Тахауи ахтанов боран


Қоспан. Менен басқа біреу сөйлесе қайтеді, Қасеке? Жаңыл



бет8/23
Дата20.09.2023
өлшемі70,87 Kb.
#109019
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Қоспан. Менен басқа біреу сөйлесе қайтеді, Қасеке?
Жаңыл. Менің шалымды оған қинамай-ақ қойсаңызшы, Қасеке?
Қасболат. Сенің шалыңды әлі майталман етіп шығарармыз. (Іш тартып). Жоқ, сен сөйлеуің керек. Оның үлкен мәні бар. Жоғарғы жақтың көзіне түсесің. Бүкіл газеттер атыңды жария ғып алып кетеді. Аудандағы беткеұстарымыз өзің боп тұрсың қазір. Қолда барымызды көрсетсек-айыбы жоқ.
Қоспан. Осы мені қолпаштай бересіз, Қасеке. Тек ескі достықтың орайы болмай атағыма ісім сай болса жақсы-ау.
Қасболат. (күліп). Көңіліңде күдігің бар екен ғой. Егер мен саған бөлекше жақсылық жасап жүр деп ойласаң, табыстарыңды төмендетіп көрші осыдан, ә? Сонда қалай шықпыртар екем. Менің қатал командир болғанымды ұмытып кеткеннен саусың ба, өзің?! (Күледі. Содан соң кейін іш тартып). Шынын айтсамауданда бетке ұстарымыз өзің боп тұрсың. Сенімен деңгейлестер болса да асып кеткендер жоқ... Келер жылы төл алудан ырғып бір көтерілсең... А! (Иығынан құшақтап). Үлкен абыройдың шегі көрініп тұр. Жақын... Жақындап-ақ жүрсің... (Жаңылға). Ал, құрдас, сірә тойдың үлкені келер жылы сіздің үйде болып жүрмесін. Осы бастан қамдана бер.


Төртінші көрініс

Екінші көріністегі жағдай. Жаңыл, Қасболат.




Қасболат. Иә, иә, Қоспан осындай бір үлкен мәртебеге жақындап-ақ қалып еді. Алматыға барғанда өзіне сөз сөйлеттік. Тілшілерді Қоспанның төңірегіне жинап, газеттерге де талай мақала жаздырдық.
Жаңыл. Қайтсін. О да барын аянған жоқ қой.
Қасболат. Суреті де екі-үш газетке басылды. Жоғыра жақтан ептеп сөйлесіп те қойып едім. Енді мінекей... соның бәрі.
Жаңыл. Иә, бұл төтеннен келген апат болды ғой.
Қасболат. Төтеннен келгені да рас. Құдай да «Сақтансаң сақтаймын» деген екен. Сақ болмағанын айтам-ау. Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді деп... Нағыз нысанаға жақындағанда құлағанын көрмейсің бе.
Жаңыл. Қасеке, не айтып тұрсың? Қоспанды жазғырып тұрғаннан саусың ба?
Қасболат. Ай, Жаңыл-ай, жазғырдың не, жазғырмадың не. Сүйреп қосқан тазы түлкі алмас деп... Енді жоғары жаққа не бетімізді айтамыз. Тіпті қолымыз жетіп-ақ тұрған абырой еді.

Қасболат арлы-бері жүріп кетеді. Жаңыл сазарып оған қарап қалған.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет