ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007 ж. – 616 б.
2. Мажитаева Ш.М., Шадыкенова Ə.Қ. Əлеуметтік лингвистика.
Əдістемелік талдау. Құрастырушылар. – Қарағанды, 2006 ж. – 66 б.
3. Сыздық Р. Тілдік норма жəне оның қалыптасуы. – Елорда, 2001 ж.
4. Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу, даму жолдары. – А., 1987
ж.
Байжуманова М.М., «ШҚО Семей қаласы білім бөлімі» ММ
«№ 9 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МƏДЕНИЕТТІҢ
ИНТЕГРАЦИЯЛАНУЫ
Мəдениет дегеніміз – тарихи құбылыс. Оның дəрежесі мен сипа-
ты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тари-
хи дəуірлердің алмасуы мəдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз
терең өзгерістер енгізеді. Заман талабына сай мəдени салада да жаңа
терминдер орын алды. Оның бірі – интеграциялану.
Интеграция дегеніміз (лат. integratio – қалпына келтіру,
толықтыру, integ – тұтас, бүтін) – экономикалық субъектілерді біріктіру,
олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-
қимылын тереңдету. Жаңа мəдениетке интеграциялану, сол ортаның
қарым-қатынас түр сипатын белгілі бір мөлшерде қабылдау.
Жаңа мəдениет дегеніміз не, оны қалай интеграциялауға бола-
ды деген мəселелерге келетін болсақ, мəдениеттің дəрежесі, сипаты
қоғамдық құбылысқа бейімделеді. Мəдениет адамнан тыс немесе адам
мəдениеттен тыс өмір сүре алмайды. Бірақ, сол мəдениетті қабылдау
оны өз бойында жетілдіру əрбір жеке адамның қабілетіне, санасына бай-
ланысты. Мəдениет неден басталады дегенде біз гигиенадан басталады
десек қателеспейміз. Адамның өзін-өзі таза ұстауы, киімінің таза болып
оны орынды киюде мəдениет. Өзін-өзі таза ұстаған индивид өзі өмір
сүрген аймағын яғни үйін немесе пəтерін жұмыс орнында таза ұстауы
анық. Ал ендігі мəдениеттің сатысын оның сауатымен біліктілігімен
Байжуманова М.М.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
МƏДЕНИЕТТІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛАНУЫ
84
байланыстыру артық болмайды. Неғұрлым адам білікті болса, оның ойы,
санасы соғұрлым дамыған болуы ықтимал. Əрине бұл жерде сол жеке
тұлғаның өмір сүру ортасыныңда оның жеке тұлға болып қалыптасуына
зор əсер ететіндігі өзінен-өзі белгілі. Демек, адамның санасына оның
өскен ортасы оның аясы əсер етпей қоймайды.
Қазіргі Қазақстанда сауат ашудың, білім алудың, біліктілікке
жетудің жолдары сан алуан. Міне, бұл мəдениеттің интеграциялануының
басты көрсеткіші. Білім алудың бірнеше сатысы төменгі буын –
колледждік білім, орта буынды – институт, университеттік білім, жоғары
деңгейдегі аяқталған білім – магистрлік білім. Білім берудің бұл сатыла-
ры интеграциялану арқылы бізге батыс Еуропадан келді. Жоғарғы оқу
орындарында ерекше білім танытқан студенттер грантқа ие бола алады,
бұл да жаңа жүйе. Біліктілікті жетілдіруде де жеңілдіктер жеткілікті –
ол компьютермен байланысты. Компьютерлік яғни желілік байланыс
арқасында біздерге, яғни жалпы жастарға сауаттылық деңгейді көтеруге
үлкен мүмкіндіктер бар, мысалы тіл үйрену, салауатты фильмдер көру,
кез-келген ғылым саласы бойынша ақпарат алу, ары кеткенде науқасына
байланысты дəрі-дəрмек туралы мағлұмат алу, т.б. толып жатқан пайдалы
кеңестер. Бірақ, кей жағдайда қоғам мүшелерінің тек қана ғаламторлық
мағлұматтармен шектеліп қалуы байқалып жатады. Осының əсері болса
керек əсіресе жастар жағы классикалық шығармаларды жалпы əдебиетті
қолға ұстаудан қалып барады. Қазақ жастары əдеби шығарма оқудан
оның ішінде ұлы классиктердің шығармаларын оқудан қалып барады.
Бұл дабыл қағарлық жағдай. Өйткені, ол шығармалардың рух берерлік,
адами қасиеттерді егерлік сипаты бар. Европа алдыңғы қатарлы деген
жастарға бір жақты ой қалыптасты. Əрине, технологиялық жетістіктерін
мойындамауға болмайды, ал шығыстың даналығы мен адами өзара
қарым-қатынасына оның ішінде туыстық қарым-қатынаста орын ала-
тын дəстүрлі қазақ мəдениеті баршаға үлгі боларлық. Европадан біздің
жастар білім мəдениетін қабылдар болса, оның пайдасы зор болар
еді. Əр мемлекеттің өзіндік даму жолы мəдени ерекшелігі бар. Біздің
жастарымыздың арасында осы жағдайларды ажырата алмай адасатын-
дарыда кездеседі. Оларды ғаламтордағы теріс ақпараттар қызықтырып
уақыттың басым бөлігін сонымен жіберіп алып, соңында барлығынан
бос қалатындар жеткілікті. От басында уақыттың шектеулі екенін санаға
сіңдіріп отыруды тиімді деп есептеймін.
Мəдениеттің келесі сатысы ретінде ұлттық дəстүр салт-сананы
жатқызуға болады. Бұл-төл мəдениет, халықпен бірге жаратылып келе
Раздел 1.
Государственный язык как основа
табильности независимого государства
85
жатқан мəдениет, себебі біз, дəстүр болып қалыптасқан «үлкенді сыйлау
қай ғасырда пайда болды?» деген сауалға нақты жауап алуымыз мүмкін
емес. Қазақ халқы басқа да халықтар сияқты қалыптасуы тереңнен келе
жатқан ұзақ тарихы бар халық. Бұдан айтқым келіп отырғаны, дəстүр
халықпен бірге қалыптасатын тарихи ұғым. Қазақ халқына туа бітетін
қасиет – үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу ол туралы жоғарыда
сөз еттік. Бүгінгі таңда біздің ұлтымызға жат келеңсіз жағдайлармен
кездесіп жатамыз. Жастардың үлкен алдында бойтартпай темекі шегіп,
анайы сөздер айтып жататын кездері болады. Бұл қай ұлт өкіліне бол-
са да жараспайтын қасиет. Ұлтымыздың тарихында қарттар үйі, түрме
деген ұғымдар тіпті болмаған, ал қазір қарттар үйіне кезек күтіп, барып
өту жиі кездеседі, бұның өзі біздің ұлтымызда болмаған жағдай.
ХХІ ғасырдың шынайы кілті жаһандану білім саласынада келді.
Біз қазір ең сауатты ел қатарына жатамыз. Бұл саладағы көрсеткіш өте
жоғары, бірақ жаңа технология саласында дəреже төмен. Көп жағдайда
сенеріміз шетел мамандары немесе шетел тауарлары. Тəуелсіз еліміздің
кезең-кезеңмен атқарып жатқан білім саласындағы іс-шаралары
мемлекеттің өре мен қуатының ізденісін аңғартады. Орайы келгенде
айтып кететін жағдай білім саласындағы реформаларды жасауда да
тиімді жол таңдаған абзал болар еді. Олай дейтін себебіміз əсіресе мек-
теп қабырғасындағы білім беруде оқулықтардың басым бола түсуімен
байланысты. Өзге елдермен тең тұрамыз деп ҰБТ енгізілді. Бұл əдіс
біздің байқауымызша өзін өзі ақтап келе жатқан жоқ. Оны мектеп
қабырғасындағы оқушыларға жаттанды əдісті үнемі қолдану олардың
логикалық ойлау қабілетін төмендетеді. Оның үстіне жаттандылық
жауапкершілікті де азайтады.
Жаһандану заманында интеллектуалды азамат қалыптастыру,
қойылған міндетттер бойынша жастардың дүниетанымын өзгертіп,
олардың жаңаша ойлау қабілетін арттыруға, білімге деген құштарлығын
оятуға, отансүйгіштік қасиетін одан əрі дамытуға бағытталып отыр,
бəсекеге қабілетті азаматтарды даярлауға ғана қатысты емес, оларды
ел экономикасын, мəдениетін алға тартатын күш ретінде орнықтыруға
да байланысты. Білім жүйесін əлемдік дамыған инновациялық техно-
логиялармен жабдықтау, білім мен ғылымның халықаралық стандар-
тын меңгеру, сапалы білім беруге қол жеткізу, қоғам сұранысына жауап
беретін білікті маман даярлау.
Отандық жəне шетелдік зерттеушілердің ойына қарағанда,
жаһандану жағдайында өмір сүретін болашақтың адамы ерек-
Байжуманова М.М.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
МƏДЕНИЕТТІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛАНУЫ
86
ше құзыреттілікке ие болуы керек олар: өзара ынтымақтастық,
мотевациялық факторларды нұсқау етіп пайдалану, барлық жағдайда да
шыдамды, тілдерге бейім, азаматтық борышы мықты болу міндет.
Жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйелерінің да-
муы жəне интеграциялануының мақсаты: Біріншіден Əлемдік
жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйелерінің дамуы жəне
интеграциялануының кезеңінде жастарға берілер білімнің мазмұнын
ұлттық құндылықтармен толықтыру. Ұлттық құндылықтарды осы
заманға бейімдеп енгізу. Екіншіден, жастардың бойында қоғамның
экономикалық жəне əлеуметтік саласына деген практикалық таным
негізін қалыптастырып, өзінің, отбасының, достарының, айналасының,
жалпы қоғамның əл-ауқатын ойлайтын жауапкершілігін сезіндіру.
Үшіншіден, шыққан əлеуметтік тегіне қарамай, талантты да белсенді,
білімді де ойлы жастарды толық қолдау арқылы қоғамның əлеуметтік
икемділігін қамтамасыз ету, адамгершілікті, тəуелсіз жеке тұлғаны
қалыптастыру. Төртіншіден, білім мəдениеті мен қоғам алдындағы
жауапкершілікке бағытталған кешенді іс-шараны жағымсыз нəрселерді
(наркомания, бейəдептілік, т.б.) алыстатуға бағыттап құру. Бесіншіден,
білім – еркіндік пен таңдаудың көзі əрі дем берушісі. Білімге əлеуметтік
тапсырыс беруші – жалғыз мемлекет емес, мүдделі мекемелер, ойлы да
іскер адамдар болуы тиіс.
2005-2013 жж. білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасы
негізінде жаңа жүйелеу іс-шаралары жүзеге асырылды. Басқару
деңгейінде құрылымдық өзгерістер енгізілді. Бұл шаралар Юнеско-97
халықаралық стандартына сəйкестендірілді. Мектептерді 12-жылдық
білімге көшіру шарасы сын-тəжірибеден өткізілуде. Сонымен қатар,
Қазақстан Республикасындағы білім берудің 2010 жылға дейінгі
дамуының мемлекеттік бағдарламасына сəйкес жəне əлемдік тəжірибеге
сүйене отырып, жоғары оқу орындарында үш сатылы білім беру жүйесін
қалыптастыру жүзеге асырылуда. Ол бакалавриат-магистратура-доктор-
антура. Бакалавриат жүйесіне көшу негізінен аяқталды. Оған қажетті
нормативтік-құқықтық құжаттар, жаңа бейіндер, оқу стандарттары,
бағдарламалары жоғары оқу орындарында жүзеге асырылп жатыр.
Жоғары оқу орындарында 4 жылдық бакалавриаттан кейін 2 жылдық
магистрлік бағдарламасын жүзеге асыру көзделді. Ал, 2005 жылдан ба-
стап, тұңғыш рет доктор (Ph.D) дайындау бағдарламасын жүзеге асыру
енгізілді. Соңғы мəліметтерге сүйенетін болсақ, Қазақстан халқының
сауаттылығы 95%-дан асыпты. Əрине, осыған орай өзінен-өзі туын-
Раздел 1.
Государственный язык как основа
табильности независимого государства
87
дайтын міндет – ендігі жерде білім сапасына көңіл бөлу. Білім саласын
инвестициялауды жақсарту арқылы екі мəселені шешуге мүмкіндік
туады, біріншісі, отандық кəсіпорындарды жетілдіруге қол жеткізу
болса, екіншісі, жұмыс күшінің тапшылығын жою. Адам сапасының
басты көрсеткіші оның білімі мен біліктілігінде екеніне көз жеткізген
сияқтымыз.
Мəдениеттің интеграциялануы тек қана білім мен біліктілікті
ғана қамтып қойған жоқ, ол – өнердің сан – алуан түріне ықпал ету-
де. Атап айтсақ, киноматография саласы: шет ел фильмдерін сатып алу
бизнес əрине, оған кез-келген сауатты азаматтың көзі жетеді, ал бірақ
жасөспірімдер ондағы образдарды тікелей қабылдайды… «Отырар
сазы», «Адырна» күй аспаптар оркестірлері Құрманғазы, Дəулеткерей
т.б. күй аталарын танытса, «Ұлытау» сияқты ансамбльдер күйдің жаңа
нақышын уағыздаушыларға айналды. Театр өнеріне келетін болсақ, бұл
өнерде құлап барып тұрып келе жатқан образ секілді. Жастар театрды
түсіне алмайтын дəреже жетті. Сурет өнері, мұражайлық мəдениетте
дағдарысты қатты сезінді. Тек экономикалық жəне саяси маңызды
қалаларда болмаса, мұражайлардың көбісі жабылған жағдайлар орын
алды. Барлық жағдай экономикамен байланысты, инвестицияны тиімді
пайдалану арқылы т.б. экономикалық маңыздағы реформаларды жүзеге
асыру арқылы дағдарыстан шығар болсақ, Америка, Европа алдыңғы
қатарлы Азия елдерінен үйренерлік тəжірибе жеткілікті.
Қорыта келе, еліміздің тəуелсіздігі, болашағы білімді, білікті
азаматтардың қолында олардың кəсіби деңгейіне байланысты. Қазіргі
жүріп жатқан ұлттық білім беру жүйелерінің дамуы жəне интеграцияла-
нуы, білім берудің жаңа үлгісінде іскерлік сипаттың байқалуыда уақыт
талабынан туындап отырған жағдай. Қазақстан Евразия материгінің
кіндігі деп есептесек, қоғам мүшелерінің мəдени дамуына оның
сан алуан бағыттарын тиімді пайдалануға толық мүмкіндіктері бар.
Мəдениеттің жаһандануы бізге тиімді, əлем деңгейіндегі алдыңғы
қатарлы жетістіктерді бізге жеткізеді. 2017 жылы ЭКСПО əлемдік-
дүниежүзілік көрме Астанада өтетін мəре Қазақстанға тиді. Бұл іс-
шараның өткізілуі үшін Астана қаласының маңынан 1,5 млрд долларға
есептелген жаңа қалашықтың салынуы жоспарлануда. Əлемдегі
алдыңғы қатарлы мемлекеттер өз жаңалықтарын осы көрмеге алып
келіп көрсетеді. Бұл сайысты өткізуге жəне одан үлгі алуға, материалдық
табысқа жетуге, дүние жүзіне танылуға, əлемнің Қазақстанды мойында-
уына үлкен жол ашылды. Бұл мəдени алмасудың басты көріністерінің
Байжуманова М.М.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
МƏДЕНИЕТТІҢ ИНТЕГРАЦИЯЛАНУЫ
88
бірі. Білімнің біліктіліктің сынға түсер сəттерінің бірі. Қазақстан өзгені
ғана танып қоймай, өзінде танытарлық кездерге жетіп келеді.
ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Аяған Б.Ғ., Əбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. –
Алматы: «Раритет», 2010 ж.
2. Мəдениеттану жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. – Алматы,
2005 ж.
3. Болашақ мамандарды даярлау. Ұлт тағылымы. – № 4, 2005 ж.
4. Жаңа технологияға – жаңаша көзқарас // Труды международной на-
учной конференции. Наука и образование – ведущий фактор стратегии
«Казахстан-2030». – Қарағанды: КарГТУ, 2005 ж.
Касенова А.А., «№ 12 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ,
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТІН ЗАМАНАУИ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯ МЕН ПЕДАГОГИКАНЫ ҰШТАСТЫРА
ОТЫРЫП ОҚЫТУ
Қазіргі кезде əлемдік білім беру жүйесі жаңа, тың бағытта даму
жолында. Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялар
пайда бола бастады. Бүгінде Қазақстан Республикасының білім беру са-
ласы да қарқынды дамып келеді. Қазақстан əлемде дамыған елу елдің
қатарына қосылуды мақсат етіп отыр. Осы мақсатқа жетудің негізгі
шарттарының бірі-мемлекеттік тілдің, қазақ тілінің қоғамдағы орнын,
саяси қызметін дамыту.
Жас ұрпаққа сапалы білім беру – қоғам алдындағы басты міндет.
Ал қазіргі оқу процесінде ескі əдіс-тəсілдердің жаңа заман талабына
жауап бере алмайтыны белгілі. Сондықтан бүгінгі жас ұрпаққа уақыт
талабына сай, сапалы білім беруді жетілдіру – оқу-тəрбие процесіне
озық тəжірибелер мен ғылыми жетістіктерді талап етеді. Ал жан-жақты
жетілген, өресі кең, ақыл-парасаты мол, Отанының нағыз азаматын
тəрбиелеуде, оларға сапалы білім беруде ұстаздардың ролі ерекше.
Қоғамдағы болып жатқан əртүрлі əлеуметтік-экономикалық
өзгерістерге сəйкес білім беру, бəсекеге қабілетті тұлғаны тəрбиелеу,
Раздел 1.
Государственный язык как основа
табильности независимого государства
89
əлемдік деңгейге сəйкес келетін біліммен қаруланған шəкірт дай-
ындау міндеттерін жүзеге асыру ұстаздан үлкен шеберлікті қажет
етеді. Өткізілетін сабақ қызықты, тартымды болып, оқушы зор
ықыласпен, ынтамен қатысу үшін əртүрлі əдіс-тəсілдерді пайдалану
керек. Себебі олар тек білімді меңгертіп қана қоймай жеке тұлғаның
танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттырады, белсенділіктерін
жоғарылатады. Оқушылардың білімін арттыру жəне пəнге де-
ген қызығушылығын жоғарылату үшін, ең алдымен олардың неге
қызығатынын білу керек. Біздің өрен жастарымыз жаңалыққа құштар.
Қазіргі кездегі озық технология жаңалықтарына бейім. Сондықтан да
компьютерді білудің, компьютермен жұмыс жасай білудің, электронды
тапсырмаларды орындай алудың маңызы өте зор. Қазіргі кезде еліміз
жоғары қарқынмен дамып келеді. Алдыңғы қатарлы дамыған мемлекет-
тер қатарына қосылуға үлкен дайындықпен келу керек. Болашақ жаста-
рымыз заман талабына сай, өмір ағымымен бірге жүзе алатын, бəсекеге
қабілетті, əлемдік деңгейге сəйкес білімді азаматтар болу керек. Бүгінгі
таңда мектептің де, мұғалімдердің де ең қасиетті міндеті-рухани бай,
жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға даярлап шығару. Мектептегі əр
пəннің өзіндік ерекшеліктері бар. Солардың бірі-қазақ тілі мен əдебиет
пəндері. Еліміздің білім беру саласындағы бүгінгі күннің аса бір өзекті
мəселесі-қазақ тілі мен əдебиетінің оқытылуы жайы. Мектеп-білім
негізі ғана емес,мемлекеттің іргетасы, алтын қазығы болса, қазақ тілі-
білім тілі, мемлекеттің іргетасы мектептік білім берудің негізгі тіліне
айналып келеді. Сондықтан да бəріміздің анамыздай аялы, қасиетті де
киелі туған тіліміз бен əдебиетімізді оқыту сапасын арттыру – бүгінгі
күннің өзекті мəселесі. «Ана тілін жақсы білмейінше басқа пəндерді
түсіну мүмкін емес» - дейді белгілі психолог, педагог-ғалым Ж. Аймау-
ытов. «Тіл – ақылдың өлшемі» деп халық бекер айтпаған. Тіл-кез-келген
ұлттың ұлттығын, елдің елдігін танытатын белгі.
Қазіргі кездегі қазақ тілі сабағына қойылатын негізгі та-
лап – қазақ халқының бай тілін оқыту, сабақта халық педагогикасын
қолдану, пəнаралық байланыс жасау жəне сабақты қызықты, мəнді етіп
өткізу. Ол үшін сабақты компьютер жəне интерактивті тақтаны пай-
далана отырып жүргізу. Мұғалімнің алдына қойылар басты мақсаты –
оқушылардың білім сапасын арттыру. Олардың пəнге қызығушылығын,
ізденімпаздығын, өздігінен ойланып, жұмыс жасай білу қабілеттерін
жетілдіруге, өзіндік дамуына, қазақ тіліндегі қиын дыбыстарды
меңгеруіне, еркін сөйлеп, мəнерлеп оқи білулеріне оқытудың жаңа тех-
Касенова А.А.
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТІН ЗАМАНАУИ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ МЕН ПЕДАГОГИКАНЫ
ҰШТАСТЫРА ОТЫРЫП ОҚЫТУ
90
нологиялары зор мүмкіндік береді. Сондықтан да сабақты түрлендіріп
өткізудің мəні зор. Сабақты əртүрлі əдіс-тəсілдерді қолдана отырып,
оқыта үйрету, ойын элементтерін пайдалану, түрлі жаттығулар жүргізу –
оқушылардың іскерлігін, дағдыларын жетілдіріп, айтылым, тыңдалым,
оқылым, жазылым əрекеттерін дамытып, өздеріне деген сенімдерін
нығайта түспек.
Өз сабақтарымда өткен сабақты пысықтауда, жаңа сабақты
түсіндіруде, сабақ барысында, өтілген материалдарды бекітуде жəне
жаңа талаптарға сəйкес білім алу мақсатына жету үшін, компьютермен
жұмыс, интерактивті тақтаны пайдалану, əр түрлі электронды тапсыр-
маларды орындату əдіс-тəсілдерін пайдаланамын. Оған жоғарғы сы-
ныптарда өткен «Қазақ халқының ұлттық тағамдары» атты сабағым
мысал бола алады. Сабақта қазақ халқының бай дастархан мəзірі мен
тамаша қасиеті – қонақжайлығымен таныстық.
Сабақ кіріспе сөзден басталды: қазақ халқы бес саусағынан өнері
тамған шебер халық қана емес-бауырмал, кішіпейіл, қонақжай халық.
Бай тіліміз тəрізді біздің салт-дəстүріміз де алуан түрлі. Бұл – біздің
мақтан етер, көзіміздің қарашығындай қорғар мол қазынамыз.
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, əрі қастерлей білген.
Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті
құндылықтың бəрінен де жоғары қойған.
Қазақ халқы асты үш түрге бөлген
Ақ Қызыл Көк
Сүт тағамдары
Ет тағамдары
Жеміс тағамдары
Қазақ халқында нанның орны ерекше: Ас атасы – нан; нан –
қасиетті, киелі ас; нанды жерге тастамайды; үстіне зат қоймайды; мы-
жыма.
Нан түрлері: таба нан, қазанжаппа, шелпек, күлше (тоқаш),
қиықша, бауырсақ, құймақ.
Қазақ халқында мынандай тыйымдар мен нанымдар болған:
1.Тамақ ішкенде ерсі қимыл, жаман сөз айтылмайды.
2. Жалаң аяқ, жалаң бас отырмайды.
3. Жатып, көшеде келе жатып, тұрып тамақ ішпейді.
Фразеологизмдер.
1. Аузынан ақ май ақты.
2. Аяққа құйған астай. 3. Ішкен асым батпайды.
4. Ішкен асын жерге қояды.
Раздел 1.
Государственный язык как основа
табильности независимого государства
91
Ұлттық тағамдар жайында алған білімдерін бекіту үшін элек-
тронды тапсырмаларды орындаттым.
Тапсырмалар.
I. Мына сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Қонақжайлық қасиет қазақ халқына қайдан дарыған?
2. Атамыз «Қазақ» ұрпағына қандай өсиет айтып кеткен?
3. Дастархан басында қандай əдеп сақтау керек?
4. Асты қалай ішу керек?
II. Ой толғау. Азық – түлікті халықтың тілінде тағы қалай айтады?
ІІІ. Ойлан, тап:
1. Қазақ халқы асты неше түрге бөлген? «Ақ» деп нені айтады?
«Қызыл» деп нені айтады?
ІV. Мына сөйлемдерден асты сызылған сөздердің қай септікте
екенін анықта.
1. Нан – астың басы, ас атасы. 2. Нанды қасиетті, киелі ас дейді. 3.
Нанның үстінен аттамайды. 4. Нанды жерге тастамайды. 5. Нанмен ой-
намайды. 6. Нанның үстіне зат қоймайды. 7. Үйге келген адамға наннан
ауыз тигізеді. 8. Нанды бір қолмен үзбейді.
V. Қандай сүт тағамдарының түрлері бар? Атап бер.
Сапасына қарап оларды қалай айыруға болатынын айтып бер.
1. Сұйық ... ... ... сүт 5. Тұщы ... ... сүт, кілегей
VI. Төрт түлік малды жəне олардан алынатын сүт өнімдерінің
қалай аталатынын айтып бер.
Төрт түлік мал:
Сүт өнімдері:
– Биеден - ... ... ... . қымыз
VII. Ет тағамдары.
Мына сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Қазақтың кең тараған ет тағамы не? 2. Сыйлы қонақтың алды-
на не тартады?
3. Сиыр етінен жасайды (ішекке салады). 4. Жылқы етінен жасай-
ды (өте дəмді).
VIII. Фразеологизмдердің мағынасын айт:
1. Ақсарбас «жеті нан құдайы» беремін. 2. Кеудесіне нан піскен.
IX. Мақал-мəтелдерді аяқта:
1. Астан үлкен ... ... . 2. Арпа, бидай ас екен, ... ... ... ... ...
... .
Озық технологияны пайдаланудың тиімді жақтары өте көп.
Осындай
тапсырмаларды
орындату
арқылы
мынандай
Касенова А.А.
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТІН ЗАМАНАУИ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ МЕН ПЕДАГОГИКАНЫ
ҰШТАСТЫРА ОТЫРЫП ОҚЫТУ
92
жетістіктерге қол жеткіздім:
1.
Оқушылар
қазақ
халқының
тамаша
дəстүрі
–
қонақжайлылығымен танысты.
2. Қазақ халқы асты қалай бағалап, қастерлей білгенін жəне астың
адам өмірінде қандай орын алатынын білді.
3. Дəм татыру қандай қызметтер атқарғанын, оның қандай рөлі
барлығын білді.
4. Қазақ халқының қонақжайлылығы туралы аңызбен танысты,
халқымыздың тарихын білді.
Сабақты пысықтауда тапсырмаларды орындау арқылы балалар
білімдерін толықтырды:
1. Сұрақ – жауап арқылы оқушылар білімдерін тиянақтады.
2. «Азық – түлік деген не?» ой толғауында өз ойларын тірек –
сызба арқылы берді.
3. Ас беру нені білдіреді? Сұрақ қою арқылы қонақжайлылық
дəстүріміздің қазақ халқының мейірман, бауырмал, қонақжай, кеңпейіл
екенін аша білді.
4. Грамматиканы қайталауға арналған тапсырмада сөйлемдерден
септік жалғауларын тауып, қайталады.
Осындай тапсырмаларды орындату оқушылардың сабаққа деген
ынтасын жоғарылатып, қызығушылықтарын арттырады. Оқушылар
берілген материалдарды тек меңгеріп қана қоймай, естеріне сақтап
қалады. Көзбен көріп, өздері орындай алатын болады. Кейбір сыныптың
оқушылары өздері де осындай тапсырмаларды жасауға тырысады.
Ата-бабамыздың ата салтымен, дəстүрімен қанымызға сіңіп кет-
кен ұлттық тəрбиенің ұрпақ тəрбиелеуде атқаратын ролі зор. Ұлттық
тəрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор,
сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тəрбие – ел
болашағы. Жаңа ғасырдың жастары ана тілін, тарихын, мəдениетін,
əдет-ғұрпын, салт-дəстүрін, қолөнерін біліп, қазіргі заманға сай озық
біліммен қарулануы жəне отаншыл болуы керек. Ол үшін бабалар
дəстүрінен тағлым алып, ұлттық салт-санамен сусындауы керек.
Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған
«Қазақстан-2030» атты жолдауында елдің тірегі білімді ұрпақ екенін
атап көрсетті. Сондықтан туған елін, жерін сүйетін, Отанын қорғайтын
білімді, саналы, рухани бай, мəдениетті, үлкенді сыйлап, салт-дəстүрді
қастерлейтін азамат етіп тəрбиелеу – біздің басты міндетіміз.
Раздел 1.
Государственный язык как основа
табильности независимого государства
|