Тахауи ахтанов боран


Қаламүш. Жә,жә. Мен бұзау емеспін ғой. Жаламай-ақ қой. Қадыржан



бет7/23
Дата20.09.2023
өлшемі70,87 Kb.
#109019
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
Пеьса Боран

Қаламүш. Жә,жә. Мен бұзау емеспін ғой. Жаламай-ақ қой.
Қадыржан. Өзің тіпті кісі қолында өсіп, тасбауыр болып кетіпсің ғой.
Қаламүш. Атам мен Салиха апамның дендері сау ма? Өзің қайдан жүрсің?
Қадыржан. Сау, сау. Мына Қасекеңнің қасына еріп... Әкем де, Салиха папам да сені сағынады. Үйге неге соқпай жүрсің.
Қаламүш. Өткен айда екі рет бардым. Өзің үйде тұрмайсың.
Қадыржан. Ау енді озат шопан болғасын әкім-қара, өкілдердің қасына еріп... Жиналыс дегені тағы бар. Маза бермейді.
Қаламүш. Иә, тіпті қиын болған екен.
Қадыржан. Айтатыны жоқ.
Қаламүш. Озат шопан атану оңай емес десейші, қысқасы, қойды кім бағады?
Қадыржан. Кім бағадысы несі. Құдайға шүкір, сен кісі қолында болсаң да қарасыз отырған жоқпыз. Малға бас-көз болатын адам табылады. Әкем бар. Салиха апам бар.
Қаламүш. Иә-ә, шынында да саған қиын болып жүр екен, ағасы. Қойдың азабын атам мен Салиха апама бөліп беріп, ал атағы мен абыройын жалғыз өзің қайыспай арқалап жүрсің-ау...
Қадыржан. Ай, ай, осы не деп тұрсың, ә?... Сонда туған ағаңның бақытын қызғанасың ба?
Қаламүш. Жоқ, қызғанбаймын, аяймын, ағатай. Өкілдерге еріп ет жеу деген оңай шаруа емес. (Жүгіріп шығып кетеді).
Қадыржан. Ой сені...Тілінің ащысын қарашы. Түзде жүрген бала бұзылады, осыны өзіміздің отардың соңына салып қой деп әкеме қақсап ем...

Қасболат, Қоспан, Құмар, Жаңыл қайта келе жатыр.




Қасболат. Қонақасың болса кешке жерміз, құрдас. Ал, біз жүрелік.

Бәрі шығады, Қасболат, Қоспан мен Жаңылды кідіртіп қалады.




Қасболат. Қоспан саған айта кететін бір хабарым бар еді. Осы айдың аяғында Алматыда қойшылардың мәслихаты болады. Соған қатысуға сені де белгілеп отырмыз. Бірге жүреміз. Сол мәслихатта сен сөз сөйлейсің.
Қоспан. Апырай, мен өзі сөзге шабандау едім. Үлкен жерде ұятқа қалып жүрмесем...
Қасболат. (күліп). Іске мығым болғанмен сөзге шорқақсың-ау. Бірақ о жағынан қысылма. Жүргенше сөзіңді дайындатып қоямын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет