1. Зейін, зейіннің негізгі қасиеттері



бет1/9
Дата21.06.2023
өлшемі43,91 Kb.
#102894
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Билет 20
1.Зейін, зейіннің негізгі қасиеттері
Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соган психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысалы, оқушы математикадан есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.) Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.Осындай түрлі кезеңдере бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Зейіннің физиологиялық механизмі өте күрделі. Оның негізі - нерв жүйесінің әр түрлі деңгейде тұрған сезгіштік қызметі. Сезгіш дегеніміз - ми қабығының төменгі қатарында орналасқан ретикулярлық формациялар деп аталатын анатомиялық және функционалдық ерекшелік. Ретикулярлық формацияның өрлеуші, төмендеуші дейтін екі түрі бар. Ол бір импульстерді сиретіп тежеп, екіншілерін күшейтіп, ми қабығына талғап жеткізіп отырады. Осының нәтижесінде сананың айқындығы реттеледі. Ми алаптары жұмысының реттеліп (қозьп, тежеліп) тұруы нәтижесінде әр қилы психикалық әрекет жүзеге асады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан нерв процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.И. П. Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, осымен байланысты қалған алаптарында тежелу прцестері пайда болатындығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәсерлер туралы ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).
2.Зейіннің қандай түрлері бар, олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
Зейін ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
Ырықсыз зейін. Сыртқы дүниенің кез келген объектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Күшті, ерекше, қатты, күтпеген тітіркеңдіргіш ырықсыз зейін тудырады. Күтпеген жерден шыққан айғай, ашық терезеден ұшып кірген көбелек, қарсы бөлмедегі күлкі, кіріп келген адам
мұндай тітіркендіргіштердің бәрі балаларда қозудың басты ошағының орнын өктем түрде алып, қалған әсерлердің бәрін ығыстырады да, олар бағынышты жағдайға түсіп қалады.
Ырықты зейін - әрекетті саналы түрде ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Бұл зейінді ерікті немесе белсенді зейін деп те атайды. Сананың әрекеттің белгілі шарттарымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын - ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты. Көлік жүргізуші шофер, есеп шығарушы есепші, тәжірибе жүргізуші ғалым алдын ала мақсатын белгілеп, оны орындап шығу үшін соған саналы әрекетін бағытгайды. Олай етпеген жағдайда мақсатты ісінен нәтиже шығара алмас еді. Зейіннің үшінші түрі - үйреншікті зейінҮйреншікті зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.Үйреншікті зейін ырықты зейіннен кейін жасалады. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет