209
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
жол басы! Бақ бар жерде бәсекенің болатыны ақиқат. Дамуды
тоқтатсаңыз, көшбасшылықты жоғалтып, жетістіктен айрыласыз.
Оқу әрі даму көшбасшылықты ештеңеден бастаудан оңайырақ.
«Өмір бойы білім алу – әрбір Қазақстан азаматының жеке кредо-
сына айналуы тиіс» («Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы, 2011жыл) деген Елба-
сы халыққа Жолдауында. Өмір бойы білім алу – бұл жетістікке
деген кілтіңіз. Өзіңді жетілдіру арқылы айналаның сені және
өзіңді өзің бағалауға, барлыққа, бақытты сезінуіңе оң, жағымды
әсер етеді. Айналада үздіксіз оқу үшін толған мүмкіндіктер
(ақылы, ақысыз) бар:
- Кітаптар;
- Арнайы журналдар мен газеттер;
- Аудиокітаптар;
- Интернет;
- Кәсіби маман
Үнемі оқу, өзіңді жетілдіру ғана қаржылай қалыптасуыңа
маңызды әсер етеді.
Сүйікті іспен айналыс! Сүйікті іс – ол бизнестегі жетістіктің
маңызды қыры. Өйткені адам сүйікті ісімен айналысқанда –
назары, көңілі, сол істе ғана болады, кез-келген қиындық пен
кедергіні жеңу жеңілірек, түйсінеді, қызығушылық танытып
уақытпен санаспай жасай алады. Алынған өнім – қабілеттің,
дарынның көрінісі, күш-жігердің қарымы, тасқыны сезіледі.
Қаржылай бақуатты адамдарды екі категорияға бөлуге болады:
сүйікті ісімен айналысу арқылы дәулетті болған және «өзге»
қалаусыз іспен шұғылданып дәулетке ие болғандар. Бұл екі
топтағы адамдардан физикалық, психикалық ерекшеліктерді
аңғаруға болады. Сүйікті іспен айналысқан адамның нұрланғаны
байқалады, ал «өзге» іспен айналысқан адамның түрлі ауруларға
(асқазан жарасы, бауыр, сүйек, бас, т. б.) шалдыққаны байқалып
жатады. Адам өміріндегі басты себеп – өз ісіңді табу.
Бағыт қалыптастырып оған қарай күш жұмсаған жөн.
Алға қойған бағыты бар адамға күнделікті бітпейтін жанама
күйбең тірлік тосқауыл болуы әбден мүмкін. Дегенмен, сол істің
маңыздылығын, құндылығын ойлап өз бағытыңды қалыптастыру
қажет. Бағытыңыздан маңыздырақ істер ғана алаңдатсын. «Осы ай-
I Қазақстандық философиялық Конгресс
210
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
налысып жүргенім менің уақытымды тиімді пайдаланудың жолы
ма» деп өзіңе сұрақ қоюдың еш артықшылығы жоқ. Мақсат толық
іске асқанша алған бағыттан таймай айналысуды қажет етеді.
Қателесу арқылы оны жетістікке айналдыру. Бала кезден
бізде қателік, сәтсіздік алдында үрей болады. Өмір бойы (от-
басы, балабақша, мектеп, ЖОО, жұмыс) қателігіміз үшін айып-
тап, жазалайды. Күннен-күнге қателік пен сәтсіздіктің алдында
қорқыныш, үрей арта түседі. Үрейленудің салдарынан адамдар
өмір табалдырығында қалып қойып, жетістік оларды қалай ай-
налып өтіп кеткенін де байқамайды. Сәтсіздік, құлау, қателік –
бұл бизнес философиясының, бизнестегі жетістіктің шешуші
элементі. Сәтсіздікке жол ережесі ретінде қарауымыз керек. Бұл
белгілер бізге тоқтап, кідіріп, нені аңғаруымыз жайлы ойланудан
хабар береді. Олар бізге жаңа нәрсені игеруімізге үйретеді.
Нағыз кәсіпкер қателік жібергенде ол туралы айналадағы
адамдардың пікіріне назар аудармайды. Ол өз ағаттығына көңіл
бөледі. Қателіктің салдарынан шыққан мәселені қалай шешу-
ге болады; болашақта одан қалай құтылуға болады; қателік
қайталанған жағдайда салдарынан қалай құтылуға болады;
қандай сабақ алуға болады; сәтсіздікті мүмкіндік пен жетістікке
қалай айналдыруға болады сынды өзіне сұрақтар қояды. Тоғышар
көптің бірінен кәсіпкер осындай ой-өрісі арқылы ерекшеленеді.
Өзіңді ұстай білу. Әрбір жеке адам «дәл қазір» дені сау, отба-
сылы, шипажайда демалуға, ақшалы, үйлі, көлікті, сайып келген-
де бақытты болғысы келеді. Осының бәрі «дәл қазір».
Осы «дәл қазір» өзімізді ұстай білу мәнерімізге кері ықпалын
тигізіп жатады. Миллионерлер ұзақмерзімді мұраттар мен
мақсаттар қоя отырып сәттік пайдаға жүгірмейді. Олар әрбір күні
өз мақсаттарына қарай қадам басады. Шыққан шығын қойылған
мақсатқа кепіл болады. Бұдан шығатын қорытынды, өзін-өзі
ұстай білу – бір нәрсені жасау керек болса соны жасататын
сапа, сондықтан сәттік ұмтылыс қажет емес. Жетістікке жеткен
адамдар алғашында нақты нәтижеге апаратын әрекеттерді ғана
жасайды, қиын әрекет болуы мүмкін, бірақ қажет. Аз табысты
адамдар ішкі рухани күйзелістен құтылатын әрекеттерді («менде
дәл қазір мәселе!») жасайды. Ол әрекеттер болмашы және қазір
ғана сәттік қуаныш береді.
I Казахстанский философский Конгресс
211
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
Өз әрекетіңізге тәжірибе жасаңыз. Әрбір адамда күмән-
данатын және өзіне сенімсіз болатын сәттер болады. Түрлі
көзқарастар болуы мүмкін, бірақ бір ғана нұсқаны, шешімді
қабылдау қажет. Өзіне сенімсіздіктің қауіптілігі сол көп жағдайда
күдік жеңіске жетеді. Күмәндану салдарынан адамдар бірнеше
есе уақытын да жоғалтып жатады. Заңды түрде бірнеше айда
бітетін шаруаны уақытында батыл шешім қабылдамағанның
салдарынан, уақыт жоғалтып алып кейін шарасыз іске баратын
жағдайлар орын алып жатады. Егер табысыңды, уақытыңды
айналаңдағы «өзгелер» жоспарлап қойса, оған да өзіңнің билік
беріп қойғаныңды аңғарғаның абзал.
Қорыта келе, бизнесте қаржылай жетістікке жету адамның
өз қолында екені, болмаған жағдайда оның себебін ата-анадан,
уақыт, денсаулықтан іздемей әрбір жеке адам өзі жауапты екенін
түйсіндіру жаһандану дәуіріндегі философиялық бағыт – «биз-
нес философиясының» негізі деп санаймыз. Сондықтан тео-
рия мен практиканы ұштастырған бұл бағыттың жастар үшін
маңызы зор.
I Қазақстандық философиялық Конгресс
212
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
ЖАҺАНДАНУ ШАРТТЫЛЫҒЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯ
Айна ҚАБЫЛОВА
(Алматы)
«Жаһандастыру қарсаңында бүгінгі Қазақстан өркениеттік
дамудың өз жолын таңдауы және ол жол ұлттың төл мүддесіне
сай келуі тиіс. Қазіргі өркениет Қазақстан алдында дамудың үш
жолын ұсынуда. Біріншісі – англо-саксондық, яғни либеральдық
демократияға, нарықтық экономика және жеке бастылыққа
негізделеген қоғамның даму үлгісі, екіншісі, түріктік, яғни
комунитарлық, ұжымдық, шығыстық құндылықтарға негізделген
қоғамның даму жолы, үшіншісі, еуразиялық. Біз үшін ең тиімдісі
де, менталдық табиғаты жағынан жақыны да соңғысы. Еура-
зияшылдықта өткен мен бүгінді, көшпелілік өркениет пен батыс-
тық мәдениетті, халықтың тарихи санасы мен әлемдік өркениетті
шығармашылық тұрғысынан ұштастыру бар» [1, 490 б.] деген
Т. Бурбаев мінездемесіне бойлай отырып, жалпы осы еура-
зияшылдыққа сипаттама беріп көрейік. Еуразия туралы айтатын
болсақ, бұл адамзат мәдениетінің екі полюсінің тоғысқан орта-
лығы. Шығыс пен Батыс өркениетттерінің энергиясынан үйле-
сімділік пен қуат алады. Бүгінгі таңда өзекті болып отырған
Шығыс пен Батыстың өзара сұхбаты кезінде еуразиялық идея-
ның, еуразиялық философияның рөлі қандай. Егер Батыс
әлемінің девизі «сыртқы әлемді таны және өзгерт» десе, шығыс
әлемі «өзіңді таны және өзгерт» дейді, ал еуразиялықтың девизі
«жақсылық жаса» немесе кемеңгер Абайдың сөзімен айтсақ
«Адам бол!». «Кезінде Абай айтып кеткен «Адам бол!» мен
Шәкәрімнің «Ұжданы» осы руханилық әлемінің негізгі өзегі бо-
лып табылады. Бұл жерде оппоненттерден пікір таластыру
мақсатында «нарықтың қатал заңдарын қайда қоямыз?» деген
сұрақтар туындауы мүмкін. Мәселе осы қайшылықтарды
болашақта жаңаша зерделеуде» [2, 10 б.]. Еуразиялық идея
Шығыс пен Батыс идеяларына қарағанда өзгеше, өзіне тән
ерекшеліктері бар. Бұл идеяда басқа идеяларды таза және толық
I Казахстанский философский Конгресс
213
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
түрінде жақындату мен синтездеу әдісі бар. Бұл идеяның мақсаты
– әлемді қайта құрып, адамды кемелдендіріп бір-бірінен
алшақтатпай, бірін-бірі толықтырып тұратын күйге түсіру.
Басқаша айтқанда адамның материалды-тәжірибелік қызметі
рухани-мінез-құлықтық бастамамен ұрықтанып, өз кезегінде
адамның рухани–мінез-құлықтық дамуы ғарыштан бөлектен-
бей, болмысты тануда ақиқат әрекетке көшу. «Әлемдегі құбы-
лыстарға адамның құндылықтық қатынасы екі түрлі формада
көрініс береді – «нәрселік құндылықтар» және «субъектілік
құндылықтар». Әлемнің көп түрлі құрылымы «нәрселік құнды-
лықтар» түрінде сипатталып, олар жақсылық пен зұлымдық,
ақиқат пен жалғандық, әсемдік пен құбыжықтық, әділдік пен
әділетсіздік және т.б. дилеммаларда көзқарастық сұрыптаулардан
өтеді. Бұл құндылықтарға адамды қоршаған табиғи орта және
оның өз қолымен жасаған туындылары (материалдық және ру-
хани) жатады. «Субъектілік құндылықтарға» – әртүрлі норма-
ларды танытатын принциптер, рәміздер, ұстанымдар, талаптар,
бағалаулар, шектеулер, ділдік ерекшеліктер және т. б. жатады»
[3, 362 б.]. Терең пайым зердесіне оранған еуразиялық орта бітім
болмысы жағынан тәжірибелі-гуманистік қуатының арқасында
Батыс пен Шығыстың барлық жақсы-жақтарын яғни материалды-
тәжірибелік қызмет пен психорухани мәдениеттің өздеріне керек
жерлерін ғана алып, синтездеу әдісімен шұғылдануда.
«Еуразияшылдық «көп халықты ұлт» (немесе Л.Н. Гумилевтің
кейінгі «еуразиялық суперэтнос» атауын пайдалансақ) біртұтас
үйлесімділік құрамындағы әрбір халықтың құқығы мен
ерекшелігін мойындайды. Бұл мұраттың негізін салушылар көп
ұлтты еуразиялық мәдениеттің негізі «материалдық база» неме-
се «мемлекет алдында бас июшілік» емес, ең алдымен руханият
және рухтың биіктігі болуы керек деп түсінді. Осыған орай «еу-
разия философиясы», еуразия көп халықты ұлтының философи-
ясы» сияқты жаңа термин енгізу қажет сияқты» [4, 428 б.]. Себебі
Еуразиялық – адамның әлемге қатынасының нағыз жаңа болашақ
үлгісі, өмір сүрудің өркениеттік жаңа түрі, ғаламдық мәселелерді
шешудегі көпұлтты мәдениеттер сұхбатының кеңістігі. Көрші
елдермен көп деңгейлі интеграцяның жүруі кездейсоқтық емес,
заңдылық. Ал, нақты Еуразия экономикалық қауымдастығы (Ев-
I Қазақстандық философиялық Конгресс
214
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
рАзЭС) идеясы туралы айтатын болсақ бұл жерде саяси
қызығушылық емес, керісінше осы жердегі халықтардың ішкі
этномәдени және психоментальды жақындығына орай, яки
славяндықтар мен тұрандықтардың түбіріндегі туысқандық
сенім болып отыр. «Басқа сыншылар Еуразиялық мемлекеттер
одағының қазіргі жобасын КСРО-ны қайта қалпына келтіріп
орнықтыруға тырысушылық деп бағалайды. Бірақ бұл жоба
мүлде кеңестік құрылысты қайта жаңғырту емес, бұл қазіргі
жағдайда мүлде мүмкін де емес, оның үстіне «Еуразияшылдық»
пен «Кеңесшілдік» синоним емес» [5, 429 б.]. Бұл идеяның
көтерілуі Қазақстан халықтарының діни ерекшелігіне де байла-
нысты. Алматыда өткен Екінші Еуразия медиа-форумының
қонақтары мен делегаттары Шығыс пен Батыс арасындағы
қарам-қайшылықтардың негізі дінге байланысты деп отыр. Біз-
дің елімізде болса әртүрлі діндердің кішіпейіл бейбітшіл ниеті
әлі сақталып келеді. Ең маңыздысы сол ол христиандық право-
славие мен ислам қарым-қатынасының толеранттылығы ерекше
сипатта. «Бүгінгі таңдағы қалыптасқан әлемдік тәжірибеге
сүйенсек, дүниежүзі халықтарының даму жолдарының біркелкі
болмайтындығы айқындалып қалғандай. Шын мәнісінде бір
халыққа сай келетін мәдени үлгілері екінші бір халықтың
менталитетіне мүлде үйлеспейді, ал мұндай жағдайлар белгілі
бір этностың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрлерін, наным-
сенімдерін және т. б. өмірлік қажеттіліктер жүйесін қамтуы
мүмкін. Бүгінгі заман тұрғысынан қарастырғанда Батыстың
өркениеттік жетістіктерін кез-келген елдер қолдана алатын-
дығына көзімізді жеткізіп те отырмыз. Алайда, дәл осындай даму
жолына түскен елдердің саяси-экономикалық, мәдени өмір сал-
ты толық батыстық сипатқа ие бола ала ма? АҚШ, Батыс Еуропа
елдері сияқты әлемнің ең іргелі, алпауыт мемлекеттері қазақ
еліне Батыс өркениетінің құндылықтарын енгізуге тырысып
жатқан кезде қазақ халқының даналық қағидаларын да бір сәтке
де естен шығармаған жөн болар. Өйткені, қазақ мәдениетінің
сұхбаттастық аймағының бұрын болып көрмеген дәрежеде
кеңеюі жағдайында ұлттық мәдениетімізді сақтап қалу ғана
емес, оны одан әрі дамыта берудің өте қажет екендігін сезіне
білуіміз керек» [5, 331 б.]. «Егер далалық-көшпелілердің өмірі
I Казахстанский философский Конгресс
215
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
мен рухы тек сезімдік және заттық мазмұнмен шектелген болса,
онда қазақтың тарихына деген қатынас мәдени даму мен рухани
және бұйымдық, өндірістік қызметтің еуропалық межесінде
қалар еді [6, 430 б.]. Өткеніміздің мұраларына ынта қоя отырып,
бүгінгі жаһандану заманыныдағы маңызды мәселелерді күн
тәртібіндегі бірінші кезекке шығару парыз. Қазақстанның ішкі
саяи жағдайындағы этникалық татулықты сақтау, діни
толеранттықты нығайту, басқаша айтқанда адамдық қарым-
қатынастардың ядросы болып табылатын дүниетанымдық,
әлемтанымдық зердені молайту, дұрыс сарында жетілдіру.
Қазақстанда діни еркіндік бар екен деп секталардың, түсініксіз
діни қауымдастықтардың да шектен шыққан қозғалыстарын
естіп отырмыз. Әрине әскери-діни ұйымдар сипатындағы жа-
байы конгломераттар жоқ, егер ертерек құрықтамасақ болып
қалуы да ғажап емес. Ұлттық қауіпсіздікті алдын ала қам-
сыздандыру мақсатында мемлекетіміз олармен күрес жүргізіп
отыр. Шындықтарға құлақ түретін болсақ, барлық діндер, соның
ішінде әсіресе ислам мемлекеттің барлық жүйесін өз қолына
алып, өмірдің барлық жақтарына билік жасағысы келетін жерле-
рі жоқ емес. Алайда тарих пен тарихнаманың айтуынша мұсыл-
мандардың өзі де әркелкі. Мысалы, біздер қазақстандықтар ис-
лам дінінің фундаменталистік бағытын ешқашан өзіне жақын
деп санамаған, қазақ ұлтына әл-Фараби, Иасауи, Баласағұн,
Абай, Шәкәрім рухындағы ислам жақын. Қазіргі «сындарлы
кезеңде дәстүрлі мәдени бағыт-бағдар мен болмысымыздан тай-
май, ұлттық мәдениетке төнген қауіп-қатерге қарсы халықтың
саналы әрекетшіл рухын қарсы қоя білумен қатар, замана
ағымына бейімделе отырып өз мәдениетімізді де биік тұғырға
көтере білгенге не жетсін. Дәл осы айғақтайтын мысалдарды
көптеп келтіруге болады. Оған дәлел: Латын Америкасы
елдерінің сөз өнеріндегі соны тәсілдер, Африка елдерінің қол
өнеріндегі төлтума сипаттар, Жапония мен Қытайдың бейнелеу
өнеріндегі жаңа өрнектер, Еуропа елдерінің тарихи болмысын
айқындайтын суретші-экспресссионистердің соны туындылары
және т. б.», – деп жазады Ж. Мүтәліпов [7, 332 б.]. Өзіміздің
рухтың ерекшелігіміз бен тарихи көмбелерімізге терең үңіліп,
соны дәріптеу керемет жеңісті шешім болмақ. Халықтың
I Қазақстандық философиялық Конгресс
216
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
ұлылығының өзі рухани мұра қалдырған бірегей тұлғалар
келбетімен анықталады. Бұл турасында Қ. Шүлембаев «Халық
сан жағынан аз болуы мүмкін, сонда да тарихтағы орнына қарай
ол ұлы халық болады. Қазақстандық бабамыз әл-Фараби,
тәжікстандық Ибн Сина, өзбекстандық Ұлықбек, әзірбайжандық
Низами, түркменстандық Махтұмқұли, ертедегі грек ойшылда-
ры мен ортағасырлық Коперник, Бруно, жаңа дәуір философта-
ры мен ғалымдары Бэкон, Декарт, Дидро, Ньютондар сияқты
жалпы адамзаттық рухани қазына қалыптастырғанын кім теріске
шығара алады? Теріске шығару мүмкін де емес. Тіпті, бағыты
басқа діни ғұламалардың өзі жалпыадамзаттық руханилыққа
қызмет еткен. Әл-Газали, әл-Бухари, Августин, Тертуллиандар-
сыз біз адамзат тарихын тани алмаған болар едік. Үңіліп қарасақ,
сол тарихтың субъектісі болғандар тілі мен діні басқа түрлі
халықтардың өкілі. Олардың басын қосып, дәнекер болып
жалпыадамзаттық тарих сабақтастығын қамтамасыз ететін
руханилық» деген пікір айтады [8, 506 б.].
Шығыс өркениеттерінің ғылымы дамуы жағынан батыс
өркениетінен еш қалыспайды, тек философия арқылы әлемді
тануы басқа бағытта дамып отыр. Бұл бүгінгі таңда дәстүр мен
мәдениетті талап ететін іргелі ғылымдардың дамуында өз септігін
тигізеді. Мысалы ғаламшар өкілдері үнді ғылыми мектебінің
дамуына таңданыспен қарайды, бұл жерде мыңғасырлық та-
рихы бар бай үнді философиялық жүйесінің негіз болғанын
ешкім жоққа шығара алмайды. Дегенмен бірде-бір өркениет
өзінің құндылықтарымен ғана даму сатысына көтеріле ал-
майды, өркениеттер мен мәдениеттер бір-біріне ықпалдасып,
жаңа білім мен ғылымды игере отырып, әлемді танудың жаңа
үлгісін ұсынады. Ислам өркениеті мен тарихы туралы айтқанда
еуропалық ғылыми ой-санамен тығыз байланыста болған араб
әлеміндегі ғылым мен мәдениеттің жедел дамығанын айтпасқа
болмайды. Араб медицинасы, математикасы, философиясы өз
заманында алдыңғы орында болды. Басып айтарымыз Батыстың
технологиялық және өндірістік үстемдігі тек ХҮІ ғасырдан бастау
алады. Шығыс қоғамы Батыстағы жетістіктерді бірден өзіне ала
қоймайды, өйткені шығыстың өзіне ғана тән қайталанбайтын бай
және нәзік рухани мәдениеті бар. Бұл жерде бір ғана шешім бар,
I Казахстанский философский Конгресс
217
ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ
ол – болымды да нәтижелі синтез. Мәдениеттердің кездесуі мен
жақындасуы олардың әлеуметтік мәдени өсіңкілік жағдайына
байланысты. «Мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мәселесі
Қазақстанда барынша белсенді талқылануда. Осы мәселені зерт-
теуге байланысты негізгі көзқарастарды тарқата отырып үш
негізгі бағытты атап көрсетуге болады. Біріншіден, «аккультура-
ция» концепциясы, оның мағынасы батыстық әлеуметтік-мәдени
үлгілермен жақындасуда; екіншіден, «мәдени төлтумалық» тео-
риясы, онда қоғамның өзін-өзі бекітуінің негізгі бастауы ретінде
ұлттық мәдени мұраға арқа сүйеудің қажеттілігін көрсету
негізгі тезис етіп алынады; «мәдени плюрализм» саясаты, ол
«техногендік факторларға» байланысты ұлттық мәдениеттердің
біркелкіленуінің күшеюіне қарсы бағытталған» [9, 217 б.].
Біздің республикамыз және де басқа да мемлекеттер орналасқан
құрылық – Орталық Азия соңғы кездері осы мәселе төңірегінде
жиі ойланады. Бұл жерде жаңа мемлекеттер бой көтерді, олар
өзіндік мәдени құндылықтарын қайта жаңғырту бағытында
белсенді қимылдайды. Барлығымызға белгілі Орталық Азия
ислам әлемімен тығыз байланыста бола отырып, өзінің мәдени
болмысы мен ерешеліктерін сақтап қала алды. Олар ислам-
ды қабылдады және өздерінің мәдениетінің негізгі құрамдас
бөліміне айналдырды. Алайда бұл процес бір жақты болып
қойған жоқ, өзара тиімді екі-жақты ұмтылыс пен әрекеттестік
негізінде жүрді. Ислам мен араб мәдениеті түріктерді кенелтіп
байытса, дәл осы кезде түріктер мұны іліп-әкетіп әлемді
танудағы түркілік орта мен араб және ислам білімінің синтезі
негізінде жаңа мәдениеттің іргетасын қалайды. «Қазақ даласын-
да өркениеттің өзіндік сипаты мен деңгейі өріс алды, өзгелерден
өзіндік үлесін еншіледі, өз еншісін иемденді. Ұйымшыл құдірет
пен қуатқа бөленді, өзіндік және ортадағы кеңістікті кеңейтті.
Ашық кеңістікте өзін еркін ұстағандар өмірдің жаңа салмағы
мен жауапкершілігін жоғары деңгейде сезінді. Өзгенің қателерін,
жаңа қабілеттен туындайтын қабілетті өз пайдасына жаратуды
үйренді», [10, 189 б.] өз жетістіктерін басқа ұлтқа табыстады.
Жалпы түркі тілдес халықтардың дәстүрі мен мәдениеті әркелкі
болып келеді. Мысалы өзбектер дәстүрлі отырықшы халық бол-
са, қазақтар мен қырғыздар – көшпенділер. Әрине осындай өмір
I Қазақстандық философиялық Конгресс
218
ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
үлгісі олардың мәдениеті мен философиясына да әсер еттті. Осы
жерде тағы бір мәселені айқындаған дұрыс. Отырықшы аймақтар,
әсіресе Өзбекстанда исламдық өркениетке құлшыныс қырғыздар
мен қазақтарға қарағанда күштірек. Алайда Өзбекстанды араб
тұрғындары бар ислам елдерімен қатар қоя алмайсыз. Өзбектер
түркілерге жақын. Орта Азия халықтары өздерінің тілі, дәстүрі,
тарихына байланысты тұтастық құрады, үзілмейтін өзара байла-
ныс бар. Орталық Азия – Шығыс пен Батыс мәдениетінің ортасын
байланыстыратын көпір. Әлемдік өркениеттік процеске ене оты-
рып, өзінің рөлін тұрақтандырады. Орта Азияның жүрегі болып
табылатын Қазақстан және қазақ мәдениеті бүгінгі таңда өзінің
тарихи түп-тамырлары көшпенді дала мәдениетіне ерекше на-
зар аударып отыр. Өйткені «қазақ халқының тарихи философия-
сы ғасырлар бойы Ұлы дала аймағында қалыптасқан дәстүрлі
материалдық және рухани мәдениеттің, синкреттік дүниетаным
мен менталдық ерекшеліктердің негізінде қалыптасты»
[11, 27 б.]. Көшпенділер ұйымдасқан және сезімтал мығым им-
перия құрды. Дала өркениеті әртүрлі мәдениеттің түйіскен тора-
бына айналды. Түркі-ислам әлемі жаңа көпполярлы әлемде ірі
өркениет алыптары Батыстың, араб-иран әлемінің, Ресей мен
Қытайдың мәдени құндылықтарын бір-бірімен табыстырып,
жалғастырып отыратын орталыққа айналды. Біздің бұл жерде
негізгі айтайын деп отырғанымыз – Қазақстанның мәдениет пен
өркениет сұхбатындағы белсенділігі мен рөлі, қазақ этносының
маңайына шоғырланған полиэтникалық қауымдастықтардың
консолидациясына бағытталған ұлттық идеямызды іздеу. Қалай
десек те тарихи-мәдени ерекшелігіне негізделген қазақтық
және қазақстандық философия өзінің сипаты жағынан ешқашан
батыстық немесе шығыстық деген мәнге ие бола алмайды. Ол –
Батыс пен Шығыстың, Еуропа мен Азияның бүкіл жетістіктерін
өз бойын шоғырландырған, сөйтіп оның тоғысуы мен іштесуін
жүзеге асырған ерекше еуразиялық мәдениет және философия
деген атауға ие болады.
I Казахстанский философский Конгресс
Достарыңызбен бөлісу: |