Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет22/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
(Ырысбек Дәбей).

      1. Мәтіндегі қыл құйрық сөзінің мағынасын анықтаңыз.

А) сиыр
В) жылқы
С) жабайы жануар
D) ұсақ жандық
Е) мүйізді ірі қара
2. Бәйек болу сөзіне мәндес қатарды көрсетіңіз.
А) құрметтемеу
В) жақтырмау
С) құрақ ұшу
D) жүгіріп жүру
Е) қонақты қарсы алу
3. Мәтін қандай стильде жазылған?
А) ауызекі
В) көркем әдеби
С) ғылыми
D) ресми-іскери
Е) публицистикалық
4. Жақкірісін ашпадық сөзінің мағынасын анықтаңыз.
А) әңгімелесу
В) ақылдасу
С) жағы қарысып қалу
D) үндемеу,сөйлеспеу
Е) малдың жағын мүжімеу
5. Шырылдаған қазақ жанының сұлулығы өмірге келіп-кеткенін ешкім сезбейтін қарапайым жандардың кеудесінде бұлқынып жүреді екен ғой. Бұл сөйлем жолдары кімге қатысты айтылып тұр?
А) автордың өзіне
В) зиялы жандарға
С) оқымыстыларға
D) ақын-жазушыларға
Е) қыл құйрықтың иесіне
6. Мәтін қай үлгіде жазылған?
А) хабарлау
В) баяндау
С) пайымдау
D) суреттеу
Е) ақпараттық
?! 1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, мазмұнына талдау жасаңыз. Тәлім-тәрбиелік, өнегелік маңызы зор адами қасиеттерді сипаттай отыра, төмендегі кластерді толықтырыңыз.














Апамның астауы

Ол кезде мен бала едім, Апам жастау еді. Әке-шешеміз қиыр жайлап, шет қонып мал соңында жүретін де, айында-жылында ғана болмаса, бет-жүзін үнемі көре бермейтінбіз. Соғыстан кейінгі жылдарда есін жиып, езілген еңсесі көтеріле бастаған елдің берекелі де бейбіт тірлігі жар жағасында отырған жалғыз үй – әрине, бізге де ортақ. Қос бөлмелі шатырланбаған тоқал ағаш тамның маңайы қысы-жазы жыбырлаған, айғайлап-шулаған балалардың базарына айналатын. Біздің үйден тас лақтырым жерден арқырап ағып жатар ағыны қатты Бұқтырма – жаз шыға суға шомылған, қыста сырғанақ тепкен баланың жер-көкті шарқ ұрып шарласа таба алмас қызыққа толы мекені еді. Тоң боп қатқан пимасын, сүңгілесе су болған көйлек-дамбалын біздің үйге келіп кептіретін. Сонда Апам менің ғана емес, мұқым ауыл балаларының абзал анасы сықылданатын.


Он бес жасыма дейін Апамның қойнына жаттым; он бес жасыма дейін әкенің, шешенің кім екенін білмей, сол айналайын Апамның тәрбиесінде өстім; он бес жасыма дейін Апамның етегіне жабысып, соңынан қалмай бүлкектеп құлындай еріп ер жеттім. Сол кісімен жүрсем, мал сойған үйдің құлағы, тәттісі мен дәмдісі менің аузыма тиетін. Бүгінде көз алдымда: арық ашаң кемпір, тарамысты мықты саусақтар, ерні мен иегін күйік шалып тыртықтанған әдемі ажар, кимешегінен дудырап шығыңқырап жүретін ақ шалмаған қара бұйра шаш қана... менің көз алдымда: жүн түтіп, арқан ескен, жіп иіріп, алаша тоқып, оюлап сырмақ тігіп отырған Апам; ... ертеректе қазақ әйелі не істеу керек болса, түгел қолынан келетін Апам; қазақ әйелінің ғана емес, ер-азамат атқарар істі қара нардай қасқая көтерер Апам.
Жаз шыға, бәріміз (әпкелерімді айтамын) Апам есіп берген жіпті алып, тоғайға отынға аттанатынбыз. Бір-бір арқа отын көтеріп ең алда Апам, содан кейін құндыздай шулаған біздер, күліп-ойнап келе жатар едік. Ол шақта қыстық шөпті де ала жаздай арқалап тасып, қораны маяға толтырып қоятынбыз. Қысқы соғым мен ұн ғана әке-шешеміздің мойнында. Огород, шұрқыраған қаз-тауық, екі сиыр мен ұсақ малымыз бар, ол кісілерге зиянымызды көп тигізбейтін едік. Шынымды айтсам, бізді, тіпті бізді ғана емес, ертеректе әкемізді, оның іні-қарындастарын асыраған Апамның теректен ойып жасаған келісі мен ескі астауы еді. Осы келі мен астау тіпті әкемнен де үлкен, Апам Алтайдың арғы беті – төркінінен ала келген аса қымбат заттары болатын. Апамның біздің атамыз Дос марқұмға ұзатылуы да қызық. Кейде, әсіресе, қазіргідей қараша туа, темір пешке отты маздатып жағып тастап, пештің жыртығынан саулаған жарық түсіп, ала көлеңкеленген қоңыр үйде отырып Апамның әңгімесін тындайтынбыз. Тегінде, ол кісі әңгімеге сараң – көп сөйлемейтін, тек өз ісімен ғана жүретін, қақсоғы жоқ, инабатты жуас адам еді. Дүниеде өсек-аяң, қулық-сұмдықты білмейтін, не болмаса тірі пенденің бетіне "әй, сен сондайсың" деп қарамаған, немесе тірі пендеге тілі тимеген, жарықтық ораза-намазы бұзылмаған, таза да тәкаппар әйел еді. Бала кезімізде байыбына барып бағамдадық па, бізді қойып бүкіл ауыл-аймақ, тіпті қазақ елі ең соңғы қасиетті әйел, тұрмыстық-салттық өмірдің этикалық, этнографиялық, тіпті археологиялық байлығынан айрылғанын білді ме? Қазір ойлаймын, егер қазақтың әйелдері атқарар бүкіл ісмерліктің қол өнер институтын немесе фабрикасын ашып, менің апамды бастық сайласа, тұтас бір он саусағы өнер ұрпаққа дайындап шығарар еді. Иә, ол кісі тірі кезінде ешкім елеп-ескермеген, алтын қолды құдіретті әйел еді. Қазақта осыншалық мықты, осыншалық ақылды ұлы әйелдер болғаны қандай жақсы. Бірақ біздер, жиырмасыншы ғасырдың азаматтары, көп ретте осындай асылымызды байқамай айналып өтер едік. Айрылып қалған соң ғана айы өтіп, сан соға өкінер едік.
Ө згені қойып, мықтымсып жүрген мына менің өзім сол Апамнан тірі кезінде неге ғана бәр-бәрін: киіз басып, үй тігуді, арқан есуді, тері илеп, өңдеп киім тігуді, алаша тоқып, өрнектеп сырмақ тігуді, саба, сүйретпе, торсық істеуді тәптіштеп жазып алмадым. Енді, міне... қолымызды мезгілінен кеш сермеп отырғанымыз. Енді, міне, бұзауы өлген сиырдай тұлыпқа мөңіреп, жыртық астаудан Апамның алақанын, Апамның қауыздаған талқан-тарысын іздеп тамсанып отырғанымыз. Білем, жер-көкті шарлаған Қорқыт та ажалдан қашып құтыла алмаған; білем, мың жасаған Лұқпан Хакім де өлмеудің, өлтірмеудің амалын таба алмаған; адамзат – өлу үшін туарын... бәр-бәрін білем. Құдай-ау, мәңгілік тіршіліктің жоғын сезе тұрып, Апам сынды адамдарды жер басып жүрген кезінде неге ардақтамадық, неге бағаламадық? Хан көтеріп, пір тұтудың орнына, шікірейіп жүріп, өлтіріп алдық, егер олар ортамызда жүрген шағында ардақтап, әр сөз, әр ісін жоқ дегенде үйреніп үлгерсек – өлмегені ғой, өлтірмегеніміз ғой, ал біз тірі кезінде-ақ өлтіріп аламыз... Қазір Апам жоқ! Қара жер қойнына алған. Былтыр мен кигізген атлас көйлекті ала кеткен жоқ, арулаған адамдар киіп жүр. Сексен жыл жолдас болған жыртық астау да қаңсып қалды, әне... қаңсып итаяқ болып қалды, әне... Апам ала кеткен жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет