В. И. Вернадский Биосфера туралы түсінік


Зайсан қазаншұңқыры ландшафттары



бет38/41
Дата14.05.2022
өлшемі2,81 Mb.
#34363
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Зайсан қазаншұңқыры ландшафттары

Зайсан тауаралық ойысының ланшафттық құрылымы ұзақ уақыт бойында қалыптасты. Оның аумағында ланшафттық келесі типтері орналасқан: шөл, шөлейт, далалық және сайлық ландшафттар.

Шөл типті ландшафттар ойыстың 40% дайын алып жатыр. Зайсан ойысының орталық бөлігі өте құрғақ, ыстық климатпен ерекшеленеді. Шілденің орташа температурасы 22%, абсолют максимум 38-40. +10-тан жоғары температуралар жиынтылығы 2800-3000 жылына 120-170 мм жауын-шашын түседі, аязсыз күндер саны 130-150. Қаңтардың орташа температурасы – 18-20, абсолют минимум – 51.

Жауын-шашынның аздығы мен жоғары булануға байланысты ауданда өзен торы жиі болғанмен, олардың суы Зайсан көліне жете бермейді.

Топырағы сортаң сұр топырақ, өзен бойларында шалғынды жеңіл саздақты топырақ түрлері кездеседі. Өсімдік жамылғысында бетеге, жусан, селеу, ши, шеңгел, мия, түлкіқұйрық, жүзгін, сафора кездеседі.

Зайсан ойысындағы шөл ландшафттарының ішінде Қызылқұм, Айғырқұм, Бөкен құмды массивтері өз табиғатымен ерекшеленеді. Қара Ертіске тікелей ұласатын Қара Ертіс және Ақжан құмдары қияқты-еркекшөпті-жусанды өсімдік­терімен сипатталады. Төбелі құмды массивтерде жүзгіннің 40 түрі кездеседі.

Шөлейт типті табиғи кешендер Зайсан ойысының 30,4%-дай жерін алып жатыр. Абсолют биіктіктері 600-800 м. Литологиялық құрамы әр түрлі: төрттік кезеңнің жыныстарымен бастап, эрозиялық жұрнақтарда палеозойлық жыныстар да кездеседі.

Климаты шөл типіне ұқсас: өте құрғақшылығымен ерекшеленеді. Көп өзендері, арналары жаз маусымында кеуіп қалады.

Топырағы ашық-каштан топырақ, өсімдік фонын ксерофитті, псаммофитті және фреатофитті өсімдіктер құрайды. Өсімдік жабындысы 30-да 80%-ға дейін, орташа биіктігі – 10-30 см. Олар: жусанның бірнеше түрлері, бетеге, шайқұрай жапырақты спирея. Аталған табиғат кешені Құлынжон, Бөкен, Көкпекті, Бұғаз, Базар, Қарабұға, Ұласты, Қандысу өзен аралықтарының аллювиальды, аллювиальды-пролювиальды жазықтарын алып жатыр.

Зайсан ойысында ландшафттардың далалық типі шектеулі таралған (4,6%). Далалық типтің табиғи кешендері абсолют биіктіктері 800-1000 м аралығында болып келетін көтеріңкі аллювиальды- пролювиальды жазықтарда кездеседі. Бұл жерлерді күңгірт каштан топырағында өсетін спирея, қараған және астық тұқымдас өсімдіктер таралған.

Бұл жазықтар Батыс және Шығыс Тарбағатай, Маңырақ, Сауыр, Оңтүстік Алтай және Қалба жоталарының бойымен созылып жатыр. Жер беті тегіс, аласа төбелі, құрғақ өзен арналарымен тілімделген.

Климаттық көрсеткіштері: +10◦-тан асатын температуралар жиынтығы 2400- 2800◦, жылдық орташа жауын- шашын мөлшері -350 -370 мм, аязсыз күндер саны 140-160. Климаты құрғақ, жылы.

Өсімдік жамылғысын қарағанды- астық тұқымдастар (селеу, бетеге, тырса), селеулі-жусанды- бетегелі, бетегелі-жусанды ассоциациялар құрайды. Өсімдік жабындысы 80-85% , биологиялық өнімділігі – 5ц/га. Бұл аумақтарда суармалы егіншілік жерлердің негізгі массивтері орналасқан.

Зайсан ойысының 20%-дай жерін сайлы типке жататын табиғи кешендер алып жатыр. Бұл ландшафт типі Зайсан тау аралық қазаншұңқырындағы көптеген өзендердің бойындағы аллювиальды жазықтарды алып жатыр. Мұнда жартылай гидроморфты және гидроморфты топырақтар (шалғынды-каштан немесе шалғынды- қоңыр) таралған. Жеткілікті ылғалдану жағдайында қияқөлең, қамыс және шалғынды-шөптесінді өсімдіктер өседі. Кей бөліктерінде талды бұталар, итмұрын, терек, көктерек кездеседі.

Тау жиектерінің ландшафттары үш подкласқа бөлінеді: аласа, орта биіктікті және биік таулар. Зайсан ойысын қоршап жатқан тау жоталары екі табиғи зонада орналасқан: Қалба таулары мен Оңтүстік Алтай жота­лары-дала зонасында, ал Сауыр, Маңырақ, Тарбағатай – шөлейт зонада.

Биіктік ландшафт зоналарының құрылымы тау жоталарының макро­экспозицияларына байланысты. Зайсан ойысына Сауыр мен Тарбағатайдың солтүстік және Оңтүстік Алтай мен Қалба тауларының оңтүстік беткейлері қарайды. Осыған байланысты әр түрлі экспозициялардағы радиациялық баланс, термикалық режим мен жауын-шашын мөлшері де әртүрлі. Зайсан ойысын солтүстік және оңтүстік жағынан таулар қоршап жатқандықтан, мұнда батыс ауа массаларының циркуляциясы басым.

Жер бедеріне байланысты климаттың осы ерекшеліктері биіктік ландшафт зоналары мен белдеулерінің құрылымынан көрінеді. Тау алды жазықтарында шөлейт ландшафттары, ал аласа таулар мен орта биікті тауларда да (1000-2000 м) далалық ландшафттар таралған. Биіктік ландшафттық белдеулігі орографиялық гипсометриялық және морфоқұрылымдық ерекшеліктерге байланысты қатты өзгереді. Тарбағатайдың солтүстік беткейлеріндегі әлсіз тілімделген тау алды және аласа таулы жер бедерлері біртіндеп орта биіктікті тауларға ауысады. Сауыр мен Тарбағатайда 1000 м биіктікке дейін таулы каштан топырағында жусанды-бетегелі, бұталар араласқан өсімдік жамылғысы бар төбелі-жонды аласа таулар таралған. Нарым мен Күршім жоталарында бұл зона 850 м, ал Қалба тауларында 500 м биіктікке дейін орналасқан.

Жер бедерінің әр түрлі микроформалары, жондар мен төбелердің беткей экспозициялары, жер бедерінің тілімделу дәрежесі, көтерілім биіктігі, ежелгі тегістелу беттерінің болуы ұсағырақ табиғат кешендерін: қоныстар мен фацияларды бөлуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет