Проблемы современного образования к вопросу о развитии системы повышения квалификации и переподготовки педагогических кадров в республике казахстан


ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Педагогические науки», № 2 (22), 2009 г



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#6672
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Педагогические науки», № 2 (22), 2009 г. 
 
 
96
ОҚУШЫЛАРДЫ КОМПЬЮТЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖƏНЕ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРІ 
 
Г.С.Тахттыходжаева - 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 
университетінің педагогика кафедрасының ізденушісі 
 
Қоғамның демократиялық процесстері қазіргі күні ұлттық білім беру жүйелерінің пайда болуының 
қажеттілігіне əкеліп тіреледі. Жаңа саладағы мектептердің бастапқы мақсаты, жеке тұлғаның жан-жақты 
дамуын  қарастырып  тəрбиелеу.  Бұл  іс  əрекет  білім  беру  процессінде  балаға  жеке  қарым-қатынас  жасау 
барысында іске асады.  
Жеке  қарым-қатынас  жасау – бұл  психология-педагогикалық  маңызды  принцип,  бұл  білім  бере 
отырып тəрбилеу жұмысына  лайықты əрбір жеке баланың өзгеше ескерілуі. Жеке қарым-қатынас жасау 
өзіндік елеулі белгілері бар жəне сол жүйеде басқада дидактикалық принциптермен бірге қолданылады.  
Оқушылармен жеке қарым-қатынас жасау туралы сұрақ білім бере отырып тəрбилеу жұмысында 
əрқашанда  педагог  ғалымдардың  назарында  болған.  Жеке  қарым-қатынас  жасап  оқыту  мəселелерін 
көпшілік  педагогтар,  оқушының  жеке  психологиялық  ерекшеліктерін  ескерудің  қажеттілігі  деп  табады. 
Е.С.  Рабунский  статистикалық  сараптамалар  жасай  отырып  жекелей  оқытудың  артықшылықтарын 
көрсетті. Ол жеке қарым-қатынас жасаудың теориялық негіздерін қарастырған, ерекшелік негізіне қарай 
оқушы  типологиясын  жəне  олардың  оқу  іс-əрекеттері  мен  қоса  осыған  сай  келетін  жинақталған 
тапсырмаларды  жасады[1].  Р.  Сноу  білім  беру  процесіндегі  жеке  тұлғалық  мəселенің  ішінде  мынадай 
негізгі бағыттарды бөліп қарастырды:  

адамның бастапқы қалыптасқан мінезі секілді жеке тұлғалық өзгешілік; 

оқудың өнімділігіне жəне оқытудың жағдайына əсер етуші əр түрлі даралық; 

əр оқушының əртүрлі даралық ерекшелітерін есепке алу. 
Оқу  процессіне  үлкен  əсер  ететін  оқушының  қасиеттері,  олардың:  қызуқандылығы 
(темепераменттері), қызығушылықтары, деңгейлері жəне ойлау қабілеттірінің дамуы, ес жəне т.б. 
Білім  берудегі  даралап  оқыту  процесстері  оқушылардың  үлгерімдерімен  анықталады.  Алайда 
оқушылардың бейімділіктері мен қабілеттіліктерін ескере отырып, даралай білім беру де кездесетінін атап 
кеткен жөн.  
Жеке оқытудың педагогикалық жəне психологиялық мəселелерін, оқытудың əртүрленген түрлерін 
И.Э. Унт қарастырған. Ол сынып ішіндегі білім беру жұмысында даралай оқыту əдістемін ұсынды, кейбір 
пəндерді тереңдетіп оқытудағы негіздерін, оқушының өз бетінше оқу жұмыстарында жұмыс дəптерлерінің 
санының  көп  болу  керектігінде  атап  өткен  болатын [2]. Оқушыларға  жалпылай  қарым-қатынас  жасауда 
оқушылардың  кəсіпкерлік  қызығушылықтары,  қабілеттіліктері  жəне  жүйке  жүйелерінің  ерекшеліктері 
байқалмайды.  Оқушылардың  қабілеттіліктерін  тексеруде  психологтардың  ұсынған  жүйелік  əдістемесі 
қолданылмады. Оқушылардың жеке қабілеттері туралы нəтиже бергенде, ереже бойынша бақылау жасау 
барысында анықталады.  
Даралап оқытудың жүзеге асуына кедергі жасайтын себептердің бірі:  

əдіскердің жетіспеуі; 

жеке тұлғаның ерекшеліктерін танып білудегі қиындықтар; 

көп уақыттың жұмсалуы. 
Бұл себептерді жою білім беруді ұйымдастыру кезеңінде дербес компьютерді қолдану барысында 
іске асыруға болады деп шешемін.  
С.Н.Богомолов  «Компьютердің  көмегімен  моделдеу  негізінде  физиканы  оқытуда  оқушыларға 
жеке  қарым-қатынас  жасау»  еңбектерінде    Компьютермен  оқыту  процессіндегі  даралап  оқыту  ұйымына 
жеке  оқушының  қабілеттерін  жүйелі  түрде  зерттеу  негіздемесіне,  берілетін  таңдап  алынған  арнайы 
тапсырмаларға жалпылай қамтуды қолға алуға көмектесетіндігін атап көрсеткен [3]. 
Көптеген мамандардың есептеуі бойынша, қазіргі кезеңде тек компьютердің көмегімен ғана білім 
беру  жүйесінде  іс-əрекеттің  екі  түрін  анық  ашып  біліп  алған  жөн.  Сондықтанда  компьютерді  толық 
мақсатты  түрде  оқу  құралы  ретінде  де,  үйретуші  құрал  ретінде  де  қарастыру  ұсынылады.  Компьютерді 
қолданудағы элементтерді іске асырудағы жүргізілетін қызметтер – оқыту құралы болып табылады. 
Осындай  жағдайда  компьютерді  қолдану  диапазоны  өте  кең:  оқушыларды  тестілеуден  бастап, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 2 (22), 2009 ж. 
 
 
97
олардың үлгерімдерін есепке ала отырып, мінездеме беруді енгізе отырып ойын түрлеріне дейін қамтуға 
болады... Осы жағдайда компьютер білім берудің нəтижелілігін көтеретін мықты құрал болып табылады. 
Бізге  белгілі,  компьютерді  оқулық  құралы  басқарушысы  мақсатында  қолдану  пайдалы  екендігі. 
Бұл жұмысты екі бағытта жүргізуге болады.  
1)
 
Оқушының жеке қасиеттірін танып білу жəне оларға сəйкес келетін үлгілер шығару; 
2)
 
Даралап оқыту сабағын автоматты түрде дайындау. 
Əр бір оқушыны танып білу ешқашанда таусылмайтын қазына. Біз тек 
оқушының белгі бір сипатын ғана көрсете аламыз, яғни біз əрқашанда жеке оқушының қандай да 
бір қалпымен ғана таныс болып сонымен жұмыс жүргіземіз. Бұл үлгінің астарында кең мағынада алғанда 
біздің түсінетініміз «қандай да бір кейіп, аналог (ойша жəне шартты: бейне, нобай, сызба, график, жоспар, 
карта жəне т.б.) берудің объектісі, процесстің немесе құбылыстың (берілген үлгінің «тұпнұсқасы»), оның 
орынбасушысы немесе ұсынушысы» ретінде қолданылуы.  
Даралап  оқыту  мəселесінде  оқушы  туралы  толық  мəлімет    беру  барлық  қырынан  көрсетіп 
сипаттайтын  түрде  болғаны  жөн.  Олармен  жұмыс  жүргізу  ыңғайсыздыққа  əкеліп  соқтырады.  Сабақ 
үстінде  əр  оқушымен  жеке  жұмыс  жүргізу  көп  уақытты  алады.  Біздің  ойымызша,  жеке  оқушының 
қасиеттері туралы мəлімет берілгенде, ұсынылған мəлімет жүйелі түрде жəне сызбаға жазылып берілгені 
дұрыс.  Ұсынылған  үлгі  қысқа  да  ыңғайлы  болғаны  жөн,  сонымен  бірге  жеке  оқушының  қасиеттерінің 
маңызды  бөліктері  аталғаны  жөн,  бұл  жеңіл  де  тез  жүретін  оқыту  процессін  тудырады.  Осындай 
мəліметтермен  қанағаттандыру  тек  компьютердің  көмегімен  іске  асады.  Үлгілеуге  жеке  оқушының 
ерекшеліктерін  таңдауда  (бірінші  кезекте  дарларап  оқытуға  дейін  есепке  алынуы  қажет),  кеңестік 
психологтардың  зерттемелеріне  негізделсек,  бұл  оқушылардың  іс-əрекеттерінің  оқулық  динамикасына 
олардың темпераменттерімен жүйке жүйесі қасиеттімен тəуелді болатынын табуға болады.  
Психологтар темпераменттердің астарында олардың психологиялық іс-əрекеттері арқасында сана-
сезімдерін  түсіне  алады  (жылдамдылығын,  үйлесімділігін,  психикалық  процесстері  мен  күйлерінің 
күшейуі).  Негізгі  құрылымдары:  индивидтің  жалпы  белсенділігі,  қозғалғыш  көрсеткіші  (моторика)  жəне 
эмоциялары.  В.С.  Мерлин  жəне  Е.А.  Климов  жүйке  жүйесінің  негізгі  сипатына  қарай  жеке  оқушының 
қозғалғыш  стилінің  қалыптасу  мəселелерін  зерттеді.  Бұл  зерттемелер  жеке  оқушының  іс-əрекет  стиліне 
қалыптастыруда темперамент түрлерінің əсер ететіндігін көрсетіп берді.  
Жеке  адамның  дарашылдыққа  қарым-қатынасы,  ең  бірінші  ол  гендік  темперментке  байланысты, 
темпераментті жəне оның болмысын өзгерту жеке адамның жасайтын қатынасына байланысты.  
Оқушының  жүйке  жүйесінің  ерекшеліктері  жасалған  тапсырманың  ұзақтылығымен  байланысты 
айтылынады,  тапсырманың  əртүрлілігі  де  қажет  етілінеді,  жас  ерекшеліктеріне  жəне  деңгейіне  сай 
тапсырмалар  күрделенеді.  Оқушылардан  тапсырманы  орындауға  талап  етілуі,  оқушылардың 
темпераменттерінің  негізгі  қасиеттіріне  қарсы  келеді  де,  жүйке  жүйесінің  қысымын  тым  көтерілуіне 
əкеліп соқтырады. Бұл темпераменттің кəсіпкерлік іскерлігімен дағды қасиеттірін қысымға алу барысында 
кездеседі.  Бұл  жағдаяттан  шығу  үшін  оқу  іскерлігінің  дұрыс  мотивациясын  қалыптастыру  қажет,  оның 
негізінде оқушының сол пəнге деген қызығушылығы болғаны абзал.  
Іс-əрекеттің қаншалықты шығармашылық сиапаты белгіленсе, соншалықты іскерлік пен дағдының 
рөлі  шектеулі  болады.  Сондықтан  темперамент  қасиетіне  бүркеме  жасау  тек  қана  іс-əрекеттердің 
төңірегінде ғана іске асыруға болады. Егер білім беру процессінде қандай да бір күтпеген өзгеріс күтпеген 
жағдаятқа  ауысса,  оқушыда  тіпті  жүйкенің  бұзылуы  кездесуі  мүмкін.  Байқап  қарасақ  əртүрлі 
темпераменттік  қасиеттер  əрқилы  деңгейде  күйзеліске  ұшырайды,  мотивациялық  бүркеме  əмбебаптық 
сипаттамаға ие болмайды, бірақ темпераменттің анық көрсетілетін түрі қандай жағдайда болса да көрінеді. 
Сондықтан осындай жолмен ыңғайласу тек қана қандай да бір іс-əрекекттердің талаптарына қатысты жəне 
темперамент қасиеттерінің анықталған жағдайында іске асыруға болды.  
В.С. Мерлиннің көрсетіп айтуы бойынша темперамент қасиеттерінің талап етілген іс-əрекеттердің 
объектісіне  ыңғайласу  іс-əрекеттің  спецификалық  тəсілдер  жолымен  жəне  сезіну  түрлері  тапсырманы 
бірдей  немесе  басқаша  əртүрлі  жолдар  мен  тəсілдер  жолымен  орындағанда  ғана  көрінеді.  Іс-əрекет 
талабының объектісіне сай темперамент қасиетінің ыңғайласу жолы оқушыға берілген іс-əрекет жағдаяты 
мақсатталған күйде ұсынылғанда ғана анықтауға болады [4]. 
Көптеген  зерттеушілер  мен  мұғалімдер  даралап  оқыту  сұрақтарымен  жұмыс  жасай  келе,  білім 
беру  процессінде  жүйке  жүйесінің  маңызды  түрлерінің  қажеттілігінде  атап  көрсетеді.  Бұл  сұрақты 
зерттеу,  қарастыру  жоққа  шығарылған.  Бұл  темпераменттің  түрлерін  анықтауды  əдістеменің  күші 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Педагогические науки», № 2 (22), 2009 г. 
 
 
98
жетпейтінімен  байланысты  жəне  оны  (сұрақ-жауап,  бақылау)  қарапайым  əдіспен  ашып  тану  қиынға 
соғады. Бұл шындыққа айналу үшін тек компьютердің көмегін қажет етеді. Жоғарыда аталып өткендерден 
тəжірбие  жасасақ,  оқушының  жеке  сипатамаларына  қарап  отырып  даралап  оқуды  компьютер  арқылы 
жүргізсек, оқушының өзіне тəн темперамент түрлері болуы қажет.  
Жеке тұлғаның өзіне тəн ерекшелік сипаттамаларын таңдау барысында жəне оларды үлгіге енгізе 
отырып, Н.М. Шахмаевтың ерекше атап көрсеткен даралай оқыту бағытына сүйенуге тура келеді:  

қабілеттілігіне байланысты; 

қызығушылығына байланысты; 

жоспарланған мамандыққа байланысты. 
Осыған  орай  даралай  оқытуды  ұйымдастыру  барысында  оқушының  мынадай  ерекшеліктерін 
міндетті түрде қарастыру қажет: таңдалынып алынған мамандық түрлері, үлгерім деңгейлеріне. 
Ұсынылып  отырған  мақалада  оқу  процесіндегі  даралап  оқыту  ұйымына  жеке  оқушының 
қабілеттерін  жүйелі  түрде  зерттеу  негіздемесіне,  компьютердің  көмегімен  берілетін  таңдап  алынған 
арнайы тапсырмаларға жалпылай қамтуды қолға алуға көмектеседі. 
 
1.
 
Рабунский  Е.С.  Индивидуализация  домашных  заданий  как  средство  повышения 
эффективности обучения: Автореферат  канд. дис. – Саратов, 1983. 
2.
 
Унт И.Э. Индивидуализация и дифференциация обучения. – М.: Педагогика, 1990.-192 с. 
3.
 
Богомолов  С.  Индивидуальный  подход  к  учащимся  при  обучении  физике  на  основе 
моделирования личности с помощью компьютера: Автореф. дис. … к.п.н. - М., 1991. - 18с. 
4.
 
Мерлин В.С., Климов Е.А. Формирование индивидуального стиля деятельности в процессе 
обучения// Педагогика. - 1967.  - N4. 
 
 
Резюме 
В данной статье рассматривается  комплексный  подход к организации индивидуализированного 
процесса  обучения,  основанный  на  систематическом  изучении  особенностей  личности  учащихся,  ее 
автоматизации,  подбора  соответствующих  индивидуализированных  заданий  с  помощью  персонального 
компьютера.  
 
Summary 
This article shows the complex method of individual process of teaching, based on a studing of 
personality of  students  and on the individual tasks, using a personal computer. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 2 (22), 2009 ж. 
 
 
99
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ 
ИСТОРИЯ  ПЕДАГОГИКИ 
 
 
 
Г.Р.Бахтиярова - 
п.ғ.к., доцент. Ақтөбе, Ақтюб.МПИ 
 
КИЕЛІ    БЕСІК ТƏРБИЕСІНІҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ МƏНІ МЕН МАҢЫЗЫ ТУРАЛЫ 
 
Кешегі  кеңес  дəуірі  тұсында  ұмыт  болған  өз  ұлтымызға  тəн  бірқатар  рухани-материалдық 
мұраларымыздың  Еліміздің  тəуелсіздікке  қол  жеткізуімен  бірге  қайта  жаңғыртылғандығы  баршамызға 
белгілі жайт.   
Сан ғасырлық қарама-қайшылыққа толы тарихы бар, дала мəдениетін жасаушы кең байтақ жері, 
тілі, діні бар, терең мəнді өз дүниетанымы, əдебі мен талғам-түсінігі қалыптасқан, ұрпағына аманат етіп 
қалдырған  бай  материалдық,  əрі  рухани  мұрасы  бар  қазақ  деген  халықтың  ұрпағы  екеніміз  бүгінде  біз 
үшін үлкен мақтаныш.  
Дегенмен, ата-бабамыздан қалған «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген қағидалы тұжырымды 
біз бүгінгі жас ұрпақ тəрбиесінде өз деңгейінде ескеріп келеміз бе? Қазақ – өзінің өмір сүру болмысына 
сай таңғажайып мəні мен маңызы зор бала тəрбиесінің тəжірибесін жасай білген дана да, дара халық. Осы 
бір даралығымызды айғақтайтын үздіксіз ұрпақ тəрбиесінің алтын діңгегі – «Бесік тəрбиесі» бай халықтық 
педагогикамыздың негізі, оның алғашқы жүйесін құрайды. Қазақтар қашанда бабалардан қалған қасиетті 
мұра  болған  бесікті  киелі  санаған,  қастерлеп,  құрметтеген.  Тіпті  халқымыз  туған  жерін  де  осы  «алтын 
бесікке» теңеген.    
 Бесік – көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған қасиетті мұра. Мəдени мұрамыздың бірі – 
бесік ұлттық өнеріміздің туындысы, салтымыздың жұрнағы, ұлттық тəрбие құралы [1,121].  
 Бесік – қасиетті,  киелі,  құтты  мүлік,  сəбидің  алтын  ұясы  болып  есептеледі.  Жаңа  туған  баланы 
бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дəстүрдің бірі [2,4]. 
Осы бір қазақы дəстүрімізден бастау алатын «бесік тəрбиесінің» жүйесі халықтық қалпын бұзбай 
сақталып, оның жүзеге асырылуы бүгінгі өмірімізде де өз мəні мен маңызын жоймауы тиіс.    
Дегенмен, осындай бай, ұлттық мəдени бағалы мұрамыздың қадірін жете білмей, бүгінде адамдар 
арасынан оған  «ескінің  сарқыншағы,  көненің  қалдығы»  деп  үрке  қараушылардың  кездесіп  қалатындығы 
жасырын емес.  
Əрине, бесік тəрбиесінің жаңа дүниеге келген нəресте үшін рухани тұрғыдан берері мол, тұтас бір 
жүйе  ретіндегі  құндылығы  бүгінгі  қазақ  отбасылары  тарапынан  кең  қолдау  таба  алмай  жатқандығы 
өкінішті-ақ. «Тəрбие  тал  бесіктен  басталады»,-деген  қағиданы  негіз  еткен  ата-бабаларымыз  баланың 
алғаш  дүниеге  келуімен  небір  дəстүрлер  мен  жөн  -жоралғыларын  жасаумен  қатар,  бала  жататын  бесік 
қамына жоғары талаптар қойып,  айрықша мəн берген. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар»-деген  дана 
халқымыз көп балалы болуды армандап, көрінген ұрпағының қай-қайсында (ұл немесе қыз бала болсын) 
көпсінбеген, соған орай үлкендер тұңғыш бала жатқан бесіктің кейінгі ұрпақ үшін сақталуына үлкен мəн 
берген.  Демек,  арнайы  тұңғыш  бала  үшін  жасалған  бесік  киелі  саналып,  шаң-тозаң  түспейтіндей,  оның 
беті  жабылып  жоғарыға  ілініп  қойылған,  яғни,  айрықша  күтіммен  сақталған.  Бұл  біріншіден,  «кейінгі 
көрінген ұрпақтың аман-сау дүниеге келіп, аяқтанып кетуіне тілекші болсын» деген халық ырымы болса, 
екіншіден,  жауын-шашын  астында  қалмай,  күн  сəулесінен  қорғау  үшін  яғни,  ағаштан  жасалған  бесіктің 
табиғи  сапасының  жойылмауы  үшін  жасалған  күтім  екендігі  даусыз.  Көбіне  бесікті  қазақтар  арнайы 
шеберлерге қайың, тал секілді т.б. оңай иілетін əрі жеңіл ағаштан жасатқан, нағыз хас шеберлер бірде-бір 
шеге  қақпастан  «ағаштан  түйін  түйіп»  таза  ағаштан  ғана  жасайтын  болған.  Өйткені  бұл  уақыт  өте  келе 
бесікті тербеткен сəтте ешбір өзге дыбыстың болмауын алдын-алудан туындаған талап екендігін түсінуге 
болады.   
Даналығы  мен  даралығын  биік  ұстанған  халқымыз  бесік  тəрбиесіне  келгенде  ең  алдымен 
ұрпағының денсаулығы мен  рухани жетілуін тепе-теңдікте  қамтамасыз етуде алдына жан салмағандығын 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Педагогические науки», № 2 (22), 2009 г. 
 
 
100
аңғаруға болады.   
Бүгінде бесікке уəж айтушылардың біразы бесікте жатқан баланың аяғы əлсіз, аяқ-қолы байлаулы 
жатқандықтан ашушаң болады дегенді алға тартады. Бұл мүлдем қате пікір екендігі даусыз.  
Жалпы  бесік  тəрбиесі  туралы  бұдан  бұрын  да  аз  айтылмағаны  белгілі,  тұңғыш  ана  тілімізде 
жарық  көрген  «Педагогика»  оқулығын  жазғанда  М.Жұмабаев  өзге  тəрбие  түрлерін  сөз  ете  келіп 
арнайы  бесік  тəрбиесіне  тоқталып,  оған  деген  өзіндік  көзқарасын  білдіруі  ұлы  ұстаздың  оған  үлкен 
мəн  беріп,  ден  қойғандығын  аңғартады.  Осы  орайда  біз  осы  ғылыми-педагогикалық  басылым  бетін 
пайдалана  отырып,  бесік  тəрбиесі  жөніндегі  үлкен  аналарымыздан,  өз  тəжірибемізден  түйген 
тұжырымдарымыз туралы өзгелермен ой бөлісіп, оларға танымдық-тəрбиелік тұрғыдан түсінік беруді 
жөн көрдік.  
Бүгінде  ең  алдымен  «баланы  бесікке  қашан  бөлеген  жөн?»,-деген  сұрақ  туындайтындығы 
заңдылық. Əдетте, аналарымыз бала кіндігінің жарасы жазылған соң бөлегенді дұрыс көреді. Бұл бүгінгі 
таңда перзентханада дүниеге келген нəрестенің туған күнінен шамамен екі аптадай уақыт өткеннен кейінгі 
мерзімге  пара-пар  келеді.  Осы  нəрестенің  кіндік  жарасы  жазылған  соң,  алдын-ала  əзірленген  бесікке 
баланы  бөлейтін  күні  көрші-қолаң,  жақын  абысын-ажындар  арнайы  шақырылып,  мал  сойылып,  «Бесік 
тойы» өтіледі.    
Ескеретін тағы бір жайт, баланы күні бойы бесікке таңып тастауға да болмайды. Əжелеріміз жас 
аналарға  екі-үш  сағат  бесікте  жатқан  сəбиді  шешіп  алып,  аяқ  қолын  созып, «жауырыны  жабысып 
қалмасын» - деп,түрлі жаттығулар жасауды ескертеді. «Бала сылаумен, қар қылаумен өседі» деген халық 
тұжырымы да осыдан туса керек.  
Ал,  баланың  жалпы  бесікте  жату  ұзақтығы  шамамен  бір  жасқа  дейінгі  мерзімді  қамтиды. 
Əйткенмен,  кейбір  балалар  алғаш  еңбектеген  кезінен  жеті,  сегіз  айлық  шамасында,  кейбір  балалар  ана 
омырауынан шыққанша бесікте жатқанды қалайды. 
Сол  секілді  біз  баланы  бесікке  салумен  астарласып  жатқан,  тəрбиелік  мəнге  ие  бірқатар 
ырымдарды  да  ата-баларымыз  ұстанғандығын  айта  кеткенді  жөн  көрдік.  Олардың  күні  бүгінге  дейін 
жойылмай,  сақталып  келе  жатқандығында  да  бір  айрықша  мəн  бар  екендігін  аңғаруға  болады.  Мəселен, 
қазақтар баланы бесікке салғанда үстіне қамшы, жүген, тон, шапан, кебенек, жабу, көрпе секілді барлығы 
жеті нəрсе жабатын болған. Қамшы – бала ат үстінен түспейтін ер болсын, тон мен шапан – халықшыл, 
көпшіл, кебенек – ер мінезді, өжет болсын деген бабалар тілегінен туған. Баланың бесіктегі жастығының 
астына тарақ, пышақ, айна қойылған.  
«Бесік  тойында»  тағы  бір  айрықша  жасалатын  дəстүр  баланы  алғаш  бесікке  саларда 
«тыштырманың» жасалуы. Табаққа салынған небір тəттілер, арнайы ұсақталып пісірілген бауырсақтар 
мен  осы  тойға  арнап  жиналған  тиын  ақшалар    «тышты  ма,  тышты  ма?»,-деп  бесіктің  түбегінің  үстінен 
өткізіліп, алақандарын жайып отырған тойға жиналған үлкен-кішіге таратылып берілген. Ал алақандарына 
түскен тəттілерге мəз болған тойшы қауым «тышты, тышты»,-деп шуласады. «Бесік тойына» жиналғандар 
үшін  ең  қызықты  сəт  те  осы  деуге  болады.  Аналарымыз  осы  тыштырмадан  жаңадан  түскен  келіндеріне 
немесе көптен сəби сүйе алмай жүрген келіндеріне ауыз тигізу үшін үйлеріне сарқыт ала кетуді де жақсы 
ырымға балаған.  
Тағы бір айрықша сөз етілетін ырым баланы бесікке бөлемес бұрын оның іші-сыртын алдын-ала 
отпен аластатудың жасалуы. Бесікке салатын ана:  
Алас, алас, күллі  
Бəледен алас, 
Бəле-жаладан сақта,  
Қауіп-қатерден сақта, 
Алас, алас, бəледен алас, 
Көзі жаманның көзінен алас!  
Тілі жаманның тілінен алас! ... –  
деген сөздерді айтып аластайды [3,21].  
Қазақтар  нəрестені  алғаш  бесікке  салатын  адамды  таңдауға  да  айрықша  мəн  берген.  Мұндайда 
əжелеріміз өз ортасында үлкен құрметке ие, жасы да, жолы да үлкен сыйлы анаға қолқа салып, немересін 
бесікке  салуды  өтінген.  Ал,  үй  иелері  баланы  бесікке  салған  үлкен  əжеге  арнайы  кəделі  сый    əзірлеген. 
Біріншіден, бұл үлкендердің жас сəби де болашақта сол адамға ұқсап ер жетсін, өз ортасының сыйлы да, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 2 (22), 2009 ж. 
 
 
101
құрметті  тұлғасы  болып  қалыптассын,  сол  адамның  жасын  берсін  деген  тілегінен  туған.  Ал,  екіншіден, 
ата-бабаларымыздың қашанда ел ішінде үлкендерін ұлықтап, оларға айрықша құрмет көрсету дəстүрінің 
қатаң  сақталғандығын  аңғартады.  Осы  дəстүр  бүгінгі  ұрпақ  үшін  де  үлкен  тəрбиелік  мəнге  ие  екендігі 
даусыз.  
Сол  секілді  аналарымыз  бесіктің  басына  балаға  тіл-көз  тимесін,  жын-шайтандардан  қорғасын 
деген  ниетпен  үкі,  түйрегіш  қадап  немесе  қасқырдың  тісін  іліп  қойған.  Еліміздің  батыс  өңірінде  үлкен 
аналар  баланың  қырқынан  шығару  дəстүрінде  алынған  нəрестенің  «қарын  шашын»  да  арнайы  сақтап 
тұмарша жасап бала бесігінің басына байлап қойатын ырымның кездесетіндігін айтуға болады. Үлкендер 
арасында  баланың    қарын  шашы  (ана  құрсағында  өскен  бала  шашы – Бахтиярова  Г.Р.)  өте  киелі,  пəле-
жаладан  қорғайды  деген  ұғым  бар.  Кезінде  əжелеріміздің  аузынан  «Қарын  шаштың  қарғысы  жаман 
болады»,-деген  сөзді жие еститінбіз. Осындай ұстанымды айтушы аналарымыз қырқынан шығарылғанда 
алғаш  алынған  бала  тырнағын  кез-келген  жерге  тастатпай,  адам  аяғы  баспайтын  жерге  көму  керек  деп 
ескертетін, ал шашын жоғарыда сөз еткеніміздей бала тұмары ретінде сақтататын. 
Осындай  қатаң  халықтық  педагогиканың  басты  қағидаларын  сақтай  отырып  бесікке  салынған 
бөбек  ананың  ақ  сүтін  еміп  жатып,  өз  халқының  əн-жырымен  алғаш  ауызданып  өседі.  Сөз  қадірін  ерте 
ұғындыруды  мақсат  тұтқан  аналарымыз  сазды  əуен  ырғағымен  сəбиіне  арнап  «Бесік  жырын»  айтады. 
Түрлі  зерттеулер  мазмұны  аңғартып  жүргендей  «Бесік  жырының»  бүгінде  халық  аузында  бірнеше 
варианттары  кездеседі.  Бала  жынысына  қарай  жыр мазмұнында  айтылатын  ана  тілегі  де, түрлі  теңеулер 
негізінде түрленіп айтылады. Көпшілік аузында жие айтылатын мына бір жыр жолдарын білмейтін аналар 
қазақта мүлдем болмаған. Мысалы:  
Əлди, əлди, ақ бөпем,  
Ақ бесікке жат, бөпем!  
Жылама, бөпем, жылама,  
Жілік шағып берейін,  
Байқұтанның құйрығын  
Жіпке тағып берейін... 
Сазды  əуенмен,  баяу  айтылатын  «Бесік  жыры»  тербетілген  бесік  ырғағымен  баланы 
психологиялық тұрғыдан тыныштандырып, рахат сезімге бөлеумен қатар, музыканы қабылдау қабілетінің 
дамып, қалыптасуына ықпал етсе, екіншіден, нəресте анасының жүрек жарды талап, тілегін құлағына ерте 
жастан құйып өседі. 
Бесік  тəрбиесінің  жүйесі  кешегі  көшпелі  өмірге  лайықталып  құрылған  деген  пікірлер  жие 
айтылса  да,  бүгінгі  нəрестелер  мен  жас  аналар  үшін  де  оның  мəні  мен  маңызы  зор.  Өйткені  алғаш 
дүниеге келген бала үшін оның ұйқысының тыныш болып, денесінің таза болуы басты шарт десек, бесік 
құрылымында барлық жағдай есепке алынған. Демек, бесікте жатқан бала денесінің тазалығы сақталып, 
арнайы  жасалған  түбек  пен  шүмек  тəн  тазалығын  қамтамасыз  етеді,  əрі  бала  жылы  жатады.  Бесікте 
жатқан нəрестеге желдің өті, жердің сызы тимеген. Бұл баланы салқын тиюден, түрлі тыныс жолдары, 
өкпе  қабынуы  ауруларынан  сақтайды.  Əрі  баланың  күн  режимінің  реттеліп,  сақталуына  ықпал  етері 
сөзсіз. Бұдан бесікті ойлап тапқан ата-бабаларымыз баланың дүниеге келуімен жалғасын табатын дене 
тəрбиесін де назардан тыс қалдырмағандығын аңғарамыз. Бүгінде балаға пайдасынан гөрі зиянды жағы 
жиі  сөз  етілетін  түрлі  «подгузниктерден»  бас  тартып,  жас  аналарымыз  аға  ұрпақтан  қалған  бесіктің 
қадір,  қасиетін  ұғынып,  ұқыпты  пайдалана  білсе  өздерінің  уақыттарын  да  үнемдер  еді.  Өйткені  жаңа 
босанған əлсіз ананың қолы жаялық жудан, оны үтіктеуден босап, өзінің алаңсыз дем алуына да жағдай 
туғызар  еді.  Кезінде  «Жаңа  дүниеге  келген  нəресте  мен  жас  босанған  ана  құстың  қанатының 
көлеңкесінен  тоңады»,-адейтін  əжелеріміз    нəресте  мен  анаға  айрықша  күтім  жасау  қажеттілігін 
ескертіп  отыратын.  Сондықтан  бүгінде  тəжірибесі  мен  өмірден  түйгені  бар  аналар  мен  енелер,  жас 
босанған қыз, келіндеріне де айрықша күтім жасауды ескергендері жөн. Мұндай күтім бала қырқынан 
шыққанша жасалуы тиіс. Бесікте нəрестесі ұйықтап жатқан ана алаңсыз үй шаруашылығын да тындыра 
берері сөзсіз. Міне осындай жаны жомарт, дана халқымыз бесік тəрбиесінің жүйесінде де ене мен келін, 
отбасындағы өзге жандар арасындағы сыйластықтың сақталуына айрықша орын бере білген. Бұл бүгінгі 
өз  келіндеріне  туған  қызындай  қарай  алмай,  жас  отбасына  қол  ұшын  берер  сəтте  «алыстан 
сыйласқанды»  жөн  көретін  кейбір  үлкендеріміздің    тарапынан  отбасы  тəрбиесінде  келеңсіз  жайттарға 
жол берілуден сақтар еді. 
 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Педагогические науки», № 2 (22), 2009 г. 
 
 
102
Белгілі  ғалым,  ұстаз  М.Əуезовтың «...Ал,  қазақ,  мешел  болып  қалам  демесең,  тағылымың  мен 
бесігіңді  түзе»  деген  ұлағатты  ойы  жас  ұрпақ  тəрбиесін  жүргізудегі    халқымыз  үшін  қашан  да  өз  мəнін 
жоймақ емес.  
Сонымен, халық ұғымындағы қасиетті бесік ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан əр қазақ 
баласының  жылы  ұясы  болумен  қатар,  көшпенді  ата-бабаларымыздың  дала  мəдениетінің  бір  бөлшегі 
ретінде төрімізде сақталып, ал  бесік тəрбиесі өзіндік даналыққа толы қағидалары мен талаптарын негіз 
ете отырып бүгінгі өмірімізде өз жалғасын табуы тиіс деп білеміз. 
Қорыта айтқанда, осындай халықтық мұрамыз жас ұрпақ үшін ғана емес, адам өмірінің барлық 
кезеңі  үшін  мəнді,  адамзаттың  рухани-эстетикалық  қуатының  қайнар  көзі  іспеттес...Халықтың 
тəрбиелік  ғибраты  қашанда  бала  бойында  үлкенге  ізет  пен  құрмет  көрсету,  кішіге  жанашырлық, 
қамқорлық  таныту,  ата-ананы  ардақтау  сияқты  ізгі  қасиеттер  дарытып,  ақыл-ойын,  дүниетанымын 
дамытары сөзсіз [4,29].   
 
 
1. Ата салтыңды аяла. /Құраст. Н.Ақбаев. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 160 бет.  
2. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. – Алматы: Ана тілі, 2002. – 136 бет.  
3.  Қазақтың  тəлімдік  ой-пікір  антологиясы:  Бірінші  том./Құраст.  Қ.Жарықбаев,  С.Қалиев. – 
Алматы: Рауан, 1994. – 320 бет.  
4. Бахтиярова Г.Р. Халық тағылымы – тəрбие қайнары. – Алматы: Ғылым, 2001. – 177 бет. 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматривается  роль  и  педагогическое  значение  народного  обряда  «Бесікке 
салу» (укладывание в колыбель) в воспитании и духовном росте ребенка.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет