Проблемы современного образования к вопросу о развитии системы повышения квалификации и переподготовки педагогических кадров в республике казахстан


Summary  In the article is examined credit technology of teaching



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#6672
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

 
Summary 
In the article is examined credit technology of teaching. 
 
 
 
 
 
 
 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Педагогические науки», № 2 (22), 2009 г. 
 
 
88
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН СЫНЫПТАН ТЫС 
ЖҰМЫСТАРДА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Ж.Б.Мунашова - 
п.ғ.к., М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты 
 
Бүгінгі  таңда  қоғамның  ұлттық  мəдени  тұрғыдан  кемелденуі,  жас  ұрпақты  өз  халқының  рухани 
қазынасымен, ұлттық тəрбиенің озық-өнегелі дəстүрлерімен тереңірек таныстырып, соның негізінде жеке 
тұлғаны қалыптастыруға, оның шығармашалық, рухани мүмкіндіктерін дамытуға байланысты тəрбие мен 
білім  беру  де  мұғалімнің  кəсіптік  даярлығын  қамтамасыз  етуді  міндеттейді.  Өйткені  егемен  еліміздің 
болашағы,  оның  материалдық  жəне  рухани  дамуы  жас  ұрпақтың  білімі  мен  тəрбиесінің  деңгейіне 
байланысты.  Сондықтан  да  қоғамның  білім  беру  жүйесін  жаңарту  мен  жетілдіру  мəселесі  ұстаздардың 
алдында зор міндеттер жүктеп отыр. Бұл мəселе көптеген ғалымдардың назарында /1-2/. 
Мектеп  оқушыларында    білімділік  немесе  адамдық  мінез – құлық  қасиеттерінің  түрлерін 
қалыптастыру  қажет  деп  жəне  оның  дамуының  жан-жақты  жүйелі  болуын  қамтамасыз  ету  керек  деп 
санасақ,  онда  əуелі  жүйе  дегеніміз  не    дегенді  анықтап  алу  артық  болмас.  Ол  біріншіден,  тұтастырып 
бергелі  отырған  біліміміздің  мазмұн-мағына  жағынан  тығыз  байланыстылығы.  Яғни,  əуелі  бір  мазмұн-
мағына  туралы  айтып  түсіндіріп,  келесінде  екінші  бір  мағына,  мазмұнға  ауысып  кетпей  бұрынғы  мен 
соңғының іштей бірлестігін сақтай отырып, жалғастыра айту. Одан əрі екінші бір жүйелілікті сақтау – 
берілгелі  отырған  ұғымның  жай,  ең  оңайдан  бірте-бірте  өрбіп  өсуі,  бірте-бірте  күрделеніп,  көздеген 
тұтас  ұғымға  келуі  арқылы  болады.  Бүгінгі  күннің  жалпы  барыс,  бағытына  көз  салып,  ой  жіберсек, 
байланыстылық  адам  баласының  бүтін  жаратылысына  арқау  екендігін  көріп  отырамыз.  Мəселен 
ғылымдардың  əр саласы бір  кезде  жеке-жеке өз обьектілері  бар  деп жəне  тек соны  ғана  терең  зерттеу 
керек  деп  есептесе,  қазір  бірін  екіншісімен  байланыстылықта  зерттеу  кеңейіп  келеді.  Айталық, 
биохимия,  биофизика,  социологиялық  психология  т.б.  Сондықтан  мектеп  оқуындағы  оның  оқу 
материалындағы  түрлі  дидактикалық  байланыстың  болуы  білім  берудегі  жүйелілікті  құрайды.  Осы 
орайда оқытудың жаңа əдістемелік жүйесі жолдарының бірі – оқушылардың іс-əрекеттерін белсендіру 
мен  білім  алуға  құштарлығын  арттыру  қажет.  Осы  тұрғыда  орта  мектепте  оқытуды  ұйымдастыру 
мəселесіне,  оқу-тəрбие  жұмысының  деңгейін  көтеруге  жəне  оның  беделін  жоғарылатуға  көңіл  бөлу 
қарастырылған.  
Қазіргі  кезде  оқытудың  тиімді  əдістерін  зерттеп,  оны  іс  жүзінде  қолдануға  ұсыну – күрделі 
мəселелердің  біріне  айналды.  Оқушыларды  қоршаған  орта  заттарымен,  құбылыстарымен  таныстырып, 
олар  жайында  ғылыми  ұғымдарын  жүйелеп,  көзқарастарын  қалыптастыруда  орта  мектепте  сəндік-
қолданбалы өнерді оқытудың мəні зор  /3/. 
Бастауыш 
сынып 
оқушыларын 
сəндік-қолданбалы 
өнерге 
баулу 
процесіне 
қазақ 
этнопедагогикасының материалдарын пайдалану  олардың дүниетанымын қалаптастыруға тікелей себепші 
болады.  Мұндағы  мақсат – болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдеріне  қазақ  этнопедагогикасын  сəндік 
қолданбалы  өнер  сабағына  қолдануды  меңгерту  жəне  сол  алған  білімдерін  мектеп  қабырғасында 
қолдануға дайындау. Бұл – оқыту процесінің нəтижелі болатындығының кепілі. 
Бұл жұмыс оқушының терең білім алуға жан-жақты дамуына мол мүмкіндік жасайды.  
Осыны  ескеріп,  сəндік-қолданбалы  өнерді  оқытуда  оқыту  мазмұнына  қазақ  халқының  ұрпақ 
тəрбиелеудегі  өмір  тəжірибесінен,  салт-дəстүрлерінен,  шаруашылық  жүргізу  тəсілдерінен,  сондай-ақ 
ұлттық  табиғи,  экономикалық  ерекшеліктерінен  көрініс  бере  отырып  оқытқан  тиімді.  Ол  сыныптан  тыс 
жұмыс кезінде іске асырылады. 
Сыныптан  тыс  жұмыс  дегеніміз  сабақтан  тыс  кезде  өткізілетін,  арнайы  белгіленген  пəндік 
мазмұны  болмайтын,  дəстүрден  тыс  жұмыс  түрі  болып  саналады.  Сыныптан  тыс  жұмысты  мектеп 
қабырғасында немесе одан тыс жерлерде  мектеп қызметкерлері ұйымдастырып, жиналыс, сынып сағаты, 
салтанатты жиын, шығармашылық кеш, көрме, саяхат, саяхат-серуен т.б. түрінде өткізеді. 
Сыныптан  тыс  жұмыстың  формасы  əр  түрлі.  Сондай-ақ  мектеп  қабырғасында  туындаған  ой-
пікірлер сыныптан тыс жұмысты өткізу, жүру формасының одан əрі байып, отыруына əсер етеді. Барлық 
жинақталған формаларды тəрбие мазмұны мен шешімдеріне байланысты үш топқа бөлуге болады. 
1.  Мектеп  өміріндегі  басқару  жəне  өзін-өзі  басқару  формасы  (жиналыс,  сынып  сағаты, 
мектептердегі өзін-өзі басқару  өкілдерінің отырысы, т.б.) . 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 2 (22), 2009 ж. 
 
 
89
2.  Танымның  формасы  (саяхат,  фестиваль,  хабарлама,  ауызша  журналдар,  секциялар,  көрмелер 
т.б.). 
3. Ойын-сауық формасы (мерекелік, кештер, шығармашылық кештер, «капустниктер» т.б. 
Сыныптан  тыс  жұмыстың  басты  құралы    ұжымдық  қарым-қатынасты  қалыптастыру  болып 
табылады. 
Сыныптан  тыс  жұмыста  мұғалімнің  рөлі  өте  зор.  Ең  бірінші,  ол – бақылаушы.  Сыныптан  тыс 
жұмыс  кезінде  мұғалім  оқушыларды  бақылай  жүріп,  ол  балалардың  күшті  жəне  əлсіз  жағын  анық 
байқауға мүмкіндік алады, олардың əрқайсысының жекелеген ерекшеліктерін анықтайды жəне сыныптан 
тыс  жұмыстарды  шебер  ұйымдастыра  отырып  балалардың  жан-жақты  сұрақтарын  қанағаттандырады, 
əрқайсысының  таланты  мен  қабілеттерінің  ашылуына  көмек  жасайды.  Бұл  жұмыс  мұғалімнен  үлкен 
шығармашылықты  талап  етеді.  Сауатты  ұйымдастырылған  жұмыс  қана  балаға  өзінің  кемшіліктері  мен 
қателерін  жөндеуге,  орынсыз  ұялшақтық  пен  өзін-өзі  қомсыну  сезімінен  арылуға  мүмкіндік  туғызады. 
Сыныптан тыс жұмыстар өз аумағында оқушылардан белсенділікті қажет етеді жəне олардың өз бетінше 
əрекет етуіне кеңшілік жасайды.  
Кез  келген  жоспарланған  іс-шараның  тартымды  өтуі  тікелей  дайындық  кезеңіне,  оған  оқушылар 
мен  оқытушыларды  тарта  білуге  байланысты.  Анық  ойластырылған  əдістемені  ұйымдастыру  кезеңі, 
мақсат пен міндеттің айқын қойылуы жақсы нəтижеге жетуге мүмкіндік береді.  
Мұғалімнің шеберлігі ақылдылықпен ұйымдастырылған тəрбиелік іс- шаралардан көрініс табады. 
Сондықтан да жұмыстың дəл осы кезеңіне үлкен байсалдылықпен қарау керек (4). 
Сыныптан  тыс  іс-шараларды  өткізу    ең  негізгі,  жауапты  кезең.  Бұл  өз  уақтысындағы  өткізілген 
бүкіл  алдыңғы  жəне  кейінгі  іс-шаралардың  шарықтау  шегі.  Оның  композициялық  қатары  жұмыстың 
мазмұнынан жетекші  мен  қатысушылардың  дайындығынан  тұрады.  Іс-шара қонақтарды жалықтырмауға 
тиіс. Басынан аяғына дейін өткізілген іс-шараны өз ырғағымен жүргізе отырып, ойластырылған сценарий 
бойынша  өткізу  керек.  Нақтылық,  бірізділік,  қызықты  сценарий,  қатысушыларды  ұйымдастыра  білу   
сыныптан тыс сабақтың басты шарты болып табылады. 
Кез  келген  іс-шараның  қорытындысы  оның  нақты  қойылған  мақсаты  мен  міндетінің 
орындалғанын  көрсетеді.  Ол  күнделікті  жұмыс  барысында  кездесетін  тəрбие  жұмысының  бір  бөлігі 
ретінде үлкен тəрбиелік маңызға ие.  
Сəндік-қолданбалы  өнерді  оқытуды  сыныптан  тыс  жұмыстарда  жүргізгенде  шəкірттерге  ұлттық 
тəлім-тəрбие беру үшін қазақтың тұрмыстық салт-дəстүрлері, əдет-ғұрыптары туралы үнемі айтып отыру 
қажет.  Аталған  пəндерді  халық  педагогикасымен  байланыстыра  оқытудың  өзіндік  қиын  жақтары  көп. 
Оның басты себебі – мектепте оқытылатын бейнелеу өнері пəні оқулықтарының басқа тілден аударылуы, 
оның ішіндегі мысалдарының халыққа тəн еместігі. 
Халқымыздың  ертегілерінен,  аңыз-əңгімелерінен,  шешендік,  тапқыр  сөздерінен  салт-
дəстүрлерімізге байланысты тұстарын көптеп байқауға болады. Халқымыздың асыл қазынасын сабақтың 
кейбір  тақырыптарымен  байланысты  тиімді  пайдалану – оның  салт-дəстүрі  мен  мəдениетіне  құрметпен 
қарауға үйретеді. 
Зерттеу  барысында  оқушылардың  ақыл-ойын,  шығармашылығын,  қабілетін  арттыруға,  оның 
экологиялық  ортасын  зерттеуге  көп  көңіл  бөлінді.  Алдын  ала  берілген  заңдарға  негізделіп,  қорытынды 
жасау білімнің сапасын арттыратындығын көрсетеді.  
Сəндік-қолданбалы өнерді оқыту барысында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін əр 
түрлі  қызықты  ұлттық  ойын  жəне  логикалық  қабілеттерін  дамыту,  өзін-өзі  айқындау  кестелері,  ақыл-
ойларын кеңітетін психологиялық тесттер қолданылады. 
Ұлттық  мектеп  тек  ұлттың  ерекшелігіне,  ұлттың  тарихына,  мəдениетіне,  өнеріне,  салт-
дəстүріне, тұрмыс тіршілігіне сай құрылған болуы керек. Халықтың ғасырлар бойы жалғастырып келе 
жатқан дəстүріне, əдет-ғұрпына, ұлттық ойындары мен отбасы тəрбиесіне сай құрасытырлған оқулық 
–  ұлттық  педагогиканың  ықпалы  мен  əсерінен  жасалатыны  жəне  дамитыны  дүниежүзілік 
тəжірибелерден белгілі. 
Халықтық  педагогика  мен  ұлттық  психология  тағылымдарын  пайдалана  отырып,  сəндік - 
қолданбалы өнер сабақ түрлері оқушылардың пəнге қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тараудың 
пысықтау  кезеңін  сапалы  өткізуге,  материалды  толық  меңгеруге  көмектеседі.  Сонымен  бірге 
оқушылардың ойын дамытып, өзіндік пікір айтуға үйретеді. Оқушыларды құрғақ жаттандылықтан бойын 
аулақ салып, дербес ойлап əрекет етуге жетелейді. 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Педагогические науки», № 2 (22), 2009 г. 
 
 
90
Халық  педагогикасының  тағылымдарын  сəндік-қолданбалы  өнер  сабақтарында  қолдану – оның 
білімдік  жəне  тəрбиелік  мақсаттарын  жүзеге  асырумен  қатар,  халқымыздың  салт-дəстүрін  қастерлеп, 
оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тəрбиелеуде зор мəні бар. 
 
                          
1.
 
Төлеубекова Р.К. Бала тəрбиесіндегі халықтық педагогика. -  Алматы, 1994. 
2.
 
Педагогикалық  жəне  жас  ерекшелігі  психологиясы.  Аудармашылар:  Қ.Қойбағаров.,  Д.Мадеев., 
Р.Шаймерденов., А.Файзоллаева. – Алма-Ата: Мектеп баспасы, 1987. 
3.
 
Табылдиев А.  Қазақстың халық педагогикасы жəне тəрбие – Алматы: Рауан, 1990. 
4.
 
Бабаев С.Б.  Бастауыш мектеп педагогикасы. - Алматы: Заң əдебиеті, 2007. 
 
 
Резюме 
В  статье    исследуются  особенности  формирования  мировоззрения  учащихся  младших  классов  в 
направлении 
внеклассной 
деятельности. 
Активизация 
деятельности 
младших 
школьников 
рассматривается как эффективный путь формирования мировоззрения. 
 
Summary 
In article are investigated the peculiarities of the formation of the world outlook of taken into account 
minor classes in direction  activity. Activizing of the activity of minor school-boys is considered the as efficient 
way of the formation of world outlook through tuition to popular-applied art. 
 
 
 
 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІН, ТƏРБИЕСІН ЖƏНЕ МƏДЕНИЕТІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ 
 
Р.У.Саимова - 
Абай атындағы ҚазҰПУ, ботаника жəне зоология кафедрасының ізденушісі, 
Қ.Ы.Шалабаев - 
Абай атындағы ҚазҰПУ, ботаника жəне зоология кафедрасының доценті 
 
Экологиялық  дағдарыс  дүние  жүзінде  барған  сайын  кең  етек  алуда.  Қазіргі  ауыр  экологиялық 
дағдарыс заманында тəрбие мен білім берудің негізі - ең алдымен адам мен табиғаттың қарым – қатынасы  
принциптерін  жүзеге  асыруды  жетілдіру  болып  табылады.  Қазақстан  жеріндегі  экологиялық  апаттың 
қауіпі, маңызды экологиялық жауапкершілік мəселесі бүкіл республика халқын, соның ішінде мектеп пен 
жоғары  оқу  орындарының,  ғылыми  мекемелердің,  əкімшіліктің,  Елбасының  көкейтесті  проблемасына 
айналып отыр.   
Елбасының  «Қазақстан – 2030» бағдарламасында табиғат жағдайының қиын кезеңде тұрғанын 
нақты    атап    өтіп:  «...қоршаған  ортаның  ластануы  салдарынан - экологиялық  нашар  ахуал  бүгінде 
адам  өлімінің    жиырма  пайызына  себеп  болып  отыр.  Отандастарымыздың  үштен  бірі  сапасыз 
ауызсуды пайдаланады.  «Қоршаған  ортаны  ластаушыларға  берік тосқауыл қойылу қажет», - деген 
болатын [1]. 
Тəуелсіздік  алғаннан  бері  Қазақстан  экономикасын  нығайтуға  бағытталған  мемлекетіміздің 
беталысы өндірістік қуаттардың дамуы экологияға зиянды əсерін тигізуде. Елімізде табиғат ресурстарын 
өндіруді  кеңінен  пайдалану  салдарынан  қандай  экологиялық  зиян  шегіп  жатқаны  ескерілмей  келуде. 
Ерекше  табиғи  байлықтарға  ие  Қазақстан,  табиғат  ресурстарын  тиімсіз  пайдалану  салдарынан  оған 
экологиялық құлдырау қаупі төніп тұр. Бұған ең алдымен аз уақыт ішінде пайда көре отырып, еліміздің 
экологиясына  орны  толмас  зиян  келтіретін  бизнес  жауапты  болуы  тиіс,  ақырында  одан  жапа  шегетін 
қарапайым адамдар.  
Бүгінгі таңда бұл өзекті мəселенің тиімді шешімін жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тəрбие 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 2 (22), 2009 ж. 
 
 
91
беру  мемлекеттік  деңгейде  қарастырылып  отыр.  Экологиялық  білім  мен  тəрбие  беру  негізінде 
бағдарламалар мен заңдар қабылданды. 
Қазақстан  Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы  №212 - ІІІ  Кодексi 1 бап 54 бөлімінде 
экологиялық бiлiм беру - жеке адамның қоршаған ортаның жай - күйi үшiн экологиялық жауапкершiлiгiн 
қамтамасыз  ететін  білім    мен  дағды  жүйесін,  құндылық  бағдарларды,  имандылық – эстетикалық 
қатынастарды  қалыптастыруға  бағытталған,  жеке  адамды  тəрбиелеудің,  оқытудың,  оның  өз  білімін 
көтеруінің жəне дамуының үздіксіз процесi делінген [2].
Экологиялық  білім  беру – адамзат  қауымының,  қоғамның,  айналадағы  əлеуметтік  табиғи  ортаға 
жауапкершілігін  қамтамасыз  ететін,  мінез-құлық  пен  іс-əрекеттің  қалыптасуына,  ғылыми  жəне 
практикалық білім беру мен тұлғаны дамытудың үздіксіз процесі [3].
Экологиялық білім беру адамның барлық өмірін қамтитын тұтас жүйе. Ол сонымен қатар табиғат 
пен  қоршаған  орта  үйлестігі  мен  тұтастығы  туралы  түсінікке  негізделген  көзқарасты  қалыптастыруды 
мақсат етіп қояды. Оның құндылығы мен мəні адамдар бойында қалыптасатын экологиялық таным  жəне 
экологиялық  мəдениетке  тəуелді  болады.  Оның  қалыптасу  жолдары  табиғатқа  деген  көзқарастан 
туындайды [4].
Мектеп  оқушыларына  экологиялық  білім  мен  тəрбие  беру  арқылы  олардың  экологиялық 
мəдениетін қалыптастырып, оны əрбір оқушының бойына сіңіру нəтижелі болуы анық.  
Экологиялық  мəдениет  қоғам  мен  табиғат  талаптарына  адамзаттың  білікті  берген  жауабынан 
қалыптасып  отырады.  Экологиялық  мəдениет  адам  мен  табиғаттың  арасындағы  еркін  қатынастардан 
туындайды. 
Экологиялық  мəдениет  жеке  адаммен,  оның  түрлі  қыр-сырымен  жəне  қасиеттерімен 
органикалық  байланыста  болады.  Барлық  мəдениет  түрлерінің  (философиялық,  саяси,   құқықтық, 
эстетикалық,  адамгершілік)  өзара  əрекеттерінен  экологиялық  мəдениет  туындайды. «Экологиялық 
мəдениет»  ұғымы  арқылы  «қоғам-табиғат»  жүйесін  сақтау  мен  дамытуға  септігін  тигізетін  мəдениет 
түсіндіріледі [5].
Жалпы мəдениеттің, соның ішінде экологиялық мəдениеттің жоғары мəдениеттілік белгісі болып 
оның  əлеуметтілігінің  табиғи  айырмашылық  дəрежесі  емес,  керісінше  олардың  бірлігінің  дəрежесі 
саналады.  Мұндай  бірлікке  əлеуметтік  табиғи  жүйені  түзуші  табиғаттың  да,  қоғамның  да  тұрақтылығы 
арқылы қол жеткізуге болады. Мұндай жағдайда табиғат «адамның адамдық мəніне», ал табиғатты сақтау 
- адам мен қоғамды сақтау құралына айналады. 
Экологиялық  мəдениет  адамның  тіршілік  əрекетінің  рухани-адамгершілік  саласы  ретінде  оның 
табиғатпен  өзара  əрекетінің  ерекшелігін  сипаттайды  жəне  экологиялық  сана,  экологиялық  қарым-
қатынастар мен экологиялық іс-əрекеттер элементтерінің өзара байланыс жүйесін қамтиды.  
Экологиялық мəдениет ұғымы  - «табиғатқа ұқыптылықпен қарау жəне экологиялық өлшемдерді 
орындау», «экологиялық  мəдениет - мəдениетті  адамның  экология  ғылымы  бойынша  білімділігі», 
«экологиялық  мəдениет -  табиғатқа  дұрыс  қарым-қатынас», «экологиялық  мəдениет - қоршаған  ортаны 
қорғау».  
Экологиялық мəдениеттің маңызды компоненті бұл білім. Мəдениетті адам экологиялық біліммен 
қаруланып табиғат заңдарын бұзбайды. 
Осы орайда, елімізде жас өспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастырудың бүгінгі 
күн тəртібіне қойылуы өте орынды. Оның өзіндік объективті жəне субъективті себептері бар.  
Оған:  
- туған еліміздің табиғаты мен оның табиғи ресурстарының ұзақ жылдар бойы орынсыз пайдалану 
нəтижесінде азаюы, ластануы жəне есепсіз сарқыла бастауы; 

республиканың көптеген аймақтарында экологиялық апатты жерлердің көбейе түсуі; 

өндіріс  пен  өнеркəсіп  кешендерінің  зиянды  қалдықтары,  ғарыш  аймағының  сақталуы, 
полигондар    зардаптары,  жердің    жарамсыздануы,  ауыз    су  тапшылығы,  адам  денсаулығының 
нашарлауы; 

экологиялық  білім,  тəрбие  жəне  мəдениет  қалыптасуы  мен  тұрмыстық  қажеттілік 
мақсатындағы табиғатты пайдалану сипаты арасындағы алшақтықтардың ұлғаюы [3,4]. 
Аталған  проблемеларды  шешу  үшін  экологиялық  білім  алу  ауадай  қажет.  Мектеп,  гимназия, 
колледждер  мен  жоғары  оқу  орындары  үздіксіз  экологиялық  білім  берудің  қайнар  көзі  жəне 
ұйымдастырушылық ордасы.  

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Педагогические науки», № 2 (22), 2009 г. 
 
 
92
Сонымен  оқушыларға  экологиялық  білім  мен  тəрбие  беру  арқылы  экологиялық  мəдениетін 
қалыптастыру,  оқушылар  санасына  табиғаттағы  жүріп  жатқан  құбылыстар  мен  заттар  арасында  тығыз 
қарым-қатынас үздіксіз жүріп жататындығын жеткізе білу қажет. Табиғатқа жасалған кез-келген əсердің 
салдарынан  жағымсыз  өзгеріс  болып  тұрады.  Сондықтан  адам  баласының  табиғатпен  жасаған  əр 
қатынасы  жан-жақты  ойластырылып  жүргізілуінің  қажеттілігін  саналы  түрде  жəне  табиғаттың  адам 
өміріндегі  тасып  жатқан  маңызын  толық  білуге,  табиғатсыз  адам  тіршілігінің  болуы  мүмкін  еместігін, 
қорғаудың қажетілігін түсіндіру мен қамтамасыз ету болып табылады [6].
Оқушылардың  экологиялық  білімі  жастардың  ғылыми  көзқарастарын  экологиялық  тұрғыдан 
тəрбиелейді. Экологиялық мəдениеттілік пен қажеттілік жас ұрпақты, қоршаған орта мен оның табиғи 
ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, 
ізгілікті,  азық-түлік  энергиясын  мəдениетті  түрде  үнемдеуге  үйретеді.  Экология  мəдениеті 
денсаулықты  жəне  ертеңгі  күнге  деген  сенімділікті,  оның  табиғи  ортаны  сауықтырудағы  еңбегін 
нығайтады.  Экологиялық  дағдарыстың  ұлғаюын  мейлінше  тежеу,  табиғат  пен  қоршаған  ортаны 
қорғау жолдарын жастарға ұғындыру экологиялық жаппай жəне үздіксіз білім беру нəтижесінде ғана 
іске асырылады. 
Қазіргі  кезде  экологиялық  мəселелер  өзінің  қоғамдық  мəні  жағынан  алдыңғы  қатардағы 
мəселелердің   біріне  айналды. «Табиғат,  Табиғат – Ана»  деген  сөз  асқақтаған  ұғым.  Жаңа  экологиялық 
мəдениет  осыны  мойындауы  тиіс.  Табиғатқа  деген  ілтипат  бұл  адамға  көрсетілген  құрмет.  Қазақстан 
Республикасы  тұрақты  дамудың  жаңа  жолына  түскен  шақта  бізге  экологиялық  білім,  тəрбие  мен 
мəдениеттен  сусындаған ұрпақ  қажет.  
 
 
1. Назарбаев Н.Ə. Ел Президентініңі Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстан – 2030». Барлық 
Қазақстандықтардың  өсіп - өркендеуі,  қауіпсіздігі  жəне  əл – ауқатының  артуы//Егемен  Қазақстан. - 
1997. -11 қазан. 
2. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi. – Алматы, 2008. - 164б. 
3.  Экологиялық  білім  бағдарламасы.  Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақтың  Білім  академиясының 
республикалық баспа кабинеті. – Алматы, 1999. 
4. Павлов А.Н. Основы экологической культуры. – СПб., 2007.  
5.  Қазақстан  Республикасы  білім  беру  жүйесінде  экологиялық  білім  мен  тəрбие  беру 
тұжырымдамасы.2007. 
6.  Экологическое  образование  школьников  /Под  ред.  И.Д.Зверева,  Т.И.Суравегиной, - М.: 
Педагогика, 1983. 
 
Резюме 
В  статье  проведен  обзор  литературных  данных,  касающихся  формирования  некоторых  путей 
экологического образования, воспитания и культуры школьников. 
  
Summary 
This article is devoted to the literature review information and contacted formation and contacted 
formation of go me ways ecology education, teaching and culture for pupils.       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 2 (22), 2009 ж. 
 
 
93
НОВЫЕ ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ТЕХНОЛОГИИ  
И ИХ ВНЕДРЕНИЕ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПРОЦЕСС 
 
Е.С.Салтанов - 
начальник военной кафедры КазНПУ им. Абая, кандидат педагогических наук, доцент; 
полковник 
 
Понятие  «педагогические  технологии»  вводилось  в  науку  на  протяжении  нескольких  последних 
десятилетий.  При  внедрении  технических  средств  обучения  в  педагогический  процесс  заговорили  о 
технологии  обучения.  В  дальнейшем  понятие  «технология  обучения»  было  расширено  до  термина 
«педагогические  технологии»,  имея  в  виду  под  этим  содержательную  технику  учебно-воспитательного 
процесса. 
Само  слово  «технология» (от  греч. «техне» - искусство,  наука,  ремесло,  и  «логос» - понятие, 
учение)  означает  «совокупность  знаний  о  способах  и  средствах  проведения  производственных 
процессов»/1/. 
Педагогика  на  современном  этапе  переживает  переосмысление  подходов,  отказ  от  некоторых 
устоявшихся  традиций  и  стереотипов.  Освоение  современных  образовательных  технологий  в XXÌ веке 
становится  приоритетным    как  при  овладении  профессией  педагога,  так  и  при  оценке  качества 
образовательно-воспитательных задач. Развитие становится ключевым словом педагогического процесса, 
сущностным, глубинным понятием обучения. 
Чем обусловлено такое направление педагогической науки и практики? 
Что  нужно  современному  молодому  человеку  для  того,  чтобы  чувствовать  себя  комфортно  в 
новых социально-экономических условиях? 
 Основным  условием  развития  рыночных  отношений  в  сфере  педагогических  наук  является 
гарантия  высокого  качества  продукта.  Педагог  на  рынок  труда  выставляет  свой  профессионализм,  в 
основе  которого  лежит  знание  педагогических  технологий.  В  работе  преподавателя  уже  в  ближайшем 
будущем технологии будут определять успех на 80%, а индивидуальное мастерство – только на 20%/2./ 
Что  такое  педагогические  технологии?  Почему  именно  технологии  становятся  основой 
практической  деятельности  педагога?  Сущность  педагогической  технологии  как  многостороннего 
явления  была  определена  ЮНЕСКО: «Педагогическая  технология – это  системный  метод  создания
применения  и  определения  всего  процесса  преподавания  и  усвоения  знаний  с  учетом  технических  и 
человеческих  ресурсов  и  их  взаимодействий,  ставящий  своей  задачей  оптимизацию  форм 
образования»/3/.  Если  сказать  по-другому,  это  все,  что  находится  между  целью  и  результатом. 
Технология, прежде всего, относится к процессу, методам, формам и средствам. Главные вопросы, на 
которые  отвечает  технология:  как  учить,  как  воспитывать,  как  развивать,  каким  путем  вести 
обучаемых,  как  создать  наиболее  благоприятные  условия  для  их  познавательной  деятельности?  Все 
эти вопросы можно свести к одному, но очень важному – как действовать, чтобы результаты совпали 
с поставленными требованиями. 
Если цели заданы объективно, ясно определены характеристики обучаемых и условия процесса, то 
можно  создать  очень  эффективную  технологию.  Но,  в  последнее  время,  понятие  педагогической 
технологии  стали  использовать  как  для  характеристики  больших  преобразований  в  педагогическом 
процессе,  так  и  для  описания  незначительных  нововведений.  При  таком  применении  оно  теряет  смысл. 
Поэтому необходимо различать, где происходит просто совершенствование процесса, а где применяются 
новые  технологии.  Критериями  должны  служить  значимость  и  объем  преобразований.  Если  при 
проведении занятий вы раньше использовали видеомагнитофон, а теперь используете DVD-плеер, то вряд 
ли здесь можно говорить о внедрении новых технологий. 
Чем  сложнее  явление,  тем,  на  большее  количество  составных  частей  его  можно  разложить.  В 
процессах воспитания, обучения и развития заложено множество путей и способов их осуществления, но 
знаем  мы  очень  мало.  Мы  еще    далеки  от  оптимальных  схем  осуществления  процесса.  Поэтому  любая 
попытка изменить процесс, взглянуть на него под другим углом зрения, чтобы облегчить труд воспитания 
и обучения, может вылиться в интересную технологию. 
В дидактическом процессе, как известно, взаимодействуют преподаватель, обучаемый и предмет 
обучения.  В  зависимости  от  того,  чему  отдается  предпочтение,  можно  выделить  три  технологии 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Педагогические науки», № 2 (22), 2009 г. 
 
 
94
организации  учебно-воспитательного  процесса:  предметно-ориентированное  обучение,  личностно 
ориентированное, сотрудничество. 
Давайте  более  подробно  остановимся  на  личностно  ориентированной  технологии.  Обучение  и 
воспитание в данной технологии развиваются от «обучаемого». Педагогический процесс направляется на 
удовлетворение его запросов и потребностей, преподаватель предоставляет студенту (курсанту) именно те 
услуги и в том объеме, которые он требует. Обучаемый имеет возможность самостоятельно выбирать для 
изучения предметы, устанавливать уровень их освоения (начальный, средний, повышенный или высокий), 
обучаться  в  соответствии  со  своими  потребностями,  силами  и  возможностями,  двигаться  в  обучении 
собственным темпом, выбирать себе в помощь различных преподавателей. В данной технологии властвует 
собственный интерес, выбор и личная ответственность обучаемого. 
Чтобы  обучение  можно  было  считать  личностно  ориентированным  и,  по  нашему  убеждению, 
наиболее эффективным, оно должно ориентироваться на: уровень обученности в данной области знаний и 
степень общего развития, культуры, то есть ранее приобретенный опыт; особенности психического склада 
личности  (памяти,  мышления,  восприятия,  умения  управлять  и  регулировать  свою  эмоциональную 
сферу.);  особенности характера, темперамента. 
Для  советской  школы  она  однозначно  не  подходила,  но  превосходно  вписывается  в  реалии 
рыночных  отношений.  Именно  рыночными  отношениями  личностно  ориентированная  технология 
вызвана к жизни. 
О  технологии  личностно  ориентированного  обучения  в  Казахстане  заговорили  в  начале 90-х 
годов,  когда  социалистическая  школа  с  ее  коллективистскими  принципами  и  технологиями  перестала 
справляться  с  новыми  задачами.  Присущие  ей  подходы,  формы  и  методы  обучения  уже  не  отвечали 
провозглашенным в обществе идеям демократизации, формирования нового типа рыночных отношений, 
приоритетам  воспитания.  Срочно  стали  нужны  технологии,  которые  решали  бы  новые  проблемы.  В 
арсенале  советской  педагогики  к  тому  времени  была  только  пустившая  корни  командно-
административная схема авторитарных отношений. Педагогика личностно ориентированного обучения не 
получила идеологической поддержки и не была востребована преподавателями того времени. Сегодня она 
стала полноправным средством педагогики и наряду с другими технологиями востребована в нашем  уже 
расслоенном на социальные группы обществе. 
Личностно  ориентированное  обучение – это  такое  обучение,  которое  основывается  на  знании 
личности обучаемого и используется с целью максимального удовлетворения его потребностей.  
Технология личностно ориентированного обучения вобрала в себя достижения демократического 
образа жизни и новые достижения педагогической мысли: 1) уважение демократических свобод граждан, 
прежде  всего,  права  на  свободный  выбор  образования; 2) продолжительный  опыт  функционирования 
образования  в  рыночных  условиях,  которые  привели  к  его  полной  переориентации  на  удовлетворение 
потребностей  граждан; 3) распространение    идей  гуманизации  образования,  согласно    которым  человек 
признается высшей целью; 4) обеспечение реальной возможности полного удовлетворения потребностей 
каждого человека в соответствии с его намерениями, целями, жизненной стратегией/2,374/. 
Личностно  ориентированное  обучение  (воспитание)  утверждает  обучение    студента  (курсанта)  в 
роли  активного,  сознательного,  равноправного  участника  учебно-воспитательного  процесса.  Цель 
воспитания  состоит  в  том,  чтобы  каждый  студент  (курсант)  мог  стать  равноправным  субъектом 
деятельности  познания  и  общения,  свободной,  самодеятельной  личностью.  Все  это  возможно  лишь  на 
принципах педагогики гуманизма, поскольку гуманистическая педагогика сориентирована на личность. Ее 
отличительные признаки: 
- приоритетное развитие психических, физических, интеллектуальных, моральных и других сфер 
личности вместо овладения объемом информации и формирования определенного круга знаний, умений и 
навыков; 
-  сосредоточение  усилий  на  формировании  свободой,  самостоятельно  мыслящей  и  действующей 
личности,  гражданина,  способного  делать  обоснованный  выбор  в  разнообразных  учебных  и  жизненных 
ситуациях; 
-  обеспечение  надлежащих  финансовых  и  организационных  условий  для  успешной 
переориентации учебно-воспитательного процесса. 
Гуманистическая личностно ориентированная педагогика требует приспособления преподавателей 
к студентам (курсантам), обеспечение для них атмосферы комфорта. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 2 (22), 2009 ж. 
 
 
95
Зарубежная  практика  гуманистической  школы  уже  выработала  конкретные  формы  и  методы 
личностно ориентированной педагогики. Среди них: 
- дифференциация учебно-воспитательной деятельности; 
- индивидуализация процессов воспитания и обучения; 
- создание благоприятных условий для развития наклонностей каждого воспитанника; 
-  формирование  однородных  по  совокупности  признаков  (гомогенных)  групп,  классов  и 
параллелей; 
- социальная безопасность, защищенность обучаемых; 
- вера в обучаемого, его силы и возможности; 
- принятие обучаемого таким, какой он есть; 
- изменение целевой установки учебного процесса; 
-обоснованность уровня развития каждого обучаемого; 
- переориентация внутренних личностных установок преподавателя;    
Таким  образом,  главное  стратегическое  направление  развития  системы  образования  в  разных 
странах  мира  лежит  на  пути  решения  проблемы    личностно  ориентированного  образования – такого 
образования,  в  котором  личность  студента,  была  бы  в  центре  внимания  педагога,  психолога,  в  котором 
деятельность  учения,  познавательная  деятельность,  а  не  преподавание,  была  бы  ведущей  в  тандеме 
учитель – ученик, чтобы традиционная парадигма образования учитель – учебник – ученик была со своей 
решительностью  заменена  на  новую:  ученик  –  учебник – учитель.  Именно  так  построена  система 
образования  в  лидирующих  странах  мира.  Она  отражает  гуманистическое  направление  в  философии, 
психологии и педагогике/4/. 
Главной  отличительной  чертой  так  называемого  гуманистического  подхода  в  образовании 
является особое внимание к индивидуальности человека, его личности, четкая ориентация на сознательное 
развитие  самостоятельного  критического  мышления.  Такой  подход  рассматривается  в  мировой 
педагогической  практике  как  альтернативный  традиционному,  основанному,  главным  образом,  на 
усвоении готовых знаний и их воспроизведении. В данном случае речь идет об эволюционном процессе, 
учитывающим  потребности  сегодняшнего  дня,  о  смене  приоритетов  с  усвоения  готовых  знаний  в  ходе 
классных  занятий  на  самостоятельную  активную  познавательную  деятельность  каждого  обучаемого  с 
учетом  его  особенностей  и  возможностей,  деятельность,  не  всегда  укладывающуюся  в  систему  урока. 
Если  новые  педагогические  технологии  найдут  свое  место  в  современном  учебно-воспитательном 
процессе, постепенно, вполне естественно вытесняя традиционные методы и формы работы, то, думается 
с течением времени удастся выработать оптимальный подход к организации учебного процесса в наших 
условиях с учетом специфики казахстанской школы и культурной отечественной среды. 
 
1.
 
Столяренко  Л.Д.,  Самыгин  С.И.  Педагогика: 100 экзаменационных  ответов. – М.: 
«МарТ», 2005. - С.- 131.  
2.
 
Подласый И.П. Педагогика. – М.: Высшее образование, 2006. - С.-343,374. 
3.
 
Коджаспирова Г.М., Коджаспиров А.Ю. Словарь по педагогике (междисциплинарный). – 
М.: «МарТ», 2005 г., С.-349. 
4.
 
Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. 
– М.: «Академа», 2005. - С.-10. 
 
Түйін 
Мақалада оқу барысында жаңа педагогикалық технологияны енгізу жөніндегі келелі мəселелерді 
шешу жəне студенттерді нəтижелі оқыту жəне тəрбиелеу жолында өсуі көзделген. 
 
Summary 
In the article is opened the problems of the inculcation of new pedagogical technologies in the curriculum 
and the ways of the increase of the effectiveness of the studying and the education of the students. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет