ТҮРКІ ТІЛДЕРІНЕ ТӘН ЗАТТЫҚ-МӘДЕНИ АТАУЛАРДЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Дот. Б. С. ҚАРАҒҰЛОВА
Түйіндәмә: Бұл мақалада түркі тілдеріне ортақ атаулардың семантикалық тұрғыдан дамуы және
олардың шығу төркіні тарихи-салыстырмалы тұрғыдан талданады.
Тірек Сөздер: тіл, мәдениет, түркі тілдері, сөз тарихы, эволюция, этнолингвистика.
The Names of Turkic Languages Substance Cultural Evolution
Abstract: The article deals with the attitude of language and culture. These attitudes are argued by language
dates. Making historical-comparative analysis to the names, which came from common Turk layer, in the
article is considered the relation of the analyzed words with the language and culture.
Keywords: cultural linguistics, language, common Turkic, ethnolinguistic, historical-comparative method,
evolution of words.
Белгілі бір ұлттың даму тарихында заттық және рухани мәдениет өзара тығыз байланыста
дамиды. Сондықтан оларды бір – біріне қарама – қарсы қойып, бөліп қарауға келмейді. Оның
руханикалық ұғымы мәдениет дамуының негізі болып табылатын Шығыс мәдениетін (оның
ішінде түркі тілдес халықтар, соның ішінде қазақ тілі де бар) тікелей қатысы бар.Бұл
бағыттағалым А.Салқынбай:«Сондықтан Шығыс пен Батыс мәдениетінің қалыптасуына ең басты
әмбебаптық сипат тән емес» деген пікір айта келіп, өз ойын төмендегі ғалымның пікірімен
сабақтастырады:«Мысль о том, что одна культура дополняет, а не повтерят другую, порой
рассматривалась у нас как покушение на единство мировой культури... Признавалис лишь
несущественные частные расхождения, что не только обедняло мировую культуру, ибо народом
отказывалос в праве на собственное видение, но и припятствовало пониманю действительных
законов мирового процесса в целом. Следуя подобной точки зрения, невозможно узнать, в чем
суть мировой культуры, что за исходное берется какая-та одна модель, который придается
универсальный характер (Салқынбай, 2005: 17-18).
Шығыс халықтарының мәдениетінің дамуында өздерінің мәдени мұрасын пайдалану
маңызды фактор болып саналып, даму тарихында, өздерінің мәдени дәстүрлерін тірек қылады.
Мәдениет дегенде біз оны тілден бөліп қарамаймыз. Тіл – мәдениеттің бір көрінісі. Ол
екеуінің ара ерекше де маңызды. Кез келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнеленіп
көрінетіні, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні белгілі. Ұлттың пайда болуымен бірге тілдік,
шаруашылық аймақтық тұтастықтар болуымен бірге тілдік, шаруашылық аймақтық тұтастықтар
секілді, психикалық тұтастықтардың қалыптасуымен байланысты. Ұлттың тарихын
философиялық тұрғыдан зерттеген ғалымдар халықтардың жеке ұлттық ерекшелігін жоғары
бағалай отырып, кез келген ұлттың мәдениеті жалпы адамзаттық мәдениеттің ерекше бір бөлігі
деп қарайды. Ғалым тілдің ерекшелігі ретінде сөздің ішкі формасына басты мән береді. В.фон
Гумбольдтың түсіндіруінше, тіл дүниені тікелей, тура бейнелейді. Тілде адамның дүниені қалай
түсінетінің көрініс береді. Сондықтан ол былай деп тұжырымдайды: «Разные языки – это отнюдь
не различные обозначения одной и той же вещи, а различные видения её (Гумбольдт, 1985: 7).
Қай халықтың болмасын ғасырлар бойы жиып-терген рухани нормасы сан-салалы. Олар
жалпы мәдениеттің дамуына әр түрлі дәрежеде әсер етеді. Мәдениеті өркендеген халықтар өзінің
жасаған барлық материалдың – рухани жиһаздарын жиып, не бойына сіңіріп қоймай, оларды
мұқият ретке келтіріп, жасауша жинап, қағаз бетіне түсіріп және саралап зерттеп, ел кәдесіне
жаратумен қоса болашаққа мұра етудің жолын ойлаған. Ұлтымыздың тарихы, тұрмыс-салты, ой-
өрісі мен эстетикалық талғамдары тек оның рухани байлығы арқылы ғана емес, оның күнделікті
тұрмыста қолданған құрал-жабдықтарынан, үй-жиһаздарынан, киім-кешектерінен, әшекей
бұйымдарынан көрінеді.
Бұл жөнінде ғалым Е.Жанпейісов былай дейді: «Каждый этнос, также как и каждый этникос,
характеризуется общностью културы. Среди многочисленных ее функций нас интересует
этническая. Основным носителем этнических свойств, этническим слоем культуры вообще
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті, bkaragulova@mail.ru
118
III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu
являются обыденное создания, обиходный язык и традиционно-бытовая культура. Отсюда в
предметную область этнографии входят все компоненты этноса, обладающие в той или иной
степени этнических своеобразием. Эти компоненты этноса воспроизводятся устно-разговорными
средствами, что в совокупности составляет его этнокультурную лексику» (Жанпейісов, 1989: 3).
Сондықтан халықтың тұрмыс - әдет-ғұрыптар, дүниетанымы мен эстетикалық талғамдары тек
қана рухани мәдениет арқылы ғана емес, сонымен бірге халықтың күнделікті бұйымдарында,
мүліктерінде, киімдері мен әшекейлерінде де бейнеленеді. Сондықтан бұндай заттық мәдениет
лексикасы қазіргі ұрпаққа түсініксіз болуы мүмкін. Бұл атаулар бізде көне жырлардан, ескі тілді
мұралар арқылы келіп жетеді. Ал аталмыш тілдің мұралары халықтың рухани да заттық
мәдениетінің мол көзді арнасы болып табылады. Оның бойында халықтың өткен өмір жолын
бейнелейтін таптырмайтын бай тілдік деректері сақталған. Қалай болғанда да халықтың қоғамдық
өмірімен тығыз байланыста пайа болған этикалық жырларда ғасырлардың шындығы суретті түрде
бейнелейді. Себебі эпостар халықтың өмірінің жиынтығын, дүниетанымын, әдет-ғұрпын, арманы,
мүддесін, рухани өмірін бейнелейді. Ал бұл атаулар бізге тіл арқылы жетіп жатады және қазіргі
таңда заттық мәдениеттке тән көптеген атаулар күнделікті тұрмыста қолданылмағандықтан,
мағыналары көпшілік қауымға түсініксіз сөздерде айналып жатады. сөз мағыналарының бұл
қаситеті жөнінде у Р.Сыздықова былай дейді: «...Сөз мағынасының эволюциясы тек дамудан, яғни
жақсара түсу сипатында ілгері жылжудан тұрмайды. Сонымен қатар сөз мағынасының
күңгірттенуі, не мүлде ұмытылуы, ауысуы, кеңеюі, таралуы т.т. танытады (Сыздықова, 1884: 165).
Енді тарихымызда сақталған осындай атауларға тоқталайық:
Бұйымдардың һәммәсын
Сымбал қылып тартады.
Сандық пен жағланды,
Бәрін тізіп артады
Кенесары-Наурызбай
Осы өлең жолдарындағы жағлан лексемасы – сандық кішкентай қаптаған түрінің атауы. Бұл
жөнінде О.Нақысбеков: «Сыртын Жағлан сөзі – Қазақстанның оңтүстік өңірінде ХҮІІІ-ХІХ
ғасырларда кең тараған, киім-кешек салатын сандық атауының көне түрі. Зерттеушілердің айтуы
бойынша, жағлан әбдіре сандық сияқты үлкен емес. Оның ұзындығы 60-70 см, ені мен биіктігі 30-
35 см шамасында болады. Жағланның негізгі жұқа тақтайлардан құрастырылып, сырты түгелдей
қалың былғарымен қапталады, тек жағы ғана әр түрлі әдіспен көркемделеді (Нақысбеков, 1972:
41). Жағланға қажетті сапалы былғары мен күміс табу оңай болмаған, оларды тек сән қуған
ауқатты адамдар ұзатылатын қыздарына арнап жасатқан.Араб тіліндегі бұл сөзде жағала немесе
жағлун сөзінің (помещать, класть) орналастыру, салу деген мағынасы бар (АРС, ?: .160).
Тіліміздегі жағлан сөзі осы араб тілінен ауысып, заттық мағынаға ие болған сияқты
Ал жағлан сөзіндегі дыбыстардың өзгеру себебін фонетикалық прогрессив ықпал заңы
бойынша, екпінді буындағы а дыбысының ауанымен өзгеріп, қысаң ұ ашық дауысты дыбысқа
айналатындығымен түсіндіреді.
Осындай тұрмыстық лексикаға қатысты қазіргі кезде тілімізде қолданылмайтын сөздің бірі-
көнек.
Шимайлы торсық, шұбыр көнектен,
Қабыл болмай тілектен.
Сор даланы шаңдатқан
Ер Жәнібек
Көнек – ірі қара малдың бас не мойын терісінен жасалған, бие саууға не құдықтан су алуға
арналған шүмегі бар ыдыс (ҚТТС, 1974-1987). Көнекті көне тәсілмен жасағанда, жылқы терісін
көнек бейнесінде тігіп, ішіне шөп немесе сабан тығып кептеп, ол кеуіп толған соң, тезек шоғы
түйініне ыстайтын болған. Қостанайдың Федеровка, Семиозер аудандарында қымыз, шұбат тәрізді
сусындарды құятын ыдыстарды осылай атайды. Көнек қырғыз тілінде де «кожаное ведерко с
носиком» (ЮСл, 1965: 422) мағынасында кездеседі. Ал түрікпен тілінде сәл өзгешелу: көнек (кө)
сосуд из кожи (употребляется вместо ведра при дойке верблюда) (ТуркРСл, ?: 413) мағынасында
кездеседі. Монғол тілінде – ағаштан не теріден жасалған шелек.
Көнек сөзін семантикалық жағынан көн терісі дегендегі көн тұлғасымен жалғастыруға
болады, ол қазіргі көптеген түркі тілдерінде «иеленген тері» деген мағынада сақталған. Сонымен
119
Doç. M.a. B. S. KARAĞULOVA/Türki Tilderine Ten Zattık-Medeni Atavlardın Ebolyutsiyası
бірге ертеректе адамдар мал терісін илеп, киімдер киген. Қазақ тілінде «көнімді сатсам да» дейтін
тіркес бар. Осындағы көн де сол көнек деген сөздің көн түбірімен байланысты. Тіліміздегі белгілі
көйлек сөзінің кейбір түркі тілдерінде көйнек, көннек түрінде айтылатыны белгілі. Міне, осындай
көннек сөзі де сол көнек «көінмді сатсам да» дегендегі көн түбірімен төркіндес. Ескі түркі
ескерткіштерінде ол жалпы «тері» деген ұғымды білдірген. Teva көні – түйе терісі (МҚ, 3: 1997:
190). Бұл сөздің мағынасының күңгірттенуі және мүлдем тілімізден шығып қалуы мұндай
шелектің, ыдыстың күнделікті өміріміздегі пайдаланудан қалғанымен байланысты. Қазақта
«көнегі керегеге іліну» деген сөз бар. Оның мәнісі «жұтап қалу» дегенді білдіреді.
Жыға – тілімізде сирек қолданылатын сөз.
Қисайған жыға түзіліп,
Кеменің ісі жөнделген
Кенесары-Наурызбай/
Жыға – бас киімге тағатын айдар сияқты асыл тасты әншекей, металл әшекей. Бұл атау түркі
тілдерінің біразында кездеседі.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі бұл сөзге төмендегідей түсінік береді: 1. соғыста киетін бас
киім. 2. Бас киімге сәндік үшін тағылатын құс қанаты немесе сол сияқты әшекей (ҚТТС, 1974-
1987: 273). Қырғыздарда: 1. Қалындықтың биік төбелі бас киімі. 2. Ханның биік төбелі бөрігі. 3.
Бөрікке қадаған әшекей зат (ЮСл, 1965: 276). Түрікмендерде: 1. Кітаптың бет аралығына салатын
құс қауырсыны. 2. Бас киімне қадайтын әшекей зат (ТуркРСл, ?: 329). Бұл сөз жөнінде
Е.Жанпейісов өзінің «Абай жолы эпопеясының тілі» деген еңбегінде сөз етеді. Ғалымның пікір
бойынша, шыға парсы тілінен енген сөз. Парсы тіліндегі мағынасы: «бас киімге қадайтын құс
қауырсыны немесе қандай да бір әшекей». 2. Бөрікке орнатылған қандай да бір әшекей. 3. Бөріктің
өзі (Жанпейісов, 1976: 43). Деректер бойынша, бұл атаудың адамның әлеуметтік жағдайын
білдіруге жұмсалатындығын байқауға болады. Жырда да негізінен көріктеу-бейнелеу құралы
ретінде тілдің тарихтық сипатына байланысты «қисайған жыға түзелді» деп, образды бейнелеу
тәсілінде қолданылып тұр. Осыған ұқсас тілімізде «жығасын жықты» - «жаулы жеңді,
бағындырды» деген мағынаны білдіретін тіркес те бар. Абай тілі сөздігі де осы мағынаға: «Жыға –
бастан жыға қисайғанда, бағы тайғанда, басына қиындық түскенде» (АТС, ?: 271) деп түсінік
береді.
Жалпы қазақтың тұрмыс-салт лексикасы халқымыздың байырғы сөз байлығын дәлелдейді.
Бұл мәселеге қатысты көптеген зерттеулер жүргізіліп, диссертациялар қорғалуда. Атап айтар
болсақ, Ә.Қайдаров, Р.Сыздықова, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева т.б. көптеген ғалымдар қазақ
халқының тарихи өмірін суреттейтін көптеген сөздерге лингвистикалық талдаулар жасап, құнды
пікірлер айтқан.
Ж.Манкеева қазақ халқының киімі жөнінде былай дейді: «Қазақтардың ұлттық киімдері
өздерінің негізгі кәсібі мал шаруашылығына байланысты және тұрмыс-жайы – көшіп-қонып
жүруіне ыңғайлы етіп тігілді. Оларға қыста аяз бен боранға, жазда ыстыққа төтеп бере алатын
киім қажет еді» (Манкеева, 1997: 212).
Тұлымқожаға ат және сарпай береді /Едіге батыр/.
Сарпай (Түркм., Ашх.,Тәж.,Шымк.,Шаң.) – сыйға жабатын қымбат бағалы шапан (ҚТТС,
1974-1987: 286).
Түрікменше, сарпай – сәнді киім, халат (ТуркРСл, ?: 567). Қарақалпақша, сарпай – сый,
еркектердің сәнді шапаны (КкРСл, 1958: 565). Қырғызша, 1. Тойларда сыйлы қонақтарға кигізетін
киімнің түрі. 2. Қалыңдық жақтан еріп келген қонақтарға берілетін сыйлықтар (ЮСл, 1965: 16).
Радлов сөздігі бойынша да сарпай – сыйлы шапан (РСл, 4, 1893-1911: 340). Деректердің көрсетуі
бойынша, сарпай сөзі қонақтарға кигізілетін киімнің аты.
Жалпы жоғарыда аталған киімдердің көпшілігі немесе олардың тыстары, әдетте шұға,
мәуіт,қамқа сияқты қалың маталардан тігіледі, сондықтан кейбір киімдердің өзі осы мата
атауларымен тіркесіп келеді. Сондықтанкейбір мата атауларына да талдау жасап кеткенді жөн
көрдік:
Және әкеліп қосады,
Мауыт, шекпен, қамқа тон,
120
III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu
Лауанты шәйі бес шапан
Кенесары-Наурызбай
немесе
Сол жақтың қолтығынан өтіп шықты,
Мауыты денесінің бәрін жарып
Абылай
Мауыт - өң жағы майда түкті келген қалың мата, шұға (ҚТТС, 1974-1987: 148).
Қарақалпақша мауыт – сукно (КкРСл, 1958: 490) және осы тілде осыған байланысты «ат жақсысы
яумыты, топ жақсысы мауыты» деген мақал кездеседі.
Мауыт лексемасы парсы тілінен енген сөз. Бұл сөз парсы тілінде «қалаң мата, шұға»
мағынасын білдіреді (ҚТАПС, ?: 114). Парсының махут сөзі дыбыстық өзгеріске ұшырап, тілімізде
мауыт түрінде қалыптасқан. Сонымен бірге мауыт лексемасына байланысты айта кететін жайт,
тілімізде бұл сөз «жаугершіліте киетін әскери киім» ұғымын да білдіреді. Мысалы, аумауыт –
сауыттың бір түрі, ай және мауыт сыңарларынан құралған біріккен сөз. Бұл қылыш кеспейтін,
найза теспейтін болаттан жасалған сауыттың бір түрі. Екінші келтірілген жыр жолдарындағы
мауыт осы сауыт мағынасында тұр. Бұл сауыт жайында Қазақ Совет Энциклопедиясында былай
делінген: «Аймауыттың шынжыр торы денеге батпас үшін ішінен киіз кебенек киеді. Соғылуы
қиын болғандықтан, өте қымбат бағаланып, кез келген батырдың қолына түсе бермеген» (ҚСЭ, І,
1972-1978: 169)
Сонымен бірге жырларда ақсауыт, ақберген т.б. ақ сөзімен тіркескен сөздер кездеседі. Бұл
жерде ақ сөзі жайындағы Т.Байжановтың: «Ақ эпитеті қару-жарақтың, жауынгердің киім-
кешектерінің алдында келіп, олардың мықтылық, беріктік қасиеттерін анықтайды» деген пікірімен
әбден келісуге болады. Біздің ойымызша, әскери киім-кешек мағынасындағы мауыт сөзі мен сауыт
лексемаларында м-с дыбыстарының алмасу құбылысы болып тұрған сияқты.
Қамқа – қазақ тұмысында кеңінен қолданылған материалдардың бірі. Оның жалпытүркілік
ежелгі мәдениетке тән екенін көне түркі сөздікте көрсетілгенінен де байқауға болады. qamqi –
қамқа, шелковая материя (ДТС, 1969: 416). Радлов сөздігінде: қамқа (alt.telil.kir.kkir)
камкакитайская шелковая материя (РСл, 2, 1893-1911: 40) деп берілген. Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде қамқа сөзінің екі түрлі мағынасы берілген. 1. Алтындатқан яки күмістеткен зерлі жіптен
тоқылған жібек мата. 2. Қара түсті, терісі қымбат, көбіне суда өмір суретін аң (ҚТТС, 6, 1974-1987:
612). Осы жерде материалдың өзі аң терісінен жасалған емес пен деген ой туындайды.
Лауанты – тілімізде көп кездеспейтін материал атауының бір түрі. Е.Жанпейісов
«Этнокультурная лексика казахского языка» атты еңбегінде лауданэ сөзін қарастырады.
Ғалымның пікірінше, қарашай-балқар тілдерінде «жібек мата, жібек орамал» дегенді білдіретін
лаудан-лауданэ деген сөздер бар. Бұл сөз лэу және данэ деген екі сөзден жасалған, яғни данэ –
шелковая ткань, ал лэу (лоо) – название торгового пункта на Черноморском побережье северо-
западнее Сочи, через который поступали к адыгам шелковые ткани из Закавказья и Турции
(Жанпейісов, 1989: 39). Сонда бұл мата атауын «лау матасы, лаудан әкелінген мата» деген
тіркестердің бірігуінен алып тұр. Сол сияқты жырдағы біз талдап отырған лауантының түбірі осы
лау сөзінен шыққан сияқты. Сонымен бірге орыс тілінде осы сөздермен түбірлес жеке матаның
түрін білдіретін лудан сөзі кездеседі. Зерттеушілердің пікірі бойынша, бұл сөз де лаудан сөзінен
шыққан (Қарағұлова, 2005: 81).
В.И.Абаев лудан сөзінің В. И. Даль, И.И. Срезневскийдің сөздіктерінде кездесетіндігін айта
келіп, «жібек амта, орамал» мағынасынан басқа «сыртқы киім», «плащ» мағыналарын білдіретін
лудан сөзінің кездесетіндігін айтады. Ғалымның айтуы бойынша, бұл сөздің соңғы мағынасы
герман тілінен енген сөз: «... А последнее считается заимствованным из германского: др.сев.lovi,
англос. lova – грубая верхняя одежда, плащ» (Қарағұлова, 2005: 81).
Ал «жібек мата» мағынасын білдіретін лаудан сөзін кавказ тілдерінен енген дей келіп, орыс
тіліне ену жолдарын мынадай деректерді келтіре отырып дәлелдейді: «Во второй половине ХҮІ в.
И особенно в ХҮІІ в. Стали развиваться экономические связи рядовых кабардинцев с гребенскими
казачьими городами и с Терским закавказского и иранского происхождения» (Қарағұлова, 2005:
81)..
Адырас – жартылай жібек мата атауы. Бұл В.Радловта: «адрас (казан) пестрая, бухарская
полушелковая материя с бумажной основой» (РСл,І, 1893-1911: 86)деп көрсетілген. Өзбек тілінде
121
Doç. M.a. B. S. KARAĞULOVA/Türki Tilderine Ten Zattık-Medeni Atavlardın Ebolyutsiyası
адрас – полушелковая узорчатая материя кустарного производства деп, ал башқ. әзрәс (этн.) адрас,
бухарская полушелковая материя со своеобразными узорами. Сонымен бірге орыс тілінде адряс
формасында кездесіп, «бухарская и персидская полушелковая ткань» енген болу керек. Деректер
негізінде, бұл мата – парсы матасы. Біздің тілімізде де садамен өзбектер арқылы адырас
формасында еніп, матаның түрін білдіріп тұр.
Қазақ тілінде көнерген сөздер, негізінен, сол халықтың тарихымен, мәдениетімен,
тіршілігімен, салт-дәстүрімен байланысты. Сондықтан осы тұрғыда тек қазақтың емес, сонымен
бірге басқа да кейбір өзге түркі халықтарының тілдік, этнографиялық деректерін зерттеу қазіргі
таңдаға басты проблемалардың бірі болып табылады. Сонымен бірге бұл халқымыздың басқа да
халықтармен, елдермен экономикалық, мәдени, тіл аралық байланыстарын көрсетуге себебін
тигізеді деп ойлаймыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
Гумбольдт В. (1985), фон. Язык и философия культуры. – М.: Прогресс.
Жанпейісов Е. (1989), Этнокультурная лексика в казахском языке. – Алма – Ата: Наука.
Жанпейісов Е. (1976), М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі – Алматы: Ғылым.
Қарағұлова Б. (2005), Қазақ ескіліктерінің тілдегі көрінісі. – Ақтөбе, Литер.
Манкеева Ж. (1997), Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы: Ғалым.
Нақысбеков О. (1972), Қазақ тілінің ауыспалшы говоры. – Алматы: Ғылым.
Салқынбай А. (2005), Тіл мен Мәдениет. – Алматы, Жазушы.
Сыздықова Р. (1994), Сөздер сөйлейді. – Алматы: Санат.
ҚЫСҚАРТЫЛЫП АЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ЮСл – Юдахин К.К. (1965), Киргизско-русский словарь. М. Советская энциклопедия.
РСл – Радлов В.В. (1893-1911), Опыт словаря тюркских наречий. Т. 1-4.СПб.
ДТС – Древнетюркский словарь. (1969), Л.:Наука.
ҚТТС – Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі Т. 1-10. (1974-1987), Алматы: Ғылым.
КкРСл- Каракалпакско – русский словарь (1958), М.: Советская энциклопедия.
МҚ – Махмұт Қашқари (1997), Түрік сөздігі. Алматы: Хант.
ҚСЭ – Қазақ Свет Энциклопедиясы Т. 1-12. (1972-1978), Алматы.
122
III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu
TEZKİRELERE GÖRE SEMERKANTLI DİVAN ŞAİRLERİ
Prof. Dr. Bekir ÇINAR
Özet: Bu çalışmamızda, yüzyıllarca Türk ve İslam medeniyetinin en önemli kültür ve medeniyet şehri olan
Semerkant’ta yetişen ve tezkirelerde kaydedilen divan şairleri tanıtılmıştır. Türk edebiyatında Ali Şîr Nevâyî
ile başlayan tezkire yazma geleneği, Anadolu sahasında ilk defa 16. yüzyılda Sehi Bey’in Heşt Behişt adlı
eseriyle devam etmiş, 20. yüzyıla kadar kesintisiz olarak sürmüştür. Bu araştırmamızın sonunda, tezkirelerde
Semerkant’ta doğan veya yaşayan 33 şair tespit ettik. Bu 33 şairden Semerkant ile doğrudan veya dolaylı
münasebeti olan, eğitim, seyahat vb. için Semerkant’a gelen veya sadece kabri burada olan 8 şair tezkirelerde
kayıtlıdır. Tezkirelerde kaydedilen 33 şairden 27 tanesi hakkında Ali Şîr Nevâyî’nin Mecâlisü’n-Nefâyis adlı
eserinde bilgi verilmekte olup, 15. yüzyıla kadar yetişmiş olan şairlerdir. Kalan 6 şair hakkında Osmanlı
sahasında yazılan tezkireler bilgi vermektedir.
Anahtar Kelimeler: Klasik Türk edebiyatı, Semerkantlı şairler, tezkire
Poets of Samarkand by Collectıon of Biographies
ABSTRACT: In this study, Classical Turkish Literature poets who are recorded in collection of biographies
and raised in Samarkand, the most important culture and civilization city of Turkish and Islamic civilization
for centuries were introduced. The tradition of writing collection of biographies in Turkish literature started
with Ali Şîr Nevâyî and continued in Anatolia for the first time in 16th century with Sehi Bey’s Heşt Behişt
and has continued without interruption until 20th century. At the end of our research, we identified 33 poets
born or lived in Samarkand in the collection of biographies. 8 of these 33 poets are recorded in the collection
of biographies and they have contact with Samarkand directly or indirectly and come to Samarkand for
education, travel and so on and or just their toms are in Samarkand. Ali Şîr Nevâyî gives information about
27 of these 33 poets in Mecâlisü’n-Nefâyis and they grew up until 15th century. The collections of
biographies written in Ottoman area give information about the remaining six poets.
Достарыңызбен бөлісу: |