Список использованной литературы:
1.
Жумагулова Н.С., Ахриева Л.А., Жумагулова Е.В. Современные тенденции развития
иноязычного образования в Казахстане. – Кокшетау, Изд-во КУАМ, 2012. - 206 с.
2.
Жылкибаев Б. Думы о народном образовании. – Мысль. – ТОО «Қазақ газеттері»,
№9. - 2016. - С.16 – 17.
3.
Жумагулова Н.С. Изучение языков и культур в Казахстане // Проблемы филологии,
культурологии и искусствоведения в свете современных исследований. - Сборник
материалов XIV Международная научно-практическая конференция. - Махачкала,
2015. – С.106-108.
4.
Жумагулова Н.С., Жумагулова Е.В. Языковая личность нового типа в учебном
дискурсе Казахстана// Научный журнал “Хабаршысы-Известия” КазУМОиМЯ
имени Абылай хана. - Серия “Филологические науки”. – Алматы, №2(41) 2016. – С.
21-29.
123
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА
ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУШЫ ОРТА ҚҰРУ
Джакупова Шынар Сунгатовна,
Жалмуханова Жанылсын Утегеновна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»
МКД ППС кафедрасының аға оқытушылары
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асыру Қазақстан
Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында айқындалған міндеттерді орындауды
талап етеді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың жас ерекшеліктері мен жеке
мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын
қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық
идеясына сәйкес жалпыадамзаттық құндылықтарды, патриотизм мен төзімділікті
тәрбиелеу басты міндет болып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292
қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті
мемлекеттік стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізгі міндеттерінің бірі мектепке
дейінгі ұйымдар қызметінің үйлесімділігі және мектепке дейінгі жастағы балаларды
тәрбиелеу мен оқыту процесін жүзеге асыру үшін қауіпсіз пәндік-дамытушы орта
құруға ерекше көңіл бөлу.
Жоғарыдағы аталған құжаттардың талаптарына сәйкес келесі ұстанымдар
ескеру қажет:
- түрлі тақырыптық материалдар мен құралдарды және тәрбиеленушілердің заттық
ортамен өзара әрекеттесуіндегі белсенділігін қарастыратын ақпараттылығы;
- білім беру ұйымының түрімен, тәрбиелеу мазмұнымен, мәдени және көркем
дәстүрлерімен,
климаттық-географиялық
ерекшеліктерімен
анықталатын
вариативтілігі;
- барлық тәрбиелеу-оқыту үдерісінңғ құрамдас бөлімдерін және түрлі кеңістіктік-заттық
дамытушы ортаның құрамдас бөлімдерін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етуді
қарастыратын көпфункционалдылығы;
- кеңістіктік-заттық дамытушы ортаны толықтырудың қажеттілігі мен жеткіліктілігін,
сондай-ақ тәрбиеленушілердің өз ойларын білдіру мүмкіндігін, әрбір баланың жақсы
көңіл-күйі мен жеке қолайлылығын қарастыруға мүмкіндік беретін педагогикалық
мақсатқа сәйкестігі;
- кеңістіктік-заттық дамытушы ортаның өзгеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін,
жағдайға байланысты кеңістіктің сол немесе әлдебір басқа функциясын алдыңғы
жоспарға қоюға мүмкіндік беретін түрленушілігі
Пәндік-дамытушы ортаны ұйымдасытрудың негізгі міндеті – балаларда еркіндік
пен белсенділікті анықтау үшін жағдайлар жасау.Баланың ортасын дұрыс
ұйымдастыру- тәрбиелеу мен оқыту үдерісін даралауға мүмкіншілік береді.
Заттық-дамытушы орта келесі талаптарға сай:
-Жаңа құралдар мен өзгерістер енгізуге ашық және икемді болуы;
-Тартымды,ақпаратқа бай,қызметі алуан түрлі;
-Құралдар кіріктірілген сабақтың мазмұнына сәйкес және жан-жақты;
-Ересектер мен балалардың бірігіп әрекеттесуіне лайықты ұйымдастырылуы
қажет.
124
-Заттық-кеңістік дамытушы орта толық мазмұнды, өзгермелі, көпатқарымды,
вариативті, қолжетімді және қауіпсіз болуы керек.
Заттық-кеңістік дамытушы орта:
-бағдарламаның мазмұнын тиімді іске асыру үшін балаларды әрбір жас
кезеңінің ерекшеліктеріне сәйкес заманауи дидактикалық материалдарды, жабдықтар
мен мүккамалдарды қолданып дамыту мен тәрбиелеуге;
-балалардың денсаулығын сақтау және нығайтуға;
- балалардың дамуындағы жетіспеушіліктерді түзету, инклюзивті білім беру
үшін жағдайлар жасауға;
- әртүрлі білім беретін және дамытушы бағдарламаларды жүзеге асыруға;
- балалардың ойын, танымдық, зерттеу, шығармашылық және қимылдық
белсенділіктерін қамтамсыз етуге;
-заттық-кеңістік ортада балалардың айналасындағы ересектермен және
балалармен өзара бірлесіп әрекет етуде эмоционалды саулығына;
-балалардың өз ойларын айта білуіне бағытталған.
Мектепке дейінгі ұйымдарда заттық-кеңістік дамытушы орта білім беру
салаларын кіріктіру ұстанымдары ескеріліп құрылады. Бір білім саласына арналған
материалдар мен жабдықтарды басқа білім беру салаларын жүзеге асыру кезінде де
қолдану қажет. Жабдықтарды таңдау балалардың шығармашылық, психологиялық
және дене дамуына барынша мүмкіндік беретін келесі әрекет түрлері үшін іске
асырылады: ойын, танымдық-зерттеу, коммуникативтік, еңбек, көркем-музыкалық,
көркем әдебиетті қабылдау және т.б
Келесі міндет балалардың бірлескен әрекет пен ойында өздерінің
қызығушылығын ұйымдастыра білу мүмкіндігінен тұрады, бұл арқылы әлеуметтік
қабілеттерді дамытады:
- тіл табыса білу;
- түрлі әлеуметтік рөлдерді бөлу және орындау;
- бір-біріне көмектесу және қолдау;
- тапсырмаларды орындау.
Ең алдымен есте болсын:
Біріншіден, ол- баланы оқуда бір нәрсеге қызығушылықпен көңіл бөлуінде.
Екіншіден, түрлі жастағы балалар әріптестігі- баға жетпес база болмақ. Үшіншіден-
тәртіп. Барлық жұмыс қызығушылыққа негізделе өз таңдауы бойынша жүргізіледі.
Арнайы дайындалған білім беру ортасының мазмұны
Арнайы дайындалған білім беру ортасы – ол күнделікті жағдайлардан ерекше,
қатаң өзіндік тәртіпті сақтайтын орта. Ол мақсатты дайындалады, өйткені бұл жаста
бала тәртіптің сензитивті кезеңін өтеді.
1.Бөлме.Бөлме шектеулі болуы қажет, өйткені бала әрдайым жұмыс үшін жеке
орын іздейді. Бөлменің шектеулігі балаға бір нәрсеге назар қоюларына мүмкіндік
береді.
2.Жиһаз, заттар. Барлық жиһаз балалардың бойына сәйкес әрі педагог пен
балалардың бірлесе жылжытуына ыңғайлы жеңіл болуы тиіс. Балалармен жұмыс үшін
қажетті барлық заттар баланың көзінің деңгейінде орналастырылуы қажет. Бала кез -
келген материалдың педагогтың көмегінсіз өзі ала білуі керек.
3.Кеңістік. Ол үстелдерде жұмыс жасауға ыңғайлы, сонымен қатар арнайы
материалдармен ойнауға қажетті кілемшелер төселген жер болады.
4.Зоналарға бөлу. Сөрелердегі барлық материалдар баланың сензитивтік
кезеңіне сәйкес, сонымен қатар қызмет түрлері бойынша бөлек- бөлек
орналастырылады (математика бір жерде, тілді дамытуға байланысты материалдар
басқа жерде).
Дамыту материалдары
125
Көзге ұнамды болу.Бала материалды қолға алып, онымен ойнағысы келетіндей
тартымды болуы қажет.
Оқыту мақсаты -тура және жанама. Әр материал балаға жаңа білім мен түсінік
беретіндей тура мақсатты болады.
Қиындықтарды оқшаулау. Материал баланың орындай немесе ойнау кезінде
еш қиындық тудырмайтындай, тіпті ең кішкентай балаға түсінікті болады.
Өзіндік жұмыс мүмкіндігі. Өзі жеке орындап, нәтижеге жеткен жұмыстан бала
әрдайым шынайы қуаныш сезінеді. Тек жеке өзіндік жұмыс кезінде балада оған қажетті
тәжірибе қалыптасады.
Қатені өз бетінше бақылау. Өзқатесін бақылау арқылы бала материалмен
жұмыс жасап үйренеді. Сәби өз қателігін түсіне, оны өзі шешуге тырысады.
Әлеуметтік орта. Дайындықтан өткен педагогтар,ол осы жастағы балалардың
даму мен тәрбие заңдылықтарын білетін, әріптестік педагогикасын ұстанатын
педагогтар. Педагогта өз рөлі мен міндеті бар. Ол балаларды сүйе, кез келгенін
табиғатынан қалай болса, солай қабылдай алып қана қоймай, бала мен оны
қоршағандар арасындағы келістіруші.
Психологиялық орта:
- еш шартсыз қабылдау;
-қолдау;
-ережелерді сақтау.
Пәндік-дамытушы орта білім беру әлеуетінің ең көп іске асырылуын қамтамасыз етуі,
қолжетімді болуы, яғни тәрбиеленушілердің ойын мен ойыншықтарға еркін рұқсаты
болуы қажет.
Белсенділік орталықтары өз мүмкіндіктеріне арналған ойындық, зерттеушілік,
дербестік қызметтерін атқаратын шығармашылық орталықтар.
Секторларға (белсенділік орталықтарына) жабдықтарды орналастыру балаларға
ортақ қызығушылықтары бойынша топтарға бірігуге мүмкіндік береді. Жүйеге сәйкес
топтарды төмендегі орталықтар бойынша жобалауға болады.
Өнер орталығы
Өнер орталығында сурет,жапсыру,мүсіндеу сияқты бейнелеу өнерінің сабақтары
жүзеге асады. Бұл орталықтың қабырғасын балаларға қылқалам, қарындаштарды дұрыс
ұстау техникасына үйрететін суреттермен, мүсіндеудің әдіс-тәсілдері көрсетілген
суреттермен безендіруге болады.
Кітап орталығы
Кітап орталығында негізінен тіл дамыту, сауат ашу, көркем әдебиет сабақтары
өтеді және осы орталықта кішігірім кітапшалармен жұмыстарды, ертегілерді, шағын
шығармаларды кейіпкерлендіру жұмыстарын жүзеге асыруға болады.
Ол үшін бұл орталықта балалардың отырып шығарманы немесе ертегіні
тыңдауларына қолайлы шағын диван, кітапшаларға сурет салу үшін парақтар мен
қарындаштар, кішігірім кітапшалар жасауға арналған үстел, таныс ертегілеі мен шағын
шығармаларды кейіпкерлендіруге арналған театр құралдары, балалар кітаптары,
ертегілер, өлеңдер жинағы, үнтаспа, фонотека, кеспе әріптер, суретті және әріпті
кубиктер болуы керек.
«Су – құм»
Кішкентай сәбилер құммен ойнағанды жақсы көреді, саусақтарымен сурет
салады, сумен ойнағанда бір ыдыстан екінші ыдысқа құйюға және кемелер жібергенді
ұнатады Сумен әр түрлі тәжірибелер жасай балалардың танымдық қабілеттерін
дамытуға болады.
Желілі рөлді ойын орталығы
Желілі рөлді ойындар орталығы баланың өзі жайлы және өзін қоршаған
адамдардың өмірі жайлы түсінігін кеңейтетін, оның әлеуметтік дамуына бірден-бір
126
әсер ететін орталық болып табылады.Бұл орталықтың аймағын осы орталыққа қажетті
ойыншық пеш, ыдыстарға
арналған шкафтар, тоңазытқыш, киімдерге арналған
шифонерлер, ойыншық заттар болуы тиіс.Сонымен қатар бұл орталықта балалардың
күнделікті өмірлерінде көріп жүрген, адамның тіршілігіне қажетті тұрмыстық
заттармен қатар ересек адамдардың киімдері, яғни шляпалар, туфлилер,орамалдар,
чемодан, сөмкелер болуы керек
.
Ашық алаң
Балабақшаның айналасын ашық ауада ойын кезінде, серуен кезінде белсенділік
орталығы ретінде пайдалануға болады. Ашық алаңда жүріп балалар көптеген білім
алады.Тәрбиеші ашық табиғат аясында жүріп табиғат және оның құбылыстарын
көрсете отырып, оларға табиғаттың сырлары туралы көптеген мәліметтер бере білуі
керек.
Манитулятивтік орталығы
Орталықта заттық ойындар қолданылады:
матрешкалар, конус, мозаика, лего және басқа ойыншықтар,балалардың түс, көлем
және
пішінді
қабылдауына
ойындар
Балалр
қызығушылықпен
үстел
ойындарымен,сөздік, театр, дамыту ойындарымен ойнайды.
Құрылыс орталығы
Құрылыс орталығында көркем құрастыру сабағы және құрастыру ойындары жүзеге
асады. Бұл орталық балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейтін
орталықтардың бірі. Сондықтан құрылыс орталығы балаларға түрлі ғимараттарды
тұрғызуға, өздерінің қиялдарына пайда болған таңғажайып бейнелерді көрсете білуге
мүмкіндік беретін әр түрлі көлемді құрылыс материалдарымен жабдықталуы тиіс.
Ғылым орталығы
Ғылым орталығында айналасындағы қоршаған ортамен танысу, экология,еңбек
сабақтары өтеді және әр түрлі тәжірибелер жүзеге асырылады. Бұл орталықта ауа-
райын бақылау күнтізбегі, жылдың төрт мезгіліне арналған бақылау қима қағаздары,
құстардың,жануарлардың, жәндіктердің, барша өлі-тірі табиғаттың көріністерін
бейнелейтін суреттер, әр түрлі тбиғи құбылыстар суреттері, адамдарды және олардың
мамандықтарын бейнелейтін суреттер, еңбек құралдарының суреттері, жиһаздар
суреттер, көліктердің барлық түрлерінің суреттері т.б. көптеген суреттер болуы керек
Міндетті құралдар танымдық әрекеттерді белсендіретін материалдар болып
табылады:
- дамытушы ойындар;
- техникалық құрылғылар және ойыншықтар;
- тәжірибелі-іздеу жұмыстарына арналған нәрселер;
- үйренуге арналған түрлі материалдар, эксперименттеу, коллекция жинақтау.
Балабақшада пәндік-дамытушы ортаны ұйымдастыру кезінде дамытушы зонада
түрлі тапсырмаларды ойластыра білетін барлық педагогтардың шығармашылық
қызметі қажет. Тапсырманы балалардың қызығушылығы мен қажеттілігіне байланысты
өзгертуге болады. Баланың өз бетінше қолдануына ыңғайлы түрлі жадығаттар мен
құралдар ,оқу ортасын дұрыс жоспарлау мен ұйымдастыру даму деңгейі әр түрлі
балалардың әрекет етуін қамтамасыз етеді.
Оқу кеңістігін жобалау кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:
-педагогтың жұмыс орны ыңғайлы және оны балалардың бөлмеуі қажет;
- балалардың үстелдерді олардың топ ішінде ерікті іс-қимыл жасауға лайық
болуы тиіс;
-таңғы жиын өтілетін, шығарма оқылып, әңгімелесіп орын ыңғайлы және аудио-
бейне техникамен жабдықталғаны жөн;
-балалардың өз бетінше жинап, арнайы орынға қоюына ыңғайлы жұмсақ
кілем,әр түрлі жастықтар мен жеке кілемшелер үй атмосферасын және балалардың
бірлескен ұжымында сенімді қарым-қатынастың орнауына ықпал етеді;
127
-жеке және ұжымдық жұмыстар көрмесі балаларға, ата-аналарға қол жетерлік
жерде орналасуы керек.
Көруге және таңдау құқығына жаңа үйреніп келе жатқан бала үшін топтың
кеңістігі мүмкіншілікке толы болуы керек.
Топтың оқу кеңістігі аймақтарға бөлінеді, «Тәй-тәй» технологиясы бойынша
аймақтар белсенділік орталықтары деп аталады.
Дамытушы ортадағы әр бұрыш мағыналы алаңқай болса,балалар онда өз
қажеттілігін әр түрлі жолмен іске асыруға, өз қалауынша таңдау жасай білуге,
негізгіні қосалқыдан ажырата біледі.
Сондықтан, заттық-дамытушы орта баланың құрбыларымен, заттық
объектілермен, өзара әрекеттестіру тәжірибесін және түрлі әлеуметтік жағдайлар мен
қарым-қатынастарды жобалауды игеретіндей жағдайда болуы тиіс.
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
1. ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген
МЖМС- Астана 2016 ж.
2.Қазақсан Республикасында ерте жастағы балалар дамуының тұжырымдамалық
негіздері. Астана 2014ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ
БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДАҒЫ СЫН
ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ МОДУЛІНІҢ «ГЕОГРАФИЯ»
ЖӘНЕ «ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ» ПӘНДЕРІНЕ
ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Куанышева Айгерим Жумабековна,
Оқытушы, география, экономика және бизнес бакалавры
Ақмола облысының білім басқармасының жанындағы
«Щучинск қаласы, педагогикалық колледжі» МКҚК
Қазіргі таңда еліміз дамыған 30 ел қатарына енуге бет бұрды. Бұл шешім
мемлекеттің ішіндегі көптеген реформаларды қабылдауға әкеліп соқтырды. Соның
ішінде білім беру жүйесі елеулі өзгерістерге шалдыққалы отыр.
«Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың
деңгейлі бағдарламасының негізінде әзірлеген педагог кадрларды даярлайтын жоғары
және орта кәсіптік оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кәсіби
білім беру бағдарламасы» мемлекет ішіндегі барлық білім беру жүйесінің арасында
ажырамас тығыз байланыс орнатып, оқытушыларды жаңа форматқа бағыттап,
оқушыларды сын тұрғысынан ойлап, логикалық ойлау қабілетін дамытып, алған
білімдерін күнделікті өмірде қолдануға үйретуде. Қазақстан халқының білімін әлемдік
деңгейге жеткізу үшін оқытушылардың ұстанымы, жоспарлары, қағидаттарының
өзгеруі жағымды нәтиже беруде.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының халқына
арналған Жолдауында мұғалімдердің, оқытушылардың өз білімдерін жетілдіріп, жаңа
форматты маман болуына шақырады және сол үшін мемлекетте қолайлы жағдайлар
жасалуда. Бүгінгі педагогтардың жаңа мүмкіндігі – деңгейлі бағдарлмасының негізінде
әзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары, орта- кәсіби оқу орындарының
бітіруші курс студенттеріне қосыша кәсіби білім беру бағдарламасы.
Уақыт талабына сәйкес, ағаштың жас бұтағына ұқсап, өзгеру – қазіргі кездегі
қажеттілік. Түбегейлі өзгерістер оқытушыға үлкен жауапкершілік артады.
128
Курс негізіндегі меңгерген 7 модульдің әрбіреуін сабақта қолдану орынды.
Менің студенттерімнің сабаққа келу барысында көрген нәтижем – өздеріне сенімі мол,
сындарлы жұмыс істей алатын, білімге құштарлығы кеңейген, алдына мақсат қойып,
соған қадам жасайтын іздемпаз жастар. Соның себебінің бірі – сын тұрғысынан ойлау
моделін қолдану.
Сын тұрғысынан ойлау «оған белгілі бір қорытындыларды қалыптастыруға
мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез келген ұстанымды немесе болжанатын
білім нысанын зерделеу үшін табанды күш жұмсауды» қамтиды. (Глейзер 1941 жыл)
Сын тұрғысынан ойлау- бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту
нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуге
қолданылатын әдіс болып табылады, онымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі
болуы да мүмкін. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы
шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін
енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейімділік
пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді. Сын тұрғысынан ойлау
дағдыларының негізгі тізбегіне қадағалау, интерпретация, талдау, қорытынды жасау,
бағалау, түсіндіру, метатану кіреді.
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды меңгеру үшін мынадай қасиеттері болуы
шарт:
— жоспарлауға дайын болуы;
— бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы);
— қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы);
— жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау);
— ымыралы келісімді іздеуі;
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары:
— сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру;
— студенттің ойлауына жағдай туғызу;
— әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау;
— оқыту үрдісінде студенттің белсенділігін қолдау;
— әрбір студент сын тұрғысынан ойлауға қабілетті;
— студенттің өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау.
Бұл бағдарламаның басты мақсаты стратегияларды үйретуге қарағанда
стратегиялардың сабағымызда қойылған мәселені нәтижелі шешу қажеттілігі. Сондай-
ақ бұрынғыдай оқытушы түсіндірмейді, тек бағыт береді.
Тізбектелген төрт тәжірибелік сабағымда сын тұрғысынан ойлау модулі кеңінен
қолданылды. Әртүрлі формалар, әдіс - тәсілдер ойластырдым, қарастырдым.
Алғашқы сабағымда «Маған ұқсайды» атты тренингте студенттер өзіне ұқсас
студенттерді топқа шығарады, яғни бұл тренинг топтың ішінде ынтымақтастық,
көтеріңкі көкіл- күй ғана сыйлап қоймайды, сонымен қатар өз группаластарына басқа
қырынан қарауға ой салады, жақсы қасиеттерін ашады. Сын тұрғысынан ойлаудың
алғашқы қадамы жасалды.
Келесі сабақтарымда карточка, мәтінмен жұмыс жасалды. Олардың барысында
студенттер өздерінің жаңа қырларын аша білді.
Бірақ осы әдістерді қолдану барысында бірқатар қиыншылықтармен кездестім –
балалардың жан-жақты ойлауының төмендігі, креативті ойлау мүмкіндігінің әлсіздігі
және осы әдістердің ұстаздармен сабақта өте сирек қолданылуы өз нәтижесін көрсетті.
Алғашқы сабақта сәтті өткен стратегия – рефлексиядағы әңгімелесу. Берілген
ертегіде моральдық пайымдау қарастылып, студенттер диалог арқылы сыни тұрғыдан
ойлау қабілетін пайдаланды. Бұл әдіс сәтті өтіп, қорытынды жасалып, алғашқы сабақ
аяқталды.
129
Келесі сабақтарымда Синквейн әдісін қолдандым. Осы стратегия менің
тәжірибемде бұрыннан қолданылатындардың бірі. Стратегия тақырыпқа байланысты 1
зат есім, 2 сын есім, 3 етістік және 1 сөйлем құрастыруы керек.
Осы жерде айтылып жатқан тақырып сәйкестіктері қарастырылуы тиіс. Бұл
стратегияны орындау барысында кейбір студенттер қиыншылық көрді, бірақ байыппен
болса да орындады. Негізінен, студенттер жарыса отырып, өз қорытындыларын оқып,
белсенділік көрсетті.
Келесі әдіс бәріне белгілі – Венн диаграммасы. Осы стратегия география
сабағында Аустралия мен Қазақстанның шаруашылығын салыстыру түрінде қолданды.
Студенттердің кері байланыса сенетін болсақ, осыншама ұқсастықтың бар екенін
білмегені, олардың тек индустриялды ел емес, сонымен қатар аграрлы мемлекет екені
анықталды. Нәтиже – материал қамтылды, топта диалог құрылды, екі мемлекет
салыстырылды, жаңа білім, қыр-сырлар ашылды.
Негізінен сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыруға бағытталған сабақтар ұтымды
өтеді. Сабақта ассоциативті оқыту, талқылау мен диалог, сұрақ-жауап тәсілдерін көп
қолдандым. Сол сияқты суретпен, мәтінмен жұмыстарды орындаттым.
Сабақтардың бірінде мемлекетке байланысты суреттер көрсетілді. Соларға қарап ,
елді сипаттауға тапсырма берілді. Интерпритация әдісі студенттердің жаңа қырларын
ашты. Ойлау үшін ойлану модулі арқылы студенттер сыни ойлауға өтті- олар
фантазиясын, логикасын оятты, қиялға ой жіберді, бірін – бірі тыңдады. Нәтижесі көзге
көрерліктей болды.
«Ақылдың алты қалпағы» әдісі балалардың шығармашылығын, қызығушылығын
бірден тудырды. Тапсырманы орындау үшін топтарға қажет материалдар таратылды.
Қалпақтарды жасау барысында студенттер түрлі идеялар білдірді, соңында берілген
регламентті толық қамтып, түстер бойынша «Бүгінгі тақырыптың қандай маңызы
бар?», «Бізде қандай әсер пайда болды?», «Осы білімді қайда қолданамыз?» деген
сұрақтарға жауап беру керек болды. Шағын топтар осы тапсырманы әсерлі етіп,
орындап, сәтті аяқтады. Бұл әдіс рефлексияда қолданылды.
Онлайн режимдегі сабақта флипчарттармен жұмыс істеу әдісі қолданылды.
Интерактивті тақтада сөйлемнің ішінде түйінді сөз қалдырып кетіп, балалар сол сөзді
мағынасы бойынша тауып жазу қажет еді. Осы жерде бірінші «Бетпе бетте»
меңгерілген АКТ мен сыни тұрғысынан ойлау модулі қамтылды. Сонымен қатар, сабақ
топтық жұмыс түрінде жоспарланған болатын. Соның барысында студенттер дайын
мәтінді талқылап, флипчартқа түсіру мәндетті еді. Сол кездегі түйінін табу, түсіру
формасы , қорғау әдісі өте қызықты болды. Сабақтың барысында жағдайатты сұрақтар
қойылды, мысалы: «қалай ойлайсың?», «Неге?» , «Қандай шешім қабылдай едің?» және
т.б. Студенттердің өздері мәз, ал оқытушысы риза болып қалды.
Кері байланыс та менің сабақтарымда өз орнын тапты. Сол кезде студенттердің
жағымды , жағымсыз жақтарын айыра білу, анализ жасау, қорытындылай білу
дағдылары байқалды. Әрине, бұл жұмыс менің сабақтарымда салыстырмалы түрде
жүргізілді. Алғашқы сабақта балалар бір-екі сөзбен білдірсе, соңғы сабақта олардың
пікірлері ашық, толық, қызықты болды. Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл-балалардың
жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру, бізде балалардың
қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін
қолдануға болады.
Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау
арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді
қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан студенттерге
бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға
мүмкіндік жасау керек. [1]
130
Қорыта келгенде, бір модульді меңгеру үшін басқа модульдерді қамтымай,
қозғамай жұмыс істеу мүмкін емес деген ойға келдім. Болашақта менің студенттерім
бастауыш сынып мұғалімдері болған кезде осы әдіс – тәсілдерді өз тәжірибесінде
тиімді қолдана алады деп үміттемін.
ОБНОВЛЕНИЕ СОДЕРЖАНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ: ВЗГЛЯД ИЗНУТРИ
Нурмухамбетова Акмарал Сакеновна,
Старший преподаватель кафедры ППСОП
Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР
по Костанайской области
г. Костанай
В современном Казахстане идет становление новой системы образования,
ориентированной на мировое образовательное пространство. Этот процесс
сопровождается существенными изменениями в педагогической теории и практике.
Качественные изменения в любой области нашей жизни, а тем более в образовании
невозможны без формирования нового взгляда учителя на свое место и роль в учебном
процессе. Без осмысленияучителяминовых целей и задач в обновлённом содержании и
технологии обучения, новых форм оценивания с учетом компетентностно-
ориентированного подхода в обучении это сделать наверно практически невозможно
I1I.
Одной из актуальных проблем нашего общества является формирование
конкурентоспособной личности, готовой не только жить в меняющихся социальных и
экономических условиях, но и активно влиять на существующую действительность,
изменяя ее к лучшему. Выполняя заказ общества необходимов стенах школы
подготовить выпускника с набором таких качеств как - креативность, социальная
ответственность,
обладание
развитым
интеллектом,
высокий
уровень
профессиональной грамотности, устойчивая мотивация познавательной деятельности.
I1I
Переход на обновление содержания образования предъявляет новые требования
к работе в рамках компетентностного подхода к образованию, обеспечение педагогов
здоровьесберегающими технологиями, формирование готовности работать в условиях
возросшей индивидуализации образовательного процесса. Обновление структуры
заключается в преодолении традиционного репродуктивного стиля обучения и переход
к новой развивающей, конструктивной модели образования, обеспечивающей
познавательную активность и самостоятельность мышления школьников.
Предлагаемая к рассмотрению программа обновления образования предполагает, что
обучение должно быть активным, проводиться в условиях благоприятного
психологического климата, должна осуществляться дифференциация обучения, в
процессе осуществления должны реализовываться межпредметные связи. Кроме
перечисленного обязательным является использование ИКТ, использование вопросов
высокого прядка, осуществлять методы исследования и своевременное реагирование на
потребности
учащихсяI2I.
В связи с этим роль учителя существенно изменяется в части понимания смысла
процесса обучения и воспитания. Теперь учителю необходимо выстраивать процесс
обучения не только как процесс усвоения системы знаний, умений и компетенций,
составляющих инструментальную основу учебной деятельности учащегося, но и как
процесс развития личности, принятия духовно-нравственных, социальных, семейных и
других ценностей. Поэтому наряду с традиционным вопросом "Чему учить?", учитель
должен понимать, "Как учить?" или, точнее, "Как учить так, чтобы инициировать у
131
детей собственные вопросы: "Чему мне нужно научиться?" и "Как мне этому
научиться?" Чтобы быть готовым к этому, учителю следует осмыслить идею системно-
деятельностного подхода.
Педагог в свете обновлённого содержания обязан обладать высоким уровнем
сформированного ряда компетентностей:
Специальная компетентность - способность заниматься собственно профессиональной
деятельностью на достаточно высоком уровне и проектировать свое дальнейшее
профессиональное развитие;
Социальная компетентность - способность заниматься совместной (коллективной,
групповой) профессиональной деятельностью, сотрудничать и использовать принятые
в профессии управленца приемы профессионального общения;
Образовательная компетентность - интерес к освоению профессиональных знаний,
умений и навыков, целеполагание в образовательной деятельности, мотивация развития
субъектности и креативности в образовательной деятельности, способность применять
основы педагогической и социальной психологии I2I.
Так какая же педагогическая позиция учителя востребована современной
социокультурной ситуацией и может способствовать обновлению содержания
образования?
Хорошо знающий свой предмет и владеющий методикой его преподавания.
Владеющий современными образовательными технологиями. Главным в
практической деятельности учителя становится понимание роли применения
ИКТ в учебной деятельности. (Информационные технологии дают уникальную
возможность развиваться не только ученику, но и учителю. Развитие и
расширение информационного пространства детей и подростков, побуждает
учителя заниматься вместе с учениками, осваивая новые информационные
технологии.)
Хорошо разбирающийся в психологии ребенка, способный проанализировать и
понять его поведение, оказать психологическую поддержку и помощь.
Эффективно взаимодействующий с семьями своих учащихся, авторитетный в
профессиональном и личностном плане для родителей. Открытый новшествам,
умеющий отбирать и осваивать новые формы и методы работы, обновляющий
содержание образования, поддерживающий в образовательной практике
разумный баланс между традиционными и инновационными технологиями.
Мотивированный на работу с учащимися, относящийся к своей работе как к
призванию. Способный к своему личностному и профессиональному развитию,
непрерывно повышающий свою квалификацию.
В связи с этим учитель должен эффективно использовать активные формы и
методы обучения.
Идея перехода на 12-летнее образование была предложена Президентом страны
еще в 2000 году. И с того времени мы последовательно претворяем новые модели
обучения. С 2004 года в 104 школах республики был организован эксперимент, в ходе
которого отработана система обучения с 6 лет, практикоориентированное обучение,
раннее обучение английскому языку, введение информатики с начальной школы,
ведение интегрированных предметов, профильное обучение, переход на 5-дневную
неделю и другие. Они то и легли в основу новых стандартов обновленного содержания
образования. Сегодня на уровне международных стандартов успешно работают
Назарбаев Интеллектуальные школы, их наработанный опыт распространяется на всю
систему казахстанского образования. Мероприятия по подготовке учителей к работе по
новому стандарту осуществляются с 2012 года. Так, по уровневым программам
повышения квалификации (3,2,1 уровня) обучены около 40 тысяч педагогов страны. На
курсах по программам для руководителей общеобразовательных школ обучено более
132
125 человек. Около 10 000 учителей прошли краткосрочную подготовку по развитию
функциональной грамотности в рамках подготовки к исследованию PISA/ I3I.
Мы ставим перед собой цель повышать качество образования через развитие
функциональной грамотности школьников, навыков самостоятельного поиска,
критического анализа и оценки, то есть осуществить переход от «человека знающего» к
«человеку, способному творчески мыслить, действовать, саморазвиваться». Системно
работая в данном направлении, пошагово продолжая реформы в образовании, мы
общими усилиями мы сможем достичь желаемых результатов в таком важном для
республики деле, как система школьного образования, ведь от этого зависят судьбы
наших детей, нашего молодого поколения, и, соответственно, зависит будущее нашего
молодого государства.
Список использованной литературы:
1.
http://zkoipk.kz/ru/2016-01-3003-1/2163-conf.html
2.
http://zkoipk.kz/ru/2015k2/1264-conf.html
3.
http://open-school.kz/glavstr/tema_nomera/tema_nomera_142_1.htm
4.
http://www.zakon.kz/4743162-shagi-k-konkurentosposobnojj-nacii-a..html
ОБНОВЛЕНИЕ СИСТЕМЫ ЯЗЫКОВОГО ОБРАЗОВАНИЯ
Хасеинова Валентина Анатольевна,
старший преподаватель кафедры
филиала АО НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР
по Акмолинской области
Не за горами новый учебный год, а вместе с ним - перемены, связанные с
обновлением содержания среднего образования Республики Казахстан. Современное
общество волнуют процессы реформирования школ, широко муссируются вопросы
трёхъязычия, языкового образования. Работая в сфере повышения квалификации
педагогических работников в течение десяти лет, имея за плечами семнадцатилетний
опыт учителя русского языка и литературы, обучая в настоящее время учителей-
словесников по обновленной программе, хочу представить свои впечатления от
первого опыта работы с учителями в рамках обновления системы языкового
образования.
Обучение языкам официально рассматривается как одно из приоритетных
направлений модернизации школы. С февраля текущего года на настоящий момент
мною проведено три четырёхнедельных курса для учителей русского языка и
литературы школ с казахским языком обучения Акмолинской области. Необходимо
отметить, что это категория «взрослых» педагогов с солидным стажем и опытом
работы, устоявшимися взглядами на вопросы обучения и воспитания, подходами,
методами, приемами и формами работы, сложившимся стилем преподавания; молодых
– единицы, средний возраст в каждой группе составляет 49-50 лет. Каждое первое
знакомство с обновленной программой – недоумение. В аудитории звучит много
вопросов, основная мысль которых заключена во фразе «А где здесь русский язык?».
Дело в том, что грамматические темы, согласно новым учебным программам и планам,
не выделяются самостоятельно, а изучаются в контексте речевых, лексических тем.
Учителя со стажем привыкли оценивать языковые знания, в первую очередь, за
грамотность письма. Важность правильного написания суффиксов, приставок,
окончаний, верная расстановка знаков препинания и прочее – прочно укоренилась в
сознании практиков. А сегодня мы говорим о том, что сначала нужно научить детей
133
общаться, говорить, выражать свои мысли, аргументировать. И не страшно, если
ребенок начнет говорить, допуская ошибки. Главное помочь ему развиваться дальше,
для успешного применения полученных знаний в жизни, в различных сферах
деятельности, реализации полученных знаний, подготовит учащихся к взаимодействию
с полилингвальным и поликультурным миром, выработает толерантное отношение.
На уроках работа будет направлена на развитие у школьников четырех языковых
навыков: слушания, говорения, чтения и письма.
Наличие межпредметной взаимосвязи (по языку обучения, второму языку и
иностранным языкам и литературе) позволит формировать и развивать
коммуникативную культуру на уроках по языкам, будет способствовать
формированию и развитию у учащихся целостного представления о мире, способности
к профессиональному самоопределению, готовности к межкультурному общению,
активности в творческой и проектно-исследовательской работе. Расширятся зоны
позитивной социализации учащихся для развития у них конкурентной способности
действовать впоследствии на отечественном и международном рынке труда.
Страхи и волнения преподавателей постепенно уменьшаются, когда начинается
активное обучение, когда они в процессе тренингов, практических занятий получают
возможность самостоятельно проработать программный материал, предоставляя на суд
коллег свой продукт выполненных заданий. Полностью раскрываются педагоги во
время демонстрации микропреподавания уроков, которое является неотъемлемой
Достарыңызбен бөлісу: |