Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова



Pdf көрінісі
бет83/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   118
2-жұмыс. 
Бір жағынан адвокат қарекеті, екіншіден қуғыншы 
Ерболдар арызы, оның үстіне Абайдың өз жауабы – баршасы 
қо сылды да, ақыры, областное правление дейтін жандарал кең-
сесінде тергеу өтпек болды. Көп балалы үйдің шаң-шұңы көп 
болушы еді, бұл үйде бір бала қыңқ еткен жоқ. Абай кейінірек 


Қазіргі қазақ тілі
135
білді, Салтанаттың бұл үшін еткен еңбегі көп екен (М. Әуезов). 
Қазір не жаз басындағы жастардың арасында таң атқанша отырып 
өлең айтатын сайранды сауық жоқ, не көңіл көтеретін ел-елдің 
бас қосқан той-топыры жоқ (Х. Есенжанов). Көп адам қасында 
келеді, бірақ жалғыз келе жатқандай сезінеді (Ғ. Мүсірепов).

(талғаулықты мағына);

(түсіндірмелі мағына)
3-жұмыс. 
Салтанат салқындап, ақшыл тартқан жүзбен көзін 
төмен салды да, Абайға тағзыммен бас иді (М. Әуезов). Жабайды 
сойылға жыққан Игіліктің жігіттері екенін Жұман білген 
жоқ, әлдеқалай аттан құлаған шығар деп ойлады. Темір жол 
салынбаған жерде мыңдаған көлік керек болатынын уайымдап 
еді, Ушаков оның алдына қазақтың он мыңдаған түйесін тосты 
(Ғ. Мүсірепов). Нұрым қамшыны да босатпады – басқа соғар деп 
қауіптенді. Ал басқа елдің жерін тартып алу үшін соғысып көрші, 
ең ержүрек деген батырдың өзі тірегінен айрылғандай босаңси 
береді (І. Есенберлин).

(ыңғайластық мағына);

(кезектестік мағына). 
4-жұмыс. 
Бұдан кейінгі отырыста Абай мен Ербол кейде 
кезек тесіп, кейде қосылып көп ән салды, қонақ әйелдердің, 
әсіресе Тінібек бәйбішесінің тілегімен әйелдер мәжілісінің көңі-
лін көтеріп, қызмет етті. Өзге елді Қыдыш екеуіңіз қолға алы-
ңызшы, дәл Борсықтың әптігін өзім басайын. Қазақ халқы бұл 
пә леден шеткерірек пе деуші еді, олай емес екен. Үлкендер қатты 
қорқытып қойған болу керек, үйдегілер дауыстарын шығара 
алмай, жаншылып, егіліп жылайды... Күңке басында көнбейтін 
болған наразылық білдірген, алайда сол наразылық үстінде де 
Ұлжанды бақты (М. Әуезов).

(салыстырмалы мағына);


Бердібай Шалабай
136

(ыңғайластық мағына).
5-жұмыс.
Күн де шанышқақтап найза бойы көтерілді, 
ойды-қырды алып жатқан жылқыға біз де келіп жеттік
(Ғ. Мүсірепов). Кісі отырарлық жері бар деймісің, басқа 
үйлердің бірі не барайықшы (М. Әуезов). Менің атым онша 
бұрмалауға кел мейді, Шеген аға дерсің (Ғ. Мүсірепов). Ол кейін 
шегінді, бірақ көзін Нұрымның жыбырлаған ернінен айырмады
(Х. Есенжанов). Зар даусынан кейде ыза мен зіл де байқалады, 
кейде Абайға қызық көрінетін мақал, мәтелдер айтылып кетеді 
(М. Әуезов)
.

(шартты мағына);

(ыңғайластық мағына).
6-жұмыс. 
Ойымда Шегенге сақтаған талай хикая, сұлу 
поэмаларым жүрген сияқты еді, бірде біреуінің бастамасы аузыма 
түспей қалды (Ғ. Мүсірепов). Розаның үстіндегі қолпылдаған 
қалың курткасына қарап Жұмабек елжіреп кетті: бейне әкесінің 
киімін киген бала сияқты (Т. Ахтанов). Бұлар да депутаттыққа 
ұзақ шұбырынды қошемет көрсете бастап еді, Айгүл тез тойтарып 
тастады (Ғ. Мүсірепов). Күндіз олар не өзіне жем іздейді, не 
өзінің басқаға жем болмауын көздейді (Ғ. Мұстафин).

(салдар-себептік мағына)

(шарттық мағына).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет