Қазіргі қазақ тілі
133
жоталанып кеткендей екен, өйткені
көзілдірік бұрынғыдай нық
тұрмай, қолқылдап қалыпты. Үйлену – екі адамның әйтеуір қол
ұстаса салуы емес, оның ар жағында елмен қатынас, тіпті көрші-
қолаңмен қатынас деген болады (Ш. Мұртазаев).
2-жұмыс.
Рысқұловтың осы ғұмырында қанша кеш батып,
қанша таң атты – ешкім есептеген емес.
Рысқұлов соны есіне
алды да, енді мына Чичериннің сөзіне шын сенді. Адасып кете ме,
ат-арба, машина қағып кете ме? (Ш. Мұртазаев). Не мына Әбдіні
қолымызға шығарып бер, не болмаса кепіл бол (М. Әуезов). Бірақ
екі көзі менде – байқаймын, кім екенімді
білуге құмартып тұр
(Х. Есенжанов).
3-жұмыс.
Сол 1926 жылы қазақ мәдениетінің тарихында
зор бір оқиға болды: тұңғыш рет қазақтың ұлт театры ашылды
(Ысқақ Дүйсенбаев).
Бұланбайдың жауаптарына
көңілі тыншыққандай болды
да, Ушаков қазақ жұмыскерлерінің көмірді қалай құлатып
жатқандарын біраз қарап тұрды. Бұл ауылдағы ең арық малдарды
осы ауыл жинап алған сияқтанады, бұл маңайдағы малы аз ауыл
да осы болу керек (Ғ. Мүсірепов).
Біздің пойыз Қазан вокзалына
келіп тоқтауы-ақ мұң екен,
солдаттар қаптады да кетті. Ал, қазақтар Қазығұртты қалап
алыпты, неге – белгісіз (Ш. Мұртазаев).
Достарыңызбен бөлісу: