ӘЗІРБАЙЖАН ЖАЗБА ТİЛİ
А. Б. САРБАЛИНА
Түйіндәмә: Әзірбайжан тілі ұзақ дамуды басынан өткізді. ХХ ғасырдың ішінде Әзірбайжан тілінің
жазуы төрт рет ауыстырылды.Ең бірінші жазуы араб әліппесіне негіздеген болатын. 1921 жылы ең
бірінші латын жазуына көшіруге әзірбайжан тілі баспасөз және ғылым тіліне айналды,сол себепті
бірізге келтіріп,тілдегі көптеген араб-парсы элементтері қолданыстан шығарыла бастады.
Тірек Сөздер: Әзірбайжан тілі,латын әліпбиі,тіл тарихы
Writing Language of Azerbaijan
Abstract: Azerbaijani language was the beginning of a long development. Translated into Azerbaijani
language appears four times in the twentieth century. The first message was based on the ratio of the basics.
In 1921, the first copy of the Azerbaijani language Roman alphabet to the uniformity of the press has become
the language of science and that is why many of the elements of the Arab-Persian language Launched
Keywords:
Äzirbayjan off the language, the history of the Latin language
Түбі бір түркi әлем сөз болғанда, кең байтақ алып Еуразия құрлығының көп бөлiгiн
мекендейтiн бауырлас түркi тiлдес алты тәуелсiз мемлекет: Түркия, Қазақстан, Өзбекстан,
Әзірбайжан, Түркіменстан, Қырғызстан республикаларын атаймыз. Мұның сыртында Ресей
Федерациясы, Иран, Қытай сияқты iргелi елдердiң әрқайсында 13 миллионнан 17 миллионға дейiн
түркi тiлдес бауырларымыз мекендейдi. Миллиондаған қандастарымыз Ауғанстан, Болгария,
Ирак, Югославия, Монғолия, Кипр, Греция сияқты елдерде тұрып жатыр. Түркi тiлдес ағайындар
Кiшi Азия мен Солтүстiк Африкада, Латын Америкасы мен Аустралияда, Еуропа елдерiнде қоныс
тепкен.Түркi тiлдес ұлт пен ұлыстар төрткүл дүниенiң түкпiр–түкпiрiне тарап кеткен.
Түркі тілі – түркітілдес халықтардың ортақ құндылығы, айнасы.
Әзірбайжан тілі (әз. Azərbaycan dili) (кейде әзери тілі, әзірбайжан түрікшесі деп те аталады)
— оңтүстік-шығыс Азияда, яғни ең алдымен Әзірбайжан мемлекетінде және Иранның солтүстік-
шығысында тараған түркі тілдеріне, соның ішінде оғыз тармағына жататын тіл. Түрік тіліне өте
жақын тіл.
Әзірбайжан тілі ортағасырлық оғыз түркі тайпаларының батысқа қарай көшуінің
нәтижесінде пайда болып, араб және парсы тілдерінің зор ықпалына ұшыраған.
Ол біртіндеп сол аймақтың байырғы тілдерін ығыстырып шығарып, Сафауид династиясы
орнағанға дейін сонда үстем тілге айналды.
Тілдің тарихи дамуын екі кезеңге бөлуге болады: ерте (16-18-ші ғасырлар) және жаңа (18
ғасырдан қазірге дейін). Ерте кезеңдегі әзірбайжан тілінде парсы-араб тілдерінен енген сөздер, сөз
тіркестері және синтактикалық құрылымдар көбірек болған. Сонымен бірге ерте кезеңнің тілінде
оғыз ықпалының басым болуымен қатар қыпшақ элементтерінің ықпалын да байқауға болады. 18
ғасырдан бастап әзірбайжан тілі баспасөз және ғылым тіліне айнала бастайды, сол себепті ол
біріздендіріліп, тілдегі көптеген парсы және осман элементтері қолданыстан шыға бастайды.
Әзірбайжан ұлтының жазба тілінің даму тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан
зерттеліп келеді. Әзірбайжан тілінің тарихы,өзіндік ерекшелігі,басқа түркі тілдеріне
ұқсастығы,дыбыстық жүйесі,сөздік қорымен сөздік құрамы,морфологиялық-синтаксистік
құрылысы мәселелері жөнінде Ширалиев М.Ш,Мирзәдә,Волков Н.Г,Гадживева Н.З т.б. көптеген
ғалымдар еңбек жазып зерттеді.Зерттеу бойынша әзірбайжан тілінің сөздік құрамы мен
грамматикалық құрылысы түрік,түрікмен тілдеріне өте жақын.Әзірбайжан тілінде 9 дауысты,23
дауыссыз фонема бар.
Исхан Бейбіт Жәлелұының зерттеуі бойынша ауызекі әзірбайжан тілі диалектілік 4 топқа
бөлінеді:
а) шығыс тобы-кубин,баку,шемаха диалектілері,мунган және ленкорань говоры;
ә) батыс тобы-қазақ,гәнжа,қарабах диалектілері мен айрум говоры;
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті, doktorant, sarbalina.a@mail.ru
2
III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu
б) солтүстік тобы-нух диалектісі мен зақатала-ках говоры;
в)оңтүстік тобы-нахичевань,ордубад,тебриз диалектілері мен ереван говоры.Бұлардан басқа
геокчай,агдаш және джебриал ауыспалы говорлары бар.( Жәлелұлы, 2015: 91)
Әзірбайжан тілі ұзақ дамуды басынан өткізді.ХХ ғасырдың ішінде әзірбайжан тілінің жазуы
төрт рет ауыстырылды.Ең бірінші жазуы араб әліппесіне негіздеген болатын.
1921 жылы ең бірінші латын жазуына көшіруге әзірбайжан тілі баспасөз және ғылым тіліне
айналды,сол себепті бірізге келтіріп,тілдегі көптеген араб-парсы элементтері қолданыстан
шығарыла бастады.Әзірбайжан халқы 1939 жылға дейін латын әліпбиін пайдаланып келді.Ал 1992
жылға дейін орыс графикасына негізделген жазу жүйесін пайдаланды.
Әзірбайжан жазу-сызуы үшін қазіргі әзірбайжан тілінің латын әліпбиі мен оған көшу
кезеңінің артықшылығын ғалымдар былай деп көрсетті:
1.Латын графикасы әзірбайжан тілінің дыбыстық қорындағы фонемаларды белгілейді,орыс
графикалы жазу әзірбайжан тілінде жоқ,бірақ орыс тілінен келген сөздеріндегі бөтен фонемаларды
да таңбалайтын;
2.Латын графикасына көшкен кезде түркітілдес басқа халықтар да латын әліпбиін
қабылдаған болатын,сондықтан түркі әлеміне ортақ жазу ортақ ақпарат алмасуға қолайлы болды;
3.Экономикасының батыстық даму бағытына латын графикалы жазу толық жауап берді;
4.Латын графикалы жазу-сызу сауат ашушылар үшін әріп саны аздығынан тиімді болды.
5.Графемалық жүйесі ықшам әрі қолайлы болғандықтан әзірбайжан тілінен сауат ашу
процессі жеңілдеді.
6.Жастар мен сауда адамдары латын қаріпін тез үйреніп алып,оның таралуын қолдап
отырды.
7.Көршілес мемлекет Түркияның ресми әрі коммерцияық телеарналары әзірбайжанда еркін
көрсетілгендіктен,латын графикасы негізіндегі бейнеақпарат пен әліпидің игерліп,қолданылуына
оң әсерін тигізді.
Әзірбайжан жазу-сызуы үшін латын әліпбиіне көшудің кемшіліктерін әзербайжан
ғалымдары былай деп көрсетті:
1.Ең алдымен мекептер латы әріптеріне көшірілгендіктен,оларды оқытатын бастауыш
сынып мұғалімдерін дайындау ісі жолға қойылмады .Кирил графикасында білім алған мұғалімдер
үшін латын әліпбиін үйрену қиынға соқты.
2.Ересектерге арналған латын жазуын оқытатын курстардың аздығынан ұрпақ арасындағы
түсініксіздік қиындап қалды.
3.Балаларға арналған латын қаріпіндегі әдебиеттер тапшы болды.
4.Кирил графикасына негізделген бір ғасырлық мұралардың барлығын толықтай пайдалана
алмады.( Фазылжанова, 2007: 252)
Латын графикасы әзірбайжан ұлттық тілінің дамуына орыс,еуропа тілдерінен енген кірме
сөздердің әзірбайжаншалануына,халықтың тілдік жазба әдеби тіл мәдениетінің дамуына зор себеп
болды. Қазіргі кезде әзірбайжан тілінің латын графикасында жазылуы кең қолданысқа түскен.
Ресми жазуы ретінде бекіген не ұзақ уақыт болмаса да қолданыс аясы кеңи түсті.2001жылы
Президенттің жарлығында екі айдан кейін кирил жазуында ресми құжат жүргізу толық тоқтатылу
керек екендігі анық көрсетілген.Қазіргі таңда елде ресми құжаттар толығымен латын тілінде
жүзеге асырылып келеді.Латын әліпбиі негізінде заманауи технологиялар да жұмыс істеуде.
1991 жылдың желтоқсанында ел Президенті «Латын графикасы негізіндегі әзірбайжан
әліпбиін қалпына келтіру туралы» жарлыққа қол қойды. (Закон Азербайджанской Республики О
восстановлении азербайджанского алфавита с латинской графикой) Бұл заң бойынша
Әзірбайжанда 1940 жылға дейін қолданылған 32 әріптен тұратын латын графикасындағы әліпби
азын-аулақ өзгерістермен қалпына келтірілу ұйғарылған. Әзірбайжан мемлекетінде қоғамдық-
саяси өмірдегі ілгерулер, ғылыми-техникалық өмірдің дамуы терминологиялық жүйенің өзгеруіне
және үздіксіз дамуына ықпал етеді. Бұл өзгерістерді бақылай отырып, терминологияны сауатты
дамытуға бағыттау қажет. Ғылымды интеграциялау, ғылыми білімдерді дамыту, ақпараттарды
жедел тарату үшін ғылыми ұғымдарды білдіретін терминдерге басымдық беру қажет. Сондықтан
3
A. B. SARBALİNA/Azerbaycan Jazba Tili
жаңа терминологиялық сөздіктерді құрастыру барысында келесі негізгі қағидаттарды ұстану
керек:
а) баламаларды таңдауда ұлттық тілдің және халықаралық ұғымдардың шеңберінде
қолданылатын ғылыми-техникалық терминдерге басымдық беру.
ә) ғылыми-техникалық термин жасауда терминдік мағынаға мән беру қажет, оның тура
мағынасына мән берудің қажеті жоқ.
б) техника мен ғылым салаларының әрқайсысында түрлі мағыналарды білдіретін
омоноимдерге мән беру қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
Жәлелұлы, И.Б. (2015),Түркі тілдері.А.
Фазылжанова, А. (2007), Әзірбайжан жазуын латын гафикасы негізінде әліпбиге көшіру тәжірибесіне
ғылыми-лингвистикалық талдау.А.
Закон Азербайджанской Республики О восстановлении азербайджанского алфавита с латинской
графикой.(25 декабря 1991).
4
III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu
МАҒЫНАЛАРЫ ЖАРТЫЛАЙ ҰМЫТЫЛҒАН КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР
Проф. Док. А. О. ТЫМБОЛОВА
Түйіндәмә: Мәдени-тарихи талай сүрлеуден өткен тұрақты тіркестердің, оның ішінде
көмескіленген компонеттердің сырын, себебін ашып баяндаудың ғылым үшін де, жалпы халық үшін
де қажетті дерек болып есептелетіндігі анық. Сондықтан мақалада мағынасы көмескіленген сөздердің
тілдік табиғаты айқындалып, оларға ғылыми тұрғыдан этимологиялық талдау жасалды.
Тірек Сөздер: компонент, этимология, тұрақты тіркес.
The Meaning of the Word Forgotten
Abstract: It is known that for science and for people the necessary factor considered the open statement of
the reasons, the secrets of phraseology, including its obscure components in their cultural-historical way.
Therefore in this article determined the linguistic norm of obscure words and from a scientific point of view
made them etymological analysis.
Keywords: component, etymology, stable expression.
Қазіргі қазақ тілінің үнемі өзгеріске түсіп, дамып, толығып отыруына лингвистикалық,
экстралингвистикалық факторлардың әсері болды. Міне, тіл осындай даму үдерістері арқылы
әралуан замандағы түрлі тарихи жағдайларға байланысты болған өзгерістердің ізін сақтап
отырған. Ол іздер қазіргі қазақ тілінің бай жазба әдебиетінен орын алатын, ерекше оқшауланып
тұратын көне формалар мен ерекше сөз қолданыстарынан, мақал-мәтелдер мен айрықша айтылған
сөз тіркестерінен көрініс табады.
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде әлекедей жалаңдады // Әлеңкідей жаланды
тұрақты тіркесіне қылшылдап сақадай сай тұрды деген түсінік берілген.
Ол - көп жүретін, бұл үйге талай келген, әлекедей жаланған шапшаң, өткір кісі
(Ғ.Мұстафин, Дауылдан кейін, 54).
Қазақта әлеке деген тазының ең жүйрік түрі болған. Үнемі үстін жалап-жұқтап кір
жуытпай, бәріне әзір тұратын саятқа шығар ит. Қазақ әлекедей жаланған деп айтқанда да ойында
осы тұрады, - дейді жазушы Б.Қыдырбекұлы (Қыдырбекұлы, 1993: 41).
Ғалым І.Кеңесбаев «әлеңкі» сөзін ұйғырша «әләңгә», жалын деген мағынаны білдіріп
«Жалынды сәлем» сөз тіркесі ұйғырша «әләңшлик салам» деп айтылады,- деп көрсетеді (ҚТФС,
82).
Осы екі пікірден байқағанымыз, әлкедей жалаңдады тіркесі «жалындап, белгілі бір іске
дайын тұрды» дегенді ұғындырады.
Тіліміздегі тарихи қалыптасқан тұрақты тіркестер мақал-мәтелдерден де кем соқпайды.
Айталық, жалқаулығы ұстады, ерінді, жұмысқа қыры болмай жүр дегенді «мойны жар бермеді,
мойным жар бермей жүр» деп айтамыз.
Жұмысқа көбінің мойны жар бермейді. (М.Иманжанов, Көк белес, 28).
Осындағы «жар» сөзін Қ.Мұқанұлы құлшылық дәуірдегі қожайынның құлының мойнына
екіге жарып, кигізіп қоятын жұмыр ағаш болса керек деген жорамал жасаған. Сондай-ақ екі
жарған ағаштан жасаған аспапты өгіздің мойнына іліп арбаға жегеді. Сол затты - «жарма»,
орысша - «ярмо» деп атаған. Яғни, жарма бір замандарда құлдардың мойнында жүріп, еркіне
жібермей, жігерін құм, өмірін тұл етіп, адамзат санасында өшпестей із қалдырғандықтан
«мойнымды жар ( +ма) бермей жүр» тұрақты тіркесі туған болу керек деп ой түйді (Мұқанұлы,
1994: № 3).
Көне түркі тілінде «йар» сөзі достық мағынасында түсініледі. Дос адамдарды жар деп те
атайды. Осыдан келіп, мойным ырық бермеді деген ауыспалы мағынасы да пайда болған сияқты
деуге болады. Сондай-ақ, «йарлық» (бұйрық, жарлық) сөзінің түбірі «йар» осы фразеологизмдегі
йар сөзімен түбірлес болуы мүмкін.
Қазақ ептеп-септеп өмір сүруді «ілдалдамен күн көру» дейді. Бәтжанның тозған киімдерін
тарылтып, аударып, әйтеуір ілдалдап кішкентайларының үстін жүдетпеуге тырысады
(С.Жүнісов, Ақан сері, 315). «Ілдалда» сөзінің төркіні араб тілінде жатыр,- дейді бұл туралы
Қазақ Мемелекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті, tymbolova@mail.ru
6
III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu
жазушы Байбота Серікбайұлы. Өзін мұсылманмын деп санайтын адам тілін кәмилаға келтіріп,
шәһадат айтуға тиіс болған. Соны түгел айтуға қиынсынған қазақтар илла-л-ләһ «ілдалда» дей
салған. Мұның мәнісі бастапқыда «құдайға жалбарыну» дегенді білдірген. Кейін келе «ептеп-
септеп күн көру, бірдеңе етіп амалдау» деген мәнге ие болған (Ана тілі 1997: № 24).
Қыпша бел. Қыр мұрын, қыпша бел
Солқылар соқса жел.
Ақ етің үлбіреп
Өзгеше біткен гүл.
(Абай)
Қыпша сөзінің басқа түркі тілдеріндегі қолданылу аясы қазақ тілімен салыстырғанда
әлдеқайда кең сияқты - дейді академик Ә.Қайдаров. Мысалы: ұйғыр тілінде қыпча - әдемі гүл
түйіні, қыпсей, қыпсый - шаш, бұйра шаш дегенді білдірсе, лобнор тілінде қыпча, қыпчы - жіңішке,
әдемі, гүл сабағы дегенді білдіреді. Осыған қарап, С.Малов қыпча сөзін парсы тілдерінің элементі
болу керек деп шамалайды. Парсы тілінде қабзе- мылтық сабының жіңішке мойны деген мағына
береді екен. Б.Орузбаева жіңішке нәрсе жөнінде айтылатын қырғыз тіліндегі қыпча сөзін қып-ча
деген екі түрлі бөлшкетен құралған деп есептейді.
Жіңішке нәрсе (парсы тіліндегі мағынасы) > гүлдің буын байланған жері (ұйғыр тіліндегі
мағынасы) > кісінің (қыздың) белі (қазіргі қазақ тіліндегі мағынасы). Бұдан, әрине, қыпша сөзі
біздің тілімізге тікелей ұйғыр тілінен ауысты деген ұғым тумаса керек деп,-қорытындылайды
(ҚТҚЭС, 1966: 136).
Осы сөз туралы Ж.Манкееваның мынадай пікірін келтіре кетейік:
Қыпша - жеке алып қарағанда түп төркіні көмескіленген, бастапқы мағынасы ұмытыла
бастаған сөз. Бұл сөз тілімізде тек тұрақты тіркес құрамында ғана кездессе, туыстас тілдердің
кейбірінде өзге де сөздермен тіркес құрай жұмсалынады.
Өзбек тілінде хипча –«жіңішке», «нәзік», хипчаклик-нәзіктік, хипчин (хивич)-шыбық, көк
шыбық деген мағынада жұмсалады. Алтай тілінде қыпчал-өтеуге аса қиын тар жер. Қырғызша
қыпса-жіңішке, нәзік; қыпсы-қысу, шымшу деген мағынада қолданылады (Қазақстан әйелдері,
1982: № 8;15).
Біз «қыпша» сөзінің төркініне байланысты мынадай жорамал ұсынамыз: Көне түркі
тілдерінде қыпша сөзі қымырса (ДТС, 326) вариантында кездеседі. Сөз ортасында р дыбысы
көбіне түсіп қалып айтылады. Өзге дыбыстардың ықпалымен м дыбысының п-ға айналуы да қиын
емес. Демек, бір кездегі құмырсқа белдің ықшамдала келе қыпша бел боп кетуі ықтимал.
Сондай-ақ қазақ тілінде «қабысу» сөзі бар. Негізі – «қабыс». Егер оған-а жұрнағын
жалғасақ қапса болады. Қапса бірте-бірте қыпша болуы мүмкін. Бұл жерде орын-орны сияқты
дауысты дыбыстан тұратын қосымшаның жалғануына байлнысты екінші буындағы ы дыбысы
редукцияланған деп есептейміз.
Міне, қыпша сөзінің шығу төркіні жөнінде осындай екі түрлі этимологиялық талдау
ұсынамыз.
Бүгінгі мақалға айналып кеткен Оралыңның барында ойна да күл фразеологизміндегі орал
сөзі қандай мағына береді. Біздің пікірімізше,-дейді Ә.Қайдаров, ол оралым келмеді дегендегі орал
сөзімен төркіндес. Ал, ол сөз ретінде қазақ тілінде жеке-дара қырғыз тілінде орал - «удобный
момент» , «подходящее обстояельство» (Юдахин, 579) деген ұғымдарды білдіреді. Басқаша
айтқанда, (й - н) дыбыс алмасуы негізінде пайда болған бір сөздің бұлар екі варианты. Орай сөзі
қазақ тілінде, орол қырғыз тілінде жеке сақталған.
Ғалым орал вариантының қазақ тіліндегі белгілі бір фразеологизмдер құрамында ғана
сақталып қалуы заңды нәрсе дей келіп, оралыңның барында ойна да күл тіркесіндегі орал сөзі
ораймен төркіндес деп тұжырымдайды (Ержанова, 1998: 294).
Орал сөзінің топоним ретінде де пайда болу тарихы үнемі көптеген зерттеушілердің
назарын аударып келеді.
Бұл сөздің төркіні туралы жорамалдарды Ұ.Ержанованың «Батыс Қазақстан облысы
топонимдерінің этнолингвистикалық сипаты» атты (1998) диссепртациясынан да кездестірдік.
Орыс ғалымдары орал сөзін түркі тіліндегі етістіктердің етіс тұлғасы оралу сөзінен
жасалуы да мүмкін деген жорамал айтады. Бұл пікір шындыққа келетінін қазақ линвсистері де
қуаттайды.
Өйткені түркі тіліндегі топонимдердің құрамында етістік сөздерден жасалған топонимдер
көп кездеседі.
7
Prof. Dr. A. O. TIMBOLOVA/Mağınaları Jartılay Umıtılğan Könergen Sözder
Ғ.Қоңқашбаев «орал» сөзін оралмақ, оралу, орау деген түркі тіліндегі етістіктен жасалып
опоясывать, окружать, охватывать» деген мағына білдіреді,- дейді.
Ал, Ә.Әбдірахманова Орал тауының және Орал өзенінің атауының етістіктен жасалған
түбірлес түркі сөзі екендігін айта келіп атаудың құрамындағы -л, тұлғасын етістің жұрнағы емес,
зат есім тудыратын жұрнақ ретінде алады.
Сондай-ақ, Орал сөзінің мағынасын Ғ.Қоңқашбаев айтқандай «опоясывающий» емес
«огибающий, изгибающий», яғни «огиби, изгибы» деген ұғымнан қалыптасқан деп санайды.
Сөйтіп, түркі сөзі-орал, орыс сөзі огиби оралып жатқан тау мен өзеннің көрінісін дәл
бергендіктен осылай аталған.
Орал-күш, шама, дымақ, әл, мүміндік (Б.Қыдырбекұлы, Түгел сөздің түбі бір 1993;78)
мағынасында берілген.
Мысалы:
«Оралыңның барында ойна да күл,
Ақ жүзіңді қара жер жасырғанша»
(Айтыс, 40 б)
«Барында оралыңның ойнақтап өт,
қара жер әлі-ақ бір күн кетер тартып».
(Халық өлеңі)
Бұл мысалдардан орал сөзінің кең мағынада қолданылатынын көреміз.
Тіліміздегі мағынасы жартылай көнерген ашқарақтанды, қомағайланды, ашкөзденді деген
ұғымдарды білдіретін араны ашылды тұрақты тіркесі жиі қолданылады. Арандай ашылған
ажалды тістердің, иектің астына қап-қара сақал орнайды (М. Әуезов. Iiт.,85).
Монғол тілінің не бурят тілінің эхирит-булагат говорына зер салсақ, «аран» сөзінің
алғашқы мағынасын ашуға болады дейді,-зерттеуші Ә.Нұрмағамбетов. Монғол тілінде - «араа»
(Қаз.-монғ. сөз., 1977), эхирит-булагат говорында «араан» сөздері қазақ тіліндегі «азу» (азу тіс)
мағынасын береді.
Автор түркі тілінде р-з дыбыс сәйкестігі өте жиі кездесетін құбылыс болғандықтан, азу
сөзінің өзі «аран» сөзінің дыбыстық варианты болса керек деп жорамалдайды. Осы «аран» сөзінің
орнына өзімізге мағынасы түсінікті «азу» сөзін қойсақ «азуы ашылды» тіркесін көрген болар едік,-
дейді.
Сондай-ақ, «аң патшасы» аталған арыстан тұлғасы осы «араа» (азу) сөзімен
байланыстыра қарастырған. Мысалы, алтай тілінде «арсыл» сөзі «азулы» мағынасын берсе, хакас
тілінде ашулы, қатал деген мағыналарды береді. Аңның ашулы, қатал болуы күші мен тісіне
байланысты. «Арсыл» сөзіне «аң» сөзін немесе -ан, жұрнағын қоссақ, «арсыл+аң», «арсыл+ан»
пайда болады. Ал оның қазақ тілінде «арыстан» тұлғасына дейін өзгеруі заңды құбылыс.Басқа
түркі тілінде: арсылан, арыслан, араслан, аслан т.б. тұлғаларда келуі осы ойымызды растай түседі
дей келіп, «арыстанның» қазақшасы «тісті аң», «азулы аң», «ашулы айбынды аң» болмақ деп,
ойын қорытындылайды (Нұрмағамбетова, 1994: 22).
Қазақ тілінде сол сияқты «арандап қалып жүрме» деген де тіркес бар. Осындағы арандап
қалу дегенді түсіндіріп көрейік.
Баяғыда аңшылар құланді істік аранмен аулаған деуші едік. Сонда Бәйтен көз алдында
көп құланмен бірге өзінің де бір аранға шаншылып құлап жатқанын елестетті (Т. Әбдіков.
Өліара; 255).
Б.Қыдырбекұлының еңбегінде де «аран» сөзі осы аңға байланысты қарастырылған. «Ерте
заманда өмір сүрген өте үлкен жыртқыш, келес, қолтырауын тәріздес мақлұқ болған.Ол жеміне
ұмтылғанда қоймағалығы сонша аузын алыстан аша жүгіреді екен. «Аузын арандай ашып
жұтқалы тұр» деген содан қалған. Ауызды қатты үлкен етіп ашу да соған бейімделіп айтылған.
Аран - қазған апан, күп. Ерте заманда түрлі аңды ауланғанда әдейі қолдан шұңқыр, күп қазып,
бетін басқан аң ішіне түсіп кететіндей етіп көзалдау жасап аң оны байқамай, қарғыған күйі түсіп
кететін болған. Мұны қазақтар аңды арандаттық дейді екен. Аранның қазақтағы көне мағынасы
осыдан алынған (Қыдырбекұлы, 1993: 38).
Сонда көркем шығармадағы мысалда да, жазушының пікірінде де аңды аулау үшін бірінде
істік яғни құрал, екіншісінде, апан, шұңқыр тура мағынасында берілген.
Демек, «арандап қалып жүрме» деген ауыспалы ұғымдағы тіркестің төркінінде «біреудің
қазған орына түспе, абайла» деген сақтандыру жатыр.
8
III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu
Тілімізде біреуді мақтағанда айтылатын, арыстай сөзі жиі кездеседі. Б.Сағындықұлының
зерттеуінде ертеректе азулы аңдардың барлығы арыс деп жалпы атаумен аталған деп көрсетілген
(Смағұлова, 1996: 40).
Мұндағы -ар сөздің түбірі, -ыс көне жұрнақ. Аран сөзін де осылай талдасақ, түбірі -ар, -ан
көне жұрнақ болып табылады. Бұдан –ар түбіріне –ан, және -ыс жұрнағының жалғанғанын
байқаймыз. Ежелгі түркі халықтары азулы жыртқыш аңдары –ар сөзімен атауы ықтимал.
Сонда бұл сөздің лексикалық мағынасында арылдау, ырылдау сөздеріндегі дыбыстық,
бейнелік мән бар деп есептеуге болатын сияқты.
Шыбын жан.
Әулие ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
Шыбын жанын және айтып...
Шырағымның шыбын жан
Жасаған, саған аманат.
(«Қобыланды»)
Ақбілекті
жіберіп
қойғандарың
ба?
Кеудеде
шыбындарың
болса,
неге
қимылдамайсыңдар? (Ж.Аймауытов, Шығ., 1989: 153).
Қазақ тіліндегі жан сөзімен қосақтасып айтылатын шыбын жан тұрақты тіркесіндегі шыбын
сөзінің төркінін ғалым Р.Сыздықова былай түсіндіреді:
Бұл тіркестегі шыбын тұлғасы, біздіңше, шыбын-шіркей мағынасындағы сөз емес, -дейді
ғалым. Сірә, парсының жан сөзімен қатар осы мағынада шыбын сөзі қолданылған тәрізді. Өйткені
шыбын сөзі жан сөзін қосарламай да «жан» мағынасында қолданылып келген. Мысалы,
«Қобыланды» жырында:
Шыбыныңды тапсырдым
Бір жаратқан құдаға,
дейді
Шыбын жан тіркесі жөнінде бұл күнге дейін «діни ұғым бойынша кісі өлгенде жаны
шыбын тәрізді ұшып кетеді-мыс» деген пікір айтылып келеді. Махмұд Қашқаридың көрсетуі
бойынша көне түркі тілдерінде чывы (чыбы) сөзі діни ұғымды берген, ол «дух», «покровитель
племени (ДС, 151). Мүмкін чывы (н) сөзімен ру-тайпаны жебеп-қорғап жүретін ғана емес,
адамдарды да қолдап-жебейтін күшті де, яғни адамның жанын да білдірген болу керек деген
жорамал айтады. Қазақ тілінде «жан» мағынасында шыбын сөзі жеке тұрып та қолданылған.
Кейде бұл тіркес шыбындай жаны түрінде де кездеседі:
Келмембет кірді ханына
Аар түсіп Қамбардың
Бір шыбындай жанына.
(Қамбар)
Немесе
Бір шыбындай жаныңды қорға балам.
(Қозы-Көрпеш Баян сұлу).
Мұндағы -дай жұрнағының жалғануы, нақты теңеу үшін болып тұрмаған тәрізді. Бұл
жұрнақ түп-төркіні бейтаныс сөздерге жалғануға бейім тұратынтықтан, мұндағы -дай жұрнағы
теңеуден гөрі, екінші сөздің дәл баламасын білдіру қызметін атқарып тұр (Сөздер сөйлейді, 1980:
122-123).
Бұл туралы тілші, ғалым Г.Смағұлова «шыбыным» сөзі «жаным» деген сөздің баламасы
ретінде тілімізде күні бүгінге дейін қолданыста бар деп дәлелдей түседі. Мысалы, Мұқағали
ақынның өлеңінде:
Неге бізге үмітсіз тесілесің?
Аттан әке
Жолыңнан кешігесің
Кеудесінде шыбыны бар пақырлар
Тауып жейді сенсіз де несібесін
(М.М., 25)
Мұнда ақын жауыр болған «жан» сөзінің баламсын өзгеше қолданған,-деп ой түйеді
ғалым (Смағұлова, 1996: 8;б.106-107). Міне, бұл талдаулардан сөз шеберлерінің тұрақты
тіркестерді қолдануда, олардың стильдік бояуларын құбылтып, эмоциялық әсерін күшейту арқылы
фразеологизм варианттарының өмір сүруіне мүмкіндік беріп отыратындығын байқаймыз.
9
Prof. Dr. A. O. TIMBOLOVA/Mağınaları Jartılay Umıtılğan Könergen Sözder
Достарыңызбен бөлісу: |