1. Жасушаішілік құрылымдардың гистофизиологиясы, олардың мүшелердегі ерекшеліктері. Органеллалар, жіктелуі, құрылысы, қызметтері


Нейроглия. Жіктелуі. Құрылысы және глиоциттердің әрқилы түрлерінің маңызы



бет17/19
Дата03.01.2023
өлшемі70,11 Kb.
#60301
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
15.Нейроглия. Жіктелуі. Құрылысы және глиоциттердің әрқилы түрлерінің маңызы.
Нейроглия. Жүйке жүйесінің тіндерінің даму процесінде жүйке түтігінің материалынан, сондай-ақ жүйке қыртысынан глиобласттардың дамуы жүреді. Глиобластикалық дифференциацияның нәтижесі нейроглиальды жасушалық дифферондардың түзіледі. Олар тірек,трофикалық,секреторлық,қорғаныщтық және басқада функцияларды орындайды. Нейроглия тіндік гомеостазды және жүйке жасушаларының қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін жүйке тініне тұрақты ішкі ортаны қалыптастырады. Глиялық жасушалар макроглия және микроглияға бөлінеді. Макроглияға-эпендимоциттер, астроцииты және олгидендроцитер жатады.
Жасушалардың құрылымы мен локализациясы бойынша эпендимальды глия, астроциттік глия және олигодендроглия бөлінеді. Көбінесе глияның бұл түрлері жалпыланған "макроглия"ұғымымен біріктіріледі.
Эпендимоциттер-бас миының қарыншаларын және жұлынның орталық каналын қаптап тұрады,цилинндр пішінді.тығыз байланысты, көбінде қозғалмалы кірпікшелір болады. Жасушалары танициты деп аталады. Бұл жасушалар цереброспиналды сұйықтықтағы мәліметтердә гипофиздің қақпалық жүйесінің бірінші реттік капиллярлар шумағына апарады.
Астроциттер-жұлдыз тәрізді пішінді өсінділер,органеллалары өте аз. Тіректік,шекаралық,метаболиялық қызметтерді атқарады. Керекті затттарды жинақтап, оларды қылтамырлар арқылы нейрондарға жеткізеді
Олигодендроциты-астроциттерге қарағанда ядролары кішіректеу,ядросының боялуы қанық. Ақ зат та өсінділері миеленді жүйке талшықтарының жанында орналасып,миленді қабатты түзуге қатысады,сұр затта перикарионның жанында болады
16.Синапстар. Жіктелуі. Құрылысы және синапстағы жүйке импульсінің тасымалдану механизімі.
Синапс-импульсті бір нейроннан екінші нейронға ,бұлшық етке,бездерге жеткізетін маманданған жасуша аралық байланыстар.
Жіктелуі;
Орналасқан жері бойынша – орталық (аксосоматикалық, аксодендриттік
аксо-аксональды және) және перифериялық (жүйке-бұлшықет, нейросекреторлық)
функционалды мәні бойынша-қоздырғыш және тежегіш
ақпаратты беру тәсілі бойынша-химиялық, электрлік, аралас.
Химиялық синапстар импульсті нысана клеткаға-мүшеге синаптикалық көпіршіктердің ішінде болатын арнайы нейромедиаторлар арқылы беріледі.Аксонның терминалі -пресинапстық,ал екінші нейронның мүше н/се клеткаға баратын бөлігі-постсинапстық.Нейромедиаторлар қызметін-адреналин,норадренаин және т.б
Екі нейронның арасындағы синапстық байланыс аймығы -пресинапстық мембрана,синапстық саңылаудан,постмембраналық мембранадан тұрады
Пресинапстық мембрана-импульсті әкелуші аксолемма. Жуандаған жерінде -ьелсенді аймақтарда нейромедиатордың экзоцитозы жүреді.бұл аймақта плазмолеммада Са+ ионының тасымалы жүреді. Мембрананың деполяризация барысында каналдар ашылады.
Пре және постсинапстық мембрана араларында- синапстық саңылау болады. Мембраналар синапстық саңылауларды кесіп өтетін филаменттермен синапстық аймақта бір бірмен берік бекітіледі.
Постинапстық мембранада нейромедиатордың рецепторлары, ион каналдары бар жасуша плазмолеммасы анықталған.
Механизм;
-деполяризация пресинапстық мембранаға өтуі
-кальций каналдары ашылып,Са дың ішке өтуі
-Са енуі неейромедиаторлардың экзоцитозына әкеліп соғады
-нейромедиатордың молекуласы постсинапстық мембранадағы рецепторлармен байланысады
-молекулалық өзгерістің п болуы
-иондық каналдың ашылуы, қозу немесе тежелу реакцияларының пайда болуы
-постсинапстық потенциалдың түзелуі
-нейромедиаторлардың саңылаудан шығып,ыдырауы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет