|
Әрбір балаға дарын қабілетіне қарай білім беру – өмір талабы. «Үйренбесе өнер де,
даналық та қолға түспейді» - деп Демокрит айтқандай дарынды бала тәрбиелеп шығару
жай іс емес. Бүгінгідей жаһандану заманында жеткіншек ұрпақтың ғылымға ұмтылысы,
білімге ынтасы қуанарлық жағдай.
Қазіргі заман талабы «Ғылым негіздерін» меңгеруден шегініс жасауды негіздей отырып,
білім беру жүйесін өзгертілуіне оның бағыттылығын қызметтік субъектісі ретінде
оқушылардың қалыптасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Білімді даралап, саралап
берудің басты бір бағыттарының бірі – дарынды бала анықтау. Бүгінгі таңда өз
тәжірибемде дарындылықты дамытудың нақты, жүйеленген әдіс -тәсілдерін мынадай
ғ
ылыми ізденіске жетелеу арқылы жүзеге асырып келемін
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
Оқушыны ғылыми жұмысқа жетелеудің басты мақсаты- оқушының ойлау қабілетін
дамыта отырып, шығармашылық ізденіске баулу және білімнің жаңа мазмұнын
қ
алыптастастыру.
Іс – тәжірибелік мәні:
музыкалық білім берудегі дарынды оқушымен жұмыс бағдарламасында қарастырылған
тақырыптарды тереңдету. Нәтижесінле оқушы шығарманы ғылыми түрде талдап жазуға
дағдыланады.
«Ертай Ашықбаевтың туған жер тақырыбы» жобасында оқушы өлеңдерінің құрылысын
зерттеу барысында эвристикалық әдісті қолданды. Танымал жыраулардың еңбектерін оқу
барысында салыстырмалы әдісті ,ал Ертай ақынды жан-жақты таныту мақсатында
талдау-жинақтау әдісін пайдаланған болатын. Ертай ақынның туған жер тақырыбындағы
жырлары толассыз. Соның тағы бір айғағы «Бабатай өзені» атты өлеңі.Бабатай -
арнасымен баяу аққан қазақтың көп өзенінің бірі. Бірақ, Ертай ақын Бабатайдың
толқындарын толқытып,сөзбен ойнауға әуес емес.
«Желді күні толқындарым тулады,
Желді күні қамыстарым шулады»
-дей келіп,
«Өз өзенін ұқпағандар қайтейін,
Басқа жердің шалшықтарын кезеді,
Басқа жұрттың балшықтарын езеді.
Мешін жылы Бабатайда туғалы,
Осы да бір айтпай жүрген сөз еді»
деп түйін жасайды. Шынайы да шыншыл жыр.Табиғаттың тылсымы-шын ақынның шын
сыры. Мұң шеріңді қозғар сыр. Кез келген адам жүрегіне сезім ұялатады. Өлеңнің алғашқы
шумағында өзінің туған дерін,тіршіліктің өлеңі секілді жақсы, жаман кезеңдерін айта
отырып,өзен тіршілігін сипаттайды. Шөлдеп, шөліркеп өзен дәмін жақсы сезетін, «ақ
қ
оянның әлжуаз көжегінің» бейнесін жасау арқылы, өз жерінің қадір қасиетін ұқпайтын
адамдардың мінез-құлқын сөзбен тамаша өрнектей білген. Бұл өлеңнің соңғы жолдары мұңға
ұ
ласады және бұл жолдардан философиялық сарын,ақынның жеңіл күрсінісі сезіледі.
1 2 3 4 5 6 7 8 91011
Ойылдың жағасындағы екінді, а
Ә
лі де санамда болған іс,б
Сарғайған сағынышым секілді, а
Сарғайып кетіпті-ау сол қамыс, б [2]
Сарғайған қамысты ақын өзінің Ойыл өзеніне деген сағынышымен астастыра,
теңеуді тиімді пайдалана білген.
Ойлаймын Ойылдың сол қамысын, а
Ө
леңім ұйқаспай кеткенде, б
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
Тұтасқан қамыстай толғанысым, а
Азайып бара ма деп менде, б
Ақын толысқан толғанысын азайып бара жатқан қамыстай сиреп, сарғайып кете
ме?-деп үрейленеді. «Ойылдың сарғайған қамыстары-ай» өлеңі 10-11 буынды, 4
шумақты,шалыс ұйқасқа құрылған.
«Сол ауыл»өлеңінде:
1 2 3 4 5 6 7 8
Ол да бір ордам емес пе, а
Қ
алайын қалай толғамай, б
Келелі небір кеңеске, а
Кең мекен болған сол маңай, б
-деп туған жері Бабатайды ол да менің ордам, мен қалай ол туралы жырламаймын?-деп
мақтанышпен жазады.
«Мектебіме хат»:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
Білім күнін қарсы алатын той ғып күз, а
Ол кез –бәрі теп-тегін,б
Сен туралы жыр жазуды қойдық біз, а
Айналайын мектебім, б
Ай, мектебім, жая берме қолыңды, а
Иек артшы төзімге, б
Саған шешіп берер едім тонымды, а
Тоңып жүрмін өзім де, б
Ақын білім нәрімен сусындаған мектебіне сағына осылайша хат жазады. Өлең 12
буынды, 7 шумақты, шалыс ұйқасты.
Ертай ақын да Абай атамыз секілді жылдың төрт мезгілін суреттеген. Табиғат-
адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Оны әлемнің классик ақындарының бәрі де
жырлаған. Дәуірі мен ортасына, өзінің жеке басының көңіл-күйіне байланысты әр ақын оны
ө
зінше жырлаған. Сондықтан да ақын әр өлең сайын өзінше іздену, табиғаттың өз
суреттерін беруде. Туған жер тақырыбындағы өлеңдері: «Қыс», «Біздің жақтың көктемі»,
«Таңғы түтін», «Ерте күз», «Таң алды», «Наурыздың қары», «Боран».
«Қыс» өлеңінде:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Еске түссе ел қысы желік тарар,
Елжіретер естелік ерікті олар,
Ү
йге енбесем қайтеді?
...Елден біреу
«Басқан жері сықырлап келіп қалар»
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
11 буынды, 6 шумақты, риторикалық сұрақ кейіптеу әдісін қолданған.
Адам үшін мезгілдердің ауысып отыруы, әр мезгілдің өз кезегі арқылы келуі- табиғи құбылыс
болып табылады.
Осы табиғи нәрседегі тіршіліктің өз орны бар, өз қажеттігі мен өз
тартымдылықтары, өз тылсым қасиеті бар мезгіл- көктем. «Көктем» өлеңінде ақын бұл
мезгілді өзіне тән суреттерін жасайды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
Жердің үсті, обалы не, құлпырды, а
Жылытайын тоңып қалған күлкімді, а
... «Кешіріңіз біз осында тудық» деп, б
Келіп жатыр кеткен құстар былтырғы, а [4]
11 буынды, 5 шумақты, қара өлең ұйқасына құрылған.
«Наурыздың қары»:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Беу, енді демін жылытып қардың, а
Қ
айтеміз, көктем, келсеңіз?, б
Мен гүл теруді ұмытып қалдым, а
Ұ
мытып қалдым сенсеңіз... б
10 буынды, 5 шумақты, шалыс ұйқасты,риторикалық сұрақты пайдаланған.
Жаз мезгіліне «Ыстық сәуле» өлеңі мысал бола алады. Мұнда жаз айының ғұламасы-
шілде айы және суға шөлдеген жапырақтар сөз етілген.
Ыстық
Ыстық
Күн ыстық,
Жапырақтары шөліркеп құнысты бақ а
Су сатқан жөн мұндайда ырыс құрап, а
Ыстық сәуле миыма кіріп алып, а
Суып қалған сезімді тұр ысқылап, а
Еркелетіп қойған соң күн анасы, а
Ыстық сәуле- шілденің ғұламасы а
Таныс жағдай, әрине, бұл арасы а
Қ
ыстан қалған шаншуым...жыламашы а [5]
Ө
лең 11-12 буынды, 5 шумақты, егіз ұйқас, қайталауды қолданған.
Күз-жылдың ерекше мезгілдерінің бірі.Көктемдегі жайлаған тал,теректің
жапырақтары сыр тартатын бақша, жас гүлдердің барлығы күзде ауырып қалған жандай
жүдеп кетеді. Табиғаттың сыйынан шабытына жыр беретін Ертай ақынның «Күз» өлеңі-
тоңазыға жүректі жылытатын, алқынған денеге дем құятын, сүрінгенге сүйеу,теңселгенге
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
тіреу болатын жыр. Ақын осы өлеңін жаза отырып, адамның бойында кездесетін
қ
анағатсыздық қасиет туралы айтады. Оның дәлелі:
Көңіл толы көп сенім,
Көктемімді көкседім.
Көріксіз күз қайтейін
Жанашырың жоқ сенің.
-деп, жыл мезгілдерінің адаммен санаспай уақытылы ауысатындығын айтып, адамдардың
бастан өтетін нәрселерге кеш қамданатындығын және оған біреуді даттап, біреуді мақтап
бос сөзге әуестігін «шырылдауық шегірткедей» қамсыздығын көрсетеді.
Жармасқанда жат құшақ,
Аңсарымыз тәтті шық,
Көп ақынның бірі мен,
Күзге кінә таққыш-ақ
Осылай талдай берер болсақ, Ертай ақынның өлеңдері толассыз, олардың көркемдігі
жоғары, құнды шығармалар екені даусыз.
Табиғатынан аса дарынды туған талантты ақын өнер ортасында жүре отырып,
ақындық жолдың алғашқы кезеңінде-ақ, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан
Нұршайықовтың бағалы пікірін алған: «Тіліңіз тартымды, жазу мәнеріңіз жаңаша екен.
Мұндай телеграфтық көркем стиль біздің әдебиетімізге әлі кіре қойған жоқ. Сол стильді сіз
ә
келе жатқан сияқтысыз. Талабыңыз жемісті болсын.»
Ертай Ашықбаев- бүгінгі поэзияның дамуына үлес қосқан,поэзия әлеміне кестелі тіл,
шешен сөз өнерімен келген, политрасы бай, образы оқшау, жан құбылыстары қатпарлы
драматизмге бастап, шешімді сөзінде тосындау айтатын, ағысы шапшаң, иірімі қуатты,
ө
леңі шуақты ақындардың бірі емес бірегей тұлғасы екендігін дәлелдеді.
Осы жұмыс барысында оқушы Ертай Ашықбаевтың қазақтың арнасы кең жыр
дариясында ерекше орны бар екендігін ескерте отырып, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
қ
арсаңында алпыс жасқа толу мерей тойына орай «мәдениет қайраткері» деген баға
лайықты деп таниды, сонымен бірге Ертай ақынның қолдауымен ауыл (қала) балаларына
арнап мектеп ашса, сол мектептен ақынның жырымен сусындап өскен, жасынан өлеңді сүйіп
санасына сіңірген жас буындар болашаққа Ертай ғылымының негізін салады деп ой
түйіндейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ақтөбе өңірінің әдеби антологиясы «Жәдігер» Ақтөбе-2006ж
2.Қабдолов Зейнолла «Сөз өнері» кітабы.2005 жыл (86-бет)
3. Ахмет Жұбанов «Ғасырлар пернесі».
4. Республикалық ғылыми –әдістемелік педагогикалық журнал «Музыка әлемінде»
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІН
ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗІ
Абуева Райса Турлыбековна
С Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясы,
бастауыш сынып мұғалімі,
Петропавл қаласы, Қазақстан
Мухамеджанова Ботакоз Аскеровна
С Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясы,
бастауыш сынып мұғалімі,
Петропавл қаласы, Қазақстан
Түйін
Баяндаманың мақсаты:
Инновациялық технология мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытудың негізі атты
баяндамада білім берудегі инновациялық үрдістің нәтижесі жаңалықтарды теориялық әрі
практикалық жұмыста қолданудың көрінісі баяндалған.
Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі инновация білім беруге жаңалық енгізу
мақсатын да білдіретін : жаңа мазмұн өңдеу, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістері мен
формаларын, мектепті басқарудың жаңа технологияларын құру, оны дамыту, мектепті
эксперимент алаңы ретінде дамыту мектептегі білім беру ісі жаңа бағыт алып, оқыту мен
тәрбиелеудің де жаңалануы кезіндегі оқиғаларды, жағдайларды қамтылған.
Көрiп отырғанымыздай, технология туралы қазiргi ғылымда орныққан дәл анықтама
болмағанымен, олардың бәрiнiң тоғысатын ортақ арналары бар. Олар, бiрiншiден,
технологияның шеберлiкпен, бiлiктiлiкпен байланыстылығы; екiншiден, технологияның
сапалық өзгерiс жасау мақсатында қолданылатыны; үшiншiден, технологияның бiртұтас
ә
дiс-тәсiлдер жиынтығынан құралатындығы. Олай болса, технологияның бiлiм
мекемелерiнiң кез келген типiнде жаппай қолдануға қолайлы әрi тиiмдi оқу процесiн құрудың
жолдарын iздестiрудiң нәтижесi ретiнде қарастырылған.
Оқыту формасын, әдiстерiн, технологияларын таңдауда бұл бiлiм мекемелерiнiң
мұғалiмдерiне, педагогтарына өзiне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдiстi кез-
келген үлгiмен, тiптi авторлық үлгiмен құруға мүмкiндiк беретiндiктен оқу үрдiсiн қайта
жаңғырту идеясы педагогикалық технологияның негiзгi тiрегi болып табылатыны жайында
айтылады.
Түйiндей келгенде, оқыту технологиясы мұғалiм мен оқушының мүддесiне қызмет
ететiн, толық үндесiмге негiзделген оқытудың әдiстемелiк жүйесi болып шығатыны туралы
баяндалады.
Аннотация
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
Цель доклада:
Доклад «Информационные технологии в образовательной деятельности педагогов»
обеспечивает становление профессиональной компетентности педагога через
формирование целостного представления о роли информационных технологий в
современной образовательной среде и педагогической деятельности на основе овладения их
возможностями в решении педагогических задач и понимания рисков сопряженных с их
применением
Понятие
информационного
процесса
информатизации
информационных
технологий. Сущность, роль и значение процесса информатизации в общественном
развитии. Характеристика информационного общества, проблемы информатизации
общества. Классификации информационных и коммуникационных технологий.
Дидактические возможности информационных и коммуникационных технологий. Роль
информационных и коммуникационных технологий в реализации новых стандартов
образования.
Понятие информационной образовательной среды . Информационная
образовательная среда образования. Педагогические цели формирования . Основные
возможности современной информационной образовательной среды. Информационная
образовательная среда как средство организации информационной деятельности
преподавателя
и
обучающегося.
Программные
комплексы
для
организации
информационной среды школы вуза. Предметно-практическая информационная
образовательная среда. Информационные интегрированные продукты, позволяющие
сформировать электронную образовательную среду.
Тенденции технологии развития современных сетевых технологий
Интернет-коммуникационных сервисов. Специфика организации коммуникаций.
Использование телекоммуникационных технологий в образовании: специфика, проблемы,
риски. Видеоконференцсвязь. Сетевое пространство образовательного учреждения.
Возможности позволяющие профессиональных сетевых технологий в организации в
взаимодействия процессе решения задач в образовании. Педагогические технологии,
организовать активную индивидуализированную учебную деятельность на базе сетевых
технологий. Сетевые технологии как эффективное средство познавательной
деятельности, самообразования и профессионального саморазвития.
Білім берудегі инновациялық үрдістің нәтижесі жаңалықтарды теориялық әрі
практикалық жұмыста қолдануда көрінеді. Сонымен қатар, білім беру жүйесіндегі
инновация білім беруге жаңалық енгізу мақсатын да білдіреді: жаңа мазмұн өңдеу, оқыту
мен тәрбиелеудің жаңа әдістері мен формаларын, мектепті басқарудың жаңа
технологияларын құру, оны дамыту, мектепті эксперимент алаңы ретінде дамыту
мектептегі білім беру ісі жаңа бағыт алып, оқыту мен тәрбиелеудің де жаңалануы кезіндегі
оқиғаларды, жағдайларды т. б. қамтиды.
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
Жаңа заман талабына сай мұғалімнің шеберлігін арттыруда бiлiм мазмұны мен
оқыту технологияларының рөлі ерекше. Оқыту технологияларын талдағанда, қазiргi
ө
ркениеттi елдер тәжiрибесiнде жүзеге асырылып жатқан бiлiм берудiң жаңа моделiне –
Нәтижеге бағдарланған бiлiм моделiне - сәйкес келетiн оқыту технологияларын iрiктеудi
қ
ажет етедi. [2].“Оқыту технологиясы” терминi алғаш рет АҚШ-та ХХ ғасырдың
ортасында пайда болды. “Технология” – гректiң techne - өнер, шеберлiк, бiлiктiлiк, logos –оқу
сөздерiнен шыққан. Белгiлi бiр маңызды әрекетте, өнерде, шеберлiкте мақсатқа жету үшiн
қ
олданылатын әдiс ретінде технологияларды қолдану қазіргі уақытта өзектілік көрсетіп
отыр. [4]
Оқыту технологиясына тән белгiлер:
Негiздiлiгi (кез келген технологияның өзiндiк философиясы, өзiндiк тұжырымдамасы
болуы шарт).
Жүйелiлiгi (құрылымдық элементтерiнiң бiртұтастығы).
Басқарылмалылығы (оқыту процесiн бастан-аяқ жоспарлап, нәтижесiн тексеруге
болатындығы).
Тиiмдiлiгi (қысқа мерзiмде аз шығынмен жоғары нәтижеге қол жеткiзу мүмкiндiгi).
Технологияны қолдануда мұғалiм шеберлiгi ерекше мәнге ие. Оның кәсiби шеберлiгi мен
оқытудың қандай әдiс-тәсiлдерiн таңдауы ғана технологияның ұтымды болуына алғышарт
жасайды. Дәстүрлi оқыту жүйесiнен тыс жасалған технологиялар оқытудың
мотивациялық сипатын арттырып, оқушылардың пәнге қызығуын тудырады, оқушының өз
айналасындағылармен табиғи бәсекелестiгiн дамытады, оның дара тұлғалық белсендiлiгiн
күшейтедi, өз бойындағы қабiлетiн саналы түрде ашуына қолайлы жағдай туғызады,
олардың адамгершiлiк сапаларын жетiлдiредi, шығармашылық еркiндiкке ұмтылдырып
оқушылардың бейiндi бiлiктiлiгiн арттыруға мүмкiндiк туғызады.
Қ
азақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңында оқыту формасын, әдiстерiн,
технологияларын таңдауда көпнұсқалылық қағидасы бекiтiлген, бұл бiлiм мекемелерiнiң
мұғалiмдерiне, педагогтарына өзiне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдiстi кез-
келген үлгiмен, тiптi авторлық үлгiмен құруға мүмкiндiк беретiндiктен оқу үрдiсiн қайта
жаңғырту идеясы педагогикалық технологияның негiзгi тiрегi болып табылады. Ол идея
мынадай мазмұндық бiрлiктерден құралады:
*оқытудың жалпы мақсаты;
*жалпы мақсаттың нақтыландырылуы;
*оқушылардың бiлiм деңгейiн алдын-ала (диагностикалық бағалау);
*оқу әрекетiнiң жиынтығы;
*нәтиженi бағалау.
Мұғалімнің шеберлігін арттыруда, бiлiм сапасының күшейуі берiлетiн бiлiмнiң түпкi
нәтижеге бағытталуымен және оқытуда тиiмдi технологияларды пайдалануымен
айқындалады.
|
|
|