Проблемы современного образования к вопросу о развитии системы повышения квалификации и переподготовки педагогических кадров в республике казахстан



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#6672
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

 
1. ҚР Конституциясы. – Алматы: Қазақстан, 1995. 
2. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы.-Алматы,1997.–31-32 б. 
3.  Назарбаев  Н.Ə. «Қазақстан  Республикасының 2004-2015 жылдарға  арналған  экологиялық 
қауіпсіздігі тұжырымдамасы». ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 1241 жарлығысы. 
4. ҚР «Білім беру туралы» Заңы. – Алматы:Қазақстан, 1999. 
5.  Назарбаев  Н.Ə. «Қазақстан – 2030: Барлық  қазақстандықтардың  өсіп  өркендеуі,  қауіпсіздігі 
жəне əл-ауқатының артуы» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы//Егемен Қазақстан. - 1994. - 
№194,  
6.  Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. – Алматы, 1994. – 84-86 б. 
7.  Қасабеков  А.  Қазақ  философиясы  дамуының  тарихи  ерекшеліктері // ҚазМУ  хабаршысы. – 
Алматы,1994. – 78-80 б. 
8. Қалқаманұлы Б. Шығармалары. - Алматы,  1992. – 65-66 б. 
9. Əл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы, 1973.- 28-29 б. 
10. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. – Алматы, 1995. – 415 б. 
11. Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалар. – Алматы, 1977. 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  основные  направления  и  условия  использования 
инновационных технологий экологического образования  в высших учебных заведениях. 
 
Summary 
In this article are given the main directions of using innovation technique of environmental education in 
university. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Педагогические науки», № 2 (22), 2009 г. 
 
 
76
ЖАЛПЫ  БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП 
ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ  ШКОЛА 
 
 
 
ПАТРИОТТЫҚ РУХТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОТБАСЫ 
ТƏЛІМ-ТƏРБИЕСІНІҢ ОРНЫ 
 
Р.А.Джанабаева - 
п.ғ.д., профессор м.а., 
С.Д.Қосназарова - 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 1-курс магистранты   
 
Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасының  əлеуметтік-экономикалық  даму  барысында  саяси-
идеологиялық, мəдени тұрғыдан жаңаруына сəйкес жас ұрпаққа отансүйгіштік тəрбие беру үкіметіміздің 
жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып отыр. 
Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың 2005-2010 жылдарға  арналған  мемлекеттік 
бағдарламасының  міндеттерінде: «Қазақстандық  патриотизмге,  биік  мəдениетке,  адам  құқықтары  мен 
бостандықтарын  құрметтеуге  тəрбиелеу»  туралы  айтылады /1/. Мұндай  мазмұндағы  мемлекеттік  талап-
міндеттер  бүгінде  өскелең  ұрпақты  отансүйгіштікке  тəрбиелеу  мақсаты  бүгінгі  таңда  ұлттық  сипатқа  ие 
болып  отырғандығы  барша  жұртқа  мəлім.  Ал  мұндай  күрделі  тəрбие  үрдісі  əр  отбасынан  бастау  алып, 
білім беру жүйелерінде де үздіксіз, кешенді түрде жүргізілуін талап етеді. 
Басқа  халық  сияқты  исі  қазақ  отбасын  киелі  деп  санап,  оны  ерекше  бағалаған.  Өйткені    адам 
баласының  ой-санасы  өсіп,  ақыл-ойының  кемелденуі  үшін  де  тіршілік  нəрі  санаға  отбасынан  кіреді, 
отбасында  көрген  жақсы-жаман  қылықтардың  бəрі  балаға  əсер  етеді.  Сондықтан  да  болар  атам  қазақ 
«Отан – отбасынан  басталады»  деп  тектен-текке  айтпаған  болар.  Əке – отбасында  ұлы  тұлға.  Ол  сол 
отбасының  асыраушысы,  əрі  бала  үшін  ақылшы,  қамқор  жан.  Ал  ана  болса,  құрсақтан  жарып  шыққан 
нəрестесін  қалай  да  аман-есен  өсіріп,  ел  қатарына  қосу  үшін,  қанаттыға  қақтырмай,  тұмсықтыға 
шоқтырмай мəпелеп өсірумен қатар, қоғамда орны бар азамат тəрбиелеуде басты рөл атқаратын жауапты 
жан  иесі. "Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны  ілесің"  демекші  жастайынан  көрген-білгені,  көңілге 
тоқығанынан қуат алған сəби есейе келе өз мұратына жетіп, қоғамда да өз орның тауып, білгілі азаматқа 
айналары сөзсіз. 
Отбасында  өз  ұрпағының  тəрбиесі - ерлі-зайыптыларға,  ата-əжелерге  ортақ  іс,  жауапты  міндет 
қойып отыр. Бала тəрбиесіндегі əйел-ананың орны ерекше. Адамның жақсы қасиеттері, діні, ділі, тілі ана 
сүтімен сіңіп, бойына дариды. Ана болмысының өзгеруінің əлеуметтік себептерінің алдын алып, оны əуел 
бастағы  табиғат  алдындағы  ұлы  міндеті - бесігінен  ажырамауына  қамқорлық  жасау.  Баланы  кішкене 
кезінен  анасының  сүтін  өтеуге  баулу,  бүкіл  қоғамда  əйелге,  анаға  ерекше  ілтипат  қалыптастыру,  оған 
қамқорлық жасау қажет. Сондай-ақ бала тəрбиесіндегі əкенің жауапкершілігін тəрбиелеу мүмкіндіктерін 
арттырудың да маңызы ерекше. Сондықтан қазақ əулетінің ер-азаматты бағалау, пір тұту дəстүрін одан əрі 
жалғастыру қажет.  Біздіңше,  отбасы  дегеніміз - үйелменде  атасы  мен  əжесі,  əкесі  мен  анасы,  ағасы  мен 
інісі, сіңілісі мен əпкесі туыстық байланыста болатын, бірлесіп өмір сүретін адамдар жиынтығы. Отбасы - 
ұлттық  жəне  рухани  дəстүрлер  мен  құндылықтарды  үйрететін,  бала  бойына  сіңіретін  орын.  Отбасы - 
тəрбие бесігі. Отанға, елге деген борышымыз алғаш осы отбасынан басталады.      
Отбасында үлкендердің іс-əрекеттерін көріп өскен бала - соны қайталайды, əдетке айналдырады. 
Осылайша  баланың  адамгершілігі  мен  тұлғасы  қалыптасады.  Сол  себептерден  отбасы  мүшелерінің  бір-
бірінің  алдындағы  адамгершілік  міндеттері  мен  жауапкершіліктерінің  орындалуының  маңызы  өте  зор. 
Отбасының  бақыты  мен  ұлттың  болашағы  осыған  көп  байланысты.  Қазақ  баланы  өте  жақсы  көретін 
халық,  сондықтан  да  баланы  отбасының  бақыты  деп  санап,  қолдан  келгенше  əр  отбасы  оны  жақсы 
тəрбиелеуге тырысқан. Сөйтіп бала тəрбиелеуде əр отбасы тəрбие бесігі болды.  
Қазақ отбасы ошақ қасы ғана емес, ол ең алдымен Отанының ошағы. Отан, отбасы деген сөздердің 
түбірі - от  деген  киелі  ұғымынан  бастау  алған,  яғни  от  пен  ошақ  жəне  Отан  бір-бірімен  ажырамас 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 2 (22), 2009 ж. 
 
 
77
ұғымдар.  От  бар  жерде  өмір  бар.  Өмір  болған  соң  отбасы  құрылады.  Мың,  миллиондаған  отбасы  Отан 
деген  ұғымды  құрайды.  Отаның  болу  үшін  жерің,  үйің,  елің,  мемлекеттің,  дінің,  тілің  болуы  шарт. 
Сонымен мемлекет отбасынан құрылса, отбасы туыс адамдардан құрылады. 
Халықтың өмір жолында қалыптасқан өте үлкен тəрбиелік мəні бар əдет-ғұрыптардан туындаған 
салт-дəстүрлер  тəрбие  құралы.  Заман  ағымына  сай  əдет-ғұрыптың,  салт-дəстүрдің  озығы  мен  тозығы 
іріктеліп  саралануының  арқасында  өмірге  бірге  қайнасқан  салт-дəстүрлер  қаншама  құбылмалы  заман 
өзгеріп  жатса  да,  өз  маңызын  жоғалтпай  тəлім-тəрбиенің  пəрменді  құралы  болып  келе  жатқаны  өмір 
шындығы. Айта кету керек, сол бала тəрбиелеуде ұлттық мұра арқылы қалыптасқан тəлім-тəрбиелік мəні 
бар пəрменді құралдан арыла бастаған кезіміз де болды. 
Кеңес  дəуірінде  балаға  тəлім-тəрбие  беру  жұмысында  отбасының  жауапкершілігі  азды-көпті 
төмендеп,  ол  жұмыстар  негізінен  мектепке  дейінгі  балабақшаға,  мектепке,  мектептен  тыс  пионерлер 
үйіне,  өлкетану,  жас  техниктер  станцияларына,  үй  басқармаларының  жанындағы  клубтарға  жүктелген 
болатын.  Содан  болар  ата-аналар  өз  жауапкершіліктерін  сол  ұйымдарға  аударып,  тəлім-тəрбие 
жұмыстарына,  əсіресе,  ұлттық  тұрғыдағы    тəрбиеге  айтарлықтай  көңіл  бөлінбей  келді.  Ал  қазіргі  кезде 
отбасында  жүйелі  тəрбие  беру,  не    тəрбие  жайлы  жақсы  əңгіме  айту  азайды.  Барлық  əңгіменің  төркіні-
қалай  болса  да  күн  көру,  өмір  сүрудің  төңірегінде.  Мектеп,  ұжым,  бұрынғы  қоғамдық  ұйымдар  өз 
мəніндегі тəрбие жұмыстарынан алыстай бастады. 
Бүгінгі  қазақ  отбасындағы  басты  кемшілік - ұлттық  салт-сана  мен  əдет-ғұрыптарымызға 
ойдағыдай  көңіл  бөлінбеуінде.  Мұның  өзі  қоғамда  кері  салдарын  тигізіп  отырғаны  шындық.  Ғасырлар 
бойы  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  ауызекі  шығармалардың  үлгілері,  эпостық  жырлар  мен 
лирикалық шығармаларда берілген батырлар бейнесі, олардың Отанға сүйіспеншілігі, еліне, жеріне деген 
сезімі  бүгінгі  таңдағы  жас  ұрпаққа  тəлім-тəрбие  беруде  ерекше  орын  алады.  Міне,  осы  шығармалар 
отбасы  тəрбиесінде  кеңінен  насихатталып  жүрсе,  бүгінгі  ұрпақ  сезімінде  патриоттық  түсінік  дұрыс 
қалыптасқан болар еді. 
Сондықтан да бүгінгі өскелең ұрпаққа отбасында тəрбие беруде патриоттық рухты қалыптастыру 
əдістерін төмендегі жолдармен өрбітуге болады: 

қазақ халқының батырлар бойындағы қаһармандық мінездерін тереңінен ашу; 

ауызекі шығармалардың үлгілерін оқу, талдау, əңгіме жүргізу; 

ақындардың патриоттық рухтағы шығармаларын насихаттау; 

қазақ халық педагогикасының материалдарын кеңінен пайдалану; 

қазақтың  əдет-ғұрыптары  мен  салт-дəстүрлерін  отбасы  тəрбиесінде  маңыздылығын 
арттыру;  

соңғы жылдары əдеби шығармаларда орын тапқан патриоттық рухтағы  
драмаларды,  жырларды,  публицистикалық  əңгімелерді  газет-журнал  беттерінен  оқып,  отбасында 
талқылау. 
  
Үйелмен - алып  елді  құрайтын  кіші  мемлекет.  Сондықтан  ел  боламыз  десек,  алдымен 
шаңырақ жайын, отбасы мəселесін мықтап қолға алған жөн. 
Отбасы - адам  баласының  дүниеге  келгенінде  есігін  айқара  ашып  енетін  үйі.  Есейіп  өсіп  ер 
жеткенше сол алтын ұядан тəрбие алып, өмір жолына аттанады. Адам баласына отбасы өз əсерін тигізіп, 
дүние танымына əсер етеді.  
Отбасы  мүшелерінің  адалдық  пен  мейірімділік,  жауапкершілік  пен  кешірімділікке  негізделген 
қарым-қатынасының  бəрі  де  бала  тəрбиесіне  ықпал  етеді.  Алайда  үлкендердің  мінез-құлқы  мен  іс-
əрекетінен нəр алып, жасөспірімдер өмірден көргенін көңілге түйеді. Сондай-ақ отбасы тəрбиесінің тағы 
бір  артықшылығы  үйдегі  адамдардың  жас  шамасы  əр  түрлі  болғанмен,  бір-бірімен  рухани  жақындығы, 
мақсат ынтымақтастығы да балаға өз тарапынан əсер етпей қоймайды. 
Ұлт мақтанышына айналған, қаһарман жазушы Бауыржан Момышұлының мына бір сөзін зерделеп 
көрейікші:  «...  балаларына  бесік  жырын  айтатын  келіндерімнің  азайып  бара  жатқанынан  қорқам. 
Екінші, немерелеріне ертеге айтып беретін əжелердің азайып бара жатқанынан қорқам. Үшінші, дəмді, 
дəстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқам. Өйткені, бесік жырын естіп, ертегі 
тыңдап, дəстүрді бойына сіңіріп өспегеннің көкірек көзі көр бола ма деп қорқам. Ал көрдің қолына балта 
берсең - шаба салады, бақыр берсең - ала салады, найза берсең - сұға салады, намыстанбай бұға салады. 
Мен табиғатынан, тағдырынан болған соқырлықты айттым. Егер сондай соқырлықтан жазылмасаң - 
халық болудан қаламыз ба деп қорқам» /2/. 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Педагогические науки», № 2 (22), 2009 г. 
 
 
78
Отбасы - үйелмендер ынтымағы мен берекесінің ұйыған орны, үлгі алар мекені. Сондықтан «Əке 
көрген  оқ  жанар, шеше  көрген  тон  пішер»  деп  пайымдайтын  қазақ  өмірлік ереженің  жібін  сабақтап, əрі 
қарай жалғастырып əкетуді ұрпақтың борышы деп санаған. Əкеге қарап ұл, шешеге қарап қыз бой түзеп 
ізгі  мұратқа  жету  жолына  ұмтылады.  Мұның  өзі,  ең  алдымен  əке  мен  ана  ұрпақтарына  өнеге  болып 
саналады. Саналылық та, даналылық та,  иманжүзділік те, адамгершілік те бала бойына отбасының тəлім-
тəрбиесі арқылы дариды. Сондай игі мақсатпен əр отбасының мүшесі өз ұрпағының болашағы үшін қам 
жасайды, жеткіншектеріне жол нұсқайды,  адамдық парасатты, пəк адалдықты үйретеді. Адам баласы өз 
ұрпағын сақтауда осы жолды таңдап, осы қағидамен ұрпағын тəрбиелеп, ғасырдан-ғасырға аяқ басуда. 
Ұлы  ағартушысы  Шоқан  Уəлиханов: «От  ең  жоғары  қасиетті  нəрсе.  Төтенше  жағдайларда 
қазақтар мойнына белбеу салып, отқа сақина тастайды, отқа майды тастайды», - дейді /3/. От - тіршіліктің 
көзі,  адам  қанының  жылуы,  үй  ішінің  құты.  Соған  орай  қазақ  өз  өмірінің  құт-берекесіне  айналған 
тұтқасын-үй  ішін  тұтастай  Отбасы  деп  атайды.  Қазақ  ұғымында  отбасы - өмірдің  тұтқасы,  үй  ішінде  от 
жағылатын  ошақтың  төңірегі,  оттың  маңайына  таратқан  балқытар  жылуы.  Оттың  басы,  ошақтың  қасы - 
ырыстың ұйытқысы.  
Сондықтан  қазақ  отының  басын  тіршіліктің  тұтқасы  санап  аялайды,  соның  шырқы  бұзылмауы 
үшін шара қолдануы - əр отбасы мүшесінің адамдық борышы. 
Өмірде жастар арасында кездесіп жататын ана тілін ұқпау, салт-дəстүрді білмеу, үлкенді сыйламау 
сияқтя  келеңсіздіктердің  пайда  болуының  сыры  неде?  Ол  отбасындағы  тəрбиенің  жеткіліксіздігі,  ата-
ананың  бала  тəрбиесіне  аса  мəн  бермеуінде  болып  отыр.  Осыған  орай  З.Ахметова  Б.Момышұлының 
мынадай  сөзін  келтіре  отырып: "Тəрбиенің  қайнар  көзі - ата-ана.  Олардың  тыныс-тіршілігі,  өмірге 
көзқарасы, рухани өрісі, өзара қарым-қатынасы, қысқаша айтқанда, бүкіл болмысы балаға тəрбие", - деп, 
ол  атасының  ар-ұят,  намыс,  имандылық  секілді  адамның  азаматтық  қасиеттері  туралы  ой-пікірлерін 
насихаттайды /4/.  
Ұлы М.Əуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөзінде өте үлкен мəн жатыр /3/. 
Мұнда  халқымыздың  бүкіл  болмысы,  салт-дəстүрі,  руханияты,  ұлттық  қасиет-бедері  жымдасқан. 
Халқымыз  бала  тəрбиесін  ана  құрасағынан  бастау  керектігін  жете  ұққан.  Ертедегі  Қытайда  туып, 
қалыптасқан  конфуцийлік  ілімінде  «Өмірдің  не  екенін  білмей  жатып,  өлімнің,  рухтың  не  екенін  білмек 
жоқ» дейтін қағида бар. Адам өздігінен жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен 
ортасы.  Қазақ  отбасы  ертеден-ақ  «ұлым  кімнің  ұлымен,  қызым  кімнің  қызымен  достасып  жүр»  деген 
сауалға жауап іздеп, ұл-қызының ойлы ортасы болуын көздеген. 
Адамның  бойында  ұялу  сезімі  қалыптасқан  күнде  ғана  Отан  алдындағы  парызды  орындау  үшін 
саналы  түрде  қауіп-қатерге  бас  тіге  алады.  Б.Момышұлы: "Əрбір  азамат  өз  ұлтын  сүюге  тиіс  жəне  өз 
ұлтына деген терең сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды 
сүйе  білуге  міндетті", - деген /4/. Бұны  отбасында  өсіп  келе  жатқан  жас  буындарды  патриотизмге 
тəрбиелеуде ерен үлес қосатын аса маңызды əлеуметтік орта деп ой түюге болады.  
Қорыта  келе,  отбасы  тəрбиесінің  қоғамдағы  жас  ұрпақты  патриоттық  сезімі  бар  елжандылық 
қасиеттері  қалыптасқан,  өз  елін,  жерін,  дінін,  ділін,  тілін  қорғай  да  құрметтей  білетін  жастарды 
патриотизмге тəрбиелеуді ғылыми-педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыруды қарастыру өз алдына бүгінгі 
күні кезек күттірмейтін мəселе екендігін атап көрсетуге болады. 
 
 
1.  ҚР  білім  беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға  арналған  Стратегиялық  даму  жоспарының 
Мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан. – 2004. - 16 қазан. 
2. Ибраимова Л. Қазақ отбасылық тəрбиесінің бүгінгі жайы мен оны жақсарту жолдары // Ұлт 
тағылымы. – 2005. - №2. - 5-9 б. 
3. Қосанбаева Қ. Тəрбиедегі отбасының ролі // Ұлт тағылымы. – 2004. - №4. - 5-7 б. 
4. Қазақстан мектебі. – 2008. -№8. - 63-65 б. 
 
Резюме 
В  статье  раскрывается  роль  влияния  родителей    в  воспитани  патриотизма  подрастающего 
поколения, а также рассматриваются существующие взаимосвязи между понятиями «родина» и «семья». 
Кроме того, приводятся изречения известных писателей о роли семейного воспитания. 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 2 (22), 2009 ж. 
 
 
79
Summary 
This article pants out the role of parents and relative relationship in the family, in patriotism upbringing of 
grouing generation. It discusses the interconnections between the meanings of the words «Motherland» and 
«Family». This article gives some sayings of famous writers about the role of family upbringing. 
 
 
 
 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
НЕГІЗІНДЕ ЖЕТІЛДІРУ 
 
Р.Ж.Джунусова - 
оқытушы Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Соңғы кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мəлім. Соның ішінде ең 
бастысы,  əлемдік  білім  кеңістігіне  ену  мақсатындағы  алғашқы  қадамдар.  Білім  стандартының  жасалуы, 
басқа  да  жүріп  жатқан  реформалар  күрделі,  қиын,  қарама-қайшы  белестерді  ақырын-ақырын  артқа  сап, 
жылжып келеді. Бұл қасиетті істерді мұғалімге қойылар талап та ерекше болып отыр. Мемлекеттік білім 
саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті – 
рухани  бай,  жан-жақты  дамыған  жеке,  дарынды  тұлға  қалыптастыру.  Əр  мұғалімнің  алдыңғы  сəулелі 
мұраты - өз  пəнінен  білім  беріп  қана  қоймай,  əр  баланың  «менін»  ашу,  сол  «менді»  шығармашылық 
тұлғаға жетелеу. 
Шығармашылық адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері 
мен  сабырынан,  сұранысы  мен  ізденісінен  түзіліп,  ақыл-ойы  мен  сезімнің,  қиялының  ерекше  бітімінен 
көрінеді/1/.   
Қазақстан  Республикасының  «Білім  беру  туралы  Заңында»  білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті: 
«ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды 
қалыптастыруға  жəне  кəсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың 
жаңа технологияларын енгізу»- делінген. 
Аталған  міндеттерді  шешуде  оқытушы  белгілі  бір  технологияны  қолдануы  керек.Себебі 
инновациялық  технологиялар  оқу-тəрбие  үрдісінің  шығармашылықпен  терең  ойластырылған  көптеген 
факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен тəрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. 
Инновациялық    педагогикалық  технологиялардың  бірі-  жобалап  оқыту  технологиясы.  Жобалау 
технологиясы қазіргі таңдағы білімнің мақсат, міндеттеріне сəйкес тіршіліктің  шынайы заңдылықтарын 
танып  білуді  өз  бетінше  жобалау  арқылы  шешімін  табу  болып  табылады.  Бұл  технологияның  оқу 
процесіндегі  ерекшелігі  оқушы  білімді  жүйеленген  дайын  білім  ретінде  емес,  өзінің  ізденушілігімен  өз 
жобасын  құрып,  өз  бетінше  шығармашылықпен  айналысуында.  Шығармашылық  əрекет-  оқушының  өз 
жеке  шығармашылық  бағытын  таңдау  қажеттігін  жəне  шығармашылық  өніммен,  нəтиже  туғызуға 
бағытталған  жауапкершілігін  қамтиды.  Сондықтан  оқыту  барысында  мұғалім  мен  оқушының  тығыз 
байланыста  болуы,  мұғалім  бар  күш  жігерін,  педагогикалық  шеберлігін  оқушы  бойындағы  табиғи 
мүмкіндіктерді  ашуға,  үйлесімді  дамытуға  бағыттауы,  шығармашылық  жағдай  жасауы,  оқушының  өз 
тарапынан  белсендік,  дербестік  көрсетуі  өзіне  деген  сенімділігі  арқылы  ғана  шығармашылық  əрекетті 
қалыптастыруға болады/2/. 
Жобалап  оқыту  технологиясында  мұғалім  іс-əрекеті:  тақырып  ұсынады,алдына  проблема  қояды, 
кеңес береді, бақылайды,көмектеседі,тексереді, толықтырады жобаны бағалауға қатысады. Ал оқушы іс-
əрекеті: проблеманы талдайды, салыстырады, зерттейді, ойларын нақтылайды, құрастырады, көркемдейді, 
жобаны қорғайды. 
Мұғалімдер  өзідерінің  практикаларында  жобаның  əртүлі  түрін  қолданады.  Олар:  ақпараттық-
ізденушілік, зерттеу, өнімділік,тəжиребелі-бағдарлы сияқты жобалар. 
Жобалаудың  өнімі  болып  материалдық,  əлеуметтік,ғылыми-зерттеу  т.с.с.  сипаттағы 
проблемалардың бірі бойынша оқушылардың дербес ашық тұрғыда шешім қабылдауын анықтай алатын 
оқу жобасы болады.  

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия «Педагогические науки», № 2 (22), 2009 г. 
 
 
80
     Жобалық  оқыту  ұғымның  кең  таралған  анықтамасы : жобалық  оқыту-базалық  теориялық 
білімдерді  меңгеруге  арналған  үзілісті  ақпараттық  кешенді  оқу  жобаларын  бірізділікпен  орындауға 
негізделген тұтас дидактикалық жүйе болып табылады/3/. 
Қазіргі кезде жобаны төмендегідей кезеңдерден құру орын алған; жобалық тапсырманы дайындау, 
жобаның  өзін  құру,  нəтижелерді  шығару;  қоғамдық  таныстыру  (презентация),  рефлекция.Жобаны  жеке 
жəне  топтық,  қысқа  мерзімді (1 ай),  орташа  мерзімді (3 ай)  жəне  ұзақ  мерзімді  (оқу  жылы)  деп  бөліп 
ұйымдастыруға  болады.  Жоба  мен  оны  жүзеге  асыру  өзара  байланысты.  Ол  үнемі  өзгеріске  ұшыраған 
міндеттерге  сəйкес  толықтырылып,  қайта  жасалып  отырады.  Генетикалық  проблемалардың  ұжымдық 
шешімі жобалық іс-əрекеттің əр түрлі формаларын ұйымдастыруға негіз болуы мүмкін.Генетикалық білім 
олардың  қатысушыларын  қоршаған  шындықтың  жағдайларымен  жақындасып,  проблемаларды  бағалау 
мен  шешуде  жағымды  сапалар  көрсету  мен  теориялық  білімдерді  практикада  пайдалану  қажеттілігі 
барысында жағдайлар құру формаларын ұйымдастыруға негіз болуы мүмкін/4/. 
Педагогикалық  əдебиеттерде  көпшілік  жағдайда  жобалау  технологиясы  теориялық  тұрғыда  ғана 
беріледі,  ал  əрбір  мұғалімге  оның  практикалық  мазмұны  қажет.Осы  ретте  жобалау  технологиясының 
жалпы биология пəнінен қолдануға болатын сабақ үлгісін береміз. 
Жоба тақырыбы: Өсімдіктер  селекциясы 
Зерттелетін тақырыпқа жақын оқу пəндері: биосфера, биоəртүрлілік, экология, экономика, табиғат 
қорғау. 
Жоба мақсаты:  
а) Өсімдіктер селекциясының ерекшеліктері мен маңызын анықтау. 
б) Өсімдіктер селекциясының даму, пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру; 
в)  Көтерілген  проблемаға  достарының,  сыныптастарының  көңілін  аудару,  оны  шешу  жолдарын 
іздеу/5/;  
Жоба міндеттері: 
1. 
Қажет  ақпараттарды  түрлі  ақпарат  көздерін  пайдалана  отырып  өз  бетінше  ізденуге 
оқушыларды үйрету; 
2. 
Экономикалық талдау жүргізу; 
3. 
Жобаның тақырыбы бойынша экологиялық проблемаға талдау жасау; 
4. 
Оқушыларды  ақпараттарымен  алмасуға,  əңгіме  желісінен  ауытқымауға,  өз  тақырыбы 
бойынша баяндауға, өз көзқарасын жеткізуге, оны қорғауға үйрету; 
5. 
Жоба тақырыбы бойынша оқушыларды жеке, жұпта, топта жұмыс істеуге үйрету; 
6. 
Болжау əдісін меңгерту; 
7. 
Тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру; 
8. 
Өздерінің шығармашылық жəне іскерлік мүмкіндіктерін талдауға жəне бағалауға үйрету. 
Жобаның жүргізілу тəртібі: 
1) Жоба тақырыптарының презентациясы; 
2) Топтардың санын жəне əр топта жұмыс істейтін топ мүшелерін анықтау; 
3) Ақпарат көздері мен іс-əрекет жоспарын талқылау; 
4) Жоба тақырыбы бойынша топтардағы жұмыс: 
-  ақпараттарды  жинау,өздерінің  жеке  материалдарына  талдау  жасау,  мұғалім  кеңесі,  түзетулер 
енгізу,  ақпараттарды  іздей  түсу,  жаңа  деректерін  талдау,  мəліметтерді  жинақтау,  талқылау,  қортынды 
материал жазу 
5) Жобаны қорғау 
6) Бағалау 
7) Рефлекция 
Күтілетін нəтиже: 
а) Оқушылардың жинақтаған ақпараттарының қортындысын шығару 
б) Өсімдіктер селекциясының ауылшаруашылығындағы маңызын зерттеу нəтижелері. 
г)  Жоба  тақырыптары  бойынша  өмірмен  байланыстыра  отырып  сызған  сызбалары  немесе 
жобалары. 
Жобалап  оқыту  технологиясына    негізделген  шығармашылық  жұмыстардың  тиімділігін 
төмендегідей саралауға болады: 

шығармашылық  бағыттағы  тапсырмалар  оқушының  білім  деңгейін  оқушылық  деңгейден 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Педагогика ғылымдары» сериясы, № 2 (22), 2009 ж. 
 
 
81
алгоритмдік, одан эвристикалық, одан шығармашылық деңгейге дейін көтеруге жол ашады; 

пəнаралық  байланыс  арқылы  берілетін  білім  тереңдетіледі,  дағды,  іскерлік  жетіледі, 
тілдері дамиды; 

білімді  оқушылардың  өз  іс-əрекетімен  алу  жүзеге  асады,білім  деңгейлері  анализ-синтез, 
баға беру деңгейіне көтеріледі, өнімді білім (продуктивті) беру үрдісі жүреді; 

жұмысты оқушылардың таңдап алуларына, қалауларына ерік беріледі; 

оқушылардың  ізденімпаздыққа,  ситуацияны  өз  беттерімен  шешуге  дағдыландырады, 
дүниетанымын кеңейтеді, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастырады; 

дарынын, қабілетін, шығармашылық ізденімпаздығын дамытады; 
Жобалап  оқытудағы  оқушының  шығармашылық  іс-əрекетін  былай  тұжырымдауға  болады:  а)оқу 
материалының мазмұнын талдау, саралау; 
б) проблеманы ашу, өнім жасау, шығармашылық еңбекке қол жеткізу; 
в) қорытынды жасау, өзіне-өзі баға беру, саралау.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет