1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


Ұлпалардың шығу тегі туралы болжамдарға түсініктеме



бет20/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72
16.Ұлпалардың шығу тегі туралы болжамдарға түсініктеме

 Ұлпалардың  пайда болу заңдылықтары. Ұлпалар пайда болу жайында  екі үлкен мағлұматтар қаралады:



Гастрей теориясы (бұның авторы Геккель). Бұл теория бойынша көп клеткалы ағза-бластея - бір клеткалы эпителий клеткаларынан пайда болды деген ұғым берді. Талшықтары бар клеткалар тобы ағзаның қимыл қызметін атқарса, ал баска клеткалар тобы қоректік қызмет атқарады. Екінші теориясы Мечниковтың «фагоцетелла» теориясы. Бұл ұғым бойынша көп клеткалы ағза біртектес клеткалардан тұрды, дейді - олар екі түрлі қызмет атқарады. Сыртқы клеткалардың талшықтары болады, олар ұсақ  түйіршіктерінен фагоцитозарқылы қоректенеді . Ұлпалар туралы ілімнің қалыптасуына үлкен үлес қосқан ғалым-гистологтар  қатарында Максимов А.А. (қанның, қанжасаудың, дәнекер тіннің, қанжасаудың унитарлық  теориясының, қанның дің жасушасын  зерттеулері), совет гистологтары Б.И. Лаврентьев және А.С. Догель (жүйке тінін, оның реактивтік қасиетін зерттеу) болды. Кейінгілер нейрондық теорияның негізін қалаушылар болды. Г.К. Хрущев өзінің зерттеулерінде қанның реактивтік қасиеттерін зерттеді, ал В.Г. Елисеев және оның оқушылары (Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрина, А.Ф. Суханов, А.И. Радостина, Е.Ф. Котовский т.б.) — дәнекер тін мен қанның гистофизиологиясын және реактивтік қасиеттерін зерттеді. Қаңқалық бұлшық етті зерттеудің нәтижелері А.Н. Студицкий мен А.А. Клишовтың еңбектерінде, жүректің бұлшық етінің қасиеттерін П.П. Румянцевтің еңбектерінде көруге болады. Испан гистологы Нобель жүлдесінің лауреаты С.Рамон-и-Кахал жүйке ұлпасын, оның реактивтік қасиеттерін зерттеуге көп көңіл бөлді. Ол нейрондық теорияның негізін қалаушылардың бірі. Жүйке тінін зерттеуге көп үлес қосқандардың бірі Нобель жүлдесінің лауреаты итальян гистологы К.Гольджи еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет