«Валеология» пәніне репродуктивті және сексуалды денсаулықты қорғау жөніндегі



Pdf көрінісі
бет28/125
Дата20.10.2022
өлшемі1,79 Mb.
#44487
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   125
Түйінді түсініктер: репродуктивті денсаулық, есірткі және уытты заттектер, 
жауапты жыныстық тәртіп, өмірлік дағдылар. 
Сабақты жүргізу әдістері: ми шабуылы, шағын-дәріс, шағын топтардағы жұмыс, 
шығармашылық жұмыс. 
Жабдықтар мен материалдар: флипчарт (магнитті тақта); флипчартты қағаз
маркерлер; мультимедиапроектор; тарату материалдары. 
Сабақ барысы 
 
21. Оқытушының кіріспе сөзінде сабақтың тақырыбы мен мақсаты 
хабарланады. 
22.
23. Бой сергіту. «Ритмика» жаттығуы. 
Ойынға қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Қазір ырғақты әуен болатыны 
хабарланады. Музыка әуеніне сәйкес шеңбер ішіне қадам жасау керек: «бір» 
дегенде – оң аяқпен шеңберге, «екі» дегенде – сол аяқты оң аяққа қосып қою керек, 
«үш» дегенде – сол аяқты шығарып, «төрт» дегенде – оң аяқты шеңберден 
шығарады. Әуелі осы қимылдарды топпен музыкасыз, сосын музыкамен жасайды. 
Ойынға кіру алгоритмі қарапайым: әуелі жүргізуші бастайды, сосын бір 
ойыншыдан, одан сол жағы мен оң жағында тұрғандар, осыдан келесі екі ойыншы 
т.с.с. ойынға барлығы қатысқанша жалғасады. Ойынға барлық оқушылар кіргеннен 
кейін, топ бірегей бір ағза, яғни «тыныс алу» (шеңберден қадам) және «тыныс 
шығару» (шеңберге қадам) болады. Жаттығудың орындалуы оңай, топқа көптеген 
жағымды эмоциялар сыйлайды және жұмысқа деген ынта шақырады. Оған 
алақандарды шапалақтауды қосып, күрделендіруге болады. Ол шеңберге кіргенде 
оң аяқты сол аяққа қосқанда жасалады. 
23. Шағын топтардағы жұмыс. 
Оқытушы оқушыларды екі топқа бөледі және оларға зиянды әдеттердің не 
екенін, олардың ағзаға қалай әсер ететін естеріне түсіреді. Сондықтан бірінші топқа 
репродуктивті денсаулыққа есірткі мен уытты заттардың әсеріне қатысты өз 
пікірлерін талдап, айтып беруін сұрайды, ал екінші топқа – мұның жыныстық 
тәртіп туралы жауапты шешім қабылдаумен қандай байланысының бар екендігіне 
түсінік беруді сұрайды. Осыдан кейін топтар өз жұмыстарын таныстырады, ұстаз 
топтардың жұмыстарын қорытындылайды. 


32 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет