Сборник материалов Международной научно-образовательной конференции


ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке



Pdf көрінісі
бет8/59
Дата03.03.2017
өлшемі6,76 Mb.
#6100
түріСборник
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



астам композиторлардың  музыкаға салғандығы да кездейсоқ емес – Ұлы Абай осы туындыны 

аударған, кәне, кім маған бұл жолдардың қазақша нұсқада қалай екендігін айтып береді? 

              Музыкада  ең  көп  таралған  формалардың  бірі  болып  3  жекеше  формасы  табылады, 

одан  әлдеқайда  күрделірек  сәйкестіліктер  де  кездеседі,  нақты  айтқанда  «алтын  айқас» 

сәйкестіліктері. Музыкада «алтын айқас» нүктесі барлық туындылардың үшінші ширегінде 

орналасады,  оны  әр  түрлі  әдістермен  айыруға  болады:  биік  шарықтау  шегі,  акценті, 

айрықшаланған аккорды арқылы. Бұл қарапайым әннің де, көлемді туындылардың – соната, 

симфониялардың  айқын  қасиеті.  «Алтын  айқас»  принципі  жиірек  данышпандар 

музыкасында  танылады.  Барлық  өнерлердің  осы  қасиеті  ойлап  табылған  жайт  емес,    ол 

Табиғат-Ананың  үйлесімділігін  айқындайды.  Қорытындылай  келе,  айтатынымыз: 

музыкалық  өнер  арқылы  біз  әлемнің  күрделілігі  мен  сұлулығын  жақсырақ  танимыз.  . 

Балалардың  тек  махаббаты  мен  қызығушылығын  оятып  қана  қоймай,  олардың  кәсіби 

деңгейін көтеруге жағдай туғызып, терең білім алуға дұрыс жол көрсете білейік!     

 

 

 

 

 

Ә

дебиет: 

1. Демеуова Л. Ғаламдық ойлауға бейімдеу.Қазақстан мектебі 2003.№12 –Б.3-7 

2. Некрасова О.А. Музыка сабағы Музыка анықтамалығы Тамыз 2012. 

3. Топоркова Л.К. – кпн, педагог ДМШ  №1Астана 

Актуальные  вопросы  воспитания  духовно-нравственных  ценностей  подрастающего 

поколения.2015ж 

 

ШЕРТПЕ КҮЙЛЕРДЕГІ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ  

 

Квайдулов Баимбет Асылханұлы 

С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясы, 

музыка студиясының мұғалімі, 

Петропавл қаласы, Қазақстан

 

 

Топишов Даурен Сабетұлы 

С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясы, 

 музыка студиясының мұғалімі, 

Петропавл қаласы, Қазақстан

 

 

Түйін 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 Мына мақалада домбыра пәнінін мұғалімдері  Б. А. Квайдулов және Д.С. Топишов шертпе 

күйдің ерекшеліктері туралы жазып  талқылады. 

          

 Аннотация 

 В статье  говорится об особенностях исполнения  на домбре  шертпе кюйев. 

 

        Қазақтың  домбыра  аспабында  тартылатын  ерекше  аспапты  музыкасы  –күйлері 

орындаушылық  жағынан  да  әрі  көркемдік  ,орындаушылық  жағынан  да  барынша  дамыған  , 

айырықша  түрдегі  музыкалық  жанр  дәрежесіндегі  күрделі  шығармалар.  Ұлы  даланың  әр 

өң

ірінде түрлі қалыпта өріс алған күйшілік өнерді формалық , құрылымдық орындаушылық 

тұрғыдан  негізгі  екі  арнаға  бөлуге  болады  .  Осындай  көркемдік  ағымдарды  халықтың  өзі 

ауызекі түрде-ақ «төкпе» және «шертпе» күйлер деп атап кеткен. 

        Қазіргі  кезде  домбыра  күйлері  біршама  жинақталып,  зерттелініп  нотаға  түсірілді  . 

Соның  нәтижесінде  жоғарыда  атап  өтілген  күйшілік  шеберліктің  негізгі  екі  дәстүрі  де 

елімізге кеңінен тарап , рухани қолданысқа еркін кірген. 

        Қазақ күйшілерінің шығармашылық еркіндігі аса зор деңгейде болғандықтан ,  әр өңірдегі 

күйшілердің өнерлері бір-біріне ұқсамай, өзіндік қолтанбамен ерекшеленіп тұрады. Суырып 

салмалық үрдістің көркемдік тәсілдері әр күйшінің қолында өзгеше құлпырып, өзіндік мәнер, 

көркемдік стиль қалыптастырады. Мұның өзі домбырадағы  күйшілік өнердің бүгінгі белгілі 

оннан  астам  күй  тарту  мектптерін  өмірге  әкеліп  ,  қалыптастырған  .  Сөйтіп,  «төкпе» 

мен  «шертпенің»  өзі  өзара  түрлі  орындаушылық  дәстүрлерге  бөлінеді.  Қазір  бұл 

ерекшеліктер біртіндеп ғылыми тұрғыда зерттеліп келе жатыр .  

       «Музыка студиясы»  бар оқу орындарындағы күйшілер даярлау ісінде осы ерекшеліктер 

барынша  толық  қамтылуға  тиісті.  Оқу  жұмыс  жоспарларының  талаптарыда  барлық 

өң

ірдің  күйшілік  дәстүрлері  көрсетілген  .  Алайда  ,    күй  тарту  шеберлігінің  өңірлік 

ерекшеліктеріне  арналған  оқу-әдістемелік    еңбектер  жоқтың  қасы.  Қазір  әр  ұстаз  өз 

қ

абілеті  мен  шеберлігінің  көлемінде  ғана  дәріс  береді.  Соның  нәтижесінде  қазіргі  заман 

талабына лайық келетін жан-жақты шеберлікті игерген , кәсіби- күй маманы әлі де өте аз 

дайындалуда  .  Табиғи  таланты  зор  ,  ізденімпаз  күйшілер  болмаса  ,  түрлі  күйшілік 

мектептерді  қатар  меңгерген  домбырашылар  өте  сирек.  Бұл  кәсіпқой  күйші  маманын 

даярлау мақсатына сәйкес келмейді. Сол себепті, домбырашы-ұстаздар қауымы әдістемелік 

тұрғыда  ізденіс  көрсетіп  ,  даярланып  жатқан  маманның  толыққанды  күйші  болуына 

барынша зер салуы қажет .  

        Әрбір дәстүрлердің орындаушылық ерекшеліктерін сол дәстүрдің көрнекті өкілдерінің 

шеберлігінен  іздеген  жөн.  Сондай-ақ  ,  күйші  даярлау  да  күй  таспаларындағы  іргелі 

күйшілердің  жазбаларын  тындай  білу  ісіне  аса  мән  берген  абзал  .  Бұл  біздің  ,  тіпті  басты 

ә

дістемелік құралымызға айналуы тиіс .  

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



         Сонымен  қатар  ,  әрбір  күйшілік  дәстүрлерде  тұрақты  қолданыстан  көркемдік 

мағынаға  ие  болған  тәсілдерді  кейбір  жеке  дара  орындаушылардың  өзіндік  шеберлігінен 

ажырата білген дұрыс .  

         Күйшілік  дәстүрдің  өнірлік  ерекшелігі  сол  дәстүрдің  көркемдік  ағымына  сай  болып  , 

оның көрнекті өкілдері қолында ғана қалыптасады.  

       Жалпы, нақты бір күйшілік  дәстүрдің орындаушылық амалдарына ұқсамайтың кейбір 

жеке-дара  шеберлікті  –  қалыптасқан  дәстүрлік  деп  қабылдауға  болмайды.  Міне,  осындай, 

домбыра  үйретудің  кәсіби  үрдістеріндегі  әрі  тоық  анықталмай  келе  жатқан  жағдайларға 

байланысты , үлкен тәжірбиелік ізденістерде байқалған әдістемеләк тұжырымдарды ортаға 

саламыз . 

         Алдымен,  аз  зерттеліп,  көп  ойналатын  шертпе  күйлерге  бұрылсақ.  Баяндамамызда 

шерпе  күйлердің  бәріне  ортақ  келетін  кейбір  орындаушылық  ерекшеліктерге  шолу 

жасамақпыз . Мұндағы бәріне ортақ деп отырған себебіміз, Қаратау өңірі мен Арқа өңірінің 

күйлері  де  шертпе  болып  келгенімен  ,  олардың  кейбір  орындаушылық  тәсілдері  әр  түрлі 

болып келеді , бұған Алтай-Тарбағатай , Жетісу өңірі күйлерінде де тәсілдік айырмашылық 

молынан кездеетінін қосуға болады .  

      

 Шертпе  күйді  дұрыс  орындаудың  алғышарты  –  домбырашы  қолдарының  нақты 

қ

ойылымында  ,  яғни  екі  қолдың  өзіндік  қойылымдық  қалпын  анықтап  алу  .  Мұнд  оң  қол 

алақаны  домбыра  қақпағына  бағытталып  ,  шынтақ  буыны  көтеріңкі  тұруы  қажет(төкпе 

күйлерде шынтақ өте төмен келіп , ол дыбыс үнемдеу үшін қолданады). Домбыра қақпағын 

тырнамас үшін , жалпы аспапты сәл тігірек ұстаған жөн. Екі ішекке еркін ауысу үшін сұқ 

саусақты  бірінші  буыны  бос  болып  ,  еркін  қимылға  келуі  керек  .  Шертпе  күйлерде 

саусақтармен  тізбектей  қағу  жиі  кездеседі.  Дыбысты  өзгерту  ,  оған  қою  бояу  беру 

мақсатында  қолданылатын  бұл  әдіске  арнайы  жаттығып  ,  саусақтардң  қақпаққа  қатт 

тимеуін  қадағалау  қажет  .  Кейбір  ұстаздар  осы  дәстүрде  оң  қол  білезік  буынымен  әрі-бері 

еркін  қауғ  кездеспейді,  бас  бармақ  мүлде  қолданылмайды    ,  қағысты  тек  сұқ  саусақпен  алу 

қ

ажет  деп  өте  қатты  түсінік  беретін  көрінеді  .  Шертпе  күй  деп  аталғанымен  ,  бұл 

дәстүрде  де  бас  бармақ  пен  сұқсаусақ    арқылы  төгіп-қағып  орындалатын  күйлер  өте  көп 

кездеседі. Мұндағы назар аударатын бір нәрсе , оң қол білегінін де қозғалысқа түсуі ( төкпе 

күйлерде қағыстарға көбінесе білезік буынның қимылы негіз болады ). 

         Сондай-ақ , оң қолдағы екі ішекті кезектей іліп қағу , гитаралық пиццикато , тұтып 

қ

ағудың көркемдік түрлері мейлінше нақты көрсетіледі .  

         Қаратау  және  Алтай-Тарбағатай  күйлерінде  оң  қолдың  сұқ  саусағы  мен  ортанғы 

саусағын  кезектей  термелеп  қағу  тәсілдері  жиі  ұшырсады  .  Күйдің  динамикалық  дамуы 

барысында  қос  ішекті  төкпелемей  ,  ұрып  қағу  сол  арқылы  нюанстық  шеберлік  көрсету 

дәстүрлі күйшілерде кең қолданылады.  

        Шертпе  күйде  оң  қол  шеберлігінің  негізі  дыбыстық  сапаға  бағытталуы  қажет  . 

Жалпы  ,  осы  дәстүр  күйлері  жарқылдаған  екі  қол  шеберліктерінен  гөрі  ,  сазды,  бояулы 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



дыбыстарға құрылған . Сол себепті, әуезді дыбыс алу мәселесінде ұстаздардың айрықша мән 

бергені  жөн.  Бұл  тұрғыда  дыбыс  алатын  оң  қол  саусақтарының  қызыметі  аса  мұқият 

қ

ойылуы қажет-ақ.  

         Сол  қол  шеберліктері  ,  әсіресе  саусақтар  арасын    тарлтып  немесе  кеңейтіп  басу, 

пернеден  пернеге  жылжу  әдістері  ,  көркемдік  мағынада  пернені  қағыссыз  басып  қалу  , 

ішектен-ішеке ауысу амалдары ұстаздар тарапынан міндетті түрде үйретілуі тиіс .  Сол 

қ

ол  саусақтарының  домбыра  мойнындағы  еркін  қозғалысы  ішектен-ішекке  мүлтіксіз  ауысу 

негізінде дамығаны дұрыс , нақтырақ айтқанда , алды мен квинта интервалын бас бармақпен 

төртінші  және  бірінші  мен  төртінші  саусақтармен  еркін  алуды  қамтамасыз  ету  керек  . 

Тәттімбеттің  «Көкейкесті»,  «Азаматқожа»,  «Мол  қара»,  Байжігіттің  «Көкбалақ», 

«Былқылдақ»,  т.б.  күйлерде  кездесетін  квартаны  1-2,  тіпті  1-3;2-3  саусақтарымен  басу 

ү

лгілері  Арқа  күйлеріндегі  айрықша  апликатуралық  үрдіс  деуге  болады  .  Қаратау  өңірінде 

жиі  кездесетін  бірінші  ,  үшінші  саусақтарды  әрі-бері  жылжыту  немесе  осы  саусақтар 

арқылы  ішекті  тартып  ,  дыбсты  ширек  тонға  дейін  көтеру  ерекшелігі  ,  сонымен  қатар 

Алтай-Тарбағатай  күйлеріндегі  бір  позициалық  қалыпта  тұрып,  екі  ішекті  кезектей  басу 

тәсілдері ұстаздардың арнайы көңіл бөліп үйрететін , басты тақырыптары болуға тиісті .  

         Сол  қол  саусақтарымен  дыбысты  ұзарта  ,    тербеліс  алу  тәсілдері  де  басты  орын 

алған . Жалпы , шерпе күй орындаудағы қажетті амалдар мен тәсілдер төкпе дәстүріндегі 

шеберлік үлгілерімен салыстырмалы түрде көрсетілген , мұның өзі оқытушы мен шәкіртке 

екі  дәстүрдегі  ерекшеліктерді  ажытара  үйренуге  мол  мүмкіндік  береді  .  Қазіргі  жас 

күйшілерде біржақтылық басым , яғни бір үрдісте ғана еркін . Әрине , музыкалық студиян 

бітірген  домбырашылардың  барлығы  жеке  орындаушылық  күйші  болуы  мүмкін  де  емес  ,  

дегенмен  берілетін  классификацияға  сәйкес  домбырашы-күйшінің  бірнеше  күйшілік 

мектептерді  міңгеріп  ,  олардан  жан-жақты  хабардар  болуы  міндетке  алынуы  тиіс  . 

Күйшілік  өнердің  болашағы  ,  оның  ұлттық  құндылық  ретінде  сақталып  тұрылуы  үшін 

осындай талаптар қажет-ақ. 

        Сол  қол  саусақтарының  да  дыбыстық  сапаға  қосары  сол.  Домбыршының  ,  әсіресе 

төртінші және екінші саусақтарымен (арагідік үшінші) домбыра мойынын бойлай тербеліс 

алуына  баса  назар  аударылуы  қажет  ,  себебі  бұл  саусақтар  –  қлдың  негізгі  ұстанымын 

құ

райтын  ,  тіреуіш  ретіндегі  саусақтар  .  Жалпы  ,  сол  қол  саусақтарының  пернені  аса 

қ

атты  баспай  ,  сол  пернені  саусақ  басымен  сезіне  алуына  көіңл  аудару  қажет  .  Пернені 

қ

атты  басып,  зорлықпен  тербеліс  алғандғы  дыбыстарда  ешқандай  сапа  болмайды  ,  әрі  бұл 

қ

олдың  еркін  қозғалуына  кесірін  тигізеді.  Еркін  шыққан  дыбыстарды  саусақтардың  сезіп 

отыруы  сол  дыбыстарға  табиғи  бояу  беріп,  әуездік  сапаға  жол  ашып  береді  .  Күйші 

шеберлігінің  басты  шарты  –  осындай  сапалы  дыбыстар  алуына  байланысты  айтылады  . 

Сондықтан,  сол  қол  шебірлігін  дамытуды  сапалы  дыбыс  алуды  үйреуден  бастағаны  дұрыс. 

Осы қолға байланысты ерекше айтылған жәйттердің бірі – саусақтардың пернеге өте тік 

басылмауын  қадағалау  .  Домбырашының  табиғи  еркін  дыбыс  алуына  өте  тік  болмай, 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



жазыңқы жұмсақ басылған саусақтар аса қажет  , әрине , мүлде бос басылатын саусақтардың 

дыбысты  ұстап  қалатыны  бәрімізге  белгілі  ,  сол  себепті  перне  басу  тәсілдеріне 

айтарлықтай көңіл бөлгені өте тиімді .  

        Шерпе күйлер әуені екі ішекте қатар дамып келетіндіктен , сол қол саусақтарының 

екі ішекте де еркін қозғалысын барынша дамытып отыру керек .Бұған әсіресе гаммалар мен 

арпеджиоларға  жаттығудың  пайдасы  өте  зор  .  Мұнда  гаммадағы  дыбыс  қатарының    екі 

ішекке тең бөлініп келуін естен шығармау керек . Екі қолдың өзара байланысы – орындаушы-

күйші  үшін  аса  қажетті  кәсіби  талаптардың  бірі  .  Қағыс  қағып  ,  перне  басудың  өзара 

ү

йлесімі болады . Сондай-ақ , тербеліс пен дыбыстық өрнектері алудың да екі қолдың өзара 

шеберлігіне тәуелді екені айдан анық . Оқытушылар үшін аса маңызды әдістемелік салаларда 

жататын осы ерекшеліктерді ұстаздар қауымының қалт жібермей қарағаны жөн.  

         Қазіргі ұлттық дәстүр-салтымыз , әдет-ғұрпымыз , жалпы рухани жадымыз қайта 

жаңғырып, ежелгі табиғи болмысымызға айрықша мән беріліп келе жатқан шақта халықтың 

ө

нерге  деген  көзқарасты  қайта  қарауға  тиіспіз  .  Міне  ,  осындай  өскелең  талаптарға  сай 

домбыра  тартып  ,  күй  орындау  өнеріне  де  қойылатын  кәсіби  міндеттер  ,  жанаша  бағыт 

алуда.  Күйшілік  өнердің  атадан-  балаға  ,  ұрпақтан-ұрпаққа    ауызекі  түрде  беріліп  келген 

дәстүрлі  шеберлігі  ,  ондағы  құймақұлақтық  қабылдау  рәсім  ,  күй  сазымен  көркем  бейне 

құ

рап, одан рухани қанағат таба білу тәсілдері қазіргі күйшілердің күнделікті өмір салтына 

айналып  ,  кәсіби  жүйе  ретінде  қағаз  бетіне  түсуі  керек  ,    сөйтіп  байырғы  күй  тындап  , 

күймен  мағына  беру  тәрізді  рухани  үрдістер  өз  мағынасына  орлуы  қажет  .  Сонда  ғана 

ұ

лттық  мағынадағы  күйшілік  өнердің  жарқын  болашағы  сенімді  түрде  ұлттық 

қ

олданыстан  тұрақты орын алады . Ұстаздар қауымының қасиетті борышы осыған саяды .  

         Шертпе  күйге  деген  халықтың  ықыласы    күннен-күнге  артып  отыр  .  Сөз  жоқ  ,  ән 

сияқты  жанға  жайлы  ,  терең  толғамды  шертпе  күйлер  халқымыздың  іздеп  жүріп  ,  сүйіп 

тындайтын  ерекше  жанрына  айналды  .  Міне  осыған  сәйкес  музыкалық  студияларда  күй 

ү

йрету  сабақтарында  осы  үрдістің  де  барынша  кәсіби  бағытта  жүргізілуіне  домбырашы-

ұ

стаздардың ынталы да, іргелі ізденістері аса қажет болып тұр .  

 

Пайданалған әдебиеттер: 

«Музыка әлемінде» Республикалық ғылыми-әдістемелік  педагогикалық журнал  

№5-6 ; 2013 жыл . 

 

       САБАҚ САПАСЫН АРТТЫРУДА МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІ 

 

Кусаинова  Гулнар  Жартыбаевна 

«Ақжал негізгі орта мектебі» КММ, 

география пәнінің мұғалімі, 

Қ

арағанды облысы, Шет ауданы, Ақжал кенті, 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



Қазақстан 

 

Түйін 

       «Мұғалімдердің  кәсіби  білімдерін  арттыру  тәсілі»  тақырыбында  кез-келген  мұғалім 

ө

зінің  үздік  нәтижесін  өз  бетімен  үнемі  ұстап  тұра  алмайды,  осы  ретте  мұғалімдерге 

ә

ріптестерімен бірге жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін жұмыс істеулері керек.  

Аннотация 

 «Способ  повышения  профессиональных  знаний  учителей  по  теме:»  любой  учитель 

постоянно  поддерживать  свой  лучший  результат,  не  может  самостоятельно,  при  этом 

должны  работать  вместе  с  коллегами  для  внедрения  новых  подходов  к  предмету  и 

учителям. 

Abstract 

 

 Metod  of  increase  of  professional  knowledge  of  Teachers  on  the  topic:"  any  teacher 

constantly  to  support  the  best  result,  does  not  can  independently,  here  must  work  together  with 

colleagues for introduction of the new going near an object and teachers.  

 

 

Чех педагогі  Я.А.Коменскийдің ілімінен бастап бүгінге дейін оқу әдістемесінде білім беруді 

ұ

йымдастырудың басты формасы – сабақ.  

 

Қ

азіргі сабақ – проблеманы дамыту сабағы. Ол үшін озық тәжірбиелі ұстаздар еңбегін 

тарату керек.  

 

Сабақ тиімділігін арттыруда мұғалімнің озық тәжірбиесі аса маңызды. Педагогикада 

озық  тәжірбие  –  ғылымға  жақындаған  практика  деп  тегін  айтылмаған.  Олай  болса,  озық 

тәжірбиелі мұғалім болу жан – жақты шеберлікті талап етеді.  

 

А.С.Макаренко шеберлікті былай тұжырымдайды:   Шеберлік  деді  ол,-    жетуге 

толатын нәрсе, шебер – токарь, шебер – дәрігер сияқты шебер – педагог бола алады.»  

       Бала психологиясын езіне білу – мұғалімнің педагогикалық біліктілігін көрсетеді. Онсыз 

балалардың оқуында болсын, тәрбиесінде болсын жеке басындағы ерекшеліктерді білу мүмкін 

емес.  

       Баланың  жасына,  жеке  басының  ерекшеліктеріне  қарай  қарым-қатынас    жасай  білу 

дегеніміз  –  оның  жүрек  сезіміне  жол  табу,  тәрбиесіне  ықпал  жасайтын  жұмыстың 

формалары  мен  әдістерін  табу.  Соынмен  бірге,  баламен  қарым-қатынаста  әдептелік  пен 

сыпайылықтың үстем болуы, олардың денсаулығына, қуаныш-ренішіне ортақтаса білуі, жеке 

басының үлгісі, көңіл-күйінің жайдары болуы – нәзік психологке тән нәрсе.  

        М.Горькийдің сөзімен айтқанда «балаларды бала тәрбиесіне бейім адам, баланы сүйетін 

адам, зор төзімділікпен жұмыс істейтін адам тәрбиелеуі керек.» 

        Оқушыларға  сапалы  да  тиянақты  білім  берудің  негізі  –  өз  пәніңді  жан-жақты  игеру, 

оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойламын қалыптастыру, оқытудың белсенді 

ә

дістерін қолдану. Бұл тынымсыз еңбектенуді  талап етеді.  

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке 

 

 



 

Қ

оршаған  ортаның  өмір  шындығын  сезе,  түсіне,  қабылдай  білуге,  халқымыздың 

ұ

лттық  өнерін  қастерлеуге,  әсемдігін  тани  білуге,  мектепте,  үйде  әсемдеп  жинай  білуге, 

ә

семдік  қалыптастыруға,  музыкаға,  әнге,  бейнелеу  өнеріне  баулу  оқушылардың  көркемдік 

біліктілігін шыңдап, эстетикалық талғамын арттырады.  

 

Оқушыларға  эстетикалық  тәрбие  беруде сұлулықпен сусындаған эстет мұғалімнің 

ү

лесі ерекше.  

 

Мұғалім 

ө

зінің 

білімпаздығымен, 

қ

арапайымдылығымен, 

сыпайылығымен, 

қ

айырымдылығымен,  биік  талғамымен,  ой-өрісінің  кеңдігімен,  рухани  дүниесінің  бай 

болуымен кез-келген ортаның ұйытқысы бола алады. 

 

Оқушылардың  жеке-дара  қасиеттері  –  олардың  сенімі,  мұраты,  дүниетанымы. 

Ғ

ылымға негізделген дүниетанымы, сенімі, мақсат – мұраты бар адамдардың психологиялық 

қ

асиеттері  жоғары  болады.  Міне,  сондықтан  оқушылардың  жеке-дара  қасиеттерінің 

қ

алыптасуын ой-өрісі кең, іс-қимылы нақты, олардың пікірімен санасатын, сырласа білетін, 

рухани дүниесі бай ұстаз ғана қамтамасыз ете алады. 

 

Баланың  бойында  ұнамды  мінез-құлық  пен  әдеп,  ибалылық,  жарасымды  талғам  мен 

таңдау  қасиетін,  жүріс-тұрыс,  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыру  –  қажымай-талмай 

еңбектенуді  қажет  етеді.  Баланың  адамгершілік  сапаларын  қалыптастыруда  адамгершілік 

жаршысы – тәрбиешінің атқарар жұмысы ауқымды. 

 

Тәрбиелі  адамның  үлгі-өнегесін  жоғары  бағалап  халқымыз:  «Адам  болар  баланың 

кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар», деген екен. 

 

Отанға деген сүйіспеншілік – адам бойындағы күш-қуат, білімін, өмір тәжірбиесін, 

кір жуып, кіндік кескен жеріне деген ыстық махаббатын, кісілігін танытатын асқақ сезім. 

 

Біздің бабаларымыз Алтайдан Атырауға дейін, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұлан-ғайыр 

жерді  талай  ғасыр  бойы  басқыншы  жаулардан  қорғап,  бостандық,  тәуелсіздік  жолында 

жандарын  пида  еткен.  Елбасының  сөзімен  айтқанда  «Қазақстан  –  біреулердің  қазақтарға 

тартуы  емес,  олардың  тарихи  Отаны.»  Өз  Отанын,  өзінің  туған  жерін  жан-тәнімен 

сүйетін  және  оны  көзінің  қарашығындай  сақтайтын  патриоттар  тәрбиелеу  –  ұстаздар 

алдындағы үлкен жауапкершілік. 

 

Отан  қорғау  –  қасиетті  борыш  екенін  оқушылардың  санасына  жеткізу    - 

патриотизм жаршысы ұстаздардың басты мақсаты. 

Мектеп  географиясында  жас  жеткіншектерге  табиғат  туралы  әлеуметтік 

экономикалық, экологиялық, ұлттық жүйелер туралы түрлі деңгейде түсінік беріледі. Әрбір 

пәннен  сапалы  білім  берудің  кепілі  –  осы  пәннің  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  негізгі 

дидактикалық мәселелрді шешу. Мысалы, география пәні бойынша: 

-пәннің негізгі мақсаты мен міндетін нақты қою; 

-қазіргі таңдағы экономикалық, саяси өзгерістерді сабақта кең қолдану; 

-табиғат ресурстарын және құбылыстарын қоғамда, өмірде тиімді пайдалана білу; 

-оқушылардың қызығуын арттыруда өздерінің әс-әрекеттеріне кең жол ашу; 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет