В. И. Вернадский Биосфера туралы түсінік


Оңтүстік Алтай ландшафттары



бет37/41
Дата14.05.2022
өлшемі2,81 Mb.
#34363
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Материал по биосфере

Оңтүстік Алтай ландшафттары

Оңтүстік Алтай – ландшафттық-географиялық жағынан кәдімгі таулы аймақ болып есептеледі: Оңтүстік Сібір таулы белдеуінің оңтүстік-батысында орналасқан. Шығысында бірте-бірте Моңғолияның таулы-шөлейтті ландшаф­тарымен ұласады.



Оңтүстік Алтайда Кенді Алтаймен салыстырғанда жауын-шашын мөлшері аз, қар қабатының қалыңдығы да жұқа, сонымен қатар, күн сәулесінің түсу қарқын­дылығы жоғары, жаз айларындағы ауаның салыстырмалы ылғалдығы да төмен.

Кенді Алтай мен Оңтүстік Алтай арасындағы табиғи шекара құрғақ далалық зона мен шөлейт зона арасындағы зоналық-климаттық шекарамен, яғни,


А.И. Войейковтың «Еуропа-Азия құрлығының үлкен осімен» сейкес келеді.

Оңтүстік Алтай мен Кенді Алтайдың климаттық айырмашылықтары ландшафттарының биогендік компоненттері арқылы ғана емес, биіктік белдеулігі және белдеулік ерекшеліктері арқылы да көрінеді, Кенді Алтайдың биіктік ландшафттары дала зонасынан, ал Оңтүстік Алтайдың Зайсан қазаншұңқырына қараған беті шөлейт зонадан басталады.


18-сурет – Оңтүстік Алтай таулары


Оңтүстік Алтайдың биік нивальды ландшафттары Оңтүстік Алтай, Алтай Тарбағатайы, Сарымсақты, Күршім, Сарытау жоталарының биік көтерілімдеріне сәйкес келеді. Бұл ланшафттардың табиғи жағдайлары аяздық үгілу, нивация, солифлюкция, экзарация сияқты процестердің әсерімен қалыптасқан. Өсімдік жамылғысы қына, мүк сияқты өсімдіктерден тұрады, ал топырақ қабаты мүлдем дамымаған.

Оңтүстік Алтайдағы таулы-шалғынды ланшафттар 1900-2600 м биіктік аралығында таралған. Жазы қысқа әрі салқын болғандықтан (жылы кезең 90-100 күндей), ағаш өсімдіктері аласа, сирек болып келеді. Топырағы шымды горизонты жақсыжетілген, ылғалды таулы-шалғынды топырақ. Шөптесін өсімдіктер жамылғысы аласа, бірақ қалың болып келеді. Мұнда альпі қоңырбасы, альпі атқонағы, қияқөлең, кобрезия және т.б. кездеседі. Бұл ландшафт типінің өсімдіктері үшін вегетациялық кезең өте қысқа, шілдеден тамызға дейін, кейде жаз ортасында қар жауып қалады.

Оңтүстік Алтайдың таулы-орманды ландшафттары биік тектоникалық көтерілім аймақтарына (1400-2300 м) тән болып келеді.

Жылы кезең 90-нан 150 күнге дейін созылады. Жауын-шашынның мөлшері 500-ден 800 мм-ге дейін. Ауаның жылдық орташа температурасы теріс (Марқакөл -4, -4,5). Абсолюттік максимум 29-35, ал минимум -53-55С. Топырағы күлгін типке жататын қара топырақ, өсімдік жамылғысы самырсын, балқарағай және шыршадан құралған. Оңтүстік Алтайда қайың ормандары төмен белдеулерде таралған.

Оңтүстік Алтайдағы орташа биікті таулардың таулы-далалық ландшафттары Нарым және Күршім жоталарының, Қасқажал, Қарақойтас тауларының аумағын­да таралған. Ландшафттың бұл типі 1300-2000 м биіктіктердегі орталық жота­лардың оңтүстік экспозицияларында орналасқан. Бұл ландшафт типінің климаттық жағдайлары алдыңғы ландшафт типіне қарағанда өзгешерек. Веге­тациялық кезеңдегі жылы температуралар жиынтығы 1900-2200.

Оңтүстік Алтайдың таулы-далалы ландшафттарында қара топырақ типтері көп аумақты алмайды, олар тек солтүстік экспозицияларда шөптесінді-бұталы өсімдіктер астында таралған. Ал оңтүстік беткейлерінде көбінесе ксероморфты сілтілі топырақ кездеседі.

Оңтүстік Алтайдың ландшафттық дифференциациясының бір ерекшелігі – тұйық қазаншұңқырлар кешендерінің болуы. Олардың көбі тектоникалық жарылым сызықтарының бойымен бағытталып орналасқан. Олар: Шыңғыстау, Катон, Медведка, Нарым қазаншұңқырлары. Олардың ландшафттарының қалып­тасуына жер бедерінің тосқауылдық әсері, жер асты суларының жақын орналасуы және климаттық жағдайлар әсер етеді. +10С-тан асатын температуралар жиынтығы 2000-қа дейін, шілденің орташа температурасы -17 -19, қаңтарда -20. Өсімдік жамылғысында астық тұқымдастар мен әртүрлі шөптесін өсімдіктер және бұталар мен жекелеген ағаш өсімдіктер кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет