Пангам қышқылы /В15 витамині/. 1950 жылы Томияма деген оқымысты ірі қараның бауырынан В15 витаминін бөліп алды. Бір жыл өткен соң Кребс бұл затты жылқының бауырынан, күріштің кебегінен, ашытқыдан және өріктің сүйегінің құрамынан анықтады. Біраз жылдан соң пангам қышқылы сыра ашытқысынан, көптеген өсімдіктер тұқымдары мен жануарлар тканьдері құрамынан да табылады. Бұл витамин түрі табиғатта кеңінен таралғандықтан, оны пангам қышқылы деп атады /ол гректің pantothen- барлық жерде кездеседі деген сөзінен алынған/.
Аскорбин қышқылының әсерінен калий феррицианинді, метилен көгі, 2,6 – дихлорфенолиндофенол және молекулалы йодтың тотықсыздануы Құрамында аскорбин қышқылы кездесетін итмұрын езіндісін темірсинеродты калий K Fe (CN) мен хлорлы темір Fe Cl қоспасына құйғанда, қоңыр түсті сұйықтық көк түске боялады. Реакция аскорбин қышқылының тотығуы және темірсинеродты калийдің K Fe (CN) темірсинеродты калийге K Fe (CN) дейін тотықсыздануымен; оның хлорлы темірмен берлин көгін Fe [Fe (CN) ] түзуіне негізделген.
Жұмыс барысы: 2 пробиркаға 1 тамшы 5 % темірсинеродты калий және 1 тамшыдан 1 % хлорлы темір ерітіндісін құямыз. Бірінші пробиркадағы қоңыр – жасыл сұйыққа 5 – 10 тамшы 1 % итмұрын езіндісін, ал екінші пробиркаға дистилденген су қосамыз. Сонда бірінші пробиркадағы сұйықтық көк – жасыл түске боялып, берлин көгінің тұнбасы түзіледі. Екінші пробиркадағы қоңыр – жасыл сұйықтық өзгеріссіз қалады.
2. Құрамында аскорбин қышқылы кездесетін итмұрын сығындысын, метилен көгі бар ерітіндіге немесе 2,6 - дихлорфенолиндофенол ерітіндісіне қосқан кезде сұйықтық түссізденеді. Реакция аскорбин қышқылының дегидроаскорбин қышқылына дейін тотығып, ол бояудың лейкоқосылыстарға тотықсызданғанын көрсетеді.
Жұмыс барысы: а/ пробиркаға 1 тамшыдан 0,01 % метилен көгін және 1 тамшыдан 10 % сода ерітіндісі құйылады. Біреуіне 5 тамшы 1 % итмұрын езіндісін, екіншісіне сонша мөлшерде су құйып, екеуінде бір мезгілде қыздырамыз. Итмұрын езіндісі бар пробиркадағы сұйықтық түссізденеді.
ә/ Пробиркаға 10 тамшыдан 0,01 % 2,6 – дихлорфенолиндофенол ерітіндісін құяды. Бірінші пробиркаға 1тамшы 2 % тұз қышқылын қосады, сұйықтық қызыл түске боялады. Көк және қызыл түсті сұйықтығы бар екі пробиркаға да тамшылатып итмұрын /5 – 10 тамшы/ езіндісін қосады. Екеуіндегі де сұйықтық түссізденеді, себебі 2,6 - дихлорфенолин – дофенолдың тотықсыздануы аскорбин қышқылы тотығуы есебінен жүретіндіктен.
3. Құрамында аскорбин қышқылы кездесетін итмұрын езіндісін йоды бар йодкалийдің ерітіндісіне қосқанда, йод ерітіндісі түссізденеді.
Реакция аскорбин қышқылының дегидроаскорбин қышқылына дейін тотығып, ал молекулалы йодтың тотықсызданып йодсутекті қышқыл түзуімен түсіндіріледі.