1. Бақылау түрлері, формалары мен әдісін айтып беріңіз


Оқу жетістігін есепке алу құжаттарын тізбектеңіз



бет45/94
Дата31.12.2021
өлшемі2,77 Mb.
#23620
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   94
12.Оқу жетістігін есепке алу құжаттарын тізбектеңіз.

Оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштерін анықтау үшін немесе бағалау үшін диагностикалау қажет. Диагностикалық іс-әрекет бақылауды, тексеруді, бағалауды қамтиды. Диагностикаланатын мақсаттар мен оқыту нәтижелерінің тепе –теңдігі оқыту сапасының критерийі, ал оның көрсеткіші оқушылардың оқу материалын меңгерудің белгілі бір деңгейіне жетуі болып табылады.

Бағалау жүйесінің обьективтілігіне диагностикалық маңыздылығына көңіл бөлінуі қажет.

Оқушының оқу жетістігін өлшеу дәлдігі оның білімдік жетістіктерімен тұлғалық жетістіктерінің сапасына әсер ететінін байқауға болады. Ол үшін оқушының оқу жетістіктерінің өлшеуіштері мазмұны мен құрылымы жағынан ұтымды тыңдалуы тиіс. Өлшеуіштерге оқушы жетістіктерінің сапалық және сандық сипатының алдын ала берілген параметрлері білім салалары бойынша оқушылардың оқу дайындықтарының деңгейін айқындайтын құралдар мен тәсілдер жатады. Педагогикалық өлшеуіштер тәсілдерінің ішінде ең көп тарағандары бақылау, білімді ауызша тексеру формасы, білімді тексерудің жазбаша формасы, интервью түріндегі әңгімелесу, сауалнама т.б (3).

Оқытудың әрбір сатысы бойынша анықталған нәтижелерге оқушылардың жетуін, жетістіктерін бағалау мақсатында қорытынды бақылау жүргізу үшін бақылау жұмыстары, тест формасындағы тексеру құралдары жасалады. Ал оқушылардың білім салалары бойынша интеграцияланған оқу жетістіктерін, яғни білімдік оқу жетістіктрін сүзгіден өткізу өлшеуіш- тапсырмалар жүйесі арқылы жүзеге асырылып, бағаланад
2. PIRLS халықаралық зерттеулер тәжірибелеріне мысал келтіріңіз.
PIRLS (Progress in International Reading Literacy Study) 4-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын мониторингтік зерттеу болып табылады. Зерттеудің мақсаты - оқушылардың оқудағы жетістіктерінің тенденцияларын өлшеу және оқуды оқыту мен оқыту процесін жетілдіру мақсатында Ұлттық білім беру жүйелеріндегі айырмашылықтарды анықтау. Зерттеуді IEA (International Association for the Evaluation of Educational Achievement) оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастық жүргізеді www.iea.nl) 2001 жылдан бастап әрбір бес жыл сайын өткізіледі.

PIRLS-тің 4 – сынып оқушыларына назар аударуы кездейсоқ емес-дәл осы жаста оқу үшін оқудан оқуға көшу орын алады. Басқаша айтқанда, бұл жаста бала сыни ойлаудың негізін қалайды, өмір бойы білім алу және оқу процесіне қажетті ақпаратты өңдей алады.

PIRLS қағаз (paperPIRLS) және сандық (digitalPIRLS) форматтарда жүзеге асырылады. DigitalPIRLS тапсырмаларына көптеген қызықты, көрнекі тартымды мәтіндер, сонымен қатар ePIRLS компоненті – оқушылардың Интернеттегі ақпаратты оқу, түсіндіру және бағалау қабілеттерін бағалайтын тапсырмалар кіреді.​

PIRLS оқырмандық сауаттылықты бағалау оқудың негізгі мақсаттарын — оқырмандық әдеби тәжірибені меңгеруді, ақпаратты игеру мен пайдалануды, сондай-ақ Интернетте ақпаратты алу мен пайдалануды қамтиды. Әзірленген тапсырмалардың әрқайсысы төрт дағдының біреуінің қалыптасуын бағалайды:

Анық түрде берілген ақпаратты табу;

Тұжырымдарды тұжырымдау;

Ақпаратты түсіндіру және жалпылау;

Мәтіннің мазмұнын, тілін және элементтерін талдау және бағалау.

PIRLS аясында ата-аналарға, оқушыларға, мұғалімдерге және мектеп әкімшілігіне арналған сауалнама арқылы оқуда оқушылардың үй және мектеп тәжірибесі туралы кең контекстік ақпарат жиналады. Сауалнама нәтижелері оқушылардың әлеуметтік-экономикалық, эмоционалдық әл-ауқаты, оқушының оқуы мен дамуының табыстылығына әсер ететін факторлар, сондай-ақ елдердің білім беру жүйесін ұйымдастыру туралы бай ақпарат береді. IEA сондай-ақ "PIRLS халықаралық зерттеуі" энциклопедиясын қалыптастырады, ол үздік білім беру бағдарламалары мен елдердің бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру жөніндегі тәжірибесі туралы Бірегей ақпараттық материалды қамтиды.
PIRLS зерттеуі – бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеуге арналған. Халықаралық жоба бесжылдық мерзіммен өткізіледі (2001, 2006, 2011, 2016) 2015 жылы апробациялық зерттеуі, ал 2016 жылы негізгі зерттеуі өткізіледі. Зерттеу нысаны бастауыш сынып бітірушілерінің оқу жетістіктерін анықтайды. Әрбір оқушыға екі мәтін және сол мәтіндерге арналған тапсырмалары бар дәптер ұсынылады. Бірінші – көркем әдеби мәтін- қызықты оқиғалар, баяндаулар немесе ертегілер, екінші- ақпараттық (көбіне жануарлар жайлы әңгімелер). Әрбір мәтінге шамамен 12- 15 тапсырма беріледі. Оқушыларға барлық тапсырмаларды орындауға 80 минут беріледі (екі рет 40 минут үзілісімен).Орындалған жұмыстың сандық және сапалық бағалау жүйелері қатар жүреді. PIRLS зерттеуін бағалау 1000 баллдық шкаламен жүзеге асады. Орташа көрсеткіш 500 баллға сәйкес, стандарттық төменгі балл 100. Халықаралық PIRLS зерттеу құралдарына тест тапсырмалары бар дәптерлермен бірге оқушыға , ата- анаға, мұғалімге, мектеп әкімшілігіне арналған сауалнама кіреді. Сауалнаманы толтыру үшін әр адамға 30 минутқа жуық уақыт қажет. 


3. Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады. Сабақ жоспарын Блум таксономиясына салып, бағдарламада белгіленген жеті модульді ықпалдастырудың арқасында оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ қызығушылықтарын түсініп, оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді және орынды пайдаланып, оқушы бойында ішкі уәж тудырып, өз қабілеттеріне сенім арттырып, ол өз кезегінде жаңа материалды саналы түрде меңгеруіне әсер етеді деп күтілді.
Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:

1) Білім;

2) Түсіну;

3) Қолдану;

4) Талдау;

5) Синтез (жүйелеу, жинақтау);

6) Бағалау.

І. Білу.

Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

ІІ Түсіну.

Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.

Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:

Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру; сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);

Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;

Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

ІІІ Талдау

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.

Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау, бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну. Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.

IV Қолдану.

Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей.

Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

V Синтез (жинақтау, жүйелеу).

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей.

Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

VI Бағалау

Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей

Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет