Сонымен қатар, векторлардың қосындысын екі әдіспен- параллелограмм ережесімен немесе үшбұрыш ережесімен табуға болады:
Векторларды қосу идеясы басқа векторлармен бірдей әсер ететін бір векторды таба алатындығымыздан туындады. Егер белгілі бір нүктеге жету үшін бізге алдымен бір бағытта А километр, екінші бағытта В километр жүру керек болса, онда біз үшінші бағытта С километр жүру арқылы соңғы нүктеге жетер едік.Векторларды қосуда үшбұрыш ережесін қолдануға болады. Ол үшін берілген векторларды бірінші вектордың ұшы екінші вектордың басымен түйісетіндей етіп, өз-өзіне паралель көшіреміз. Сонда бірінші вектордың басынан екінші вектордың ұшына қарай жүргізілген вектор сол екі вектордың қосындысын береді. Бір жазықтықта жатқан векторларды оңай қосу үшін құраушыларға жіктейміз. Қысқаша айтатын болсақ төменде берілген вектордың х осьіндегі проекциясын алу үшін көлеңке түсіру арқылы көрсек болады. Немесе у осьіндегі проекциясын алу үшін у осьіне қарсы жарық түсіріп, вектордың көлеңкесін есептесек болады.