При Казахской Национальной Академии Искусств им. Т


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет20/25
Дата06.03.2017
өлшемі21,11 Mb.
#8251
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Использованная литература
1. Выгонная  А.,  Калнин  В.,  Цейтлина  М.  Основы  реставрации 
памятников 
архитектуры,монументальной 
и 
станковой 
живописи: 
Учеб.пособие для проф.-техн.учеб.заведений. — Минск: Дизайн ПРО. 2000. –
96 с. 
2. Бобров 
Ю. Г. Теория 
реставрации 
памятников 
искусства: 
закономерности  и  противоречия  //  Российская  Академия  Художеств, 
Государственный  Академический  институт  живописи,  скульптуры  и 
архитектуры им. И. Е. Репина. — СПб.: Эдсмит, 1997. – 344 с.
3. Лосев А. Ф. О понятии художественного канона // Проблема канона в 
древнем  и  средневековом  искусстве  Азии  и  Африки. —  М.:  Наука,  1973. —
С.6-15. 
4. Причины  разрушения  произведений  графики  /  Метлицкая 
Л.Л., Костикова  Е.А.  Методические  рекомендации.  —  М.:  ВХНРЦ  им.  И.  Э. 
Грабаря, 1995. – 183 с.
5. Копелиович  М.М.  К  вопросу  атрибуции:  свиток  неизвестного 
китайского художника «Сцены из жизни военных чиновников. Возвращение с 
охоты  знатного  военачальника  со  свитой»  //  Сборник  материалов  научной 
конференции «Кастеевские чтения», — Алматы: ГМИ им.А. Кастеева, 2012. —
115 с.

219
ҚОСАНОВА
Гүлназ Берсүгірқызы
Т.Қ.Жүргенов атындағы 
Қазақ Ұлттық Өнер академиясының 
«Этноөнертану» кафедрасының
 аға оқытушысы, өнертану магистрі
a. n. gul. @mail.ru
ҚАЗАҚСТАН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ШЫҢЫНА ҚОЙЫП 
ОТЫРҒАН ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ Ә.ҚАСТЕЕВ ТУРАЛЫ 
ЕСТЕЛІКТЕР
Қазақстанның  бейнелеу  өнері  тарихында  кескіндеменің  алатын  орны 
айрықша.  Республикамыздың  бүгінгі  кемелі  сурет  өнерінің  бастауы  болған 
акварель, майлы бояу қылқалам иелерінің реалистік шыншыл кескіндемесінің 
өзіндік дәстүрін игеруіне теңдесі жоқ үлес қосты.
Кеңес үкіметі жылдарында өмір сүрген суретшілер бейнелеу өнердің әр 
алуан  түрімен  шұғылданып,  бірталай  тер  төгіп,  едәуір    белестерге  көтерілді. 
Сол  кезеңде  өмір  сүрген  суретшілер  өз  замандастарының  жарқын  тұлғасын 
буырқанған  түстер  арқылы  сомдап,  сондай-ақ  Қазақстанның  тұрмыс-
тіршілігін,  тарихын,  табиғатын,  әдет-ғұрыпы  мен  салт-дәстүрін  бейнелеуде 
жырлап, оның әр жанрында небір толымды дүниелерді өмірге алып келді.
Бейнелеу  өнеріндегі  қондырғылы  кескіндеме  халықтың  жырымен, 
дәстүрлі  ою-өрнекті шеберлігімен сонау Кеңестік үкіметімен қатар келеді. 
Алайда, республикамыздағы дәстүрлік  ерекшеліктерді көздеп, негізге 
алушы суретшілердің саны  күннен күнге көбейіп келе  жатқанымен, саналы да 
мазмұнды  еңбектерімен  қазақ  халқының  дәстүрін,  әдет-ғұрыпын  реалистік 
бейнеде көрсетушілер санаулы болды.
Сондықтан  да,  бейнелеу  өнерінің  басталуын  кәсіби  түрде  ашып, 
дәстүрлік  ерекшелігін  реалистік  тұрғыда  айқындап,  сара  жолға  салып  берген 
суреткер  шығармашылығы  дәлдеп  атағанда  Ә.Қастеевтен  басталады.  Оның 
көркем шығармашылығындағы дәстүрлік көріністерді зерделей қарай отырып 
бір  туындысынан  екіншісіне  ауысып,  кезегімен  жүйелей    баяндау  өтпелі 
баспалдақ  тәріздес.  Суретшінің  шындыққа  деген  көзқарасы  арнайы  талдау 
үстінде  реалистік  бағытта  бейнелеген  көркем  туындылардың    қазақ  өмірімен 
сабақтастығы,  композициялық  құрылымы  және  мазмұны,  ұлттық  болу 
үндестігі,  салт-дәстүрлі  көрінісі,  жанрлардың  шегі  мен  арақатынасы  сияқты 
қадау-қадау мәселелері айқындалады.
Әдетте,  Қазақстан бейнелеу өнерінің    қайнар  бұлақ  бастауын суретші 
Н.Г. Хлудов есімімен тығыз ұштастырсақ, әр алуан көркемдік бағыт ұстанған, 

220
бейнелеу  өнерін  бедерлеуге  ұлттық  үн  қосқан  ұлы  суретші  Ә.  Қастеев 
халқының өмір тұрмысы мен салтын қаз қалпында бейнеледі. 
Мұнда  бейнелеу  өнерінінің  кескіндеме  саласында  жұмыс  істеген, 
шығармасы халықтық дәстүрге бай суретші  Ә. Қастеев шығармашылығымен 
ұштасып  отыр.  Алғашқы  1930  жылдардан  бастап  салынған  туындысынан-ақ 
көшпелі  халықтың  тұрмысын  айқын  көрсеткені  белгілі,  сондай-ақ  жанрлық 
бағыттағы қылқалам беттері дәстүрлік ерекшеліктерді айшықтап бейнелі түрде 
сомдалған.  Ә.  Қастеевтің  кез-келген  шығармасының  тақырыбы  қазақ  елінің 
өмірлік  мазмұнымен  байланысты.  Ол  өткен  өмірдегі  салт-дәстүрлер,  наным-
сенімдер,  түрлі  қазақилықты  танытатын  ырымдардың  бір  жиек  бөлігін 
өнерімен ұштастырып бала жасынан бойына сіңірген тұжырымы, жинақталған 
тәжірибесінің  негізгі  нәріндегі  ұлттық  намысын  жандандыра  түсті,  оны 
реалистік тұрғыда, кәсіби деңгейге бейнелеудің түрлі жанрында әр алуан әдіс-
тәсілдер арқылы беруге тырысты. 
Қазіргі  таңда  республикамыздың  бейнелеу  өнердің  барлық  дерлік 
саласы  мен  жанрында  шыншыл  көріністі,  шынайы  бағытты  ұстанған 
суретшілер тобы айқындалып, жұмыс істеуде.
Қазақстан суретшілерін халқының дәстүрлік тұрмыс тіршілігі, өмірлік 
тарихы,  әдет-ғұрыпы  ерекше  қызықтырды.  Мұны,  әрине  суретшілердің 
шығармаларынан  аңғару  абзал.  Сондай-ақ  Ә.  Қастеевтің  де  өзіндік  болмысы 
мен ерекше шығармашылығы қазақ халқының өнеріне қосқан үлкен де құнды  
үлесі.  Суретші  шығармалары  Отанымен  тығыз  байланысты,  сондықтан 
өмірінің  қиын  кезеңдерінде    шынайы  бейнелерді    ашып  көрсете  білді. 
Шығармашылық  жолы  күрделі  бола  тұра,  ол  елінің  дәстүрлік  ерекшелігін 
айқындап, батылдықпен бейнеледі. 
Революцияға  дейін  жалғыз  қазақтан  шыққан,  суретпен  айналысқан  Ч. 
Уалиханов  болса,  ал  енді    осы  қазақ  бейнелеу  өнерін  жетілдіре  түскен, 
байыппен  аша  білген,  Кеңес  үкіметі  кезеңіндегі    сурет  өнерін  әрі  қарай 
гүлдендіріп, жан бітірген Ә. Қастеев. 
Суреткер 
шығармашылығы 
халық 
қолөнерінің 
Қазақстанда 
қалыптасуынан  кейінгі  ғана    пайда  болған  жаңа  кәсіби  бейнелеу  өнерін 
ұластыру дәуірін  қамтиды. Сондықтан, оның  өмірі  мен  шығармашылығының 
қалыптасуына  өзі  өмір  сүрген  уақыттың  ықпалы  әсерін  тигізді.  Қазақ 
халқының бұрынғы қиын-қыстау кездегі бастан кешкен оқиғалары, феодалдық 
сарқыншақтарды    ашына  жырласа,  кейінгі  еңбектерінде  өмірдегі  үлкен 
өзгерістердің туындауына қуанғандығы куә. 
Суретшінің  көркем  туындысындағы  ұлттық  мазмұнға  толы  көріністің 
әр біреуін байыптап талдау, оның өзіндік керемет қолтаңбасын ашуға,  көркем 
шығармасындағы  композициялық  құрылымның  қыр-сырын,  мазмұндау  оны 
талдаған өнертанушы ойын қалыптастыруына да  септігін тиггізеді. Реалистік 
бағытта  бейнелеген  көркем  туындылардың  қазақ  өмірімен  байланысы  
тырнақалды  шығармасынан-ақ  көрінеді.  От  басындағы  әжелеріміздің  қимыл-
әрекеті    арқылы  ісмерлік  қолөнеріне  деген  құштарлығын  сезіндіреді.  Көрер 
көзді тұсағандай көркем әрі әуенге толы туындылары әрбір адамға ұлттық ой 
туғызады.  Көшпелі  елдің  ұғым  түсінігіне,  рухани  әлеміне  ұласқан  өзіндік 
шығармалары халықтың тұрмыс тіршілігінің мәнін аша түседі.

221
Ұлы тума талант иесі Ә. Қастеев Қазақстан бейнелеу өнерінің дамып, 
қалыптасуына қомақты үлес қосты. Ұлттық бояуы әрбір туындысына жеке бір 
жағыстар  арқылы    қанық,  мазмұнға  толы,  дәстүрлік  ескерілген  көркем 
шығармаларды көрерменге  мұралыққа мирас етіп қалдыруға алып келгендей 
күрделі  құбылыстан  тұрады.  Бұл  аса  құнды  шығармаларындағы  үлкен 
еңбекпен келген дүние болды. Өйткені ол өмірдің ащы мен тұщысын татқан, 
ауырлық  пен  жеңілдіктің  мөлшерін  түсінген,  халықтың  нәзік  көркем  сезімін 
жете  ұғынған,  жасынан  қолөнермен  айналысқан,  ою-өрнектің  сырын 
меңгерген суретші. Бейнелеу өнерінің әр жанрында көркем шығарма жазуда өз 
үлесін  таба    білді,  жеке  шығармашылық  ізденуінде  көркемдік  дәстүрлік 
ерекшеліктерге    толы  көркем  шығармасы  таза  логикалық  түрде  ғана  емес, 
көркемдік  күрделі  композициялық  құрылымы  арқылы  қазақ  халқының 
дәстүрлік  ерекшелігін  аша  түседі.  Мұндағы  суретшіге  тән  басты  қасиет 
дәстүрмен тағдырлас халқының жан  дүниесін қазақи  ойлау жүйесінде шешіп 
беруі.  Сондықтан  маңдай  алды  көркем  шығармасы  терең  зерттеуді, 
ғылымилық баға беруді қажет етеді. 
Ә. Қастеевтің әлі де ашылмай қалған сыры көп-ақ. Соның көптен бірі 
мирас етіп қалдырған туындыларының  дәстүрлік ерекшелігінің мазмұны мен 
келешек ұрпаққа тәрбие боларлықтай мұрасы болмақ. Бүгінге дейін бейнелеу 
өнерінен білім алған ұрпақ Еуропалық жүйеде тәрбиеленіп келеді. Сондықтан 
да жас суретшілердің ұлттық мінезден айырылып қалмай тәрбиеден бейхабар 
болып қалмауы үшін жоғары жауһарларымызды танытқанымыз абзал. Таным-
түсінігі  салт-дәстүрмен  байланыспаған  әдет-ғұрыпты  жете  меңгермеген 
суретші ұлттық төлтума тудыруы мүмкін емес. Сондықтан кез-келген көркем
шығарманы ұлттық төлтума деп қарау қарсылық тудырады. 
Ұлттық  өнеріміздің  мақтанышы  Ә.  Қастеевтің  шығармалары 
халқымызды рухани сезімге бөледі. Суретші  қазақ халқының жанына батқан, 
намысына  тиетін  өрескел  мінез-құлықтарын  көркем  шығармада  айқын 
бейнеледі.  Билігі  өзінен  аспаған  байлар  мен  дінді  бұрмалаған  молдалардың 
бойына  біткен  тұлғалық  мінезін  сиқырлы  суреттерімен  сипаттады.  Оның 
айғағы  «Кедей  мен  бай  құдық  басында»  (1940),  «Байдың  құда  түсуі»  (1941) 
шығармалары дәлел бола алады. Әйткенмен, көне  кезеңнің өміріне тән қасиет
әдет болып кеткен, тіптен салт-дәстүрімізге жат мінез танытқан кемшіліктерді 
ашық  айта  білді,  «Қызды  зорлап  алып    қашу»  (1937)  шығармасында 
буырқанған  қою  қара  қошқыл  көк  түсті  бояу  арқылы,  оның    композициялық 
құрылымы  арқылы  көрер  көзге  қайғылы  көріністі  шынайы  түрде,  сұрапыл 
оқиғаны  дәл  ұқсастықпен  бейнелейді.  Суретшінің  өз  ұлтына,      дәстүріне, 
сеніміне  деген  тазалығы  көркем  шығармада  шынайы  көрініс  таба  білді.  Әр 
оқиғаның  уақыт  мерзіміне  байланысты  өзіндік  өлшемін  таба  білген  шебер 
суретші жеке көз қарасымен қараған еркін ойдың адамы. 
Негізгі  басты  мәселелер  дәстүрлік  ерекшелікпен  байланысты 
болғандықтан,  өнертанудың  зерттеуіндегі  заңды  қарастырулар  Ә.  Қастеев 
көркем  туындысындағы  ұлттық  мазмұнның  өзіндік  қолтаңбасы,  сондай-ақ  
оның  әрі  қарай  жалғасын  табатын  және  туындысындағы  негізгі  элементі 
болатын  композициялық  құрылымы  мен  мазмұны,  қазақ  өмірімен 
сабақтастығы,  нақты  дәстүрлік  ерекшеліктің  бір  ұшқыны  ретінде  зерттеліп 

222
келеді.  Осындай  өзгеше  құбылысты  айқындайтын  кескіндемедегі  көптеген 
оқиғаны  ашуға    мүмкіндік  беретін  көріністер,  уақыттың  өрістеуін  көрсетеді,  
композициялық құрылымының өзгешелігіне саяттық шеру жасатады. 
Жұмыс  үдерісіндегі  ең  басты  мәселе  суретші  шығармаларының  қазақ 
салт-дәстүрімен 
сабақтастығы, 
дәстүрлік 
ерекшеліктің 
мәні. 
Шығармашылығындағы 
бояу 
үндестігінің 
адамның 
ішкі 
сезімінен 
туындағанын  дәлелдейді,  оны  өзге  суретшілердің  туындыларымен 
салыстырмай –ақ  нәтижесі көрініп тұр. Ол қайталанбас қолтаңбасы. 
Яғни:  айқын  да  ашық  контурлы,  бояу  түсінің  шектеулігі,  бейнелік 
жинақтауға  ұмтылуы  және  осы  әдістің  күннен  күнге  дараланып,  жігерленіп 
өрби түскендігі. 
Бұл  қабілеттің    суретші  бойынан  табылғаны    дүниеге  көз  ашқаннан 
етене  таныс    халқының  ою-өрнек  арқылы  армандаған  мұраты,  қолөнерден 
дарыған өте бай сәнді үлгілердің көркемдік дәрежесінің көтерілуі. 
Қастеевтің  алғашқы  туындыларынан-ақ  оның  шығармашылығының 
өзгеге  ұқсамайтын  өзіндік  ерекшеліктері  анық  байқалады.  Соның  ішіндегі 
салт-дәстүрмен қатар бояу үндестігінің ұлттық бейнедегі шебер үлгілері. 
Тазалық  өмірді  қаз-қалпында  қабылдау,  аңғал  балғындық,  сөйте  тұра 
өнердің өзегін дөп басып тану сияқты көреген кемеңгерлігін, оның қаламына 
тән  даралық  қасиеттің  біріне  айналғандығын  кейінгі  шығармалары  арқылы 
айқындау сөзсіз. 
Оның  шығармашылығы  қашанда  өмірлік  тәжірибенің  зерделі  жүрек 
жемісі.  Келешекке  мұра.  Шығармаларындағы    қарастыратын  ой  шыншыл 
өмірдегі шынайы сезім, тарихи оқиғадағы байлардың өктемдігін батылдықпен 
шеше  білген  реалист  суретшілігін  ашады.  Әр  бір  туындысы  қазақ  елінің 
дәстүрімен, тағдырлас қасиеттерінің айнасы.
 «Киіз  үйде  қымыз  ашытқан  әйел»  (1936),  «Колхоздың  сүт  фермасы» 
(1936),  «Бие  сауу»  (1936),  «Көкпар»  (1936),  «Сатып  алынған  қалыңдық» 
(1938),  «Бесбармақ»  (1940),  «Байдың  құда  түсуі»  (1941)  шығармалары 
талдауды әлі де сұранады. Осыған орай:
-
Суретші  шығармашылығындағы  өзіндік  қолтаңбасы  басты 
кейіпкерлердің бейнесін бояу үндесуімен кескіндеуі даралайды.
-
Ә. Қастеевтің көркем шығармасындағы алынған қазақ ұлтына тән 
ерекше  қасиеттерді  алып  жүрекпен  келістіруі  қазіргі  таңдағы 
болашаққа тарихи оқиғаның бірін мирас етуі. 
-
Шығармаларын 
өз 
замандастарының 
туындыларымен 
сабақтастырудан  композициялық  құрылымының  өзге  ұтымды  
нәтижесін көрсетуі. 
-
Шығармашылығына арқау болған  халықтық дәстүрдің ықпал етуі, 
жасынан  қолөнердің  арасында  өсіп,  көзбен  көрген  көрпе 
құрақтарды тартысты белеспен беруі айқындалады. 
Әр  оқиғаның  уақыт  мерзіміне  байланысты  өнері  өміршең,  табиғаты 
өзгеше  жаратылған  біртуар  тұлға  Ә.  Қастеев  артына  өшпес  мұра  қалдырды. 
Суретші  өнерді  үйренуден  де,  өзгеге  үйретуден  де  жалықпаған,  ол  шәкірт 
тәрбиелеген  ұлағатты  ұстаз.  Демек,  ғылыми  түрде  зерттелмесе  де  айтылған 
ойлар, деректер әр салалы болмақ. 

223
Сондықтан Ә. Қастеев шығармашылығына бет бұрмаған, елең етпеген  
адам жоқ. Тұңғыш Қазақ елінен көрінген  суретшінің шығармашылығы барлық 
өнер  қауымына  мәлім.  Сондай-ақ  зерттеулерін  қағаз  бетіне  түсірген 
зерттеушілердің де саны аз емес. Оның шығармашылығы өзінің даралығымен 
мөлдір  түстерімен  қызықтырады.  Қазақ  өңірінде  кәсіби  кескіндеме  мен 
графика  саласы  туралы  сөз  қозғалар  болса,  демек  өнер  зерттеушілердің 
мақаласынан алдымен  Ә. Қастеев шығармашылығы көрінеді. 
Республикамыздың  өнер  зерттеушілер  қатарының  бір  бөлігі  ең  басты 
Қазақтың  бейнелеу  өнерінің  басын  ашқан  суретші  шығармашылығынан жан-
жақты  білімді аңғарып,  әр алуан саладан көрініс тауып, түрлі  жанрдан  мәнді 
тақырыптардың мазмұнын жинақтаған. Көбінесе Қазақстан бейнелеу өнерінің 
шыңына  қойып  отырған.  Олардың  жазған  жинақ  кітапшалары,  мақаласы, 
шағын  газеттерде  жариаланған  ойлары,  жеке  шығармашылығына  пікірлері 
өздеріне  сынақ  болғандай.  Осыдан  талай  жыл  бұрын  зерттелген 
мәліметтерден,  қазіргі  таңда  жаңа  салыстырмалы  көзқарастардың  туындауы 
ізденістің  басылмауының  айғағы.  Республикамыздағы  суретшілердің 
шығармашылығына  ғылыми  зерттеулер  жүргізген  өнер  зерттеушілері  мен 
ғалымдары, суретшілерінің бір ауыз ойлары, жазушылардың арасындағы пікірі 
кеңінен  танылып  келеді.  Солардың  бірі  Ә.  Бөриевтің  «Қазақстан  бейнелеу 
өнерінің  шеберлері»  атты  альбомында  «Суретшінің  сый  алтыны»  мақаласы 
арқылы  жариялаған  жазушының  ойы:  Қаршадайынан  «Көзінде  айнасы    бар 
бала» деп атаған.  Ол тылсым табиғаттың сан түрлі  бояуын санап, түрлі ағаш 
атаулы,  жан-жануардың,  өсімдік,  тіпті,  топырақтың  түр-түсін  саралап 
өскендігін  айтады.  Ә.  Қастеевтің  шығармашылығындағы  кескіндеме  мен 
графикасындағы  өзгеше  қасиеттері  туралы  зерттеулер  жүргізген  Б.К. 
Барманкулова,  Е.  Вандровская  елеулі  орын  алады.  Олардың  бірін  Ә. 
Қастеевтің  шығармашылығын жинақтаған құрастырушы, әділ сыншы ретінде 
көрсек, енді бірін суретшінің нақты даладан нәр алып өскен тума талант иесі 
екендігін  дәлелдегендігі  көрінеді.  Өнерзерттеушілернің  әр  біреуінің  жеке 
кітабы,  альбомының  бірнешеуі  бугінде  жарық  көрген.  Сондай-ақ  жеке 
шығармасына  талдау,  шағын  газеттердегі  пікірлер,  журнал  беттеріндегі 
қомақты  мақалалары  жарияланған.  Ерекше  көзге  іліккендері  суретші 
шығармасындағы  мазмұнын  анықтаған  зерттеушілер  Қ.  Болатбаев,  Г.А. 
Сарықұлова  өз  ойларын  Қазақстан  бейнелеу  өнері  кітабына  енгізеді,  ал 
шәкірттері Х. Наурызбаев, Ү. Әжиев суретшінің қасында жүріп, тәлім-тәрбие, 
дәріс алғандықтан, оның ішкі – жан дүниесінің кеңдігіне, аз сөйлеп, көп тәрбие 
беретіндігіне көңіл бөледі де құрметті ұстаз болғандығын ашып айтады.
Ә.  Қастеевтің  жүрегінің  кең  пейілдігін  Г.Исмаилова  сөз  етсе,  мирас 
етіп қалдырған мол мұрасының көзі болып отырған жары С. Қастеева да өмір 
тауқыметінен  көп  соққы  алған  мінезі  Әбілхан  Қастеевтің  жер  қозғалса, 
қозғалмайтындығын айтады. Өнерзерттеуші И. Рыбакова, Л. Плахотная оның 
кескіндемесіндегі  ерекше  құбылыстарға  назар  аударады,  Отанына  деген 
сүйіспеншілігін  айдан  анық  қабылдауға  болатындығын  баса  айтады  .  Ал 
газеттерден  Н.  Вул,  Ю.  Домбровская,  М.  Құлмағанбет,  М.  Калиұлы,  Қ. 
Әмірғазин  сөз  қозғайды.  Негізінен  көпшілігінің  ұстанғаны  суретшінің 

224
кескіндемесіндегі 
арнайы 
құбылысты 
жанрларына, 
туындыларының 
мазмұнын, түстік шешімінің талғамын айтады.
Оның  шығармашылығы  арқылы  жас  ұрпақтың  шығармашылық 
қабілеттерін  дамыту  мен  батылдыққа  жетелеу,  суретші  шығармасындағы 
ерекше  қасиеттерді  оның  мінезімен  сәйкестей  отырып  жазған  Қ.  Болатбаев 
мақаласынан,  Қазақстан  бейнелеу  өнеріне  қосқан  үлесінің  зор,  соның  ішінде 
кескіндеме ғана емес, графика саласынан да орын алатындығын Р. Ерғалиева 
жинағынан,  ал  әр  бір  портреттегі  мінез-құлықты  адам  өмірімен,  шыншыл 
бейнеде  даралап  суреттеген  суретші  екенін  Н.  Вул  мақаласынан, 
шығармасының  көпшілігі    ұлттық  үрдісте  басым  жазылатынын,  көрінісінің 
ауыл  өмірімен  тығыз  байланыстылығын  А.  Ғалымжанова  мақаласынан, 
Қазақстан  акварелінің  негізін  салушылардың  бірі  ретінде  қаралып  нәзік 
лирикалық  сезімдері  мөлдір  түстермен  шебер  көрсетуін  көп  жинақтарда 
көруге болады. Ал енді суретшінің үңіліп жазған портреттері Абай, Амангелді, 
Ш.  Уалиханов  бейнесіне  сипаттаманы  Н.  Вул,  Г.  Исмаилова  мақаласынан 
бақыланады.  Әрине  әр  автордың  көздегені  бір-бірінен  алшақ.  Осы 
зерттеулердің  барлығынан  суретшінің  нәзік  сезімді  өмірдің  қаталдығымен 
өнерді байланыстырушы суреткер талант иесі екенін танытады. 
Негізінен,  Ә.  Қастеев  жайлы  жүргізілген  зерттеулер,  айтылған  ойлар 
арқылы,  әр  автордың  өзінің  қорытындысының  бар  екені  айдан  анық.  Осыған 
орай  Ә.  Қастеев  әдіс-тәсілін,  шығармашылығын  жеке  анықтау  барысында 
оның дәстүрлік шығармасымен бірге, қосымша айтылмай қалған ойды әзірлеу 
қажеттігі туындауы мүмкін. Бұл суретшінің қолындағы қылқаламына жетекші 
болса  да,  сахнада  ойнаған  әртістердің  өз  қимылымен  шығарма 
жасамайтындығын ерекше атап, оларға жетекші керектігін айқындап, зерттеу 
көзіне ілінетінін аса айткан жөн. 
Адамзат  мәдениетінде  тарихи  тұрғыдан  алып  қарағанда  үзілмес 
байланыс,  сабақтастық  бар.  Мәдениеттің  бір  бөлігі  есептелетін  ғылымның 
даму  жолы  мұның  айқын  айғағы  болса  керек.  Ғылымның,  білімнің  зәулім 
сарайы салынып салтанат құру ісіне көп халықтың озық ойлы, ұшқыр қиялды 
ардагер  азаматтары  ат  салысқан.  өнерпаздардың  ерте  заманда  өткен 
көпшілігінің тарихта аты қалмады, бірақ олардың еңбегі, ашқан сол кезеңдегі 
жаңалығы  адамзат  игілігі  үшін  қалған  асыл  мұра  ретінде  ұрпақтан  ұрпаққа, 
халықтан  халыққа  ауысып,  барған  сайын  молайып,  кемелденіп  жарқырай 
түсуде.
Осындай  ерекшелігі  қарастырылып  отырған  Ә.  Қастеев  тұлғасының 
өзінен  байқауға  болады.  Әсіресе,  кешегі  өткен  бұлдыр  заманның  буалдыр 
желегін өз шығармаларында жаңаша тарихи бе
йнелік  көрініс  ретінде 
көрсетіп,  жаңа  заман  табалдырығын  жаңа  беттен  аша  білген  суретшінің 
талғамының аса бір ерекше қабілеті. Сондықтан қарастырылатын еңбектердің 
ішінде суретшінің өзінің дәстүрлік бейнеде жазылған бай түстер үндестігімен 
айқындалған кескіндемесі де енгізіледі.
Ерекше айтып өтетін, зерттеу жұмысын жазуда үлкен орынға ие болған  
Е.  Вандровскаяның  «Абылхан  Кастеев»  (1955)  атты  еңбегі  мен  Ә.  Бөриевтің 
«Арманына жолыққан адам» (1982) атты ғұмырнамасы аталады. 

225
Қазақстан  бейнелеу  өнеріндегі  ұлттық  мұраларын  толықтыруда  Ә. 
Қастеев  шығармашылығын  өнертану  ғылымы  арқылы  дәстүрлік  ерекшелігін 
бөле  қарастырып,  әр жанрдағы  шыншыл  бейнелеу  жетістіктерінің  ерекшелігі 
ашылып келеді. 
Көбінесе  берілген  кескіндемесіндегі  дәстүрлік  ерекшеліктің  басым 
бөлігі, сонымен қатар қиын қыстау кезіндегі қазақ даласының бастан кешірген 
тарихи  оқиғасымен  бояу  үндестігін  шебер  сабақтастыруы,  негізгі    жүйелі 
айқын  белгіленген  шығармаларындағы  салт-дәстүрдің  сақталуын  Отанына 
деген  сүйіспеншілігімен көрсетуі 30-45 жылдарды кең қамтиды және күрделі 
көріністі жеңіл мәнермен бейнелейді.
Ә.  Қастеев  бастаған  сағадан  жан-жаққа  тараған  дарынды  жас 
суретшілер  топтары  әлі  де  жалғасын  табуда.  Бірақ  Қастеев  шығармашылығы 
өз құндылығын, өзінің негізгі бастаған мәнері мен шынайы бағытының бояуын 
жоғалтпайды. Оның Қазақстан бейнелеу өнеріне қалдырған өшпес қолтаңбасы 
мирас болып қала бермек.
Бүкпесіз  ұлттық  өрнектеріміздің  мәнін  ашып  беруге  ат  салысқан 
суретшінің бірі Ә. Қастеев. Қазақи ісмерлік қолөнерін үлгі тұтқан суретші киіз 
басып,  ши  тоқыған,  ірімшік  қайнатып,  құрт  жайған  аналарының  бейнесін 
шығармасына  басты  кейіпкер  етіп  ала  білген.  «Колхоздың  сүт  фермасы» 
(1936),  «Бие  сауу»  (1936),  «Қымызшылар»  (1940)  атты  шығармалары  негіз 
болады. Мал бағуды кәсіп еткен дарын иесі сурет салуға деген сезімін оятады. 
Жылқы малының түр-түсін ажыратып бейнелеуде сынын, сыр-сипатын, мінез-
құлқын өзіне тән қасиетін таба білген. Оның ұлттық намысы ерекше. Өйткені 
оның  әрбір  болмысы  әдет-ғұрып,  дәстүрін    терең  білуінде  жатыр.  Ұлы 
суретшінің  дәстүрлік  белгіде  жазған  жұмбақ  сырлы  суреттері  өнерде  де, 
ғылымда да жаңалық болып табылады. Ә. Қастеевтің сызған ою-өрнектері мен 
нобайлары  кез-келген  шығармашылығының  әуені  болмақ.  Әбілхан  Қастеев  –
қазақ өнерінің бет пердесі, сурет өнерінің дара тұлғасы. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
негізгі
1. Бөриев Ә. Суретшінің сый алтыны: Әбілхан Қастеев – Алма – Ата, 1986,(6-
бет).
2. Барманкулова Б.К. Әбілхан Қастеев. // альбом құрастырушы – Алма – Ата, 
1986.
3. Вандровская Е. Абылхан Кастеев – М., 1955,(15;19;27;29-бет).
қосымша
1. Сарыкулова Г. Начало пути. Абылхан Кастеев, альбом, 1986,(18-бет).
2.  Болатбаев  Қ.  Даналар  сөзі  - өнердің  көзі  –  Алматы,  1999,  (51;53;56;59;72-
бет).
3. Наурызбаев Х. Біздің Әбілхан.// альбом, 1986,(5-бет).
4. Әжиев Ү. По Волге и Каспию.// альбом, 1986,(28-бет).
5. Исмаилова Г. Щедрость сердца.// альбом, 1986,(30-бет).

226
6. Рыбакова Ч. Живопись Абылхана Кастеева.// альбом, 1986,(22-бет).
7. Плахотная Л. Абылхан Кастеев.// альбом, 1978,(5-8-бет).
8. Вул Н. К вопросу о портрете. Искусство Казахстана – Алматы, 1985,(42-45-
бет).
9. Болатбаев Қ. Жұлдызы жоғары суретші.// Жас Алаш, 21.07.1994.
10.  Құлмағанбет  М.  Топырағынан  нәр  алып,  жеміс  берген.//  Жас  Алаш, 
21.07.1994.
11. Қалиұлы М. Бояу тілін таба білген талант.// Жас Алаш, 21.07.1994.
12. Әмірғазин Қ. Табиғатты тәңір тұтқат.// Жас Алаш, 21.07.1994.

227

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет