Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының
біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 10 наурыздағы № 193 бұйрығы
. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 сәуірде № 13594 болып тіркелді
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 38-2)
сәйкес
тармақшасына
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа
сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының
1-қосымшаға
басшыларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Техникалық және
кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында колледж басшыларының кәсіби дамуы»
тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
2) осы бұйрыққа
сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының
2-қосымшаға
басшыларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Техникалық және
кәсіптік білім беру ұйымдарында оқыту сапасын заманауи педагогикалық менеджмент негізінде
арттыру» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
3) осы бұйрыққа
сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жеңіл
3-қосымшаға
өнеркәсіп саласы бойынша арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған
педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Дуальды білім беру жүйесін енгізу
жағдайында өндірістік технологиялық процестерді модельдеуді пайдалану әдістемесі» тақырыбындағы
білім беру бағдарламасы;
4) осы бұйрыққа
сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының баспа,
4-қосымшаға
полиграфия, кітап тарату саласындағы арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне
арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Дуальды оқыту жүйесін ендіру
жағдайында техникалық және кәсіптік білім берудің оқыту іс-әрекетін ұйымдастырудың кластерлік
тәсілі» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
5) осы бұйрыққа
сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының туризм
5-қосымшаға
мен қонақ үй шаруашылығы саласындағы мамандықтар бойынша арнайы пән оқытушылары мен өндірістік
оқыту шеберлеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Техникалық және
кәсіптік білім беру ұйымдарында туризм және қонақ үй шаруашылығы саласы үшін мамандарды
даярлаудың инновациялық амалдары» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
6) осы бұйрыққа
сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының
6-қосымшаға
тамақтандыру мен мейрамханалық бизнес саласындағы мамандықтар бойынша арнайы пән оқытушылары
мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «
Тамақтану саласын ұйымдастыру мамандарын даярлаудың инновациялық тәсілі - техникалық және
кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерін сапалы оқыту шарты ретінде» тақырыбындағы білім беру
бағдарламасы;
7) осы бұйрыққа
сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы
7-қосымшаға
пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін
арттыру курсының «Тігін өндірісі мен киімді модельдеу» мамандығы бойынша «Инклюзивті оқыту мен
дуальды оқыту элементтерін енгізу - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде түлектерді
әлеуметтендіру мен бейімдеудің шарты» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
8) осы бұйрыққа
сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы
8-қосымшаға
пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін
арттыру курсының «
мамандығы бойынша «Инклюзивті оқыту мен
Шаштараз өнері және сәндік косметика»
дуальды оқыту элементтерін енгізу - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде түлектерді
әлеуметтендіру мен бейімдеудің шарты» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
9) осы бұйрыққа
сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы
9-қосымшаға
пәндер оқытушыларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «Дуальді
оқыту жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім беру процесін ұйымдастыру»
тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
10) осы бұйрыққа
сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының
10-қосымшаға
жалпы-гуманитарлық пәндер оқытушыларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру
курсының «Жалпы-гуманитарлық пәндер оқытушыларының нәтижеге бағытталған білім беру моделінде
қызмет жасауға кәсіби-тұлғалық дайындығы» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
11) осы бұйрыққа
сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының
11-қосымшаға
жалпы білім беретін пәндер оқытушыларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру
курсының «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайындағы жалпы білім беру
пәндер оқытушыларының кәсіби құзыреттілігі» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
12) осы бұйрыққа
сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының
12-қосымшаға
жаратылыстану - математика пәндері оқытушыларына арналған педагогика кадрларының біліктілігін
арттыру курсының «Жаратылыстану - математика пәндері оқытушысының нәтижеге бағытталған білім
беру моделі жағдайындағы кәсіби-тұлғалық дайындығы» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
13) осы бұйрыққа
сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының
13-ші қосымшаға
басшылары мен менеджерлеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының «
Кадрлар даярлау жүйесін жаңғыртуда мемлекеттік саясаттың және әлемдік үрдістердің аясында
өзгерістерді басқару» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы;
14) осы бұйрыққа
сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының
14-ші қосымшаға
оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін
арттыру курсының «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогі»
тақырыбындағы білім беру бағдарламасы бекітілсін.
Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті
2.
(Д.Ж.
Каленова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет»
ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін
электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып
жолдауды;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға
уәкілетті адамның электрондық цифлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық
түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау
банкіне енгізу үшін жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми
интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден
өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң
департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы
туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы Т. Балықбаев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2016 жылғы 10 наурыздағы
№ 193 бұйрығына 1-қосымша
«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында колледж басшыларының
кәсіби дамуы» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшыларына арналған
білім беру бағдарламасы 1. Кіріспе
1. «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында колледж басшыларының
кәсіби дамуы» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі
- Бағдарлама) техникалық және кәсіптік білім (бұдан әрі ТжКБ) беру ұйымдарының басшыларына
арналған.
2. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ТжКББ ұйымдарының
басшылардың кәсіби деңгейін жоғарлату сұрағы аса маңызды болып табылады. Осы білім беру
бағдарламасы ТжКББ ұйымдарының басшылардың ТжКББ жүйесінде инновациялық үдірісті басқару
дағдыларын арттыру, заманауи білім беру техналогияларын ендіруінде басқару іс-тәжірибені
жетілдіруіне бағытталған.
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы аясында ТжКБ беру ұйымы қызметін басқаруда директорлардың
басқарушылық-ұйымдастырушылық шеберлігін, құзыреттілігін дамытуда теориялық-әдіснамалық мазмұнын
жетілдіру.
4. Бағдарлама мақсатына жетудегі міндеттер:
1) техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жағдайында колледж директорларының
кәсіби білімі мен біліктілігін арттыру;
2) менеджменттік жүйе бойынша педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу;
3) техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жағдайында колледж директорлары мен
орынбасарларының нормативтік-құқықтық, басқарушылық, ақпараттық-коммуникативтік, технологиялық
құзыреттіліктерін дамыта отырып, есеп беру мен басқаруды ұйымдастыру жұмыстарын мониторингілеу
дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін меңгерту;
4) курс бағдарламасының теориялық-тәжірибелік мазмұнын меңгертуде, колледж басшыларының
кәсіби құзыреттілігіндегі анықталған қиындықтарды диагностикалау арқылы түзетулер енгізу.
3. Күтілетін нәтижелер:
5. Курс соңында тыңдаушылар:
1) қазіргі кәсіптік білім беру жүйесінің индустриялық экономикалық бағытта даму
стратегияларын; инженерлік педагогтер біліктіліктерін диагностикалау маңыздылығын; оқушы
жетістігін екі жақты баға беруде дәстүрлі бағалау мен критериалдық бағалаудың айырмашылықтарын;
менеджменттік жүйедегі үдерісті заңнамалық құжаттарға негіздеу қағидалары мен тәртібін біледі.
2) колледж директорлары әлеуметтік серіктестіктер арасындағы желілік қауымдастығын
ұйымдастыруды; инновациялық тәсілдерді сабақта қолдану, сабақты түрлендіру, талдау және бағалау
әдістемесін басқару құралы ретінде; инженерлік педагогтер кәсіби құзыреттілік деңгейін
диагностикалау әдістемесі мен мотивациялауды қолданады;
3) индустриалды-инновациялық дамуда техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау
туралы стратегиялық жобаны; кәсіптік және техникалық маман даярлауда жұмыс беруші талаптарын
орындау үшін мотивация тәсілі; әлеуметтік индустриялық даму саясатын жүзеге асыру барысында
менеджменттік тұрғыдан нормативтік-құқықтық заңнамаларды меңгереді.
4. Бағдарламаның мазмұны
6. Бағдарлама 5 модульден тұрады:
1) нормативтік-құқықтық модуль;
2) басқарушылық;
Ескерту: Басшы кадрлар үшін басқарушылық модулі қосылады
3) мазмұндық;
4) технологиялық;
5) вариативтік.
7. Нормативтік-құқықтық модульде келесі тақырыптарды қамтиды:
«Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына өзгерістермен толықтырмалар»;
«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің негізгіндегі жұмыс берушімен жұмысшының аралық
қарымқатынасы»;
«Қазақстан Республикасының 18 қараша 2015 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»
жүзеге асырылу жолдары»;
Заңының
«Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуда 2011 - 2020,
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ТжКБ беру ұйымдарын басқару»;
«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына
жолдаған Жолдаулары»;
«
»;
Елбасының Ұлт жоспары - «100 нақты қадам
«Тәуелсіздік толғауы».
8. Басқарушылық модуль келесі тақырыптарды қамтиды:
«Басшы және оның командасы»;
«Басқарудағы командалық жұмыстардың психологиялық аспектілері»;
«Ұжымның әлеуметтік-психологиялық мінездемесі»;
«Командалық жұмыс», «құрылымдық басқару», «пед.ұжымды басқару»
түсінігі, ұжымдық басқару үлгісі»;
«Педагогикалық қызметкерлерді ынталандыру. «Ынталандыру» түсінігі»;
«Педагогикалық ұжымды ынталандырудың мақсаты, міндеті»;
«Ынталандыру және кері ынталандыру, білім беру ұйымы қызметкерлерін ынталандыру жүйесі».
9. Мазмұндық модулде келесі тақырыптарды қамтиды:
«Техникалық және кәсіби білім беруді жаңғырту жағдайында колледж басшыларының кәсіби
құзыреттілігін дамыту»;
«ТжКБ беру ұйымы басшысының кәсіби деңгейін диагностикалау (кіріс және шығыс сауалнамасы)
»;
«Педагогикалық қызметті ынталандырудағы басшы құзыреттілігі»;
«Көшбасшылық қасиетті дамыту»;
«Жұмыс беруші талаптарына сәйкес мамандар даярлаудағы басшының әлеуметтік-экономикалық
құзыреттілігін дамыту»;
«ТжКБ беру ұйымдары басшылары құзыреттілік амал негізінде білім берудегі әлеуметтік
серіктестікті дамыту»;
«Жұмыс беруші талаптарына сәйкес мамандар даярлаудағы басшының әлеуметтік-экономикалық
құзыреттілігін дамыту»;
«Индустриалды-инновациялық даму жағдайында техникалық және кәсіптік мамандарды дайындауда
стратегиялық жобалау»;
«Колледж директорының электрондық портфолио жүргізу тәсілі»;
«ТжКБ беру ұйымдары басшыларының АКТ құзыреттілігі»;
«Дуалды оқыту жүйесін ендірудегі даму және мүмкіншілігі».
10. Технологиялық модулде келесі мәселелер бойынша тәжірибелік тапсырмалар орындалады:
«Педагогтердің желілік қауымдастығын құру технологиясы»;
«Блум таксономиясы оқыту нәтижелігін бағалау әдістемесі ретінде»;
«Коучинг – ТжКБ беру ұйымын басқару әдістерінің бірі ретінде»;
«Оқу-тәрбие процесін технологияландыру».
11. Вариативтік модулде тыңдаушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келесідей тақырыптарды
тандау мүмкіндігі беріледі:
«Колледж басшыларының имиджі және басқару стилі» тренингі»»;
«Колледжді басқарудағы коорпоративтік мәдениет»;
«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға дайындау»;
«Педагогикалық кеңесті өткізудің жаңа формалары»;
«Басқарудағы құрылымдық тәсілдер»;
«Колледждің заманауи басшысының ұйымдастырушылық құзыреттілігі»;
«Кәсіптік білім берудің дуалды жүйесін жүзеге асырудың әлемдік және қазақстандық
тәжірибесі»;
«Кейс технологиялар:
«Колледж түлектерінің кәсіби біліктілік-негізі құзыреттілігін»;
«ТжКББ ұйымдарында психологиялық қызмет әрекеттерін»;
«Инновациялық технологиялар негізінде болашақ мамандардың шығармашылық, техникалық ойлауын
дамытуды қалыптастыру»;
«Заманауи технологияларды оқытуда көптілділікті енгізу»;
«Оқытудағы көшбасшылық пен басқару»;
«Гендерлік жағдай негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру».
Ескерту:
Курс тыңдаушыларының қажеттіліктеріне сәйкес вариативті модуль көлемі 2 - 6 сағатқа дейін
өзгеруі мүмкін.
5. Білім беру үдерісін ұйымдастыру
12. Білім беру процесі Бағдарламаның 1 және 2-қосымшасына сәйкес 36 және 80-сағаттық
оқу-тақырыптық жоспар бойынша ұйымдастырылады.
13. Білім беру үдерісін ұйымдастыруда тындаушылардың білімдерін бағалау мен бақылау
мақсатында өзіндік жұмыс, жоба жұмысы, шағын-сабақ (шағын-шаралар) таныстырылымы және қорытынды
тестілеу өткізіледі.
14. Тыңдаушылардың өзіндік жұмыстарының тапсырмалары:
1) кәсіптік және техникалық білім берудегі мемлекеттік саясат;
2) ТжКБ беру аясында дуалды оқыту жүйесінің тиімділігі;
3) колледж басшыларының заманауи кәсіби құзыреттілігі;
4) білікті маман даярлаудағы кәсіби құзыреттілік;
5) кредиттік технология мен дуалды оқыту жүйесін кіріктіре оқыту мүмкіншіліктері;
6) дуалды оқытудағы шетел тәжірибелері;
7) заманауи басқару негізінде ТжКБ беру ұйымына басшылық жасауды ұйымдастыру;
8) еңбек нарығын монитерингілеу кәсіптік білім беруді дамыту құралы ретінде.
15. Тыңдаушылардың жоба жұмыстарының тақырыптары:
1) колледж басшыларының заманауи іс-әрекеттері;
2) колледждегі тәрбие жұмыстарын басқару ерекшеліктері;
3) кәсіби мамандарды даярлаудағы заманауи-педагогикалық идеялар;
4) индустриялық даму жағдайында колледжді басқару моделі;
5) дуалды оқыту жағдайында тәрбие жүйесіндегі жаңа көзқарастар;
6) ғылым мен тәжірибе ұштастыру бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы кепілі ретінде;
7) кредиттік технологиялар мен дуалды оқыту жүйесін кіріктіру мүмкіншіліктері.
16. Жоба құрылымы мен бағалау талаптары. Жоба келесі құрылымдық бөлімдерден тұрады:
1) титул беті (мекеменің аты көрсетіледі, әзірлеушінің аты-жөні, қала, жылы);
2) мазмұны (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қосымшалар);
3) кіріспе (таңдалған тақырып өзектілігінің негіздемесі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері,
пайдаланылған әдебиеттер, негізгі проблеманың қысқаша сипаттамасы);
4) негізгі бөлім (кіріспедегі проблема дәйекті түрде ашылады, оның шешу жолдары
қарастырылады, дәлелді ұстанымдары қамтылады, оған деген түрлі көзқарастар баяндалады және
автордың қарым-қатынасы көрсетіледі);
5) қорытынды (жоғарыда айтылған мақсат пен жобаның міндетіне сай зерттеудің басты
қорытындылары жүргізіледі, жалпылама тұжырымдар жасалып немесе зерттеудің нәтижесін нақты
қолдану бойынша практикалық ұсыныстар беріледі);
6) пайдаланылған әдебиеттердің тізімі;
7) қосымшалар (қажетті жағдайда);
8) нормативтік-техникалық құжаттарды дайындау, технологиялар мен заманауи құрылымдарды
қолдану мен киімді көркемдік безендіру бойынша тәжірибелік жоба.
17. Жоба жұмыстарын қорғау мен талдамаларды бағалау төмендегідей критерийлер бойынша
есептелінеді:
1) теориялық және тәжірибелік білім көлемі;
2) тақырып өзектілігі мен жаңашылдығы;
3) шығармашылығы (креативность);
4) нақты мәселелерді шешу үшін білімін қолдана алуы;
5) өз мәтіні мен таныстырылымын терең, маңызды тақырыпқа құра алуы;
6) шешендік сөйлеу қабілетінің болуы.
18. Қорытынды тестілеу жүргізу үшін анықталынған тест тапсырмалары:
білім беру жүйесіндегі нормативтік–құқықтық құжаттары;
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында заманауи басқару
тәсілдері;
заманауи-технологиялары және оқыту әдістері.
6. Білім беру үдерісін жүзеге асыру формалары мен әдістері
19. Білім беру үдерісі оқытудың интерактивті әдістері арқылы жүзеге асырылады: пікірталас
, «миға шабуыл», іскерлік ойындар, тренингтер, жоба әдісі, бейнефильмдерді талқылау, мәселені
бірлесіп талқылау және т.б.
20. Ересектер аудиториясының өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту барысында
тыңдаушыларға қисынды қорытындылар жасауға, мазмұнды өз практикасына бейімдеуге және алған
біліктерін аудиториялық практикалық сабақтар және аудиториядан тыс өзіндік жұмыс жағдайында
сыннан өткізуге мүмкіндік беріледі.
21. Білім беру процесі аудиториялық сабақтар және өзіндік жұмыстарды жүргізуден тұрады.
Бағдарламаның біліктілікті арттырудың құзыреттілік моделіне бағытталуы қазіргі білімдік
технологиялар және интербелсенді оқыту формаларын: кері байланыс; мәселелерді, күрделі
сұрақтарды талқылау және пікірталас; шеберлік-сынып; «дөңгелек үстел» арқылы қол жеткізетін
әрекеттік амалды білдіреді.
7. Оқыту нәтижелерін бағалау критерйилері
22. Өзіндік жұмысты жүргізу үшін келесі критерийлер айқындалады:
1) жүзеге асырылмаған - 0 балл;
2) ішінара жүзеге асырылған - 1 балл;
3) толық жүзеге асырылған - 2 балл.
23. Білімді меңгеру деңгейін анықтауға келесідей өлшемдер қолданылады:
1) оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеруі;
2) практикалық тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімді пайдалануы;
3) материалдың практикалық мәнділігі;
4) мәселені баяндауының негізделуі, толықтығы, анықтығы;
5) талаптарға сәйкес рәсімделуі.
24. Тыңдаушылардың өзіндік жұмысты орындауы бойынша білімдерін бағалау балдарды бесбалдық
жүйеге төмендегідей аудару арқылы жүзеге асырылады:
1) «Өте жақсы»: 9 - 10 балл, (85 - 100%);
2) «Жақсы»: 7 - 8 балл, (75 - 84%);
3) «Қанағаттанарлық»: 5 - 6 балл, (50 - 74%).
25. Жоба жұмыстарын өткізуде төмендегідей критерийлер 1, 2 балл және өлшемдер айқындалған
:
1) мәселені түсінеді және мәселені таңдауын түсіндіреді;
2) жағдаятты талдау негізінде қайшылықтарды атайды;
3) мәселенің туындау себептерін атайды;
4) мәселені тұжырымдайды, оның себептерін талдайды;
5) мақсатты тұжырымдайды және түсінеді;
6) міндеттер мақсатқа сәйкес;
7) мақсатқа жетуге көз жеткізу тәсілдерін ұсынды;
8) мәселелерді шешу тәсілдерін ұсынды;
9) стратегия ұсынды;
10) жобамен жұмыс істеу туралы айтып берді;
11) әрекет қадамдарының тәртібін анықтады;
12) қадамдарды ұсынды және кейбір ресурстарды көрсетті;
13) ресурстарды негіздеп берді;
14) ағымдағы бақылауды жоспарлады;
15) күтілетін нәтижемен өнімді салыстырды;
16) өнімнің ойдағымен сәйкестігі туралы қорытынды жасады;
17) өнімді бағалаудың критерийлерін ұсынды;
18) өнімнің критерийге сәйкестігін бағалады;
19) критерийлер жүйесін ұсынды;
20) алынған нәтижелер мәні;
21) күтілетін өнімді сипаттады;
22) өнімді қалай қолданатынын айтып берді;
23) өнімді тұтынушылар мен пайдалану аясын негіздеп берді;
24) өнімді пайдалану бойынша пікір білдірді;
25) алға жылжуды жоспарлады немесе қолдану шекарасын көрсетті.
26. Тыңдаушылардың жоба жұмыстарын орындауы бойынша білімдерін бағалау балдарды бесбалдық
жүйеге төмендегідей аудару арқылы жүзеге асырылады:
1) «Өте жақсы»: 47 - 50 балл, (85 - 100%);
2) «Жақсы»: 36 - 47 балл, (75 - 84%);
3) «Қанағаттанарлық»: 25 - 36 балл, (50 - 74%).
27. Курс тыңдаушылары шағын-сабақты (шағын-шараны) презентациялау кезінде сабақтың,
шараның түрлі кезеңдерін жоспарлау және білім мазмұнын жаңартуды есепке алып оқыту бойынша
үзінді көрсетеді.
28. Курс тыңдаушылары шағын-сабақтарды, шағын-іс-шараны презентациялауы үшін келесідей
критерийлер анықталған:
1) дағдылардың қалыптасу деңгейі - 0 балл, осы сабақта қолдануға келмейді;
2) 1 балл - дағдыланған;
3) 2 балл - дағды дамуда;
4) 3 балл - дағды қалыптасқан
29. Шағын сабақты, шағын іс-шараны презентациялау кезінде білімді меңгеру деңгейін
бағалауға төмендегі өлшемдер алынған:
1) ақпаратты түсінікті жеткізуі;
2) нұсқауды анық және дәл беруі;
3) қатысушылардың түсінгендерін анықтай алуы;
4) аудиторияның қызығушылығын тұрақты ұстауы;
5) ұйымдастырылған шараның уақытын тиімді басқара алуы;
6) кері байланыстың нәтижелігі;
7) өзара сыйластық, ынтымақтастық және қолдау климатын жасауы;
8) шараның мақсатын қоюы және күтілетін нәтижені белгілеуі;
9) шараны ұйымдастыруда белсенді стратегиялары мен жаттығуларын ретімен және нәтижелі
қолдануы;
10) қатысушылардың сұрақтарына жауап беруі, мәселелер мен келіспеушіліктердің шешімін
табуы;
11) ашық сұрақтарды қолдануы;
12) талқылауды/тапсырмаларды орындауды нәтижелі аяқтауы және оқытудың кезеңдері арасында
байланыс орнатуы;
13) ойлануға және өзін-өзі бағалауға жеткілікті уақыт береді.
30. Тыңдаушылардың шағын сабақтарды (шағын іс-шараны) презентациялауы бойынша білімдерін
бағалау, балдарды бесбалдық жүйеге төмендегідей аудару арқылы жүзеге асырылады:
1) «Өте жақсы»: 35 - 39 балл (85 - 100%);
2) «Жақсы»: 29 - 34 балл (75 - 84%);
3) «Қанағаттанарлық»: 20 - 28 балл (50 - 74%).
«Техникалық және кәсіптік білім беру
жүйесін жаңғырту жағдайында
колледж басшыларының кәсіби дамуы»
техникалық және кәсіптік
білім беру ұйымдарының басшыларына
арналған білім беру бағдарламасына
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |