Педагогических работников по актюбинской области



Pdf көрінісі
бет79/105
Дата06.03.2017
өлшемі5,85 Mb.
#8085
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   105

Использованнаялитература: 

1.

 



Ефимов А.И. История русского литературного языка. Курс лекций. Изд. 2-е, исправлен., Учпедгиз. Москва, 

1955. – 422 с. 

2.

 

Этнокультурное  образование  в  дальневосточном  федеральном  округе  РФ.  Коллективная  монография.  – 



Якутск: Медиа-холдинг «Якутия», 2015. 416с. 

3.

 



Sculra H. Wilhelm von Humboldt. Werden und Wirken. Berlin, 1985. 

4.

 



Плещенко  Т.П.,  Федотова  Н.В.,  Чечет  Р.Г.  Стилистика  и  культуры  речи.  Уч.  пособие.  Минск,  НТООО 

«ТетраСистемс» 2001. -236 с. 

5.

 

Ушинский К.Д. Родное слово: книга для детей и родителей. – Новосибирск: Дет.лит., 1994. – 424 с. 



6.

 

Смагулова Г.Н. Лингвокультурный статус казахских фразеологизмов //Мат.межд. науч.конф. «Руский язык 



и культура в зеркале перевода», 21-30 апр.2014г. Греция. Салоники. 687-694с. 

7.

 



Дюсупбаева К.С. Лингвоэкология и иностранные слова. http://oaji.net/articles/2015 

8.

 



Шаповалова Н.Г. ОРФО-арт как пример карнавального общенияв виртуальной реальности. Филологические 

этюды: Сб. науч. ст. молодых ученых:В 3-х ч. - Саратов: Изд-во Сарат. ун-та, 2008.Вып. 11, ч. II, с. 292-295.  

 

 

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ 



БЕЛСЕНДІ СТРАТЕГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ 

 

Биманова Ж., 

№18орта мектебінің қазақ тілі пҽнінің мҧғалімі 

Қазақстан Республикасы Ақтҿбе қаласы 

 

Қазіргі кезде қазақстандық білім беру саласында білім берудің жаңа жҥйесі  жасалып, ҽлемдік білім алу 

кеңістігіне бағытталуда. Заман талабына сай жан-жақты тҧлға қалыптастыру бағытындағы білім беру мҽселесі 

мемлекетіміздің басты назарында. Еліміздің халықаралық білімдік кеңістікке кіруі ҥшін «Ҿмір бойы білім алу» 

тҧжырымдамасын  іске  асыруға  мҥмкіндік  беретін,  мемлекет  жҽне  қоғамның  талаптарына  сҽйкес  ҿскелең 

ҧрпақты қҧзырлықтарын дамытуға бағыттау керек. Жаңартылған білім беру бағдарламасы шетелдік білім беру 

ҥлгісі бойынша оқыту, белсенді оқыту стратегияларын қолдану арқылы оқушыларға кез келген мазмҧнға сыни 

тҧрғыдан  қарап,  екі  ҧйғарым,  бір  пікірдің  біреуін  таңдауға  саналы  шешім  қабылдауға  сабақтарда  ҥйретуді 

басшылыққа алады. 

Оқытудың  белсенді  ҽдістері  деп  оқушының  танымдық  іс-ҽрекетін  ынталандырушы  жҽне  қандай  да 

болсын мҽселенің шешу жолдары жҿнінде еркін пікір алмасуды кҿздейтін диалогқа қҧрылған ҽдістер. Оларга 

ҽңгіме,  диспут,  тақырыптық  семинар,  іс-ойын,  тренинг  жатқызуға  болады.  Жаңартылған  білім  беру 

бағдарламасы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, салыстыра алу, сол 

идеяларға ҿз кҿзқарастарын білдіру, қарсы кҿзқарастармен тепе-теңдікте ҧстап зерттеу, оларға сеніммен қарау 

деп  тҥсіндіреді  авторлар.  Сын  тҧрғысынан  ойлау  –  сынау  емес,  шыңдалған  ойлау.  Бҧл  деңгейдегі  ойлау  тек 

ересек  адамдарға,  жоғарғы  сынып  оқушыларына  ғана  тҽн  деп  ойлау  аса  дҧрыс  емес.  Жас  балалардың  да  бҧл 

жҧмысты  дҧрыс ҧйымдастырған жағдайда ҿз  даму  деңгейіне сҽйкес ойы шыңдалып, белгілі  бір жетістіктерге 

жетері  сҿзсіз.  Оған  осы  жобамен  жҧмыс  жасау  барысында  кҿз  жеткіздік.  Білімнің  болашақта  пайдаға  асуы, 

қажетке жарауын қалыптастырады. Кҿп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға ҥйретеді. 

Жаңартылған білім беру бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен 

тҥзіледі. Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып ҿтейік. 

Қызығушылықты ояту.Ҥйрену процесі  – бҧрынғы білетін жҽне жаңа білімді ҧштастырудан тҧрады. Ҥйренуші 

жаңа  ҧғымдарды,  тҥсініктерді,  ҿзінің  бҧрынғы  білімін  жаңа  ақпаратпен  толықтырады,  кеңейте  тҥседі. 

Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тҧрған мҽселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан 

басталады.  Осы  арқылы  ойды  қозғату,  ояту,  миға  шабуыл  жасау  арқылы  ҽсер  ету  жҥзеге  асады.  Осы  кезеңге 

қызмет  ететін  ―Топтастыру‖,  ―Тҥртіп  алу‖,  ―Ойлану‖,  ―Жҧпта  талқылау‖,  ―Болжау‖,  т.б.  деген  аттары  бар 

ҽдістер  (стратегиялар)  жинақталған.  Қызығушылықты  ояту  кезеңінің  екінші  мақсаты  –  ҥйренушінің 

белсенділігін  арттыру.  Ҿйткені,  ҥйрену  –  енжарлықтан  гҿрі  белсенділікті  талап  ететін  іс-ҽрекет  екені  даусыз. 

Оқушы ҿз білетінін еске тҥсіреді, қағазға жазады, кҿршісімен бҿліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бҿлісу, 


377 

ортаға  салу  арқылы  оның  ойы  ашылады,  тазарады.  Осылайша  шыңдалған  ойлауға  бірте-бірте  қадам  жасала 

бастайды. Оқушы бҧл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ҧштастырады.  

Ойлау  мен  ҥйренуге  бағытталған  бҧл  бағдарламаның  екінші  кезеңі  мағынаны  тану  (тҥсіне  білу).  Бҧл 

кезеңде  ҥйренуші  жаңа  ақпаратпен  танысады,  тақырып  бойынша  жҧмыс  істейді,  тапсырмалар  орындайды. 

Оның  ҿз  бетімен  жҧмыс  жасап,  белсенділік  кҿрсетуіне  жағдай  жасалады.  Оқушылардың  тақырып  бойынша 

жҧмыс  жасауына  кҿмектесетін  оқыту  стратегиялары  бар.  Соның  бірі  INSERT.  Ол  бойынша  оқушыға  оқу, 

тақырыппен танысу барысында V – ―білемін‖, ― - ―мен ҥшін тҥсініксіз‖, + - ―мен ҥшін жаңа ақпарат‖, ? – ―мені 

таң қалдырады‖ белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын тҥсінуге, ҿз ойына басшылық 

етуге,  ойын  білдіруге  ҥйрететін  ҧтымды  қҧрал.  Бір  ҽңгіменің  соңына  тез  жету,  оқығанды  есте  сақтау,  мҽнін 

жете  тҥсіну  –  кҥрделі жҧмыс. Сондықтан да,  оқушылар арасында  оқуға  жеңіл-желпі  қарау салдарынан тҥсіне 

алмау,  ҿмірмен  ҧштастыра  алмау  жиі  кездеседі.  Мағынаны  тҥсінуді  жоғарыдағыдай  ҧйымдастыру  –  аталған 

кемшіліктерді  болдырмаудың  бірден-бір  кепілі.  Ҥйретушілер  білетіндерін  анықтап,  білмейтіндерін  белгілеп 

сҧрауға ҽзірленеді. Бҧл ҽрекет арқылы жаңаны тҥсіну ҥшін бҧрынғы білім арасында кҿпірлер қҧрастыруға, яғни 

байланыстар қҧруға дағдыландырады.  

Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның ҥшінші кезеңі. Кҥнделікті оқыту процесінде оқушының 

толғанысын ҧйымдастыру, ҿзіне, басқаға сын кҿзбен қарап, баға беруге ҥйретеді. Оқушылар ҿз ойларын, ҿздері 

байқаған ақпараттарды ҿз сҿздерімен айта алады. Бҧл сатыда оқушылар бір-бірімен ҽсерлі тҥрде ой алмастыру, 

ой тҥйістіру, ҿз  ҥйрену жолын, кестесін  жасау мақсатында басқалардың ҽр тҥрлі  кестесін  біліп ҥйренеді.  Бҧл 

ҥйрену  сатысы  –  ойды  қайта  тҥйіп,  жаңа  ҿзгерістер  жасайтын  кезең  болып  табылады.  Ҽр  тҥрлі 

шығармашылықпен ой тҥйістіру болашақта қолданылатын мақсатты қҧрылымға жетелейді. 

Осы  кезеңді  тиімді  етуге  лайықталған  ―Еркін  жазу‖,  ―Венн  диаграммасы‖,  ―Пікір  сызығы‖, 

―Семантикалық  карта‖сияқты  стратегиялар  ҽр  сабақтың  ерекшелігіне,  ауыр-жеңілдігіне  қарай  лайықтала 

қолданылады.  Джигсо  –  ҧжымдық  оқыту  ҽдісі.  Мақсаты  –  жалпы  мҽселені  алдымен  жҧпта,  сосын  ҧжымда 

талқылау. Бҧл жағдайда ҽрбір оқушы бір сҽт ҿзін мҧғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. 

Ҽдісті  қолдану  тҿмендегіше  ҧйымдастырылады.  Алдымен  ҧжым  4  адамнан  тҧратын  топтарға  бҿлінеді.  Бҧл 

―жанҧя‖  топтар  деп  аталады.  Содан  кейін  1,  2,  3,  4-ке  санау  арқылы  1-лер  бҿлек,  2,  3,  4  ҿз  алдына  ―жҧмыс‖ 

тобын қҧрайды. Оқуға ҧсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мҽтінді тҥсіну қажет екендігі 

ескертіледі.  4  логикалық  бҿлікке  бҿлінген  мҽтіннің  1-бҿлігін  1-лер,  2-бҿлігін  2  санын  алғандар,  3,  4  нҿмірлі 

топтарға оқуға тапсырылады. Жҧмысты бастамас бҧрын оқушыларға ―жҧмыс тобында‖ мҽтіннің тиісті бҿлігін 

жақсы меңгеру қажеттілігін, ҿйткені сол бҿлікті ―жанҧя топ‖ оқушыларына тҥсіндіруге жауапты екенін, мҽтінді 

тҧтас  тҥсіну  ҽр  оқушының  ыждағаттылығына  байланысты  екенін  тҥсіндіру  қажет.  Келесі  кезекте  ҧжым 

мҥшелері  бастапқы  топтарымен  қайта  табысып,  ҿздерінің  ҥйреніп  келген  бҿліктеріндегі  мазмҧнды  ортаға 

салады.  Осылайша  ҧжым  мҥшелері  бірін-бірі  оқытуға,  сол  арқылы  ойлауға  ҥйренеді.  ДЖИГСО  стратегиясы 

мазмҧнды  жоғары  табыспен  меңгеру,  оқығанды  есте  сақтау  ҥшін  ҿте  тиімді.  Оқушының  оқуға  деген 

қызығушылығы  артады,  ҧжымда  жақсы  қарым-қатынас  қалыптасады,  саналы  тҽртіп  орнайды.  Сондай-ақ, 

мҧғалімді,  мектеп  қызметкерлерін  тҥсіну,  оларға  деген  дҧрыс  кҿзқарасқа  ҥйренеді.Екі  тҥрлі  тҥсініктеме 

кҥнделігі.Оқушылардан  дҽптердің  бетін  (не  таратылып  берген  парақты)  ортасынан  вертикаль  сызықпен  бҿлу 

сҧралады. Мҽтінді оқу барысында олар: 

Бҿліктің  оң  жағына жҽне  сол  жағына  мҽтіндегі  қатты  ҽсер  еткен  тҧстар,  ҥзінділер  жайлы  пікір  жазады 

(нені  еске  тҥсіреді,  себеп-салдары  қандай,  қандай  сҧрақ  бар  т.б.)Ҽр  оқушы  мҽтінмен  танысып,  кҥнделікті 

толтырып  біткен  соң  жҧпта,  топта  талқылау  ҧйымдастырады.  Жҧмыс  аяқталған  кезде  мҧғалім  қорытуға 

арналған  ҽзірлеп  келген  сҧрақтарын  қойып,  жауаптар  алады.  Ол  сҧрақтар  оқығанға  баға  беру,  пікірін, 

кҿзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дҧрыс.  

Бҧл ҽдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ҧжым болып, жҧмыс жасауға ҥйретеді. Ақпаратты ҿз бетінше 

меңгеруге  жағдай  жасайды.  Сҿз  астарын,  қҧдіретін  тҥсінуге  бағыттайды.  Сондай-ақ,  ҽдістің  тиімділігі  – 

сабақтан  тысқары  қалатын  оқушы  болмайды,  оқыған  мҽтінді  тҥсіну,  оны  тҥсінікті  етіп  айтып  беру,  оған 

қатысты  ойын,  пікірін  білдіру  арқылы  оқушының  тілі  дамиды.  Осылайша  ҧйымдастырылған  оқу  сабақтары 

арқылы  сауатты  оқырман  қалыптастыру  мҥмкіндігі  туады.  Еркін  жазу.  Бҧл  ҽдісті  сын  тҧрғысынан  ойлау 

жобасындағы сабақтың ҥшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мҧғалім сабақ бойына қарастырылған 

жаңа ақпарат жайлы, одан алған ҽсерін, не ҥйренгенін, нені ҽлі де біле тҥсу керек екенін т.б. жайлы ҿз пікірін 

қағаз бетіне тҥсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар ҿз жазғандарымен топ 

мҥшелерін  таныстырады.  Ең  жақсы  деп  танылған  жҧмысты  ҧжымда  оқуға  болады.Оқушыларды  алған 

білімдерін қорытуға, оған сын кҿзбен қарап, ойын тҥйіндеуге ҥйрететін бҧл ҽдісті кез келген сабақта қолдануға 

болады. 

Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің 

сипаттамалары  жазылады.  Ал  айқасқан  жерге  екеуіне  ортақ  сипаттар  тізіледі.  Салыстыруға  арналған 

тапсырмаларды осы диаграммаға салып,  оқушылар қызыға  толтырады, яғни салыстыру сияқты  кҥрделі ойлау 

операциясын меңгереді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, 

ҿз  бетінше  білім  алуға,  шығармашылығын  қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Оқытудың  осындай  жаңа 

педагогикалық  технологияларын  сабаққа  ендіру  бҥгінгі  таңда  ҽрбір  ҧстаздың  басты  мақсаты  болуы  керек. 

Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шҧғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, 

шығармашыл  азаматтар  қажет.  Сабақта  тек  білімділік  мақсаттарды  шешіп  қоймай,  балалардың  жекелік 


378 

қасиеттерін,  қабілеттерін  дамытудың  жолдарын  қарастыруда  дҽстҥрлі  оқыту  мен  дамыта  оқытудың 

айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы кҿрсетуге болады. Мҧғалім бҧл жҥйемен жҧмыс жасағанда, ҥнемі 

оқушы санасында болып жатқан ҿзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, ҿз сабақтарын 

соған  сай  ҿзгертіп  отыруы  тиіс.  Ҽйтпесе,  жаңа  жҥйенің  қҧны  болмайды.  Жаңа  технология  ретінде  ең  озық 

ҽдістерді  дер  кезінде  игеру,  іздену  арқылы  бала  бойына  дарыту,  одан  ҿнімді  нҽтиже  шығара  білу  –  ҽрбір 

ҧстаздың  басты  міндеті.  Оқытушы  мен  білім  алушының  интербелсенді  шығармашылығы  шектелмейді.  Оны 

қойылған мақсатқа дҧрыс бағыттай білудің маңызы зор. 



Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



Григальчик Е.  К., Губаревич Д. И. Обучаем  иначе. Стратегия активного обучения.  –  Минск:  Современное 

слово, 2003. 

2.

 

 Поляков С.Д. В поисках педагогической инновации. – М.: Дрофа, 2003. 



3.

 

Бабанский  Ю.К..  Методы  обучения  в  современной  общеобра-зовательной  школе.  -  Москва:  Просвещение, 



1985. - 208 с. 

4.

 



М.Жҧмабаев. Педагогика. - Алматы: Анатілі, 1992. -160 б. 

5.

 



Г.Қ.Нҧрғалиева. Педагогиканыңлогикалық-қҧрылымдық курсы, - Алматы, 1996. 

 

 



БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА НЫШАНДАР 

 

Бишенова А.А., 

№8 орта мектебі тарих пҽнінің мҧғалімі 

Қазақстан Республикасы Ақтҿбе қаласы 

 

Қазақстандағы  білім  беру  ҥдерісіне  енген  жаңартылған  білім  беру  бағдарламасы-заман  талабына  сай, 

келешек  ҧрпақтың  сҧранысын  қанағаттандыратын  тың  бағдарлама.  Біздің  болашаққа  барар  жолымыз 

қазақстандықтардың  ҽлеуетін  ашатын  жаңа  мҥмкіндіктер  жасауға  байланысты.  Білім-қоғамды  ҽлеуметтік-

мҽдени, ғылыми ҥрдіспен қамтамасыз ететін жоғары қҧндылық. Болашақтың бҥгінгіден нҧрлы болуына ықпал 

етіп, адамзат қоғамы алға апаратын кҥш тек білімде ғана. Қай елдін болсын ҿсіп-ҿркендеуі, ғаламдық дҥниеде 

ҿзіндік  орын  алуы  оның  ҧлттық  білім  жҥиесінің  деңгейіне,  даму  бағытына  байланысты.  «Ҧрпағы  білімді 

халықтың  болашағы  бҧлыңғыр  болмайды»  дегендей,  жас  ҧрпаққа  сапалы,  мҽн-мағыналы,  ҿнегелі  тҽрбие  мен 

білім беру-бҥгінгі кҥннің басты талабы.  

Мектеп-еліміздің  халыққа  білім  беру  жҥйесінің  кҥрделі  тармағы.  Еліміздің  жарқын  болашағы,  мектеп 

болашағы-ҧстаздардың  ізденісінде,  балаларға  деген  сҥйіспеншілігінде,  кҽсіптік  деңгейіне  байланысты 

екендігінде.Еліміздегі  білім  беру  саласы  жаңа  жҥйеге  кҿшу  барысында  ҧлтымыздың  болашағына  тірек  болар 

азаматтардың  білім  деңгейі  жоғары,  ой  ҿрісі  дамыған,  ҿз  ойын  еркін  жеткізе  алатын,  туындаған  мҽселелерді 

шеше білетін жҽне шынайы ҿмірге бейім жаңашыл ҧрпақ тҽрбиелеуді басты фактор ретінде қарастырып отыр. 

Сонымен  қатар  мемлекеттік  тілдің  зор  ҽлеуетін  сезіну  міндеттілік  деп  танылып,  ҧлтаралық  келісім  кепілі 

ретінде ҽрбір білім алушы оны қҧрметтеуі парыз.Ҽлемдік білім беру жҥйесінің кҿшінен қалмай, дамудың басым 

бағыттарын  негізге  ала  отырып,  ҿркениетке  аяқ  басу  білім  беру  мазмҧнына  жаңа  талаптарды  алға  тартуда. 

Қазіргі  білім  беру  жҥйесіндегі  жаңарулар,  ең  алдымен,  жастардың  мҽдени,  эмоционалдық,  зияткерлік, 

ҽлеуметтік  жҽне  рухани  жағынан  даму  мҥмкіндігін  қамтамасыз  етуге  бағытталуда.«Жас  ҧрпақтың  тағдыры  – 

ҧстаздардың  қолында»  деп  айтқандай,  қазіргі  білім  беру  жҥйесінің  мақсаты  –  бҽсекеге  қабілетті  білімді  тҧлға 

тҽрбиелеу.  

Мектеп – ҥйрететін орта, оның жҥрегі  - мҧғалім. Ізденімпаз мҧғалімнің  шығармашылығындағы ерекше 

тҧс  -  оның  сабақты  тҥрлендіріп,  ҿткізе  отырып,  тҧлғаның  жҥрегіне  сара  жол  табуы,  ҿмір  бойы  оқып  жемісін 

кҿреді.  Жаңартылған  білім  беру  мазмҧнын  белгілейтін  типтік  оқу  жоспарында  1-4  сыныптарда  тілдерді 

деңгейлеп  оқытуда  тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым  дағдыларын  ҥйрету  жоспарланған.  Білім  сапасын 

анықтау қҧралдары ретінде оқуға ынталандыратын жҽне оқушының жеке дамуын анықтауға мҥмкіндік беретін 

формативті  бағалау  мен  суммативті  бағалау  тҥрлері  белгіленген.  Жаңа  стандарт  оқуын  ҿз  бетімен  қҧруға 

қабілетті,  ҿмір  бойы  білім  алуға  ҧмтылатын  оқушы  тҧлғасын  дамытуды  кҿздейді.  Жаңартылған  білім  беру 

бағдарламасы  аясында  ,  жаңа  стандартпен  оқыту  ҽдістемесін  ҥйретумен  қатар,  функционалды  сауатты,  сыни 

тҧрғысынан ойлай алатын мҧғалімдер қатарын кҿбейтуде. 

Оқушылар табысты оқуы ҥшін мҧғалімдер ҥш компонент -білім беру бағдарламасы, оқыту тҽсілдері мен 

бағалау жҥйесі қалай ҥйлесетінін толық білуінің маңызды екені. Демек, білім беру бағдарламасының мазмҧны, 

педагогикалық  тҽсілдер  жҽне  бағалау  тҽсілдері  бір  мақсатқа  жҧмылдырылуы  тиіс.Яғни  бҧл  ҥйлесім 

оқушылардың табысын арттырады. Бҧл білім беру бағдарламасы мен бағалау моделі белгіленген деңгейде ғана 

емес, ҽр сыныпта, ҽр сабақта қолданылады. Мҧғалімдер ҿздерінің оқыту қызметі білім беру бағдарламасының 

іске  асырылуына  қолдау  кҿрсететінін,  ал  бағалау  тҽсілдері  оқушыларға  қажетті  ақпаратты  жеткізуге  жҽне 

олардың жетістіктеріне қолдау кҿрсетуге кҿмектесетініне сенімді болуы керек.  

Білім берудің 4 дағдысын тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыта оқытудың маңыздылығын 

біліп, бала жадысына жеткізудің ҽдіс-тҽсілдерін ҥйрендік. Қазақ тілінде оқытатын мектептер мен орыс тілінде 

оқитын  мектептердегі  қазақ  тілін  оқыту  мен  оқудың  арасындағы  айырмашылық  неге  негізделетініне  кҿңіл 



379 

аударсақ ана тілін ҥйрену немесе ҿзге тілді ҥйрену ҧзақ оқу ҥрдісіне негізделеді: бір ғана айырмашылық - оны 

ҥйрену жағдайлары оқушылардың бҧған дейінгі білімі жаңа тілді қабылдауын қалай қалыптастыратыны болып 

табылады.Тіл ҥйрену - белгілі бір тҥсінік пен білім қалыптастырып, оларды тҥсіну жҽне сҿйлеу ҥшін қолдана 

білу.  Шетелдік  ғалым  (Крашен)  ҿзге  тілді  ҥйрену  барысында  «табиғи  тҽртіп»  бар  деп  болжаған.  Яғни 

грамматикалық қҧрылымды ҥйрену белгілі бір реттілікпен жҥзеге асады делінген. 

Сонымен қатарол екінші тілді ҥйрену тҥсінікті ақпараттың қолжетімділігіне негізделеді деп болжайды. 

Яғни  оқушылар  ҥйренетін  ақпаратпен  деректер  олардың  ҿз  деңгейінен  ҥнемі  жоғары  болып,  ҽрдайым 

ілгерлеу  болып  отрылуы  тиіс  делінген.Екінші  тілді  ҥйрену  барысында  тілдік  қабілетті  сыйпаттауда 

Жалпыеуропалық тіл қҧзыреттілігін бағалау  жҥйесі (CTFR) кеңінен қолданылуда.Тілді меңгеру деңгейлерінде 

ҥнемелі реттілік бар: тілді жаңа ҥйреніп жҥргендер мен ҿзге тілде еркін сҿйлеушіге дейін. Ҥш деңгейде бҿліп 

топтайды. Бастапқы деңгей, тҽуелсіз дееңгей, тҽжірбиелі деңгей. Ҽр деңгейдің ҿзі екі деңгейшелерге бҿлінеді. 

Мысалы бастапқы А1 деңгейде нені білуі тиіс.  

Белгілі бір бағытттағы қажеттілікті қанағатттандыруға бағытталған кҥнделікті ҿмірдегі таныс сҿздер мен 

сҿз тіркестерін тҥсінеді, қолданады, ҿзі таныстыра алады, сҧраққа жауап береді .А2 деңгейде сҿйлемдер мен сҿз 

тіркестерін  тҥсінеді.  Қарым  –  қатынас  жасағанда  ақпарат  алмасуға  қажетті  қарапайым  кҥнделікті  міндеттерді 

шеше  алады.  В1  жҧмыста,  мектепте,  демалыста..  т.б.  жағдайларда  тҧрақты  тҥрде  талқыналатын  таныс 

тақырыптарды  тҥсінеді.  Ҿзіне  таныс  немесе  ҿзін  қызықтыра  алатын  тақырыптарға  байланысты  хабарларды 

тҥсіне  алады.  Ҿзінің  кҿзқарасы  мен  жоспарын  тҥсіндіре  алады.  В2  Кҥрделі  мҽтіндердің,  техникалық 

мазмҧндағы  мҽтіндерді  талқылаулардың  негізгі  идеясын  тҥсінеді.  Ҿз  ойын  еркін  анық  білдіре  алады.  С1  ҽр 

тҥрлі  тақырыптардағы  кҿлемді  мҽтіндерді  тҥсінеді.  Ойын  тез  жеткізе  алады,  тілді  ҽлеуметтік,  ғылыми,  кҽсіби 

қызметінде шебер жҽне тиімді қолданады жҽне грамматикалық бірлікткрді меңгергенін кҿрсетеді. С2 кез келген 

оқыған хабрламаларды оңай тҥсінеді жҽне қорытып талдай алады.Ойын еркін жеткізеді.  

Міне,  қазіргі  таңда  тіл  ҥйренушілерді  осы  деңгейге  сҥйеніп  тілдік  деңгейін  анықтайды.Орыс  тілінде 

оқитын  мектептердегі  қазақ  тілін  оқытудың  негізгі  мақсаты  -  оқушылардың  тілдік  қҧзіреттілігін  арттыруға 

кҿмектесу.Алайда  тіл ҥйретуде ҿз еліміздің қҧндылықтарын тҽрбиелік мақсат етіп  ала жҥргеніміз  дҧрыс.Тілді 

ҥйренуде  жетістікке  жету  білім  мен  тҥсінік  бірлескен  уақытта  ғана  қолжетімді  болады.  Яғни  ішкі  тҥсінік, 

қажеттілік қалыптаспайынша тіл меңгеру қиынға соғады. Қазіргі уақытта ҥш тілді қатар алып жҥру қажеттілігі 

туындап отыр. Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілін оқытудың негізгі бағыттары тіл ҥйренудің тҿрт 

дағдысына баса назар аудартуы. 

 

Тыңдалым сҿздер мен мҽтіндердің мағынасын тҥсіну, ауызша хабарламаларды есте сақтауға негізделеді. 



 

Айтылым сҿздік қорды қолдану десе де болады. Ҿз ойын дҽлелдеп жеткізе білуі. 

 

Оқылым арқылы оқушылар мҽтінді оқи отырып жан-жақты талдау жасай алады. 



 

Жазылым  грамматикалық  жҽне  сҿздік  нормаларды.,  орфографиялық  қағмдаттар  мен  пунктуациялық 

нормаларды білуге негізделеді 

Жаңашыл,  ҿміршең  идеялар  мҧғалімдерге  тың  серпіліс  ҽкелді.  Сонымен  қатар,  топтық,  жҧптық 

жҧмыстарды  ҧйымдастыру,  сын  тҧрғысынан  ойлауға,  функционалдық  сауаттылықты  арттыруға  бағытталған 

жаттығу  жҧмыстарын  ҧйымдастырудың  алуан  тҥрлі  ҽдіс-тҽсілдерін  бере  отырып,  мҧғалімнің  бағыт  беруші, 

сабақты  ҧйымдастырушы  менеджер-кҿшбасшылық  рҿлімен  де  таныстырып  отырды.Тілді  меңгертуде 

қолданылатын  4  дағды:  айтылым,  жазылым,  оқылым,  тыңдалым  жҧмыстарына  оқушы  қатысады.  Бҧл  оқушы 

ҥшін  ҿте  тиімді  болды.  Себебі,  ҿз  бойымыздан  ҿткізіп  барып,  қалыптастырған  дағдыны  оқушыға  жеткізу 

ҽлдеқайда тиімді. 

Сонымен қатар мемлекеттік тілдің зор ҽлеуетін сезіну міндеттілік деп танылып, ҧлтаралық келісім кепілі 

ретінде ҽрбір білім алушы оны қҧрметтеуі парыз.Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан 

жолы-2050: бір мақсат, бір мҥдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Орта білім жҥйесінде жалпы білім беретін 

мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп тҥлектері қазақ, орыс 

жҽне  ағылшын  тілдерін  білуге  тиіс,  оларды  оқыту  нҽтижесі  сындарлы  ойлау,  ҿзіндік  ізденіс  пен  ақпаратты 

терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - деген болатын. 

2015  жылдың  30  қарашасында  Қазақстан  Президенті  Нҧрсҧлтан  Ҽбішҧлы  Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына Жолдауында: «Мҽңгілік ел болу - біздің жарқын болашағымыз екенін жҽне барша қоғам ел игілігі ҥшін 

аянбай тер тҿгу қажеттігін атап ҿтті.Олай болса, бҥгінгі тҿгілген теріміз, ертеңгі жас ҧрпаққа білім мен тҽрбие 

беруде ақталады. Біз, ҧстаздар, жаңаша бағдарламамен оқытуға дайынбыз деп айта аламыз, бірақ біз білеміз ҽлі 

де оқитынымызды, тҽжірбие алмасып шыңдала тҥсетіндігімізде». 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 



Мҧғалімге арналған нҧсқаулық Ҥшінші (негізгі) деңгей. «Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҦ, 2012. 

2.

 



Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік қҧжаттар, 

Астана 2006ж. 

3.

 

Тҧрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары: оқу ҽдістемелік қҧрал – 2000ж. 



4.

 

Педагогикалық ізденіс. – Алматы: Рауан, 1990. 



5.

 

С.  Қожагелдиева,  Н.  Нҧртазаева.Сын  тҧрғысынан  ойлау  арқылы  оқытудың  тиімділігі.  Бастауыш  мектеп, 



2009ж №4 

 

380 

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҤШ ТІЛДІЛІКТІ ЕНГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ 

 

Докина Г.Т., 

Шҧбарқҧдық гимназиясының бастауыш сынып мҧғалімі 

Қазақстан Республикасы Ақтҿбе облысы Темір ауданы 

 

Еліміздің  тҽуелсіздігі  нығайып,  қоғамдағы  демократияның  ҿрісі  кеңейген  шақта  адамның  қоғамдық  та, 



тҧлғалық та рҿлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған орай рухани қҧндылықтар жаңарып, адамның зияткерлік 

ҽлеуетін  қалыптастырудағы  білімнің  маңыздылығы  туралы  қағидалар  тҥбегейлі  ҿзгерді.  Жалпы  білім  беретін 

мектепте  оқытылатын  ҽрбір  пҽн  оқушы  тҧлғасын  жетілдірумен  қатар  оның  шығармашылық  қабілеттерін 

дамытуды  кҿздейді.  Оқушының  жан-жақты  білім  алуына  бағыт-бағдар  беруші  мҧғалім  мҽдениеттілік, 

шығармашылық, инновациялық тҧрғыдан ойлай алатын жҽне бірнеше тілді білетін маман болуы шарт. Бҥгінгі 

технология  жҽне  жаһандану  заманында  ҿскелең  ҧрпақты  кҿпмҽдениеттілікке  тҽрбиелеу  ҥдерісін  іздестіру 

қарқынды жҥргізіліп отырғанын байқауға болады. Қазіргі таңда ҿзара байланысы мен ҿзара тҽуелділігі басым 

ҽлемде жас ҧрпақты бҽсекелестікке дайындаудың бірден бір жолы ҥштілділік болып табылады. 

Қазір  ҥштілді  білім  беру  –  мектептегі  оқу  пҽндерін  екі  немесе  одан  да  кҿп  тілде  оқыту,  жас  ҧрпақтың 

білім  кеңістігінде  еркін  самғауына  жол  ашатын,  ҽлемдік  ғылым  қҧпияларына  ҥңіліп,  ҿз  қабілетін  танытуына 

мҥмкіншілік  беретін  ең  басты  қажеттілік.  Ҥштілді  білім  беру  –  кҿптілді  тҧлғаны  қалыптастырудың  негізі. 

Қазіргі  кезде  қоғамдық  қатынас  жағдайында  тҧлғаның  қалыптасу  деңгейі  кҿбінесе  адамның  ҿзін-ҿзі  жҥзеге 

асыра  алуына,  бҽсекеге  қабілеттілігіне  жҽне  ҽлеуметтік  ҧтқырлығына  тікелей  байланысты.  Жаһандануға  бет 

бҧрған заманда кҿптеген ҧлттық айырмашылықтар азайып,  олар ҥшін аға буын аталарымыздың адамгершілік 

тҽжірибесі  мҽнін  жоғалта  бастады.  Сондықтан  мҧғалімнің  алдында  ҽр  халықтың  мҽдени  қҧндылықтарын,  аға 

буынның  барлық  ҥздік  тҽжірибелерін  пайдалану  арқылы  ҽлеуметтік  белсенді  тҧлғаны  қалыптастыруға 

мҥмкіндік  беретін  қолайлы  білімдік  ортаны  қҧру  сияқты  маңызды  міндет  тҧр.  Яғни,  кҿпҧлтты  жҽне 

кҿпмҽдениетті  ортада  белсенді,  ҽрі  тиімді  ҿмір  сҥруге  мҥмкіндігі  мол,  ҿзге  мҽдениеттерге  тҥсіністік  жҽне 

қҧрметпен  қарай  алатын,  бейбіт  жҽне  ынтымақтастықта  ҿмір  сҥруге  бейім,  бҽсекеге  қабілетті  маман 

қалыптастыру ҥшін ҥштілді білім беру қажет. 

Елімізде  ҥздіксіз  жҥргізілетін  маңызды  іс  –  тіл  саясатын  жҥзеге  асыру,  тілді  меңгеруге  деген 

қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, бҽсекеге қабілетті тҧлға тҽрбиелеу, ҥш тілді – қазақ, орыс 

жҽне  ағылшын  тілдерін  оқыту  бастауыш  сыныптан  оқту  қолға  алынды.  Демек,  бастауыш  мектептен  ҥш  тілді 

оқытудың  негізін  қалыптастыру,  ҽр  тҥрлі  оқыту  технологияларын  қолдану  арқылы  оқушының  бойына  тілге 

деген қызығушылығын, оны ҥйренуге деген қҧштарлығын арттыру. Жеке тҧлғаның болашақта заман талабына 

сай  ҿмірге  икемделуіне  бағыттау  жҽне  оның  басқа  елдің  тілін,  мҽдениетін  танып  білуіне  ықпал  ету, 

оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау дағдыларын қалыптастыру. Бастауыш мектепте ҥш 

тілді  оқытудың  тиімділігі  сол,  оқыту  тек  тілдік  білім  жҥйесін  (фонетикалық,  лексикалық,  грамматикалық) 

оқытумен шектелмейді, ең бастысы ағылшын тіліндегі сҿз ҽрекетін қарым-қатынас қҧралы ретінде меңгертіп, 

нҽтижесінде  кҿптілдік  жҽне  кҿптҥрлі  мҽдениетті  тҥсінетін  тҧлғаны  қалыптастырады.  Дыбыстарды  жҽне 

сҿздерді  дҧрыс  дыбыстай  алады.  Сҽлемдесуге,  қоштасуға,  ризашылық  білдіруге,  кешірім  сҧрауға  қажетті 

сҿйлеу ҥлгілерін пайдалана алады. Ҿзі туралы, отбасы, достары туралы айта алады. 

Қазіргі біздің республикамыздың басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта елімізге 

ҥш  тілді  меңгерген,  ҿз  білімін  тҥрлі  саладағы  қарым-қатынас  жағдайында  пайдалана  алатын  адам  қажет. 

Егеменді  еліміздің  білім  беру  жҥйесінде  ҥш  тілді  оқыту  технологиясының  ҽр  тҥрлі  ҽдіс-тҽсілдерін  қолдана 

отырып терең білімді, ізденімпаз, шығармашылық бағыт ҧстанатын, сол тҧрғыда ҿз болмысын таныта алатын 

жеке  тҧлға  тҽрбиелеу  ісіне  ерекше  мҽн  беріледі  жҽне  олардың  есте  сақтау  қабілетін  жетілдіре  отырып  еркін 

сҿйлеуге, ҿз ойын айту дҽрежесіне жеткізу. Орта мектепте ҥш тілде яғни, ағылшын, орыс, қазақ тілінде оқытуда 

оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы терең білім берілуде. 

Қазіргі таңда ҽлемдік оқу ҥрдісінің ҿзегі-жаңа технологиялар екені мҽлім. Ҽрбір оқыту технологиялары 

ҿзіндік  жаңа  ҽдіс-тҽсілдермен  ерекшеленеді.  Ҽдіс-тҽсілдерді  мҧғалім  ізденісі  арқылы  оқушы  қабілетін, 

қабылдау  деңгейіне  қарай  ерекшеленіп  қолданылады.  Қызықты  сабақтар  мҧғалімнің  ашқан  жаңалығы,  ҿздік 

қолтаңбасы,  ҽдістемелік  ізденіс,  қолданған  ҽдіс-тҽсілдер  арқылы  ерекшеленіп,  шҽкірт  жҥрегінен  орын  алады. 

Бастауыш  сынып  оқушыларының  дамуына,  қабілетінің  артуына  жаңа  технологиялар  білім  беру  жҥйесінің 

дамуындағы  елеулі  бағыт.  Сондықтан  ҽрбір  ҽдіс-тҽсілдің  ҧстаздар  ҥшін  маңызы  зор.  Сондықтан  бастауыш 

мектепте  оқытуда  оқушылардың  қызығушылығын  ояту  –  басты  мҽселе.  Оқушылардың  шығармашылық 

қабілеттерін арттырып, ынталандыру ҥшін сабақта кең кҿлемде кҿрнекіліктер пайдалану, сабақты тҥрлендіріп 

ҿткізу,  ҿздері  жасаған  суреттер,  сызбаларды  пайдалану,  техникалық  қҧралдарды  пайдалану,  сабаққа  қатысты 

бейнетаспа, фильмдер кҿрсету жҽне ҽр тҥрлі ҿлең, ойын тҥрлерін ерекшеліктеріне қарай пайдалану тиімді. 

Білім  –  теңіз,  оның  тереңіне  жетік  білетін,  сырын  меңгерген,  қҧпиясын  ашатындар  ғана  бойлай  алмақ. 

Ондай адамдардарды дайындайтын мҧғалім. Ал, мҧғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді. Ол 

мҧғалімнің  бір-біріне  ҧқсамайтын  жан-жақты  ҿткізген  сабақтары.  Сол  сабақтарда  қолданылатын  жаңа  оқыту 

технологиясының тиімділігі оқушыларға терең білім беруде болып табылады. Ҥш тілді оқытудың ерекшелігі – 

ҿсіп келе жатқан жеке тҧлғаны жан-жақты дамыту, жас ерекшелігіне сай ақпараттық сауаттылығын жетілдіру. 

Орта  мектепте  ерте  жастан  оқушыларды  ақпараттық  қоғамға  бейімдеу,  ақпараттық  ойлау  қабілетін  дамыту, 


381 

ҽлемдік  ақпараттық  білім  кеңістігіне  даярлайды.  Кейінгі  кезде  кең  тараған  ҽдістің  бірі  –  бейнежазба  арқылы 

қысқаша  ҥзінділер  беру.  Бейнекҿрініспен  жҧмыс  істеу  оқушының  есту  мҥмкіндігін  жетілдіріп  қана  қоймай, 

кҿзбен байқау қабілеті де дамиды. Бейнематериал арқылы сҿйлеуге дағдыланады, сабақтағы белсендігі артады. 

Осы тҧрғыдан қарағанда «интерактивтік ҽдіс» маңызды орын алады. Бҧл ҽдіспен оқытудың басты мақсаты: ҿз 

бетінше  ойын  айтып,  жауап  табуға  ҥйрету.  Мҧғалім  ҿзінің  шеберлігіне  қарай  жаңа  оқыту  технологияларын 

ҥйлестіре  білу  керек.  Ҽрбір  жаңа  технологияларды  бір-бірімен  ҧштастыра  ҥйлестіру  арқылы  сапалы  білім 

деңгейіне кҿтерілуге, жетістікке жете алады. 

Қорыта  келе,  XXI  ғасыр  табалдырығын  білім  мен  ғылымды  инновациялық  технология  бағытымен 

дамыту  ҥлкен  ҥміттің  басты  нышаны  болып  табылады.  Бастауыш  мектепте  ҥш  тілді  оқытудың  тиімділігі 

оқушылардың пҽнге деген қызығушылығымен бірге сабаққа тҥгел атсалысатындығы, бҽсекеге қабілеттілігі, бір-

бірінен  қалғысы  келмей  ,  емін-еркін  сҿздерді  қайта-қайта  айтуда,  бір-бірімен  ықпалдарының  ҽсер  етуі  жақсы 

нҽтижеге  жетелейді.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  ағылшын  тілін,  орыс  тілін  ҥйренуде  тап  болатын 

қиыншылықтары:ҿзге  тіл  жҽне  сабақтан  басқа  сҿйлейтін  ортаның  жоқтығы,  ҥйренгенін  тез  ҧмыту,  кейбір 

оқушылардың тіл сындыру жаттығуларында тілдерінің келмеуі мен материалдық техникалық базаның талапқа 

сай  келмеуі.  Осы  қиыншылықтарды  жеңе  отырып,  оқушының  жан-жақты  терең  сапалы  білім  алуына  бар 

мҥмкіншілігімізді  салсақ,  ҥлкен  жетістіктерге  жетуімізге  болады.  Бҥгінгі  таңда  білім  берудің  озық 

технологияларын меңгермейінше, сауатты ҽрі жан-жақты болу мҥмкін емес. Ол ҥшін оқыту мен білім берудегі 

жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды практикада  қолдануда ҥлкен белсенділік таныту  – ҽрбір мҧғалімнің 

міндеті. 

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының мектептік білім беру саласында ҥшт тілде оқып ҥйренуге 

деген ықылас арта тҥсуде. Осыған байланысты қазіргі қоғам ағылшын тілін меңгеру дҽрежесіне кҥннен-кҥнге 

кҿтеріңкі  талаптар  қоюда.  Ҥш  тілді  меңгеру  мемлекетіміздің  білім  беру  саласындағы  бірегей  бағыттарының 

бірі.  Соның  ішінде  орта  мектептепте  бастауыш  сыныптан  ағылшын  тілін  меңгерту  кең  қолданысқа  айналып 

келеді  жҽне  ҽр  тҥрлі  бағытта  оқыту  кең  етек  алып  келеді.  Кҿптілді  білім  беру  –  кҿптілді  тҧлғаны 

қалыптастырудың негізі.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет