»
басқалары дерлік А.Үлімжіұлының Меккеге барғанға дейінгі (1908 жылы)
шығармалары екен. Ақын шығармаларының бұл кезеңі – діни оқуға бас қойып, шҽкірт
іліміне құлай берілген кезі болатын. Сондықтан да ақынның бұл кездегі
шығармаларынан имандылық, ізгілік, адалдық тақырыбын кҿбірек кездестіруге болады.
Ақынның Абай қара сҿздеріне еліктеп жазған 55 ҿлеңнен тұратын «Ғақылиялық
үндеулерін» 30-жылдардың жемісі деуге болады. Себебі онда ақын «Бұл нұсқаны
жазғанда, қағазға ҿрнек салғанда, алпыс алты жасым бар» деп жазады. Осы кезеңнің
еншісіне «Барып қайттым Бисан тау», «Замана келді қырланып» тектес ҿлеңдерін де
жатқызуға болады. Ал 1910 жылдан 1930 жылға дейінгі кезеңге «Асан ата деп еді»,
«Ғазыл баян», «Абақ керей шежіресі», «Ер Жҽнібек», «Самұрық құс», «Байларға»,
«Жігіттерге», «Ҽйелдерге», «Билерге», «Молдаларға», «Бисмилла деп бастайын»,
«Аспандағы ай мен күн» т.б. шығармаларын жатқызуға болады.
Ақынның шығармалары Шинжаңда 1984 жылы шілде айынан бастап қайта
жинала бастады. Қазір оның 3 томдық шығармалар жинағы, алғашқы томы Шинжаң
халық баспасынан 1994 жылы басылып шығып, жұртшылыққа танылды.
Жуырдағы он неше жылдан бері ҚХР СУАР автономиялы раиондық ұлттық істер
комитетінің «Аз ұлт байырғы шығармаларын жинап-реттеу алқасы» Ақыт
туындыларын жинап баспадан шығаруды ҿздерінің күн тҽртібіне енгізген еді. Іс
жүзінде Ақыт жайлы қалам тербеу жұмысы 1980 жылы басталып кеткен болатын.
Содан бері мемлекет кҿлеміндегі ҽр түрлі басылымдарда Ақыт шығармашылығы
жайлы Қалибек Манапұлы, Ғазез Ақытұлы, Ҽуелқан Қалиұлы, Мағзан Ҽкуҽұлы,
Қайолла Нұртазаұлы, Шҽміс Құмарұлы, Ахметбек Кірішбаев, Байахмет Жұмабайұлы,
Чын Хұңбу, Шҽкен Оңалбайұлы, Жақып Мырзақанұлы, Дутан Сҽкенұлы, Омархан
Асылұлы, Мағаз Сүлейменұлы, Мақай Сейітқалымұлы, Мұхтар Ҽбілханұлы, Зейнолла
Сҽнікұлы, Комуна Жанбозұлы, Тҿлеубай Дошықұлы, Мҽтқабыл Мұқаметкҽрімұлы
қатарлы қаламгерлердің алды бес-алтыдан арты бірден зерттеу мақалалары мен
Ҽбенбай Бажаев, Шҽмшҽбҽну Қамзақызы, Тҽпей Қайысқанұлы, Ҽріп Мақаұлы қатарлы
ақындарымыздың арнау ҿлеңдері арт-артынан жарияланды.
Ал,Моңғолиялық филология ғылымдарының докторы Қабидаш Қалиасқарұлының
1972 жылы жазған «Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақов» атты мақаласы Моңғолиялық
Шынай Рахметұлының «Абай мен Ақыт – үндес, ұқсас екі түлға» жҽне «Абақтан
шыққан ақылгҿй» атты мақалалары, Моңғолиялық Кҽкей Жанжұңұлының «Ақыт
жайлы аз сҿз» атты мақаласы Моңғолиялық Р. Асылбекұлының «Ақыт қажыны
ардақтайық» атты мақаласы, Моңғолия Баян-Ҿлгей аймағының «Ғақлия» атты кітапты
шығарушылар алқасының «Бісміллҽ сҿз басы, қалам сия кҿз жасы» атты мақаласы,
Қазақстандық Нұрқасым Қазыбекұлының «Түбі бір, тағдыры басқа Моңғолиядағы
қазақ ҽдебиеті» атты мақаласы, Қазақстандық зерттеуші, ғалым Нариман
Мұқаметқанұлының «Ғұлама ақын - Ақыт» атты мақаласы Қазақстандағы газет,
журнал, альманахтарда ілгерінді-кейінді жарық кҿрді. 1990 жылдар ішінде
Моңғолияның Баян-Ҿлгей аймағында ғұлама ақын Ақыттың «Қажы баян» жҽне
«Ғақлия» атты екі кітабы баспадан шықты. Ал, ҚХР-да Ақыт ҿлеңдері ҽр алуын
77
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 5(41), 2012
журналдарда жариялана бастағанына да жиырма жылдан асты. Сонымен бірге, Ақыт
шығармаларынан
үзінділер
орта,
орталау
мектеп
оқулықтарына,
радио
бағдарламаларына кіргізіле бастады.
Ақынның есімі «Қытай энциклопедиясы» (Қытай ҽдебиеті бҿлімінің 1-кітап, 2-
бетінде) сҿздігінен орын алды. Айырықша айта кетерлігі: 1993 жылы 11-айда СУАР
автономиялы аудандық ҽдебиет-кҿркемҿнешілер бірлестігі Ақыт туылғандығының 125
жылдығын атап ҿтті. 1998 жылы 7-айда Құлжа қаласында 130 жылдығын атап ҿтті.
1998 жылы 12-айда СУАР автономиялы аудандық ҽдебиет-кҿркемҿнершілер бірлестігі
автономиялы аудандық ұлттық істер комитеті мен радио-телевизия станцияларының
селбесуінде ғұлама ақын туылғандығының 130 жылдығын атап ҿту жиыны ҿтті.
1994 жылы Үрімжіде автономиялы аудандық ұлттық істер комитетінің «Аз ұлт
байырғы шығармаларын жинап, реттеу алқысы» Ақыт шығармаларының он бес мың
жолдан асатын 1-томын, 1999 жылы 2-томын баспадан шығарды. 3-томы баспаға
дайындалу үстінде. Таңдамалы шығармалары қытай тіліне аударылды. Осының
барлығын – Ақыттану, Ақыт еңбегін бағалаудағы қомақты нҽтижелер деуге болады.
Бірақ, бірнеше реткі еске алу жиыны мен шығармашылығының 1-ші, 2-ші томы жарық
кҿрумен, жарияланған бірқанша ұзын-қысқа мақалалармен «Ақыт ҿз бағасын алып
болды» деуге ҽлі де ерте. Солай да Моңғолия мен Қазақстанда Ақыт шығармашылығы
ертерек ауызға алынып зерттеле бастады. Мысалы: Ақыт Үлімжіұлы жайлы
Моңғолиялық жазушы Қабидаш Қалиасқарұлының жазған «Ақыт Үлімжіұлы
Қарымсақов» мақаласы 1972 жылы жарияланды.
Қазір «Жиханшаның» жазылғанына 113 жыл, басылым шыққанына 107 жыл
болды. Қтайдағы қазақтар арасында бірінші болып Қорғасын баспада басылған
кітаптың бірі осы. Тағы бір деректе «Сҽйвілмҽлік» қиссасы мұнан екі жыл бұрын
басылғандығы айтылған. Ондай болғанда ақынның алғашқы кітабының жарық
кҿргеніне 109 жыл болады. Сҿйтіп Ақыттың аты «Жиханша» дастаны арқылы бұрынғы
Совет одағындағы кең байтақ қазақ сахарасына, Сарыарқа мен Кҿкшетауға, Іледегі
Үйсін тауына ірге тепкен қалық Қызай руы мен Албан руына, Тарбағатайды
мекендеген Найман мен Керейлерге жете бастайды.
Ақыттану ғылымы Қытай, Моңғолиядағы қандастарымыз арасында кеңінен
жалпыласқаны мен, еліміздегі ҽдебиеттанушылар ҽлі де жалқаулық танытып келеді.
Мұның себебі ҽр қалай. Жүйеден екі алып империя арасындағы қызыл сызық
салдарынан шетелдегі қазақтар шығармашылығымен танысу қиынға соқты. Ал
тҽуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда да ұлымызды ұлықтап, жоғымызды жоқтап,
барымызды бағамдап алсақта болар еді. Ҿкініші «балапан басына, тұрымтай тұсына»
кеткенде Ақыт шығармашылығы жоқтаусыз қалғаны рас. Қолдан құдай жасап, алты
ауыз ҿлең жазғанды алып етіп ата қуып кеткен арсыздықтан бір Ақыт емес талай ұлы
тұлғаларымызды тот басып тасада қалды. Құдайға шүкір, кеште болса шеттегі
қандастарымыз арасында сҿзі қатталып, жыры жатталып, есімі ел аузындағы аңызға
айналған Ақыт Үлімжіұлын зерттеп, шығармаларымен танысу тҽуелсіз елімізде де
қолға алына бастады. Қазақстандағы қазіргі қазақ ҽдебиеті тарихына Ақыт есімін
қалдыруда – филология ғылымдарының докторы, прафессор Т. Кҽкішұлы мен прфессор
Зүфар Сейітжанұлының зерттеу еңбектерін айырықша атап ҿтуге болады. Сонымен
бірге тарих ғылымдарының докторы, прафессор Нҽбижан Мұхаметқанұлы, филология
ғылымдарының кандидаты Дүкен Мҽсімқанның, жазушы Жҽди Шҽкенұлының
еңбектерінде Ақыт шығармашылығы туралы кеңінен баян етіледі.
Бұған дейін Алматыдағы «Атажұрт» баспасынан жарық кҿрген Ақыт
Үлімжіұлының «Жиһаншаһ» атты ҿлеңдер мен дастандар жинағы ақын
шығармашылығының Қазақстанда тұңғыш кітап болып шығуы деп жоқтан барға
қанағат сезінгенсіп жүргенімізде азаматқа бергісіз абройлы еңбек атқарған Гүлнар
Омарованың ақын шығармаларының екі томдық толық шығармалар жинағын
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №5(6) 2011.
78
Түркияның Кония қаласынан бастырып ҽкеліп жарқыратып, оқырманға тарту еткені
үлкен ерлікке барапар.
Сҿз соңында айтарымыз, Ақыт шығармалары шетел қазақтары үшін, болмаса
азғана ру мен ұлыстың үлесі емес, ұлттық мінбе тұрғысынан қарастыратын құнарлы
еңбек екенін ойланатын кез келді. Осы орайда айта кетер базына, Қазақстанның
келешек қара кҿздеріне шетел ҽдебиеті, орыс ҽдебиеті, ТМД ҽдебиеті т.б. деп оқытып
санасына құйып жатқан уақытта «Шетелдегі Қазақ Ҽдебиеті» деген арнайы курс ашып
оқытса да артық болмас еді. Курстың жүгін кемітпес талай тұлғаларымыз шетелде
жатқанын айтудың айыбы не?! Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінде 2005-жылдан бастап «Шетелдегі қазақ ҽдебиеті» таңдау пҽні ретінде
оқытылып келсе, 2012-жылы қыркүйектен бастап Евразия университеті «Шетелдегі
қазақ ҽдебиеті» деген пҽнді жоспарға енгізіпті. Ел болып елеңдеген мҽдени мұра
бағдарламасы аясында осы мҽселені де қарастырса құба-құп болар еді.
ҼДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.С.Мұқанов ХХ ғасырдағы қазақ ҽдебиеті. А., Атамұра, 2008ж.
2.Ақыт ақын Үлімжіұлы. (жыр, толғау, қиссалар). Ҿлгий – 1994 ж.
3.Ақыт Үлімжіұлы. Шығармалары. (үш томдық).Шыңжаң халық баспасы.
4.Ақытұлы Ғ. Ақыт Үлімжіұлы. «Тарихтағы ҽйгілі адамдар» сериясымен. Пекин:
«Ұлттар баспасы» 2000ж.
5.Омарова Г.С. Ақыт Үлімжіұлы дүниетанымының қалыптасуы// Ҽл-Фараби
(философиялық-саясаттанулық жҽне рухани танымдық журнал), №3, 2004ж.
6.Сҽмитұлы Ж. Қытайдағы қазақтар. Алматы 2000ж.
7.Мҽсімханұлы Д. Сарап. Ҽдеби – зерттеу мақалаларының жинағы. Астана: Елорда,
2001. 240 бет.
РЕЗЮМЕ:
В статье рассматривается творчество акына Акыт Улимжиулы и казахская
литература.
SUMMARY:
The article deals with the creation of poet Akyt Ulimzhyuly and Kazakh literature.
Достарыңызбен бөлісу: |