1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы


Улылығы - микробтың улы заттар түзу касиеті. Бұл улар экзотоксиндер және эндотоксиндер болып бөлінеді. Экзотоксиндерді



бет38/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   81
Улылығы - микробтың улы заттар түзу касиеті. Бұл улар экзотоксиндер және эндотоксиндер болып бөлінеді.

Экзотоксиндерді негізінен грам оң бактериялар бөліп шығарады. Химиялық табиғаты жағынан экзотоксиндер - ірі молекулалы жылуға сезімтал акзаттар, олар микроб торшасынан сыртқы ортаға бөлініп шығады. Бактерия экзотоксиндері табиғатта кездесетін ең күшті у. Сіреспенін азотка шаккандағы 2 мг кристалды токсині 75 млн. тышканды өлтіре алады. 1 мг ботулизм токсины 1 000 тонна теңіз тышканын өлтіреді. Экзотоксиннің организмге әсері өзіне тән болады, өйткені олардың әркайсысы өзіне бейім торшалардың арнайы өзіне тән рецепторларымен жалғасады. Соңдықтан әрбір микробтын экзотоксині аурудын өзіне тән симптом кешенін береді. Экзотоксиндер жарыктың, жылудың, кышкыл мен сілтінің әсерінен күшін жояды, ал формалиннің әсерінен улылығынан айрылып, токсин немесе анатоксинге айналады. Анатоксин улы болмаса да иммундеуші касиетін сактайды, сондыктан оны вакцина ретінде колданады.

Эндотоксиндер микроб торшасының бөлінбес құрамы больш есептеледі. Ол микроб тірі кезінде қоршаған ортаға бөлінбейді, тек кана микробты ыдыратканда ғана босайды. Негізінен грам теріс бактериялардың құрамында болады, глюцид-липидполипептид кешеніне жатады, жылуға төзімді. Эндотоксиннің организмге әсері өзіне тән емес әлсіздік, демігу, іш өту, ыстык көтерілу сиякты жалпылама өзгерістер туғызады.

Аталған уыттылық факторлары бактерияларға және оларға туыстас микробтарға тән. Ал вирустар болса, олар бейім жануардың торшасында өніп-өсу нәтижесінде патологиялық процестер тудырады. Вирустың репродукциясы торшаны закымдап өлтіреді, не болмаса оның қызметіне нұксан келтіреді. Кейбір вирустардың, мысалы онкогендік, зардабы бірден сезілмейді. Оның нуклеин кышкьшы торшаға енген соң, вирустың геномы мен иесінің геномы қосылуы нәтижесіңце вирогения деп аталатын кұбылыс орын алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет