аясында өзгерістерді басқару» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының
басшыларына арналған білім беру бағдарламасы 1. Кіріспе
1. «Кадрлар даярлау жүйесін жаңғыртуда мемлекеттік саясаттың және әлемдік үрдістердің
аясында өзгерістерді басқару» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарының білім беру
бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі - ТжКБ)
ұйымдарының басшыларына арналған.
2. Осы білім беру Бағдарламасы ТжКБ жүйесін жаңғырту аясында жаңа реформа мақсаттары мен
міндеттерін жүзеге асыруды белсенді жәрдемдесуге, онда ықпалдасуға болып жатқан өзгерістерді
түсінуге және қарауға қабілеті бар ТжКБ ұйымдарыныңбасшыларынаарналған.
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
3. Бағдарлама мақсаты әлемдік үдерістер және кадрларды даярлау жүйесін жаңғырту жөніндегі
мемлекеттік саясат аясында инновация және эксперимент режимінде ТжКБ ұйымдарын басқаруға
басшыларды даярлау болып табылады.
4. Бағдарламасының мақсатына жету үшін келесі міндеттер анықталды:
1) Қазақстандағы және әлемдегі кәсіптік білім берудің заманауи үрдістерімен және даму
стратегияларымен танысуға; кәсіптік білімді ұйымдастыру үлгілерімен және сапасын бағалау
құралдарымен танысуға;
2) жоғары білікті кадрларды даярлау жүйесін жаңғыртудың басты бағыттары және келелі
мәселелерінің сипаты жөніндегі түсінігін; техникалық және кәсіптік білім беруді инновациялық
қайта өңдеу саласындағы қазіргі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің және бағдарламалық
құжаттардың негізгі идеялары жөніндегі түсінігін тереңдетуге;
3) 21-ғасырдағы маманға қойылатын талаптарды; заманауи ғылым және тәжірибе талаптарының
контексінде оларды даярлау үдерісінің ерекшеліктерін; оқу процесіндегі оқытушының және
студенттің рөлінің өзгеруін талдауға;
4) ТжКБ ұйымының инновациялық дамуына бағдарланған ішкі және сыртқы саясаттың басты
бағыттарын айқындауға;
5) білім беру процесін ұлттық және салалық біліктілік шеңберлерінің, кәсіби
стандарттардың және жаңа буынның білім беру бағдарламаларының талаптарының негізінде жобалаудың
ерекшеліктерін; жаңа форматтағы оқытушыларға қойылатын талаптарды, оның қызметінің және
кәсіптік дамуының табысты болуының критерилерін және шарттарын ұғынуға;
6) болашақ маманға қойылатын заманауи талаптар контексінде ТжКБ ұйымдағы эксперименталдық
білім беру процесін жобалау, ұйымдастыру, басқару және сапасын бағалау саласындағы өзінің
кәсіби білігін және дағдыларын; үздіксіз кәсіби даму үшін өзін өзі бағалау және рефлексия
дағдыларын жетілдіруге;
7) құзіреттілікке негізделген кәсіптік білімнің артықшылықтарын; өз тәжірибесінде
басқаруға арналған заманауи тәсілдемелерді қолдану мүмкіндіктерін; өзінің кәсіптік қызметін
жетілдіруге және ТжКБ ұйымы өмірін жандандыруға қажеттібар потенциалын және ресурстарын,
негізгі кәсіптік құзіреттердің қалыптасу деңгейін бағалауға
8) мамандық бейініне сәйкес ғылымның және тәжірибенің озық жетістіктерін тәжірибеге
енгізу негізінде студенттерді оқытудың инновациялық және эксперименталдық үдерісін; қолда бар
сұраныстарды, ресурстарды және мүмкіншіліктерді талдау және бағалау негізінде ТжКБ ұйымының
инженерлік-педагогикалық ұжымының үздіксіз кәсіби дамуының траекториясын жобалауға;
9) ТжКБ ұйымын басқарудағы өзіндік тәжірибесінде инновацияларды жобалау және жүзеге асыру
жөніндегі негізгі жеке және кәсіби құзыреттердідамытуға;жүйелік өзгерістерді жүзеге асыруда
көшбасшылық, автономдық, бастамашылдық және жауапкершілік;сыни тұрғысынан ұғыну, кәсіби және
академиялық ортада инновациялық педагогикалық идеяларды талқылауға және таратуға даярлық;
10) өзінің колледжінде инновациялық өзгерулер үдерісін оқу барысында алған білімінің,
білігінің, дағдысының және оқу барысында әзірленген басқарудың заманауи дайын «өнімін» қолдану
арқылы іске қосу, үйлестіру және қолдау көрсету.
3. Күтілетін нәтижелер
5. Курс аяқталғаннан кейін:
1) кадрларды даярлау жүйесінің және білім берудің жаңа парадигмасының контексінде
кәсіптік білімнің дамуының әлемдік үрдістерін; қолданыстағы нормативтік-құқықтық және
бағдарламалық құжаттар контексінде ТжКБ жүйесін жаңғырту бойынша басты бағыттарын және
мемлекеттік саясат стратегияларын; ересек білім алушыларды оқыту, ынталандыру және дамыту
саласындағы ғылымның және тәжірибенің заманауи концепцияларын, теорияларын, жетістіктерін;
құзыреттілік тәсілдеме, модульдік технологиялар және тұлғаға бағдарланған оқыту негізіндегі
білім беру бағдарламаларын енгізу жөніндегі эксперименталдық қызметті жобалау және ұйымдастыру
ерекшеліктерін; ТжКБ ұйымында инновациялық өзгерістерді басқару бойынша өзінің орнын, рөлін
және мүмкіндіктерін біледі;
2) қажеттіліктерді анықтау және ынталандыру мен өзін-өзі ынталандыру құралдарын қолдану
жөніндегі; білім беру процесін ұйымдастыруға қойылатын өзгеріп отырын талаптарға сәйкес ТжКБ
ұйымын инженерлік-педагогикалық құрамының кәсіптік-тұлғалық дамуы үшін шарттарды жобалау
жөніндегі; эксперименталдық қызметті талдау, жоспарлау, ұйымдастыру функцияларын атқару
жөніндегі; заманауи тәсілдемелер және технологиялар негізінде білім беру бағдарламаларының және
олардың нәтижелерінің сапаларын жоспарлау, ұйымдастыру және бағалау жөніндегі; сыртқы
ресурстарды және мүмкіншіліктерді тарту; заманауи диагностика, бағалау және рефлексия
құралдарын қолдана отырып, өзінің кәсіби дамуының траекториясын жобалау және басқару жөніндегі
білік және дағды;
3) еңбек нарығының талаптарына сәйкес мамандарды даярлаудағы ғылымның және тәжірбиенің
заманауи жетістіктерінің негізінде эксперименталдық қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және
мониторинг саласындағыжеке және кәсіби құзыреттер; өзінің әріптестерінің академиялық және
кәсіби ортасында инновациялық педагогикалық идеяларды таратуға даярлық; жалпы адамзаттық рухани
құндылықтарға және заманауи педагогикалық идеалдарға, концепцияларға, теорияларға және
оқытудағы тәсілдемелерге бейілділік; өзінің тәжірибесінде және ТжКБ ұйымының тәжірибесінде
инновацияларды жүзеге асыру процесінде көшбасшылық, автономдық, бастамашылдықсыни тұрғысынан
ұғыну және жауапкершілік.
4. Бағдарламаның мазмұны
6. Біліктілік арттыру бағдарламасы ТжКБ ұйымы деңгейінде оқу процесін инновациялық
өзгертуге басшылардың даярлығын қалыптастыруда жүйелілікті және кешенділікті қамтамасыз ету
жөніндегі тапсырмаларды шешуге арналған 3 модульден құралған:
1) кадрларды даярлау жүйесін жаңғырту жағдайындағы техникалық және кәсіптік білімнің жаңа
парадигмасы және даму стратегиясы;
2) инновациялық дамуға бағдарланаған ТжКБ ұйымының ішкі және сыртқы саясатын жүзеге
асырудың негізгі бағыттары және механизмдері;
3) ТжКБ ұйымы деңгейінде эксперименталдық қызметті жоспарлау, ұйымдастыру және
тиімділігінің мониторингі.
7. «Кадрларды даярлау жүйесін жаңғырту жағдайындағы техникалық және кәсіптік білімнің
жаңа парадигмасы және даму стратегиясы» модулікелесі тақырыптарды оқытуды өзіне қосады:
«ТжКБ дамуының стратегиясы және мемлекеттік саясаты;ТжКБ инфрақұрылымы және жаңа білім
беру үлгісі»;
«ТжКБ дамуының басым бағыттары»;
«ТжКБ жаңғыртудың нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі»;
«Біліктілік деңгейін бағалаудың жаңа жүйесі (сертификаттау)»;
«Кадрларды даярлауға инновациялық тәсілдемелер»;
«Ұлттық біліктілік жүйесі»;
«Кәсіби стандарттарды және білім беру бағдарламаларын әзірлеу әдістемесі»;
«ТжКБ ұйымының оқу жоспарының үлгісі».
8. «Инновациялық дамуға бағдарланаған ТжКБ ұйымының ішкі және сыртқы саясатын жүзеге
асырудың негізгі бағыттары және механизмдері» модулі келесі тақырыптарды оқытуды өзіне қосады:
«21-ғасырдың менеджері»;
«Тайм-менеджмент»;
«Адами ресурстарды дамыту»;
«Жанжалдарды (конфликт) басқару»;
«Басқару стильдері»;
«Басқару қызметінің табыстылығының факторлары»;
«Әлеуметтік серіктестікке және еңбек нарығына бағдарланған сыртқы саясат».
9. «ТжКБ ұйымының деңгейінде инновациялық жәнеэксперименталдық қызметті жоспарлау,
ұйымдастыру және тиімділігінің мониторингі» модулі келесі тақырыптарды оқытуды өзіне қосады:
«Инновациялық менеджмент»;
«Қолданыстағы НҚА негізінде эксперименталдық және инновациялық қызметті жүзеге асыру
шеңберінде ТжКБ-дегі оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеу»;
«ТжКБ ұйымының инновациялық дамуына бағдарланған ішкі саясат»;
«ТжКБ ұйымының стратегиялық жоспарының негізгі аспектілері жобалау технологиясы».
«Инновациялық және эксперименталдық қызметті бағалау және мониторингтеу».
5. Білім беру үдерісін ұйымдастыру
10. Білім беру процесі Бағдарламаның 1-ші қосымшасына сәйкес 36 сағаттық курстың
оқу-тақырыптықжоспарына сай ұйымдастырылады.
11. Білім беру процесін жақсарту үшін Бағдарлама бойынша білім беру процесін
ұйымдастыруда әр түрлі технологиялар, нысандар, тәсілдер, оқыту әдістер мен тексерулер, сондай
ақ қашықтан оқыту таңдалады.
12. Бағдарлама шеңберінде білімді бағалау және бақылау нысандары оқыту және бағалау
процесін интеграциялауға негізделген жүйе болып табылады. Бағалау жүйесі оқу процесіне
құзіреттілік, тұлғалық-бағдарланған және сыни-бағдарланған тәсілдемелерінің және бағалаудың екі
аспектісінің тіркесінің негізінде құрылады: оқыту үшін бағалау (формативтікбағалау) және
оқытуды бағалау (суммативтікбағалау.
13. Бағдарлама бойынша бағалау үдерісіне тыңдаушылардың өздері, бағдарламаның тренерлері
тартылады, сонымен қатар тыңдаушының жұмыс орнындағы әріптестері және басшылары және де сондай
ақ мекемелердің, өндірістің мамандары және басқалар тартылады.
14. Бағдарламада бағалау Ұлттық біліктілік шеңберінің логикасымен берілген басты 3
критерийдің негізінде жүргізіледі:
1) оқыту бағдарламасының басты идеяларын білу және түсіну;
2) өзінің жеке кәсіби тәжірибесінде жаңа білімді қолдану бойынша білік және дағды;
3) басты жеке және кәсіби құзыреттер.
15. Қорытынды нәтиже болып студенттерді оқытуды жоспарлау және ұйымдастырудағы
инновациялық тәсілдемелер мен технологияларды практикада тыңдаушының білімі, түсінігі және
білігін қолдану, және де Ұлттық біліктілік шеңберінің талаптарына сәйкес келетін басты кәсіби
және жеке құзыреттіліктері, сонымен қатар бағдарламадан шығарда тыңдаушылардың дайындаған есебі
және оқыту нәтижелерінің қорытынды бағасы арқылы бағалануы болып табылады.
16. Тыңдаушының есебі және қорытынды бағасы бағалаудың басты үш критерийіне тыңдаушының
сәйкес келетіндігін растаушы болып табылады.
17. Оқу жоспарларының және Бағдарламалардың мазмұнына еңбек нарығының талаптарына және
педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру сұранысына қарай қосымшалар және өзгерістер
енгізілуі мүмкін. Инженерлік-педагогикалық кадрлардың және/немес ТжКБ жүйесі ұйымдарының
сұраныстарына сәйкес Бағдарламаның мазмұны Бағдарламаны меңгеруге бөлінген оқу уақытының
жиынтық көлемін сақтаған кезде модульдер үшін оқу уақыты көлемін 25% дейін өзгертуге болады.
6. Білім беру үдерісін жүзеге асыру формалары мен әдістері
18. Білім беру процесі интерактивті оқыту әдістері: кейс-стади, дискуссия, мозговой штурм
, рөлдік ойын, жоба әдісі, проблемалықәдіс, ситуациялықміндеттер, кері байланыс, рефлексия
жәнет.б. қамтиды.
19. Білім беру процесі күндізгі (теоретикалық и практикалық) және/немесе қашықтықтан
оқыту (онлайн) сабақтарын өткізуді, сондай-ақ тыңдаушылардың өзіндік жұмысын үйлестіреді.
Интерактивті оқыту әдістерін және заманауи білім беру технологияларын пайдалану арқылы
біліктілікті арттырудың модульді-құзыреттілік моделіне Бағдарламаның бағдарлануы қызметтік
тәсілді бағамдайды.
7. Оқыту нәтижелерін бағалау критерийлері
20. Тыңдаушыларың кәсіби құзіреттіліктерін жинақталу деңгейін анықтау үшін бағалау
шкаласы мен бағдарлама мазмұнының игерілу параметрлері құрастырылады.
21. Бес балдық жүйе бойынша бағалау шкаласы:
1) «5» балы тыңдаушы бағдарламаның барлық материалын жетік меңгерген, оны өте жақсы
түсінеді және нықты игерген жағдайда қойылады. Сұрақтарға (бағдарлама аясындағы) дұрыс, саналы
және сенімді жауап береді. Әр түрлі тәжірбиелік тапсырмаларда алынған білімдерін өздігінше
қолдана алады. Білікті үздік игерген;
2) «4» балы тыңдаушы бағдарламамен талап етілетін материалды үлкен деңгейде игерген, оны
жақсы түсінеді және нықты игерген жағдайда қойылады. Сұрақтарға (бағдарлама аясындағы) қиналмай
жауап береді. Алған білімін тәжірибелік тапсырмаларда қолдана алады. Аздаған қателіктер
жібереді. Білікті орташа деңгейде игерген;
3) «3» балы тыңдаушы бағдарламаның негізгі оқу материалдарының керегін таба алған
жағдайда қойылады. Тәжірибеде білік және дағдысын қолдану кезінде кейбір қиыншылықтарды
сезінеді және оларды тренердің аздаған көмегімен еңсереді. Материалды мазмұндағанда қателіктер
жібереді және білім мен білікті жалпы түрде игерген;
4) «2» балы тыңдаушы бағдарламаның оқу материалдарының көп бөлігін білмейді, көбінесе
тренердің бағыттаған сұрақтарына сенімсіз жауап берген жағдайда қойылады. Білім және біліктің
төмен деңгейін, кей кезде ғана көрсетеді, алайда көбінесе қиыншылыққа тап болады;
5) «1» балы тыңдаушы бағдарлама бойынша өтіліп жатқан материалды толықтай білмеген
жағдайда қойылады.
«Кадрлар даярлау жүйесін
жаңғыртуда мемлекеттік
саясаттың және әлемдік
үрдістердің аясында өзгерістерді
басқару» техникалық және
кәсіптік білім беру
ұйымдарының басшыларына
арналғанбілім беру
бағдарламасына
1-қосымша
36 сағаттық курстың оқу-тақырыптық жоспары
№
Сабақтың тақырыбы
Дәріс Тренинг
Практикалық
сабақ,
семинар
Жобаны
қорғау
Барлығы
1
2
3
4
5
6
7
1.
«Кадрларды даярлау жүйесін жаңғырту жағдайындағы
техникалық және кәсіптік білімнің жаңа
парадигмасы және дамустратегиясы» модулі
10
1.1
ТжКБ дамуының стратегиясы және мемлекеттік
саясаты. ТжКБ инфрақұрылымы және жаңа білім беру
үлгісі.
2
2
1.2 ТжКБ дамуының басым бағыттары.
2
2
1.3
ТжКБ жаңғыртудың нормативтік-құқықтық қамтамасыз
етілуі.
1
1
1.4
Біліктілік деңгейін бағалаудың жаңа жүйесі (
сертификаттау).
1
1
1.5 Кадрларды даярлауға инновациялық тәсілдемелер.
1
1
1.6 Ұлттық біліктілік жүйесі.
1
1
1.7
Кәсіби стандарттарды және білім беру
бағдарламаларын әзірлеу әдістемесі.
1
1
1.8
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының оқу
жоспарының үлгісі.
1
1
2.
«Инновациялық дамуға бағдарланаған ТжКБ ұйымының
ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асырудың
негізгі бағыттары және механизмдері» модулі
10
2.1 21-ғасырдың менеджері
2
2
2.2 Тайм-менеджмент
2
2
2.3 Адами ресурстарды дамыту
1
1
2.4 Жанжалдарды (конфликт) басқару
2
2
2.5 Басқару стильдері
1
1
2.6 Басқару қызметінің табыстылығының факторлары
1
1
2.7
Әлеуметтік серіктестікке және еңбек нарығына
бағдарланған сыртқы саясат
1
1
3.
«ТжКБ ұйымының деңгейінде эксперименталдық
қызметті жоспарлау, ұйымдастыру және
тиімділігінің мониторингі» модулі
16
3.1 Инновациялық менеджмент
2
2
4
3.2
Қолданыстағы НҚА негізінде эксперименталдық және
инновациялық қызметті жүзеге асыру шеңберінде
ТжКБ-дегі оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеу
1
1
3
5
3.3 ТжКБ ұйымының инновациялық дамуына бағдарланған
ішкі саясат
1
1
3.4
ТжКБ ұйымының стратегиялық жоспарының негізгі
аспектілері. Жобалау технологиясы.
4
4
3.5
Инновациялық және эксперименталдық қызметті
бағалау және мониторингтеу
2
2
БАРЛЫҒЫ
9
8
15
4
36
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 10 наурыздағы
№ 193 бұйрығына 14-қосымша
«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогі» техникалық
және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне
арналған білім беру бағдарламасы 1. Кіріспе
1. «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогі»
тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)
техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі - ТжКБ) ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік
оқыту шеберлеріне арналған.
2. Осы білім беру Бағдарламасы ТжКБ жүйесін жаңғырту аясында жаңа реформа мақсаттары мен
міндеттерін жүзеге асыруды белсенді жәрдемдесуге, онда ықпалдасуға болып жатқан өзгерістерді
түсінуге және қарауға қабілеті бар ТжКБ ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту
шеберлеріне арналған.
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
3. Бағдарламасының мақсаты Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру
жүйесі үшін жаңа форматтағы оқытушыларды және өндірістік оқыту шеберлерін даярлау болып
табылады.
4. Бағдарламасының мақсатына жету үшін келесі міндеттер анықталды:
1) ТжКБ оқытушыларының және өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби қабілеттілігін және
кәсіби дамуын қолдау және жаңа парадигмаға сәйкес оқуына жағдай жасау – «Барлық өмір кезеңінде
білім алу»;
2) заманауи қазақстандық және әлемдік педагогикалық тәжірибені ескере отырып ТжКБ
оқытушыларының және өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби деңгейін арттыру;
3) өндірістің және педагогикалық тәжірибенің үздіксіз қарым қатынасының негізінде
оқытушылардың және өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби ұтқырлығын дамыту.
3. Күтілетін нәтижелер
5. Курс аяқталғаннан кейін:
1) Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жоғарғы
білікті оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері.
2) еліміздің дамып келе жатқан экономикасының сұранысына және еңбек нарығының талаптарына
оқытушылардың және өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби деңгейінің сайма-сайлығы.
4. Бағдарламаның мазмұны
6. ТжКБ ұйымдарының оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру
Бағдарламасы басымды екі компоненті бойынша оқытуға бағытталған - өндірістік және педагогикалық
.
7. Тыңдаушылардың кәсіби білімін, машығын және дағдысын құру үшін осы Бағдарлама
бектілген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келесі 7 модульді игеруді қарастырады:
1) кәсіп/мамандық бойынша жұмысшы біліктілігін алу/растау;
2) кәсіпорындағы машықтану;
3) ТжКБ жаңа парадигмасы және даму стратегиясы;
4) техникалық және кәсіптік білімді нормативтік, бағдарламалық және оқу-әдістемелік
қамтамасыз ету;
5) функционалдық АКТ-құзыреттілік;
6) кәсіптік педагогика және психология негіздері;
7) ТжКБ білім беруді жоспарлауға және ұйымдастыруға заманауи тәсілдемелер;
8. «Кәсіп/мамандық бойынша жұмысшы біліктілігін алу/растау» модулі келесі тақырыптарды
оқытуды өзіне қосады:
«Техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік санитария, өрт қауіпсіздігі
ережелері мен нормалары»;.
«Жұмысшының қызметін реттейтін нормативтік- құқықтық актілермен танысу»;
«Өндірістік бөлімнің наряд-тапсырмасы»;
«Еңбек дағдыларын қалыптастырудың механизмдері; өзінің шеберлігін жетілдіру»;
«Өндірістің технологиялық процестерін зерттеу»;
«Жұмысшы біліктілік бойынша еңбек функцияларының тізімі; шәкірттік;. кәсіпорыннан
тағайындалған тәлімгермен жұмыс жасау»;
«Жұмыс орнында технологиялық операцияларды орындау (орындалатын операциялар түрлері);.
нәтижені бақылау және бағалау».
9. «Кәсіпорындағы машықтану» модулі келесі тақырыптарды оқытуды өзіне қосады:
«Техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік санитария, өрт қауіпсіздігі
ережелері мен нормалары»;
«Маманның қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс жасау»;
«Өндірістік бөлімнің наряд-тапсырмасы»;
«Еңбек дағдыларын қалыптастырудың механизмдері. Өзінің шеберлігін жетілдіру»;
«Өндірістің технологиялық процестерін зерделеу»;
«Маманның біліктілігі бойынша еңбек функцияларының тізімі»;
«Заманауи маманға қойылатын заманауи кәсіпорынның, ұйымның және мекеменің талаптарын
талдау».
10. «ТжКБ жаңа парадигмасы және даму стратегиясы» модулі келесі тақырыптарды оқытуды
өзіне қосады:
«Техникалық және кәсіптік білімнің мемлекеттік саясаты және даму стратегиясы. Кіріспе.
ТжКБ жаңа оқу үлгісі және инфроқұрылымы»;
«ТжКБ дамуының басым бағыттары. ТжКБ жаңғырту бойынша стратегиялық құжаттар»;
«Шетелдік білім жүйесінің дамуының негізгі үрдістері»;
«Кадрларды даярлауға инновациялық тәсілдемелер, әдістер және оқыту технологиялары»;
«Құзыреттілік негізіндегі кәсіптік білім»;
«Әлемдік тәжірибе: кәсіптік дуальдық оқыту. Әлеуметтік серіктестік».
«Ұлттық біліктілік жүйесі».
11. «Техникалық және кәсіптік білімді нормативтік, бағдарламалық және оқу-әдістемелік
қамтамасыз ету» модулі келесі тақырыптарды оқытуды өзіне қосады:
«ТжКБ мазмұнын айқындайтын негізгі нормативтік құқықтық актілер»;
«ТжКБ жүйесінде қызметті жоспарлаудың заңдық негіздері»;
«ТжКБ жүйесіндегі ұлттық біліктілік шеңберінің, салалық біліктілік шеңберінің рөлі;
кәсіби стандарттар»;
«Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары»
;
«Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер негізінде ТжКБ инновациялық үдерістерін
оқу-әдістемелік алып жүруді әзірлеу ережесі».
12. Функционалдық АКТ-құзыреттілік» модулі келесі тақырыптарды оқытуды өзіне қосады:
«АКТ бойынша кіріспе курс; оқытудың техникалық және бағдарламалық құралдары»;
«Мультимедиялық презентациялар жасау»;
«Оқу процесін ұйымдастыру үшін, сабақтарды, оқу курстарын даярлау және білімін қадағалау
үшін қажетті бағдарламалар пакетімен жұмыс жасау негіздері»;
«Білім беру процесіндегі мобильдік, бұлттық технологиялар және әлеуметтік желілер";
«Пән бойынша оқу-әдістемелік кешенінің элементін презентациялау».
13. «Кәсіптік педагогика және психология негіздері» модулі келесі тақырыптарды оқытуды
өзіне қосады:
«Кәсіптік білімнің психологиялық-педагогикалық негіздері»;
«Кәсіптік педагогиканың негізгі санаттары; оқыту мен дамыту арақатынасының мәселелерін
негізгі шешу тәселдемелері»;
«Кәсіптік білімдегі құзыреттілік тәсілдеме»;
«Тиімді студент. ТжКБ жүйесі түлегінің жеке басына қойылатын талаптар. ТжКБ
студенттерінің психологиялық-педагогикалық жас ерекшеліктері»;
«Тиімді оқытушы; тиімді оқытушының кәсіби-жеке сипаттамалары және құзыреттілігі»;
«Кәсіптік білімнің сапасын бағалау. кәсіптік білімнің сапасы және оны өлшеу стандарттары"
;
«Оқытушының бағалау құзыреттілігі; оқытушының дамуының кәсіптік-тұлғалық дамуының жеке
траекториясын жобалау».
14. «ТжКБ білім беруді жоспарлауға және ұйымдастыруға заманауи тәсілдемелер» модулі
келесі тақырыптарды оқытуды өзіне қосады:
«ТжКБ мекемелерінде оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру»;
«Оқытудың заманауи стратегиялары; оқытудағы және сабақ берудегі жаңа технологиялар және
тәсілдемелер»;
«Құзыретттілік тәсілдеме контексінде модульдік оқыту; модульдік бірліктің жобасын
әзірлеуге және бағалауға қойылатын талаптар»;
«Пән бойынша модульдік бірліктің жобасын әзірлеу және бағалау».
15. Бағдарламаның барлық модульдері бір логикаға, басты идеяға бірлескен бір принцип және
тәсіл негізінде құрылған.
Достарыңызбен бөлісу: |