Тахауи ахтанов боран


Қасболат. Иә, иә енді байтал түгіл бас қайғы. Жұлдыз алмақ түгіл бар абыройыңды жұлдырып шығарсың мұндайда. Жаңыл



бет9/23
Дата20.09.2023
өлшемі70,87 Kb.
#109019
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
Байланысты:
Пеьса Боран

Қасболат. Иә, иә енді байтал түгіл бас қайғы. Жұлдыз алмақ түгіл бар абыройыңды жұлдырып шығарсың мұндайда.
Жаңыл. Қасеке, бері қараңыз, Қасеке. Не деп тұрсыз өзіңіз? (Қасболат таңырқай қарайды). Несіне таңырқайсы, әлде мен үндемегенге тілі жоқ деп еді едіңіз? Жұлдыз, абырой... Қоспанның іздегені сол ма еді? Менің іздегенің сол ма еді? Менің іздегенім сол ма еді? Біз атақ-даңқ іздеп жүрген жоқпыз.
Қасболат. Не деп тұрсың, Жаңыл? Менің Қоспанға жақсылықтан басқа ойлағаным бар ма еді.
Жаңыл. Жақсылығыңызға рақмет, Қасеке. Осы бір үш күн боран маған үш жылдан артық болды. Енді жақсылық пен жамандыққа да басқаша қарайтын болыппын. Сіз абырой, атақ дейсіз. Мен айтып берейін, Қоспанның өмірін, Өз өмірімді. Сонда, мүмкін, сіз де басқаша ұғарсыз.
Қасболат. Ау, мен білмейтін сендердің өмірлерің бар ма еді?
Жаңыл. Мүмкін білсең де білмегенің бар шығар, көрсең де ұқпағаның бар шығар. Сізге атағы керек, маған Қоспанның өзі керек. Мен осымен үшінші рет жоғалтып отырмын.

Жаңыл ойланып қалған.


Құлағына еміс-еміс әйелдердің дабырлағы дауысы келеді. Шам сөнеді.


Бесінші көрініс.

Жаңыл жалғыз. Сахнаға дабырлап почтальонды


қоршаған әйелдер шығып келеді.

1-әйел. аға-ау, дұрыстап қарашы, менің Нартайжанымнан хат бар ма екен.


2-әйел.Апа, қоя тұршы. Бес-ақ күн болды ғой хат алғаныңа. Соғыстағы бала күнде хат жазатын ерігіп жүр деймісің.аға, сөмкеңнің түбін ақтарып жіберші, біздің үйдегіден хат ұзап кетті ғой.
Почтальон. Бар болса бермей қайтейін. Жоқ міне.
2- әйел. Неге жөндеп қарамайсың.
Почтальон. Сөмке дегенің міне. Мен ышқырыма тығып қойған жоқпын ғой сенің хатыңды. Жоқ болса қайтейін.
1-әйел. Сабыр етсейші, Жанипа-ау, келер.
Келіншек.Аға, менің де хат алмағаныма айдан асып кетті ғой.
Почтальон. Үмітіңді үзбе, айналайын.
1-әйел Қайтсін, бейкүнә байғұс. Оң жақта дұрыстап ойнап-күле алмаған соң.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет