1 Қабыну этиология және патогенезі, КӨріну механихмдері



бет1/24
Дата18.10.2023
өлшемі92,5 Kb.
#118650
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

1 ҚАБЫНУ ЭТИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПАТОГЕНЕЗІ , КӨРІНУ МЕХАНИХМДЕРІ .


ҚАБЫНУ –(грекше phlogosis, лат. inflamatio) – зақымдалған тіндерді қалпына келтіруге бағытталған типтік патологиялық процесс. Қабыну 3 сатыдан өтеді: әлтерация, экссудация, пролиферация
Қабынудың жергілікті белгілері:
Қызару - rubor артериялық гиперемия дамуы салдарынан
Ісіну - tumor экссудация мен қабынулық инфильтраттың әсерінен
Қызу - calor жылы артериялық қанның көп келуінен және зат алмасу қарқынының артуынан
Ауыру - dolor нерв аяқшаларының, К+, Н+ иондарымен, брадикининмен тітіркенуі; экссудатпен механикалық қысылуы.
Ағза қызметінің бұзылуы - functio laesa ауыру сезімі, жасушалар зақымдануы салдарынан
Қабынудың жалпы белгілері:
Пирогендердің әсерінен туындаған қызба;
Лейкоцитоз қабыну ошағында түзілген лейкопоэтиндердің әсерінен лейкопоэздің активтенуінен туындайды.
ЭТЖ жоғарлауы -қандағы ірі молекулалық белоктар (фибриноген, иммуноглобулиндер) фракциясының ұлғаюына байланысты;
Интоксикация (әлсіздік, мазасыздық, тәбеттің болмауы) қабыну ошағында микроорганизмдердің токсиндерінің, жасушалардың ыдырау өнімдерінің әсерінен пайда болады.
бауырда «жауаптың жедел кезеңі» нәруыздарының түзілуі (С – реактивті нәруыз, сарысулық амилоид А, фибриноген, церуллоплазмин, гаптоглобин, антиферменттер - антитрипсин), ядролық солға жылжыған нейтрофилді лейкоцитоз, иммундық жүйе жасушаларының әсерленуі – цитокиндер – интерлейкиндер (ИЛ-1, ИЛ-6);

Қабынудың себептері – флогогендер


Экзогендік (биологиялық, механикалық, физикалық, химиялық, әлеуметтік)
Эндогендік (қан құйылу, тін ыдырауы өнімдері, улы метаболиттер, тұздар жиналуы, иммундық кешендер, белсенді радикалдар)


ПАТОГЕНЕЗІ, (қабыну компоненттері)
1.Алтерация
2.Экссудация және лейкоциттер эмиграциясы құбылыстарымен көрінетін микроциркуляция арнасындағы қантамырлардағы қанайналым өзгерістері
3. Пролиферация


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет