1. Клетка ілімінің пайда болу тарихы. Клетка теориясының негізгі қағидалары


Мембранасыз органоидтарға не жатады



бет65/72
Дата06.01.2022
өлшемі426,31 Kb.
#11922
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72
53.Мембранасыз органоидтарға не жатады?Оларды түсіндіріңіз?

Цитоплазма өз алдына: гиалоплазмадан, мембраналы және мембранасыз компоненттерден тұрады.Мембранасыз компонент- ол центриольдар,рибосомдар,микротүтікшелер,микрофиламенттер.Гиалоплазма немесе цитоплазма матриксы клетканың ішкі ортасы болдып табылады. Гиалоплазманың құрамында белок,нуклеин қышқылдары,полисахаридтер бар.Гиалоплазма сұйық түрінен қоймалжың түріне ауысып тұрады.Электронды микроскоп арқылы гиалоплазманың күрделі,көп компонентті жүйе екендігі дәлелденді.Гиалоплазманың ішкі нәзік құрылысы тұрақты емес,керісінше атқаратын қызметіне қарай өзгеріп тұрады.Мысалы,кейбір жағдайларда тубулин-белоктың молекулалары цитоплазмада бытыраңқы түрде жатса,басқа жағдайда олар жинақталып микротүтікшелер түзеді.Гиалоплазманың құрамына көптеген ферменттер кіреді.Гиалоплазма – клетканың барлық құрамдарын біріктіріп тұратыын және бір-бірімен химиялық қатынасын қамтамасыз ететін орта.Гиалоплазма АТФ –молекулалары жинақталатыг орын.Гиалоплазмада қоректік заттар(гликоген,май)  жиналады.К.Р.Портер мегавольтті микроскоп көмегімен бүтін клетканы зерттеп,гиалоплазманың ішінде әр түрлі жіпшелерден тұратын микротрабекула торын тапты.Микротрабекула торы өте жіңішке 2-3нм әр түрлі бағытта жататын жіпшелерден тұрады.Сол жіпшелер барлық ішкі органоидтарды,микротүтікшелерді бір-бірімен және плазматикалық мембранамен қосып тұрады.Екі несе бірнеше трабекулалардың қиылысқан жерінде рибосомдар топтасып жатады.Сонымен,трабекула жүйесі  гиалоплазманы  белоктарға бай полимерлі фазаға және трабекула арасындағы сұйықтық фазаға бөледі.Трабекула жүйесі клетканың ішкі тірегі болумен қатар,цитоплазмадағы ферменттердің орналасуын реттеп отырады.Трабекула жүйесі қозғалмалы жүйе.Ол әр түрлі әсерлер арасында ыдырап және қайтадан жинақталып тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет