Тахауи ахтанов боран


Қаламүш. Менің баяғыдан бергі қақсап айтып жүргенім сол емес пе, ата-ау. Мінайдар



бет4/23
Дата20.09.2023
өлшемі70,87 Kb.
#109019
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Қаламүш. Менің баяғыдан бергі қақсап айтып жүргенім сол емес пе, ата-ау.
Мінайдар. Сен, балам, бірден әріге сілтейсің. Біздің бер жағындағысына қолымыз жетпей жүр ғой. Азды ала алмай жатып, көпті дәметесің.
Қаламүш. Уызында жарымаған қозы қандай болады деуші едіңіз, есіңізде ме, ата? Там-тұмдап жүріп жүріп бір нәрсе жұлғаннан көркейіп кете алмаймыз. Жоқ, бұл істі түбірімен қолға алу керек. Осы заманда қойшының мұндай халде болуы ұят тіпті. Сіздердің бойларыңыз үйреніп кеткен әрине.
Мінайдар. Балам, қатты кетіп барасың ғой.
Қаламүш. Қатты кетпей қайтейін. Жаныма батқан соң. Бір адам алды-артын ойласа, Қоспан ағамдай-ақ болар... (Жаңылдың қасына келіп). Ал, апа, Біз енді жүреміз ғой. Сіз көп уайымдай бермеңіз.
Жаңыл. (құшақтап бетінен сүйіп). Сақ бол, айналайын. Қол-аяғыңды үсіріп алып жүрме. Мына күннің райы да түзелмей-ақ қойды ғой.
Қаламүш. Қам жемеңіз, апа. Осы жолы ағамды тауып аламыз. Анау-мынау емес, тура мықты экспедиция жасап алдық. Тек өзің жүдеп қалма.
Мінайдар. Бұл боран да қашанғы құтыра берер дейсің. Ашылар. Ал, келін қарағым, сау бол. Қоспанның тілеуін тіле. Бір ықтасын тауып паналаған шығар.

Сырттан Қасболат кіреді.


Қасболат. Ал, дайынсыз ба, ақсақал.


Мінайдар. Дайынбыз. Біз міне жүріп барамыз.
Қасболат. Жөн-жосықты білесіз, жастарға бас-көз болыңыз. Ал, жолыңыз болсын, ақсақал.
Мінайдар. О жағынан қам жеме, қарағым.
Қасболат. Жағдай қиын. Бірақ, мына жақта біз де қарап отырмаспыз. Бүгін жетіп, тағы да шолғыншылар шығарамын.
Қаламүш. Сау болыңыз, Қасеке. Мана артық кеткен сөзім болса кешірерсіз, мүмкін ескерерсіз де.

Қаламүш пен Мінайдар кетеді.




Жаңыл. Қасеке, шәй ішіп аттанасыз ба?
Қасболат. Иә, тек бір-екі кесе ғана.

Жаңыл шығып кетеді. Қасболат ойланып қалған.




Қасболат. Қаламүш... Аты Қандай қызық. (Пауза). Өзі тегін емес. Тіпті бала бүркіттей шаңқылдап... Құмардың есін тандырды-ау. (пауза). Иә,иә ... Өмір иін түсірмеген қайран жастық. Жолың даңғыл. Алдыңда бөгет болар бұлдыр жоқ сияқты-ау саған. Талабың тау жығардай боп еркін сермеп жүретін албырт кезең. Тайсалу, жасқану дегенді білмейсің-ау онда. (пауза). Алмас қылыштай жарқылдап жүретін кездер бізде де болып еді-ау.

Жаңыл шәй әкеледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет