Тахауи ахтанов боран


Жаңыл. Шаршаған шығарсың. Үйге жүріп тамақ ішсейші. Қоспан



бет11/23
Дата20.09.2023
өлшемі70,87 Kb.
#109019
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Жаңыл. Шаршаған шығарсың. Үйге жүріп тамақ ішсейші.
Қоспан. Қазір бітіріп тастайын. (Шегені қағып жіберіп). Барып тұр солай. Осымен үй де бітіп қалатын болды. Енді тойға дайындалсаң қайтеді, Жаңыл.
Жаңыл. Жаңа үйге той жасағың келеді ме?
Қоспан. Анау жылдары екеуміздің қосылған тойымыз жұпыны болып еді. Енді бір сілтейікші.
Жаңыл. Қоспан... Сен білесің бе... Мен шынымды айтайын... Мен үшін сол жұпыны тойдан үлкен, содан асқан той болған емес.
Қоспан (күліп). Мен дұрыстап той жасай алмадым деп сенен қысылып жүрсем. (Байсалданып). Шынында да айып менен болды. Қазақта «жетім қыздың тойындай» деген жаман сөз бар. Оның үстіне сенің жетім екенің рас... Расында ағаттық жасаппын.
Жаңыл. Ондай сөзді айтпа, Қоспан. Менің сенімен жасаған өмірім күнде той. Несін жасырайын, кейде өзіме-өзім сенбеймін. Осының бәрі жақсы түс сияқты. Қайсібір кезде оянып кетіп бұрынғы күніме түсем бе деп қорқамын.
Қоспан. Сен мені өйтіп қолпаштай берме, Жаңыл. Сен өз бағаңды өзің білмейсің. Бақытты боп жүрген әйелдердің сенен несі артық. Мұрат қайда?
Жаңыл. Үйде. Сенің әкелген ойыншығыңа мәз болып... Тіпті қызығы басылар емес.
Қоспан. Ұнатқан екен ғой, боқмұрын. Өзі ертеңгісін ылғи күліп оянады. Кеше жұмысқа бара жатсам бөркімді бермей қойғаны. Жібергісі келмейді.
Жаңыл. Сен өзің тым көп еркелетесің.
Қоспан. Баланың еркелегені жақсы. Оның кішкентай ғана жүрегі бар, титтей нәрседен жүдеп қалады. Айтпақшы, Жаңыл, мен саған жаңалық айтайын ба?
Жаңыл. Иә?
Қоспан. Сенің күйеуің үлкен әкім болатын түрі бар. Маған ауаткомға секретар бол деп жатыр.
Жаңыл. Рас па?
Қоспан. Рас. Тек сен әзір ешкімге айтпа. Оған демалыс алып елге барып келеміз. Жайлауды аралаймыз. Есің де ме екеуміздің судың басында кездескен жеріміз. Сен маған бұрылып қарамай қойып ең ғой, ә...
Жаңыл. (жалғыз). Ол бір тамаша жаз еді. Бақсам бақытымның соңы да сол екен. Біз елге бара алмай қалдық. Қоспан қоштасар кезде өзінше сыр бермей өзгелермен көп сөйлесті. Бірақ Мұрат екеумізге жаутаңдап қарай береді. Содан-ақ қиналғанын сезіп едім.

Қараңғыдан Қоспан көрінеді.


Қоспан. Ал, Жаңыл, берік бол. Мұратжанды жүдетіп алма. Ал енді... сау болып тұрыңдар...


Жаңылды құшақтауға ұмтыла береді. Елес көшеді.


Жаңыл. (жалғыз). Мұрат... атын әкесі қойған. Үй ішін қуанышқа толтыра келген бала еді. Өскен сайын аузынан түсіп қалғандай Қоспаннан аумай барады. Бір күні жұмыстан шаршап келсем, пышақты алып ағаш жонып отыр. Әбден құшырланып оң жақ езуін жымқырып алған. (Жаңылдың бірте-бірте өні суынып, әлденеден шошынғандай тітіркеніп қалады). Жаппасбай...

Қараңғыдан Жаппасбай көрінеді.


Жаппасбай. Тез! Тез! Шығыңдар тез, оратылмай. Немене?! Жоқ. Жаппасбайды, көз жасыңмен жібіте алмайсың. Қиқаңды қой да шық жұмысқа. Сендейлерді мүрдем кетіруге менің болномочием жетеді. Дабай, дабай! Дабай! Дедім ғой мен!

Елес көшеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет