ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
-оқыту әдістерінің қызықты түрлерін (ойын сабағы, іскерлік рөлдік ойындар, пікірталас ,
«Кім жылдам?», мақал-мітелдер жарысы, т.б.) сабаққа көбірек ендіру;
-талантты және «қиын» балалармен жеке жұмыс істеу;
-география пәніне қызығудың технологиялық түрлерін сабаққа көбірек пайдалану.
Әр түрлі оқыту әдістерін сабақта тиімді пайдалану – білім сапасын арттыру жолының
бірі. Бұл сабақтардың әрқайсысының өздік ерекшеліктері бар. Мысалы, 7-сыныпта
материктер мен мұхиттарды «Көңілді тапқыштар жарысы» түрінде ұйымдастыру
нәтижелі болды. Сынып оқушылары 3 топқа бөлініп, білім сайына түсті.
1.Конверттегі сұрақтарға жауап беру ( 1 мин ішінде).
2.Сөзжұмбақ, суретжұмбақтар шешу.
3. «Ең ..., ең ...» сөзінен басталатын географиялық атауларды табу. Мысалы, ең ұзын өзен, ең
биік тау, т.б.
4.Тақтаға жазылған номенклатура бойынша қала, тау, шөл, өзен аттарын табу.
Қорытынды ретінде өткізілген бұл сайыс сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың әр
материк, мұхит бойынша білімін байқау, өзара білім жарыстыру мен жұмыс істеу
икемділіктерін көрсете білуге жаттықтыру. Оқушылар белсенділігін туғызған сайыс
оқушыларды өзара бірігіп жұмыс істеуге, топ үшін дұрыс шешім қабылдауға, дұрыс жауап
беруге ұмтылдыру.
8,9,10-сыныптарда өткізілген «Таңғажайып алаң» ойын сабағы да оқушылардың ой-өрісін
кеңейтіп, географиялық білімін тереңдетуге, тапқырлыққа баулыды. Географиялық
картамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырды. Ойын сабақтарында оқушылар
географиялық қызық ойындарды құмартып ойнайды, әсіресе, жеңіске ие болған кезде көңіл-
күйі көтеріліп, қуанышқа бөленеді. Себебі жарыс үстінде оқушы өзінің білім дәрежесі мен ой-
ө
рісінің шамасын байқап отырады. Ал жеңіліске ұшыраған кезде, өзінің нені білмейтінін
аңғарып, білімін толықтыруға талаптанады, ізденеді. Сол сияқты географиялық сөзтізбе,
карта бойынша саяхат оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, Жер шарына ойша саяхат
жасатады. Олар дүниенің төрт бұрышын көрмесе де, олар туралы кітаптардан, теледидар
немесе қазіргі қол жеткен технологиялар арқылы ақпарат алуға дағдыланады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Р.Г.Иванова, А.М.Черкасова. Изучении химии в 7-8 классах, 1982 г.
2.В.А.Сластенин. Формирование личности учителя советской школы в процессе
профессиональный подготовки.Москва. «Просвещение», 1976 г.
3.Н.Д.Хмель . Педагогический процесс как обьект деятельности учителя. Алматы 1998 г.
4.И.Нұғманов, З.О.Өнербаева. «Ғылыми тіл және сөйлеу мәдениеті». Биология, география
және химия. 1999 ж.
5.З.О.Өнербаева. «Қоғамдық білім байқау сабағы». Биология, география және химия. 2000ж.
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ
СИПАТТАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Шоқаев М.Н.
С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияcы,
біліктілік деңгейі жоғары санатты бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі,
Петропавл қаласы, Қазақстан
Нұрышев Т.Ғ.
С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияcы,
біліктілік деңгейі бірінші санатты технология пәнінің мұғалімі,
Петропавл қаласы, Қазақстан
Қ
азақстандағы эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан
ғ
асырлық тарихымен, тұрмыс – тіршілігімен және мәдениетімен тығыз байланысты.
Адамдардың сырт тұрпатында, қарым – қатынастарында, киім – кешегі мен үй –
жайларында, өндіргіш заттарында, тілі мен өнер туындыларында – осының бәрі
эстетикалық мәдениеттің, эстетикалық талғам мен ұғымдардың ерекшеліктері мен
принциптері көрінетіні белгілі.
Эстетикалық тәрбие да тәрбиенің басқа салаларындай оқу, білім, тәрбиенің басқа
түрлерімен тығыз байланыста, біртұтастықта қарастырылады. «Эстетикалық тәрбие –
болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және эстетикалық
түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған
қ
атысу қабілетін қажетсінуін қалыптастыратын жалпы тәрбиелер саласының құрамдас
бөлігі. Эстетика – өмірді сезім арқылы біліп танудың негізгі жолы».
Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім,
таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды. Алдымен
ө
мірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық саласынан көрінеді.
Ұ
стаз үшін ұрпақ тәрбиесіне жауапкершіліктен маңызды міндет жоқ.
Ұ
зақ жылдар бойы халқымыздың тарихын бұрмалап тағдырын жаралап келген
рухани тоқыраудың оқу-тәрбиеге тигізген зардаптары аз емес. Тәуелсіздік көп нәрсеге деген
көзқарасымызды қайта сараптауға бағыттады. Осындай шешімін күтіп тұрған
мәселелердің бірі - оқушылардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын
дамыту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, сол арқылы адамгершілік, мейірбандық қасиеттерін
қ
алыптастыру.
Көптеген ғасырлар бұрын қазіргі қазақ жерінде гүлденген қалалар, әсем сарайлар
болған. Өнері мен мәдениеті жағынан сол кездегі Еуропадан бірде бір кем емес еді. Оның
айғағы – әлемді тамсандырған Есік қаласынан табылған Алтын адам, Айша Бибі, Бабака
хатун, Ахмет Иассауи кесене сарайлары мен Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қапшағай,
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
Таңбалы тастағы, т.б. таулардағы тасқа бейнеленген суреттер. Бұл бейнелер өзінің
көлемімен, өте шебер, әдемі салынуымен көзге түседі, стильденген түрде бейнеленуімен
ерекше. Бұл ертедегі адамдардың айналадағы құбылыстарды дәл көре білуінің және жан-
жануардың қимыл- әрекетін, сыртқы пішінін зейін қоя зерттеуінің нәтижесі.
Бейнелеушінің шеберлігі соншалық, кейбір жануар-лардың мінез- құлқын көрсететін дене
мүшелерін салмай-ақ (көз, ауыз, құлақ, мұрын, т.б.) оның сыртқы пішінімен хайуанның
көңіл-күйін жеткізе білген.
Ұ
лттық ою-өрнек элементтерін технология және бейнелеу өнері сабақтарында
қ
олдану, ұлттық ою-өрнектің ғасырлар бойы ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып,
ө
ркендеп өсіп ою-өрнектің элементтері түрлері саналуан болып өмірімізге, күнделікті
тұрмыс тіршілігімізге кеңінен қолданылып келе жатқан қолөнердің баға жетпес қазынасы
екендігін оқушыларға кеңінен түсіндіріп насихаттау, оқушылардың көзімен көрсетіп
қ
олымен ұстату арқылы ұлтымыздың мәдениетін, дәстүрін, салт-санасын, тұрмыс
тіршілігі қандай болғандығын ою-өрнек мәдениеті қалай дамығандығын түсіндіру арқылы
қ
олөнер шеберлігін меңгеруге, игеруге, өз бетімен ою-өрнек нақыштарын бізбен, инемен
басқада технологиялық саймандарды қолданып жасай білуге баулу, дағдыландыру білім,
біліктілігін арттыру қажет. Оқушылар технология сабағында шеберлік, үнемшілдік,
төзімділік, әдемілік, мәдениеттілік тәрбие алу арқылы өзін жан-жақты дамыта алады.
Кейінгі кезге дейін ғалымдар, өнер зерттеушілері көшпелі халықта (Орта Азия
түрік тайпаларында) мәдениет, соның ішінде қолтума бейнелеу өнері дамымаған деген
сыңжар пікір айтып келген еді, енді соның бәрі шындыққа жанаспайтыны белгілі болды.
Бертін келе халық ислам дінін қабылдап, ол күшіне енген кезде бейнелеу өнері дағдарысқа
ұ
шырағаны рас. Бірақ адамдарға жан-жануарларды бейнелеуге тыйым салынғанымен, өнердің
екінші түрі- стилизация – абстрактілі, ою-өрнекпен бейнелеу дамыды. Адамды ұшқан
құ
спен аңдарды, дала мен тауды, тіпті айнала құбылыстарын оюға айналдырып, баяу
түстерімен ғаламат ертегі өнер шығарды. Бар сырын ішіне бүгіп, сиқырлы күйге көшкен
бұл өнер ғасырлар бойы халықтың еңсесін көтеріп, рухани сергітіп, қуанышы, ішкі
толғанысын ою-өрнек арқылы білдіріп отырды. Сондықтанда бұл өнерді халық қастерлейді,
ә
р үйдің төрінен орын алатын ең асыл байлығы болып есептеледі. Өнерді, оның қоғамдық-
тәрбиелік мәнін жан-жақты түсіну үшін әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы білу шарт.
Халқымыздың ою-өрнектері бейнелеушінің ой-қиялын ұштайтын, қолын жаттықтыратын
құ
рал әдіс, тамаша мектеп.
Мектепте әлі күнге дейін бейнелеу өнеріне, технология пәніне жете мән берілмей
келеді. Өйткені, бағдарламаларда оқулықтарда бірінші орында бейнелеудің техникалық
қ
олдану әдістерін басымырақ айтып көрсетеді. Зерделеп қарасақ, бейнелеу өнерімен зауқы
бар адамдар, көркемөнер факульттеттерінің студенттері, оқушылар айналысады. Ал ою-
ө
рнек әсіресе Орта Азияда, Қазақстанда өркендеп, екінің бірі оюшы шебер болды. Сондықтан
да ою-өрнектің қарапайым элементтерін шығыстағы бейнелеу өнерінің өзіндік әліппесі деп
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
қ
арауға болады. Бейнелеу өнеріне, еңбекке баулу үшін ұлттық ерекшеліктерімізді ескеріп,
түстерді, реңдерді талдай отырып, оқушылардың ішкі сезімдері, дүниені жекелей
қ
абылдаулары меңзеген жолмен жүргізген дұрыс. Көре білуді, яғни, өнер шығармаларын
түсініп, тебіреніспен қабылдауды, шығармаларға баға беруді үйрету қажет. Соның ішінде
бояудың түс- реңдерімен жұмыс істеу, жанрлар туралы түсінік беру қажет.
Ө
нерінің бір саласы сұңғат (живопись) өнерінде басты шешім реңдер мен түстердің
қ
атынасы болғандықтан, түр-түсті зерттейтін ғылым бар екендігін оқушы санасын
жеткізіп отырған дұрыс.
Қ
азақтың өлең-жырларында, ұлттық өнерінде де тамаша суреттемелер, түстер
мен алуан реңктер мол. Сырмақ, текемет, алаша, шым-ши, аяққап, кілемше,құрақ көрпе
және ұлттық киімдерге шеберлер бояу түстерімен, реңдермен тіл бітіре білген. Көк түс-
аспанның, кеңістіктің, қызыл-оттың, күннің, сары-дәулеттің, байлықтың, ақ-адалдықтың,
прарасаттылықтың, ақылдылықтың, қоңыр-жердің, топырақтың, жасыл-жастардың,
жастықтың белгісі ретінде қаралған.
«Бақыт» шығармасындағы суретші А.Айтбаевтың ой мен идеясы түстерді
жарасымдылығы арқылы, қарама-қарсы ашық бояулар арқылы жеткізілген. Мұндағы
кейіпкерлер: қыз бен жігіт. Жігіттің бүкіл денесін жапқан жасыл киімі жастық жалынды,
күш –қуатты, бейсалдықты танытса, әйелдің ақ көйлегі ана бойындағы тазалықты,
адалдықты, үмітті, болашақты бейнелейді. Кеудесіндегі қызыл бешпет жарасымды денесінің
сұлулығына куә, ұлттық киім. Қоңыр сарғылт түс шексіз кең даланы бейнелесе, ақшыл көк
таулар,
қ
ою
көк
аспан
баянды
бақытқа
құ
штарлықты
оятады.
Қ
азіргі уақытта бастауыш сыныптан бастап оқушыларды түрлі бояу реңдерін ажыратуға,
ә
демі де жарасымды түс үйлесімін білуге үйрету міндет. Қандай нәрседен жасалғанын
білмей тұрып оны түсіну мүмкін бе? Оқушыны байқай және қабылдай білуге үйрету
жолдарын білу. Қабылау мен байқай білу жолдары әр түрлі. Соған қарамастан, барлық
зерттеуушілер қабылдау жөнінде мынадай негізгі жайларды бір ауыздан мақұлдайды.
1. Баланы қабылдауға арнайы үйретпесе, олар, көбінесе, кішкене кезіне тән
қ
абылдаудың біріктірушілік, дәлсіздік, синкретизм сияқты ерекшіліктерін ұзақ уақыт
сақтап қалады. Яғни, балалардың жасы өсіп, есейген сайын қабылдау шеңбері кеңеймей
қ
алады.
2. Бұл үйрету негізгі екі үрдісті (талдау мен жалпылау) жетілдіруге бағытталуы
қ
ажет. Талдаудық бағыты мен жіктелуі баланың даму дәрежесіне, мұғалімнің мақсатына,
оқытуға таңдап алған мазмұнына байланысты өзгеріп отырады. Бүтін затты дене ретінде
бөліп көрсетуі мүмкін. Талдау затты дәл тануға бағытталады. Яғни, қандай ағаш қандай
күйде тұр деген сияқты ерекшелеу тиіс. Айталық балаға «ою-өрнек неден тұрады?» деген
сұрақ беріп, одан белгілі бір үшбұрыштардан, кішкене шаршылардан, жарты шеңберлерден
тұрады деген жауап алуға болады. Бірақ бұл жеткіліксіз, бала ою-өрнектің құрамында
ү
шбұрыштардың, шаршылар мен жарты шеңберлердің бар екендігін айтумен қатар,
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
олардың қалай орналасқандығын, әрқайсысының қандай жағдайда тұрғанын және түрлері мен
түстерін, кеңістіктегі бір-біріне байланысуын жете байқауы керек. Кез келген талдау, яғни,
бүтінді бөліп қарау оны бөлшектеу, қайтадан бүтінді жалпылап, тұтастырып қабылдай
білуге әкелуге тиіс.
3. Балалардың жасы неғұрлым кіші болса, талдауда олардың практикалық ісі
соғұрлым үлкен рөл атқарады.
4. Қабылдауға үйретуде сөзді кірістіру тиімді.
Ә
р оқушының бояу таңдауы түсті өз бетінше қабылдауына байланысты. Бірнеше
жұмыс жиынтығын жинап алып, оқушылардың бояу таңдауы, түсті өз бетінше зерделеп
қ
арасақ, мынаны байқауға болады. Бір бейнелеуде жылы түс, екінші біреуінің бейнелеуінде
суық түс басым, үшіншісінде қара түс басым (жасыл түсті паровозды қара түсті трактор
ретінде қабылдау). Бұл оқушылардың көңіл - күйіне байланысты және түстің әсері мен
мазмұны жылы және салқын түстер мен айқындалатынын жете түсінбеуін көрсетеді.
Олардың әрқайсысының түсті, бейнені қалай қабылдайтынына талдау жасағанда үш түрлі
жағдайдың ықпалын байқаймыз.
1. Жергілікті жағдай.
2. Қоршаған орта.
3. Баланы байқап қабылдауға арнайы үйретпегендік.
Балалардың байқағыштық мәдениетін қалыптастыру үшін мұғалім оқып-
ү
йретілуге тиісті обьектілерді алдын-ала жоспарлайды. (Танымжорық, көрме, халық
шаруашылығымен танысу, т.б). Оқушыларды жатық сөйлеуге, жанр түрлерін ажыратуға
ү
йрету эстетикалық, этикалық және рухани байлығын жетілдіреді.
Адамда әсемдікті сезіну қабілеттерін қалай оятуға болады? Баланың әсемдікті
түсіну үшін не істеу қажет? Бала шығармашылыққа қабілетті болып өсуі үшін нендей
нәрселер қажет? Бұл сұрақ мемлекет, қоғам алдында өз азаматтарын биік деңгейдегі
мәдениетті, рухани бай елдер қатарында көру үшін әрдайым алдан шығады. Оқушыларды
ә
семдікке қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыруда, эстетикалық талғамын
жетілдіруге негізгі жауапкершілік үлкендерге жүктеледі.
Бейнелеу өнерін және еңбекке баулуда оқытуда теориялық білім беру әр жанрмен
терең таныстыру, нақтылы бейнелеуге жаттықтыру ісімен тығыз байланыста жүргізіледі.
Сабақ барысында әр алуан әдіс- тәсілдерді кеңінен пайдаланған жөн. Қажетті жағдайда
мұражайлар мен көркемөнер галереяларына экскурсия жасау да пайдалы болмақ. Бейнелеу
ө
нерінде қолданылатын термин сөздерді өз кезегінде түсіндіріп отыру қажет. Графикалық
тәсілдерін бірнеше түрін меңгеруге, көркемдік мүсіндеуге және әр түрлі табиғи
материалдарды қолдануға ықпал жасалып, осымен қатар әр алуан материалдардың
пайдаланудың үлгілері көрсетіледі. Әр сабақ қуаныш пен шаттыққа, қызықты да әсерлі
болуға тиіс. Ұстаз әрдайым шәкіртті ынталандырып отыруы үшін шығармашылық
ізденісте болуы қажет. Әр мұғалім оқушыларға тек өз мамандығы төңірегінде ғана
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
мағлұмат бермей, ұлттық өнерімізбен, мәдениетімізбен, көркем әдебиетпен
байланыстырып, баланың ойлау қабілетін дамытып отыру қажет.
Технология
сабағы
барысында
да
мұғалім
ою-
ө
рнектің
ә
р
түрлерін
салып
жасалған
(ағаш бұйымдар, темір бұйымдар, бас киімнен аяқ киімге дейінгі киім түрлері, үй жаб
дықтары, ат әбзелдері) оқушыларға көрсетіп, оның жасалу тәсілдерін үйретуге оқушы
ның
сабаққа
деген
белсенділігі
артып,
сондай
ою-
ө
рнегі бар заттарды жасауға құмартып, құштарлығы, белсенділігі артуы сөзсіз. Ою-
ө
рнек тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек.
Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әр түрлі тәсілді қолданады. Олар: оймыштау,
бедерлеу, шеку, қашау тісеу, құрау тәрізді әрекеттер арқылы жүзеге асырады.
Осы тәсілдерді оқушыларға сабақ барысында түсіндіріп, тәсілдерді іске асыру үшін қан
дай
құ
рал-
саймандарды қайтып керектенетіндігін мұғалім іс жүзінде көрсету арқылы іске асырад
ы.
Оқушыларды технология сабағы барысында еңбектің ақ, қарасы жоқ, (еңбек етсең
ерінбей тояды қарның тіленбей) деп ұлы ойшыл Абай Құнанбаев айтқандай еңбекке баулу,
еңбекке дағдыландыру, еңбектің әдіс амалдарын үйрету арқылы еңбек сүйгіштік тәрбие беру
мен бірге басқаның еңбегін құрметтейтін тәрбие қалыптастыру қажет.
Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі,
отбасындағы, сабаққа дайындалу, сабақта, оқу барысындағы ең жақсыны қабылдау барысында
қ
алыптасады. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге
ү
йретеді, өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, жақсы мен жаманды ажырата
білуді қалыптастырып ұсқынсыз, жағымсыз нәрсені танытады. Эстетика тек заттардың
ө
зіне және шындық құбылыстарына тән, ол біздің түсінігімізге де, қоршаған ортаға деген
қ
атынасымызға да байланысты емес. Ортаны эстетикалық тұрғыда меңгерудің
субъективті жағы болып эстетикалық сезім, талғам, баға, әсерленушілік ой – сана,
армандар, осылардың жиынтығы ретінде сана алға шығады, эстетикалық мұратқа
жетелейді. Эстетикалық тәрбиенің басты құралдары – әдебиет, театр, кино, теледидар,
музыка, кескіндеме, мүсін т.б. көркем туындылар арқылы баланың санасына әсер етіп
қ
алыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |