Р. Т. Наралиева, М. Ш. Тойғанбекова, Сұлтанова Б. М. Оқу сауаттылығы



бет23/57
Дата15.08.2023
өлшемі9,38 Mb.
#105300
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   57
(Оралхан Бөкей)

        1. Автордың Апам сөзін бас әріппен жазу себебі – ....

А) жалқы есім
В) жалпы есім
С) адамзат атауы
D) құрмет белгісі
Е) анасының аты

2. Апасының қымбат заттарын көрсетіңіз.


А) кимешек
В) қолөнері
С) жырық астауы
D) астауы мен келісі
Е) талқан-тарысы

3. Қақсоғы жоқ сөзінің мағынасын анықтаңыз.


А) Ибалы да әдепті
В) Соғысқа қатысқан жоқ
С) Сабырлы әрі салмақты
D) Ұрыс-керіске үйір емес
Е) Қақтығысқа құмар жан

4. Аралас буынды сөзді көрсетіңіз.


А) тұлып
В) құдірет
С) қара жер
D) атлас көйлек
Е) жарықтық

5. Мәтіннің қай стильде жазылғанын анықтаңыз?


А) ресми
В) іскери
С) ауызекі
D) көркем
Е) ғылыми

6. Автор не үшін қатты өкініп отыр?


А) Апасының мезгілісіз қайтыс болғанына
В) Апасы туралы үлкен әңгіме жазбағанына
С) Апасынан қолөнерін жақсылап үйренбегеніне
D) Апасының қадірін көзі тірісінде білмегеніне
Е) Апасының қолөнер институтына басшы болмағанына

7. Мұқым сөзінің мағынасын анықтаңыз.


А) марқұм
В) барлық
С) торсық
D) атлас
Е) құпия

8. «Енді, міне... қолымызды мезгілінен кеш сермеп отырғанымыз». Автор осы жолдар арқылы нені меңзеп отыр?


А) Адамдардың ажалдан қашып құтыла алмайтынын
В) Апасы өлгеннен кейін жыртық астаудың қаңсып қалғанын
С) Апасына көз тірісінде фабрика әлде өнер институтына бастық болмағанын
D) Апасының қолөнер бұйымдарының жасалуын тәпіштеп жазып алмағанын
Е) Апасынан киіз басып, алаша тоқып, сүйретпе, торсық істеуді үйренбегенін




1-жаттығу. Мәтінді оқыңыз. Жалқы есімдерді теріп жазыңыз.
Бауыржан Момышұлы


Бауыржан Момышұлы Панфилов басшылық еткен дивизия құрамында 1941 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етті. Мәскеу түбіндегі шайқасқа көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін 1942 жылы капитан Бауыржан Момышұлы Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған болатын, бірақ тек қайтыс болғаннан кейін, 1990 жылдың 11 желтоқсанында ғана марапатталған болатын. Ол әскери ғылым тарихына қазір уақытқа дейін әскери оқу орнында оқытылатын тактикалық бұлтарыстар мен стратегиялардың авторы ретінде енген. Ол соңында «Момышұлы шиыршығы» деп аталып кеткен генерал-майор Панфилов ойлап тапқан аз көлемді жасақтың өзін асып түсетін қарсыласқа төтеп бере алатын ұрыс тактикасын іс жүзінде жүзеге асырған болатын.





Б. Момышұлы сол тактика туралы былай деген: «Бұны мен шиыршық атау себебім, Мәскеу түбіндегі Панфилов дивизиясының барлық ұрыстарда жау жолын кесіп, қарсыласын шетке қарай 10 шақырымға тартып, қайтадан ілгері жұлқыну арқылы жаудың алдынан шыға келген, одан кейін қайта шетке кеткен. Осындай бұлтарыстардың нәтижесінде жау күштері бұлқан-талқан болып, біздің бөлімшелер қайта алға ұмтылған. Тікелей мағынасы, осындай әурелеп шаршату уақыт жаңынан ұтыс берді»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет