Тақырып бойынша сұрақтар:
Қазақстан Республикасындағы ландшафттық зоналар типтері қандай?
Орманды дала ландшафттарының басты ерекшеліктері қандай?
Дала зонасының климаттық ерекшеліктерімен органикалық дүниесінің арасындағы байланыс.
Шөлейт зона ландшафттарының қандай типтерін бөлуге болады?
Қазақстан Республикасында шөлдердің қандай түрлері кездеседі?
Таулы аймақтар ландшафттарының ерекшеліктері. Аласа, орта биіктікті және биік таулардағы ландшафттық таралымдар.
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТТАРЫ
Қазақстанның Шығыс өңірінің ландшафттары қоңыржай белдеудің жазықты және таулы аймақтық типтеріне жатады. Жазық аймақтарындағы ландшафттары зоналы, таулы аймақтардағы ландшафттары азоналы болып келеді, биіктік белдеулігі бойынша жүйеленеді. Қазақстанның Шығыс өңірін қамтитын Шығыс Қазақстан облысының аумағы Қазақтың ұсақ шоқысы, Каспий-Тұран жазығы және таулы болып келетін Оңтүстік Сібір физикалық-географиялық елдеріне жататын қоңыржай белдеудің орманды дала, дала, шөлейтті, шөлді ланшафттармен ерекшеленеді. Әрбір физикалық-географиялық ел, провинция, аймақ (облыс), аудан, т.б. таксономиялық бірліктерге жіктеледі. Құмды жерлерде өсетін реликті таспалы қарағай орманы Павлодар, Семей өңірлерінде ғана кездеседі. Бұл реликті ландшафттар ерте заманнан жаңа дәуірге жеткен және сирек кездесетін табиғи нысандар. Ландшафттанушы ғалымдар Г.В. Гельдыева мен Л.К. Веселованың еңбектерінде аумақтың ландшафт түрлері жан-жақты талданып, зерттелген деуге болады.
Физикалық-географиялық аудандау тұрғысынан қарастырғанда аймақ территориясы Оңтүстік Сібір, Алтай физикалық-географиялық облысы, Оңтүстік Батыс Алтай провинциясы, оған еніп жатқан Үлбі, Қалба, Жоңғар, Сауыр-Тарбағатай физикалық географиялық елдеріне жатады. Шығыс Қазақстан облысының жер бедері пішіндері әркелкі, жазықты өңірдің ландшафттары біртіндеп батыстан шығысқа қарай төбелі, шоқылы, тау алды биік таулы болып алмасып отырады.
А.А Соколов бойынша Солтүстік-Батыс Алтай, Оңтүстік Алтай, Сауыр-Тарбағатай провинциялары вертикальды зоналық құрылымымен ерекшеленеді. Бұдан басқа горизонталдық зона жүйесінде өтетін ерекше провинция ретінде Зайсан қазаншұңқыр ерекше бөлуге болады.
Солтүстік-Батыс Алтай провинциясы (Тигрец, Иванов, Холзун, Солтүстік-батыс Листвяга жоталары, Алей, Оба, Үлбі, Бұқтырма, Қалба тауларының солтүстік бөлігі). Өсімідік жамылғысындағы ылғал сүйгіш-мезофитті түрлері осы зоналар мен белдеулерге сәйкес келеді. Ормандар ландшафты, негізінен, бал қарағайлы және ұсақ жапырақты, кей жерлерінде самырсынды-жапырақты болып келеді. Алтайлық оңтүстік провинция (Шығыс Листвяга, Қатын, Оңтүстік Алтай, Алтайлық Тарбағатай, Сарымсақты, Нарын, Күршім, Азутау жоталары, Қаба, Қалба тауларының оңтүстік сілемдері). Ормандары, негізінен, жапырақты және аралас жапырақты, кей жерлері еменді болып келеді.
14-сурет – Шығыс Қазақстанның өсімдік картасы
15-сурет – Шығыс Қазақстанның топырақ картасы
Сауыр-Тарбағатай провинциясы (Сауыр, Сайқан, Маңырақ, Шығыс Тарбағатай жоталары) ормандары аралас, жалпақ жапырақты түрлерімен, өсімдік жамылғысы зона мен провинцияларға сәйкес ксерофитті түрлерімен ерекшеленеді. Шөлейтті аласа-төбелі ландшафтармен ерекшеленетін Жезқазған-Аягөз аумағында жер бедері пішіндерін сипаттайтын орографиялық, гидрографиялық индикатор-терминдерді жиі кездестіруге болады. Зайсан ойпаты ерекше провинция болып табылады.
Горизонтальды шөл зонасы, солтүстік-батыстан осындай шөл дала зонасы Сауыр-Тарбағатайдың биік тау алды ойпатындағы вертикальды шөл далалы зонаға ауысады. Бұл көзқарас бойынша Зайсан провинциясы біріңғай емес, бірақ толығымен құрғақ климатымен, жоғары инсоляциясымен, аз бұлттылығымен, ыстық жазымен және өте суық, аз қарлы қысымен ерекшеленеді. Өсімдік жамылғысына тоқталсақ ксерофитті (жусанды-дәнді, жусанды-тұзды, шөл далалы және шөлді) әрі горизонтальды ылғал сүйгіш галофитті және псаммофитті өсімдіктерге тән келеді. Биік таулы шалғынды зона немесе белдеу, абсолютті биіктігі 1800-2000 м. Батыс Тарбағатай жотасының су айырықтық бөлігі жатады. Ол, негізінен, субальпілік және альпілік таулы-шалғынды топырақтарда субальпілік кей бөліктерінде альпілік аласа шөптесінді шалғындарымен ерекшеленеді.
Таулы дала зонасы, Алтайдың таулы өлкелерінде, Қалба тауының оңтүстік-батыс беткейлерінде Батыс Тарбағатайтың орта және аласа таулы жолақтарында, сонымен бірге Шыңғыстауда байқалады. Таулы дала зонасы мынадай белдеулерге: шалғынды дала, далалық қоңыржай-ылғалды, құрғақ дала, шөл далалы болып бөлінеді. Зерттеген аумақта 58-ден астам ландшафт түрлері кездесіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |