Қасболат. А-а, бұл бір қиын жағдай. Сіздерді тиісті орындар тексеріп анықтау керек. Оған дейін ешкім кесіп жауап бере алмайды.
Қоспан. Ау, басқалар болса бір сәрі. Ал, сіз мені жақсы білуші едіңіз ғой... Өзіңіз мені...
Қасболат. Менің сізді қырық екінші жылға дейін білгенім рас. Ал, оның бер жағында... Не істегеніңізді мен білмеймін.
Қоспан. А?
Қоспан бір сұмдықты көргендей көзі шарасынан шыға шатынап, есікке қарай ақырын жүре береді. Қасболат жалғыз.
Жаңыл жалғыз келеді. Алдынан сарықарын әйел ұшырасады.
2-әйел. Жаңылмысың. Амансың ба?
Жаңыл. Шүкір.
2- әйел. Қоспан аман ба, үйде ме?
Жаңыл. Үйде, енді қайда барушы еді?!
2-әйел. Сұмдык-ау, Жаңыл, мен бiр жаманат хабар естідім-ау. Берегірек келші. Әлгі Меңдібай сорлыны ұстап кетiптi ғой.
Жаңыл. Неге?
Сарықарын әйел. Ойбай-ау, тұткында болғандарды ұстап жатқан көрінеді ғой. Әлгі Андрей шофердi бiлесiң ғой, оны да алып кетіпті. Әйтеуір Қоспан аман ба?
Жаңыл (шошынып). Қой, бекер шығар.
2-әйел. Өтірік айтып... Ол бiр ойнайтын нәрсе ме.
Жаңыл. Қой... Қоспанның күнәсi жоқ қой. Апырмай, олай болмас... Қате шығар... Жазығы жоқ қой оның. Жазығы жоқ еді ғой. Жан баласына жазығы жоқ едi ғой.
Жаңыл жүгiре басып шығып кетеді.
Алтыншы көрініс
Қоспанның үйі. Қоспан үнсiз сұлык жатыр. Сырттан Жаңыл кіреді. Қасына келіп отырады. Қоспан тіл қатпайды. Екеуі үнсіз.
Жаңыл. Жұмыс жағынан не ойың бар? (Қоспан үндемейді. Пауза). Осылай өз жаныңды өзің кеміріп жата бересің бе? Бір қарекет етпейсің бе?
Қоспан. Ауырлай бастадын ба? Саған да керегім болмай қалган екен ғой.
Жаңыл. Сен не дедiң, Қоспан? (Пауза). Өзiң әбден қажыған екенсiң.
Достарыңызбен бөлісу: |